Қосымша 3
1 топ (А деңгейі)
1. Массасы 100 т ұшақ жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның жермен салыстырғандағы механикасы қандай болады?
2. Қада қағатын массасы 500 кг дәу балға 10м биіктіктен түсіріледі. Оның 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы неге тең болады?
3. Бірінші автомобильдің массасы екіншісінен 18 есе артық,ал жылдамдағы 6 есе кем. Олардың кинетикалық энергияларының қатынасы қандай?
4. Дененің лақтырылу мезетіндегі кинетикалық энергиясы 200 Дж. Егер дене массасы 800 г болса, онда ол жер бетінен қанша биіктікке өтерілетінін анықтаңдар.
2 топ (В деңгейі)
1. 20 м/с жылдамдықпен дене вертикаль жоғары лақтырды. Дененің кинеткалық энергиясы лақтырылу нүктесінен қандай биіктікте потенциалдық энергияға тең болады?
2. Ойыншық тапаншаны атарда қатaңдығы 800 Н/м серіппені 5 см-ге қысады. Тапаншадан горизонталь бағытта ұшып шыққан 20 г оқтың жылдамдығы қандай?
3. Доп 10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Доптыың жылдамдығы қандай биіктікте 2 есе кемиді?
4.Доп 4 м биіктікке абсолют серпімді көтерілу үшін оны 2 м биіктіктен төмен қарай қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек
3 топ (С деңгейі)
1. Автоматты тапаншаның жылжымалы құндағы қатаңдығы k=4 кН/м серіппемен жалғанған. Құндақтың массасы M=400 г, оқтың массасы m=8 г. Оқ атылғанда құндақ кері қарай x=3 см-ге ығысады. Тапанша жұмыс жасауы үшін оқ қандай ең аз жылдамдықпен қозғалуы керек?
2. 20 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған масссасы 1 кг дене қозғалысының төртінші секундының соңындағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
3. Массалары m=1 кг тас v0=9,8 м/с бастапқы жылдамдықпен жоғары лақтырылған. 0<t<2 c Уақыт аралығындағы ұшақтың потенциалдық және толық кинетикалық энергияларын уақыттарының тәуелділігі салыңдар.
4. Массасы 50г доп 3 м биіктіктен жерге соғылып, қайтадан 2 м биіктікке серпіледі.Оның механикалық энергиясы қаншаға кемиді? Оны энергияның сақталу заңымен қалай түсіндіруге болады?
Бағалау критерийлері:
- механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады;
- энергияның түрленуін және энергияның сақталу заңын қолданады .
Дескрипторлар:
- Энергия түрін ажырата алады;
- Сынақ денесін анықтай алады;
- Денелердің бастапқы және сонғы орналасуын анықтай алады;
- Есептеуге қажет формуланы жазады;
- Формуланы түрлендіре алады;
- Сауаттылық (терминология, сөз тіркестері дұрыс пайдалана алады);
- Есептеулерді дұрыс орындайды.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.