ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ КОНСПЕКТ «ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР»
Оценка 5
Мероприятия
docx
ОБЗР
Детсад
04.09.2017
Гендерлік тәрбие жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру, ұл мен қыздың арасындағы айырмашылықтары туралы айтып түсіндіру. Ұл мен қызға тән ерекшеліктер туралы айту.Тәрбиелік:баланың жынысына қарамай араларындағы жақсы сыйластыққа тәрбиелеу, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасын арттыру.Әдістер: мәселелік (мәселе жағдайды жасау),ойындық (дидактикалық ойындар, іс-әрекеттік ойын, тосын-сый жағдайлар); сөздік (көркем сөздерді пайдалану)баланың жынысына қарамай араларындағы жақсы сыйластыққа тәрбиелеу, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасын арттыру.
гендерлік тәрбие.docx
ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ
КОНСПЕКТ
«ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР»
ОРТАҢҒЫ ТОП
ТӘРБИЕШІ:АХМЕТОВА.Г.К Дидактикалықмақсат: балалардың гендерлік тәрбие жөніндегі ойларын дамыту, адамның
құрылу теориясы туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың түрі мен типі: бұрынғы білімдерін одан әрі кеңейту, интегралдау.
Біліктілік:
Гендерлік тәрбие жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру, ұл мен қыздың арасындағы
айырмашылықтары туралы айтып түсіндіру. Ұл мен қызға тән ерекшеліктер туралы айту.
Дамыту:классификациялық қабілеттіліктерін заттық нысанда дамыту.
Тәрбиелік:баланың жынысына қарамай араларындағы жақсы сыйластыққа тәрбиелеу, бір
біріне деген сыйластық қарымқатынасын арттыру.
Әдістер: мәселелік (мәселе жағдайды жасау),ойындық (дидактикалық ойындар, іс
әрекеттік ойын, тосынсый жағдайлар); сөздік (көркем сөздерді пайдалану)
Ұйымдастыру формасы: фронтальдік, жеке жұмыс.
Оқыту құралдары:Демонстративтік материал: қолдан жасалған жүрекше, әр балаға айна,
сиқырлы қорап, қуыршаққыз, қуыршақұл, дидактикалық ойындар үшін қуыршақ ұл мен
қыздың киімдері.
Қостілділік копонент: Ер бала – мальчик, қыз бала – девочка, дене мүшелер – части
тела, жүрек – сердце, түймедақ – ромашка.
Кіріспебөлім
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бірбірімізбен және қонақтармен амандасайық. Саламатсыздар қыздар
мен ұлдар!
Қымбатты балалар, сендерді көргеніме сондай қуаныштымын, сендер сондай әдемісіңдер
және өте ақылдысыңдар.
Қане, бірбірімізбен танысайық! Қараңдаршы, менің қолымда қандай әдемі қорап бар. Ол
жай ғана қорап емес, ол сиқырлы қорап, себебі ол қорап сиқыр жасайды, маған балаларға
тосынсый істеуге көмек береді. Мен өз атымды алып мына тұрған сиқырлы қорапқа
саламын – Гүлнар Көшербайқызы. Сендер де өз аттарыңды салып көріңдер
(балалардың атыжөндерін жинайды).
Мен кішкентай болған кезімде, мені еркелетіп «құлыным, кішкене гүл» деп айтушы еді.
Бұл аттарды мен сиқырлы қорапқа қосып саламын. Ал, сендерді аналарын қалай еркелетіп айтады? Өздерінің еркелетіп айтатын аттарыңды сиқырлы қорапқа салғыларың келе ме?
(еркелеп айтатын аттарын жинайды).
(Мәселе жағдайлар)
Қап, жел соғып кетті де, бүкіл жазған аттарымыз ұшып кетті... Енді не істейміз? Енді өз
атым болмаса, не істеймін? (Егер де балалар ұсыныс жасамаса, көтеріңкі көңілкүймен
жалғастырамын) Мен «Аружан» деген атты ұстап алдым. Бұл кім екен? Аружан қайдасың?
Міне, Аружан өз атыңды ала ғой. (Берген кезде: «Аружан, сенімен танысқаныма өте
қуаныштымын!» және т.с.с. Сабақ соңында сендер сияқты жайдары, ақылды және көңілді
балалармен танысқаным үшін сондай ризамын.
