о р л л р о о р р о л р п о л о р п р о ло л о о ро ло л о о о л л л о о о ор ор о о л
Формативтік бағалаудың 70 түрі.doc
Оқыту үшін бағалау құралдары
ОүБ оқыту мен оқу үдерісінде қолданған кезде өте тиімді.
Бұл құралдар мұғалімдерге мақсатқа қол жеткізуге арналған әр түрлі жаттығулар мен аспектілер арқылы көмек
беру үшін әзірленген.
Сіз бұл жинақты пайдалы деп білерсіз деп сенемін! Майк Гершон дайындаған – mikegershon@hotmail.com
Оқыту үшін бағалау құралдары: 1. 1.Оқушылар сұрақ құрастырады
2. 2.Оқушылар сұрақ қояды
3. 3.Түсініктеме арқылы бағалау
4. 4.Блок ортасында бағалау
5. 5.«Мүмкін»
6. 6.Күту уақыты
7. 7.Ашық және Жабық
8. Жұмыс үлгісі
9. Оқушылардың бағалауы
10. Айқын мақсат қоя отырып
11. Сабақтың мақсаты
12. Мұғалім шолуы
13. Оқушылар шолуы
14. Бағдаршам
15. Өзін өзі бағалау мақсаты
16. 2 жұлдыз, 1 тілек
17. Құрастыр, сосын жауап бер
18. Атмосфера орнату
19. Көршіңізге айтыңыз
20. Идея туралы пікір
21. Серпілген сауал
22. Күтіңіз және түйіндеңіз
23. Дұрыс емес пікір
24. Сұрақ құрастыру
25. Оқу күнделігі
26. Қайтадан құрастыру
27. Негізгі сәттер
28. Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
29. Түсініктемелермен жұмыс
30. Топтық кері байланыс
31. Сыныптастарды бағалау
32. Бас бармақ
33. Бірлескен жұмыс дағдысын
қалыптастыру
34. Қайталау Бағдаршам
35. Құрастыр және жауап бер
36. Оқушылардың бағалау сызбасы
37. Топтық жауаптар
38. Сөйлеу арқылы ойлану
39. Сұрақты төңкеріңіз
40. X және Y
41. Білетініңіздің барлығы
42. Түзетулер
43. Үлдірленген критерийлер
44. Прогресс білдіру
45. Сөздерді талқылау
46. Қарымқатынас
47. Парасатты диалог
48. Кері байланыс бутерброды
49. Не жақсы?
50. Өзін өзі бағалау
51. «Жақсы» сұрақ деп нені айтады?
52. Графикалық органайзерлер
53. БББ
54. Әңгімелесетін әріптестер
55. Стикер
56. Жауап беретін әріптес
57. Қолыңды төмен ұста
58. Жақсы сұрақ негіздері
59. Оқуды реттеу
60. А Ә Б В
61. Неліктен бұл үздік?
62. Көрсет және әңгімеле
63. Белсенді оқушылар
64. Ұзақ мерзімді және Қысқа
мерзімді
65. Минуттық шешім
66. Жауап алу
67. Смайликтер
68. Шаршылар
69. Түсініксіз тармақ
70. Бір сөйлеммен түйіндеу 1.Оқушылар сұрақ құрастырады
Мысалы –
• Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;
• Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз
болатын сұрақтарды құрастырады.
2.Оқушылар сұрақ қояды
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту
құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарымқатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып
табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы
түсінілуін болдырмауға көмектеседі.
3.Түсініктеме арқылы бағалау
Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға
басу мен дамуға аударуға мүмкіндік береді.
Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады.
Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.
Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын нұсқаулықтар берілуге тиіс.
Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз – тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.
4.Блок ортасында бағалау Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы
проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін.
Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және
қайталауға мүмкіндік береді.
Бұл сонымен қатар мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік
береді.
5.«Мүмкін»
Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз
орамын қолданыңыз.
Мысалы, Демократияның маңызы қандай?
Демократияның мәні қандай болуы мүмкін?
Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді. Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.
