Германия медиациясының даму моделі
Оценка 5

Германия медиациясының даму моделі

Оценка 5
Библиография
docx
правоведение
Взрослым
29.03.2017
Германия медиациясының даму моделі
Бұл мақалада медиация ұғымына түсінік беріліп, Германия Федеративтік Республикасындағы медиацияның даму моделі туралы жазылған. Кілт сөздер: Медиация, дау, шешім, тараптар, медиатор В данной статье рассмотренны понятие о медиации, также модель развития института медиации в Германии. Ключевые слова: медиация, споры, решения, стороны, медиатор This article considered the concept of mediation, such as the model of development of mediation Institute in Germany. Keywords: mediation, disputes, decisions, the parties, the mediator.
мақала1111.docx
«ГЕРМАНИЯ МЕДИАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ МОДЕЛІ»  Бұл   мақалада   медиация   ұғымына   түсінік   беріліп,   Германия   Федеративтік Республикасындағы медиацияның даму моделі туралы жазылған.  Кілт сөздер: Медиация, дау, шешім, тараптар, медиатор. Медиция   дегеніміз   не?   Және   ол   не   істей   алады?     Даулар   негізінен тараптардың   бірін   бірі   жеткілікті   дәрежеде   түсінбегендіктен   және   мәселе бойынша толық   ақпарат алмағандықтан туындайды.   Тараптар екі жақтыда қанағаттандыратын шешім болатынына сенбеген.   Сол себептен тек соттың көмегіне ғана жүгінетін болған.   Кейіннен пайда болған жас ғылым болып табылатын медиация институты ең алғашында бірден дамымаған. Сенімсіздік болғаны сөзсіз. Заңгерлер үшінде дауласушы тараптар үшінде пайдалы болып табылатын   медиация   қолданысқа   енгізілгеннен   кейін   қарқынды   түрде дамыған.  Медиация­соттан тыс дауларды шешудің жолы болып табылады. Оны көптеген салаларда қолданады. Акционерлердің арасындағы дауды,тапсырыс берушілер және іскерлік серіктестер арасындағы даулармен тіпті отбасылық даулардада   қолданылады.   Медиацияға   жүгінгенде   тараптар   бір   бірінің талаптары мен ұсыныстарын тыңдап,ашық әңгімелесіп оң шешімдерін табыға жол ашатын бірден бір шешім. Тағы бір жағымды жағы,медиацияда кез келген адамға   қаражат   жағынанда   тиімді   болады.     Сотқа   берілген   істің   шығыны медиациямен шешілген істің бірнеше есе мөлшері болады. Мақтаарал аудандық сотының судьясы А.У.Утемисов өз мақаласында «Медиатор­тәуелсіз, бейтарап болады.   Медиатор негізінен екіге бөлінеді , оның біріншісі арнайы біліп алып тәжірибе жинақтаған  кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі – кәсіби емес, оқымаған медиаторлар. [1]  Жалпы   айтқанда   ,медиация   рәсімі   дүниежүзінде   жиырмасыншы ғасырдың   екінші   жартысында   дами   бастаған.   Алдымен   дамыған   елдерде­ Америка, Ұлыбритания, Австралия, Германияда, ал кейін Еуропаның басқа елдерінде   таралған.   Шетелдердегі   сот   саласында   бұл   тәжірибе   бұрыннан қолданылып   келеді.   Мысалы,   Америкада   істердің   95%,   Англияда   87%, кішкентай ғана Словения   елінде 35%   бітімгершілік жолмен өз нәтижесін табатыны белгілі болып отыр. Сол   секілді   Предпринимательство   и   право   инфармационно­ аналагической   парталда     Бирюков   П.Н.,  Пронин   А.В.  ­ның   «Об   институте медиации в Германии» мақаласында ең алғаш германиядағы медиация 1977 жылдан   бастап   қолданылған.   Азаматтық   процеске   медиацияны   енгізу германиялық заңгерлердің өздері ұсыныс білдірген. Бірден заң қабылданған. 1979   жылы   Конгрестік   сотта   Германия   Федеративтік   Республикасының Конститутциялық  сотының президентінің халық алдында сөйлегеннен кейін медиацияға ерекше қызығушылық арта бастаған. "Судья­медиатор"   институты   неміс   заңнамасына   жаңа   нәрсе   болып есептелінеді,және ол 2012 жылдан бастап заңға енгізілді. Мұндағы мақсаттың барлығын соттың үкімінсіз мәселені шешу»делінген. [2] Жалпы     2000жылы   медиацияға   байланысты   федеративтік   бірнеше заңдар қабылданған.   Ең бірінші медиация туралы заң Баварияда шыққан , кейін   Баден­Вютерберг   және   одан   кейін   Германия   Федеративтік Республикасынының басқа да жерлерінде кеңінен тараған. Солай медиация процесі азаматтық процеске мықтап кірген.   Мысалған 2008­2010 жалдары Берлиннің   соты   медиацияың   қарауымен   5747   іс   өткізген.   Медиациялық процесс   қатаң   түрде   конфиденциялды   түрде   өткізіледі.   Заңда «сертификатталған   медиатор»   қамтамасыз   ету   үшін   бөлімдер   бар.   Бұндай статусты тек Германия Федеративтік Республикасында әділет министрлігінің бағдарламасы   арқылы   ғана   білім   алған   азамат   ала   алады.   Бұған   қоса, сертификатталған медиатор өз біліктілігін, білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет.  Қазіргі  таңда  неміс  медиациясы   дамыған  деп толық  айтуға  болады. Медиацияны   дәл   соттың   алдында   да   қолданады.   Ол   мемлекетте   бұл   сала міндетті өту керек процедуралардың бірі болып табылады. Қазірде медиация жаңа   дайындалып   жатқан   заңгерлерге   де   белгілі   дәрежеде   түсіндіріліп, оқытады.     Өйткені     Германияда   заңгер   мамандығына   түскен   кез   келген студент   медиация   факультетін   міндетті   түрде   оқиды.   Ол   жалғыз   отбасы дауларында   емес   сонымен   қатар   әкімшілік   құқықта   да,   жалпы   құқықтық істердің басым көпшілігінде қолданылады. 2012   жылғы   заң   бойынша   медиацияның   үш   түрі   ерекшеленеді:   1) стандартты соттан тыс медиация; 2) соттың ұсынысы бойынша соттан тыс медиация; 3) заңды кеңес кезіндегі медиация.  Германияда дәл қазіргі уақытта осы 3 бағыт бойынша қарқынды түрде жұмыс   жасап  жатыр.    Осы   секілді   біздің   елімізде   де   медиация   институты алдағы уақытта үлкен сұраныстарға ие болып, жақсы дамиды деген ойдамыз.  Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Мақтаарал аудандық сотының судьясы А.У.Утемисовтің мақаласы 2. Предпринимательство   и   право   инфармационно­аналагической парталда     Бирюков   П.Н.,   Пронин   А.В.   ­ның   «Об   институте   медиации   в Германии»

Германия медиациясының даму моделі

Германия медиациясының даму моделі

Германия медиациясының даму моделі

Германия медиациясының даму моделі

Германия медиациясының даму моделі

Германия медиациясының даму моделі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017