Негізгі бөлім
Ал енді сендердің ақылды,жайдары екендеріңді тексеріп көрейік... Балаларға «Достық
гүлі» дегенді жинау ұсынылады, бірақ ол үшін әр балаға гүлдің бір жапырағын алу
ұсынылады және ұлдар мен қыздар бірбірінің лидерлік немесе жақсы жақтарын айтулары
тиіс. Ұлдар – ақылды, мықты, күшті, сабырлы, қайратты, қиындыққа төзе алатын, қыз
балаларға кешірімді қарайтын және қыздарды қорғап, оларды сыйлайды. Қыздар –
сүйкімді, нәзік, әдемі, мейірімді жәнеақкөңіл. Ұлдар ашушаң, ақылсыз, жалқау және
жылауық қыздармен дос болғысы келмейді. Балалар бірбірінің жағымды жақтарын айтып,
гүлдің жапырақтарын жинап қосады. «Достық гүлін» жинап болған соң, балалар бірбірін
құшақтап шапалақтайды.
Тәрбиеші: Балалар, менде айна бар. Қараңдаршы, қандай керемет айна! Қазір әр бала өз
айнасына қарап, сосын менің артымнан қайталаңдар.
Міне, менің домалақ басым. Балалар бастарын сипайды. Содан менің кішкене ғана
мұрным, күлімсіреген қызыл еріндерім, қардай аппақ тістерім, ақырындап тісті тіске
тигізеді, менің тәтті тілім және қиылған қастарым деп төменжоғары қимылдатады.
Мөлдіреген көздерімен ашыпжұмады. Кішкентай ғана нәзік құлақтарын сипайды. Мойнын
созып, оңға және солға қарайды, қолдарын төстеріне айқастырып қойып, өздерін құшақтап
тұрғандай қимылдар жасайды. Арқаларын түзу ұстап, аяқтарымен топтоп етеді.
Тәрбиеші:Міне, осындай бөліктерден біздің дене мүшелеріміз құралған. Балалар, бір
біріне қараңдаршы, сендердің барлық дене мүшелерін бірдей, бірақ сендер бірбірінен
сондай өзгешесіңдер, әртүрлісіңдер.
Өткізілетін ойын«Біз әртүрліміз».
Мақсаты: Ойын назарды, ынтаны, танымдылық пен баланың бойындағы жеке
ерекшеліктерді көруді дамытады. Ойын барысы. Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрады. Өз еркі бойынша ортаға
бір бала шақырылады. Тәрбиеші жүргізуші ретінде балаларға сұрақтар қояды:
— Ұл балалардан кімнің бойы ең ұзын?
— Қыз балалардан кімнің бойы ең ұзын?
— Балалардан кімнің бойы аласа?
— Кімнің шашы қара ( бұйра, түзу, ашық қоңыр т.с.с.) ?
— Көршілеріне қарап, оның көзінің түсі қандай екенін айтыңдаршы?
— Кімнің басында бант (екі банта, шаш қыстырғыш, рәзіңке, шаш ободогы) бар?
— Кім көйлек, шалбар, сарафан киді?
— Кімнің киімінде сары, қызыл, көк, қоңыр, жасыл түстер бар?
— Қыздар қандай аяқ киім киеді? Ал ұлдар қандай аяқ киім киеді?
— Қыздар мен ұлдар қандай әшекей бұйымдарын тағады?
Ойын соңында тәрбиеші барлық балалардың бірбірінен ерекшеленетінін айтып,
балалардың барлығы «әртүрлі», «ерекше», «бірбіріне ұқсамайды» екенінде балаларды
сендіргеніне назар аударуы қажет.
Тәрбиеші: Барлық адамдар бірдей емес және бірбіріне ұқсамайтынына барлығымыз бірдей
көз жеткіздік. Қыз бен ұлдың арасындағы ерекшеліктерді білдік. Асан мен Айару – бір
біріне аға мен қарындас. Оларға жедел түрде көмек керек. Олардың барлық киімдері
ауысып, шатасып кетті. Киімдерді тез арада іріктеп бөліп қою керек. (Балаларға қатты
қағаздан ойылып кесілген қуыршақ ұл мен қыздың силуэты және оларға арналған түрлі
түсті қағаздан кесілген киімдер беріледі).
Өткізілетін ойын: «Қуыршаққыз бен қуыршақұлды киіндір».
Балалар киімдерді алып, қуыршақтардың киімдерін іріктеп, таңдау жасайды және ұл мен
қыз қуыршақтарының силуэтын құрастырады.
Қорытындыбөлім
Тәрбиеші:Менің сиқырлы қорабымда тағы да бір ерекше нәрсе бар. Бұл осындай мейірімді
бір жүрекше. Бұл жүрекшені қолына алған адам, басқа адамдарға тек жақсы сөздер мен ізгі
ниетпен тілектер айта алады.
Ойын: «Тілек» Балалар шеңбер бойына тұрады, жүрекше ойыншығын бірбіріне бере
отырып мына сөздерді айтып жалғастырады «Менің саған тілейтінім...»
Тәрбиеші тәттілер таратады.
ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ КОНСПЕКТ «ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР»
ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ КОНСПЕКТ «ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР»
ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ КОНСПЕКТ «ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР»
ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ КОНСПЕКТ «ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.