Ұлы күйзеліс бүгінгі таңда қалай байқалар еді?
6.Күту уақыты
Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай
бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 түрі:
• Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды.
• Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал
оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.
7.Ашық және Жабық
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға себтігін тигізбейді және
аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады.
Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз?
8.Жұмыс үлгісі
Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін
қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз.
Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай
байланыста болатынын түсінуді моделдеуге көмектеседі.
9.Оқушылардың бағалауы
Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не
жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.
Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады.
Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.
10.Айқын мақсат қоя отырып
Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
← Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.
← Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, Шекспирдің жұмысына талдау жүргізу өзге
де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға
әкеледі).
← Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.
← Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
11.Сабақтың мақсаты
Сабақ басталар алдында белгілі мақсат қоя отырып, сабаққа аса мән беріңіз. Мақсат сыныппен бірлесе атқаратындарыңызды
көрсетуі тиіс.
Сабақ барысында осы мақсаттарға сілтеме жасауға және/немесе ол туралы бүкіл сынып орындайтын тапсырма кезінде еске түсіруге
болады.
Бүкіл сыныпқа арналған тапсырма кезінде оқушыларға мақсаттарға қол жеткізілгені туралы дәлелдеу және/немесе келесі сабақ үшін
мақсат белгілеу қажет болуы мүмкін.
12.Мұғалім шолуы
Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтарды қолдана отырып, сабаққа немесе блокқа шолу жасайды.
Сонымен қатар сабақтың тиімділігіне және оқу үдерісіне көмектесуге назар аударуға болады – мысалы, оқушылар оқу үдерісін
жақсарту үшін қандай өзгерістер енгізу қажет екенін анықтай ала ма?
Мұғалім өз идеяларына сәйкес сабақты бағалау арқылы шолуды моделдей алады.
13.Оқушылардың шолуы
Оқушылар өзінің топтағы немесе дербес оқуына шолу жасайды. Бұл бүкіл сыныпқа арналған тапсырма, шағын тапсырма нысанында
немесе блокты алдағы уақытта қайталауды жоспарлауға көмек көрсетуге арналған жаттығу ретінде жасалуы мүмкін.
14.Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
∙Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл =
түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
∙Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
∙Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
15.Өзін өзі бағалау мақсаты
Оқушылар өзін өзі бағалауға сүйене отырып, мақсат белгілейді.
Мұндай оқу мақсаттарын тіркеуге және кейінірек оны қайта қарауға болады (млы, дәптер тысының артында).
Оларды мұғалім белгілеген мақсаттармен салыстыруға болады және егер мақсаттар әр түрлі болатын болса, оларды ортақ мақсат
етуге болады.
16.2 жұлдыз, 1 тілек
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
17.Құрастыр, сосын жауап бер
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–
∙ жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
∙жұптағы 23 минуттық миға шабуыл;
∙ жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;
∙ өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.
18.Атмосфера орнату
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы
қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз.
Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін
Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?
19.Көршіңізге айтыңыз
«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.
← Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларданөз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз
← Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын
сұраңыз.
←20.Идея туралы пікір
Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.
Млы. “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар? 21.Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында
сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
“Джимми, Сандраның жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Сандра, Карлдың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Карл, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
22.Күтіңіз және түйіндеңіз
Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық жауапты, азат
жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.
23.Дұрыс емес пікір
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін
ойлау барысының дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік...».
24.Сұрақ құрастыру
Мынадай:
• Жалпыға түсінікті қате ұғамдарға қарсы шығатын;
• Талқылауды талап ететін дайу тудыратын;
• Екіұштылықты зерттейтін және талқылау мен айқындылық енгізуге көмектесетін сұрақтар құрыңдар
25.Оқу күнделігі
Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл
сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін
26.Қайтадан құрастыру
Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз.
Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді.
Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
27.Түйінді сәттер
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың
түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын. 28.Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз.
Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз.
Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).
29.Түсініктемелермен жұмыс
Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз
← сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.
← оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.
← диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.
30.Топтық кері байланыс
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға
көмектесе алады.
Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты
ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).
31.Сыныптастарды бағалау
Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір біріне жұмысы үшін баға қояды.
Бұл оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, бұл оқушыларға үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті
шешуге мүмкіндік береді.
Аталған құрал жеке сабақтарда және жұмыс схемаларында қолданылуы мүмкін.
32.Бас бармақ
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
33.Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБнің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге
көрінетін бөлшегі етуге болады.
34.Қайталау Бағдаршам
Тақырыпты немесе пәнді қайталағанда, оқушылардан бағдаршамның тиісті түсін көрсету арқылы түсінгендіктерін көрсетуді сұрап,
түрлі салалармен жұмыс істеуге болады.
Соңынан оқушылар қайталауды байыппен пайдалана отырып, не істелгенін жай ғана қарап, немесе жазбаларды оқып қана қоймай,
оған белсенді қатыса алады.
35.Құрастыр және жауап бер
Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады.
Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және
функция!
36.Оқушылардың бағалау сызбасы
Оқушылардан топпен немесе жекелеп баға қою сызбасын жасауды сұраңыз. Кейін олар осы сызбаға сәйкес өзінің немесе
сыныптасының жұмысын бағалай алады.
Оқушыларға бағалау сызбасының мақсаты пайымдау, шолу, стандарттау, т.б. екенін түсіндіріңіз.
37.Топтық жауаптар
Оқушылар жауаптарды келісу үшін шағын топтарда жұмыс істейді – тестілер қайталырған жағдайда немесе кез келген басқа
жағдайда.
Келісу үдерісі жауаптың дұрыстығын талқылауды, сондайақ түсініспеушіліктер мен қате жауаптарды теріске шығаруды қамтиды.
38.Сөйлеу арқылы ойлану
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі.
Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:
←
←
←
талқылауға арналған жаттығу;
құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;
мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы
әңгімелесудің санын арттырады).
39.Сұрақты төңкеріңіз Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз.
Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ
«Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.
40.X және Y
Оқушылардан неліктен X Yтің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі
сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?
Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.
41.Білетініңіздің барлығы
Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады.
Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.
42.Түзетулер
Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы
жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).
43.Үлдірленген критерийлер
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.
44.Прогресс білдіру
Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.
Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;
Оқу журналын пайдаланыңыз;
Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;
Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;
Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.
45.Сөздерді талқылау
Пікірталас кезінде түйінді сөздерді ерекше атап өтіп, оларды мұқият қарастырыңыз. Олардың қалай қолданылғанын талқылаңыз: Мағынаның екіұдайылығы бар ма? Бұл сөзді оқушылардың барлығы бірдей қолдана ма?
46.Қарымқатынас
Оқушыларды өз ойларын тек хатта, суретте, көріністе, карталарда, мүсінде және т.б. ғана емес әр түрлі құралмен жеткізуді сұраңыз.
Құрал дегеніміз хабарлама, сондықтан ол қарымқатынас жасау жолдарын білдіреді. Осыған ұқсас құралдарды қолдана отырып,
мұғалім оқушының түсінгенін жанжағынан көре алады.
47.Парасатты диалог
Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық
оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс.
(12бет, Inside the Black Box, Paul Black & Dylan William, nferNelson, 1998)
Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет
болуына қарай) айтуды сұраңыз.
48.Кері байланыс бутерброды
Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.
Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:
i) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
ii) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....
49.Не жақсы?
Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге
болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:
Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?» «Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»
«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»
«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»
50.Өзін өзі бағалау
Өзін өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін өзі бағалау дегеніміз біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды
өзін өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
• Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
• Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
• Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
• Сіз не үшін разысыз?
• Сіз Х туралы не білдіңіз?
• Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі
өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.
51.«Жақсы» сұрақ деп нені айтады?
Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық
түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше
алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.
52.Графикалық органайзерлер
Оқушыларға өзін өзі бағалауда көмек көрсету үшін графикалық органайзерлерді қолданыңыз.
Мына сайттан алынды:
http://www.aaia.org.uk/pdf/Publication s/AAIAformat4.pdf (19бет)
53.БББ
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады
Олар нені біледі;
Олар нені білгісі келеді;
Олар нені білді.
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда үшіншіге қайта
оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін). Ұсыным: «Қалайша оқыпүйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
54.Әңгімелесетін әріптестер
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
• жаңа оқылған 3 факті туралы;
• оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
• оларға қиын болып көрінгендер туралы
• алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
55.Стикер
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап
бере алады:
• мен нені үйрендім?
• Маған не қиын болып көрінді?
• Не күрделі болды?
• Мен енді нені үйренгім келеді?
56.Жауап беретін әріптес
Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме
беруге немесе талқылауға шақырады.
Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін
әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс.
Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.
57.Қолыңды төмен ұста
Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін
оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді.
www.classtools.net – «жемісжидек машинасы» бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды
кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.
Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.
Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз.
58.Жақсы сұрақ негіздері
Неліктен...?
Егер... болса қалай?
Сіз қалай ...?
Сіз .... түсіндіріп бере аласыз ба?
... не болуы мүмкін?
59.Оқуды реттеу
Оқушылар қайсыбір жаттығуды орындап жатқан кезде бөлмеде қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға,
бағалаудың әр түрлі стратегияларын қолдануға және қажет жерлерде үдеріске араласуға мүмкіндік береді.
60.А Ә Б В
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрттөрттен үлдірленген карточкалардың жинағын
дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі
керек. Олардан қалғандарының карточкажауаптарына қарамауын өтініңіз.
61.Неліктен бұл үздік?
Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру
кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады.
62.Көрсет және әңгімеле
Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға мүмкіндігі болатындай және оны тез арада сізге (сыныптастарына) көрсететіндей етіп, шағын
маркер тақтасын қолданыңыз.
63.Белсенді оқушылар
ОүБнің кілті оқушылардың белсенділігі, олардың оқу үдерісіне тартылуы болып табылады. Керісінше емес, аталған осы мақсатқа
қол жеткізу үшін оқу мазмұнын қалай пайдалануға болатынын ойлаңыз.
Егер оқу мазмұны қызықсыз болып көрінсе, анағұрлым қызықты және көңілді тәсілді қолданыңыз.
64.Ұзақ мерзімді және Қысқа мерзімді Үдерісті үлкен суретпен байланыстыру үшін оқушылар ұзақ мерзімді мақсатты да, қысқа мерзімді мақсатты да белгілей алады.
Қысқа мерзімді мақсаттар әр аптаны немесе әр екі аптаны, ал ұзақ мерзімді мақсаттар тоқсанның соңын қамтуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді мақсаттар оқушылар мен мұғалімдердің қысқа мерзімді мақсаттарына сенімділік беруі мүмкін. Бұл сонымен қатар
оқушыларға назарын шынымен де пәнді оқуға ынталандыратын нәрсеге аударуға мүмкіндік береді.
65.Минуттық шешім
Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды.
66.Жауап алу
Сабақ немесе бөлім барысында жоғары тәртіпте ойлауды ынталандыру үшін жауап алуды қолданыңыз.
Мысалы,
Ұлыбритания қаншалықты демократиялы болып табылады?
Неліктен біздің мектебіміз этникалық жағынан диверсификацияланған болып саналады?
Ақпараттық жауап алуға негізделген оқу дегеніміз не
http://www.campus.manchester.ac.uk/ceebl/ebl/
67.Смайликтер
Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады. Жалғастыруға дайынмын
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
Түсінбеймін, қайталап қарау
бәрін емес
қажет
68.Шаршылар
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске
бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.
69.Түсініксіз тармақ
Оқушылар өздеріне онша түсінікті емес бір немесе екі тармақты жазады. Бұл өткен сабақта оқылған материал, қалған бөлімнің,
алдыңғы жаттығудың материалы және т.б. болуы мүмкін. Содан кейін мұғалім мен сынып осындай тармақтарды түсіндіру жолдарын
іздестіреді.
70.Бір сөйлеммен түйіндеу
Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.