ХХІ- ғасыр көшбасшысы 1 «Ә» сынып оқушыларына арналған.
І . Армысыңдар, құрметті қонақ
Ағайын мен халайық!
Көпшіл болған ер дана,
Достары көп ер бала.
Өнерліден үлгі алып.
Салдырар сәнді мол қамал.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды.
Бүгінгі интеллектуалды жарыс сабағымыз 1 сыныпты аяқтауда қортынды есеп сабағы деп те айтуға болады. 1 жыл бойы не үйренген, не білгенімізді сарапқа салатын кез келді. Ата- аналар балаларыңыздың не үйренгенін , не білгенін бағалайтын уақыт келді
Қазақстанның туын жоғары ұстайтын,бәсекеге қабілетті азамат болып, егеменді еліміздің білімді ,тәрбиелі саналы балалары болатынына сеніміміз зор .
Жюри мүшелерімен таныстыру:
Ойын шартымен таныстыру: І «Бәйге»
ІІ-« жеті жұмбақ»
ІІІ- «Дода»Іv-«Жорға» І- турдан көп фишка алған оқушы келесі турға қатысады. ІІ және ІІІ турдан жоғары балл алған 2- оқушы «Жорға» турына қатысады. Жеңімпаздар медальмен грамотамен марапатталады.
І – тур «Бәйге» Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйгеге бәйге бәйгелерді көріңіз!
І- ші тур «Бәйге» турының сұрақтары.
1. Заттың атын білдіретін сөзге қандай сұрақ қоямыз? «кім не»
2. Натюрморт деген не? (Бірнеше затты үйлестіріп салуды нат )
3. 5пен 7 нің қосындысы ? (12)
4. Алғашқы қоңырау қашан болады? ? ( 1 қыркүйекте)
5. Кісінің жер су аттары қалай жазылады ? ? (бас әріппен бастап)
6. Пейзаж деп нені айтамыз? (Табиғаттың көрінісін бейнелеуді )
7. Санды 1 ге арттырса не болады? ( келесі сан шығады)
8. 100 теңгенің жартысына балмұздақ алсаң неше теңге қалады? ?(50 тг)
9. Егер тауық 1 аяғымен тұрса 5кг, екі аяғымен тұрса неше кг болады? (5 кг)
10.Қазақстанның астанасы қалай аталады ? ? (Нұр - сұлтан)
11Масштаб деген не? (Заттың көлемі кішірейтіліп көрсетілген санды айтамыз)
12.Тіктөртбұрыштың 1 бұрышын кесіп алса неше бұрыш қалады? ( 5 бұрыш болады)
13.Гиннес кітабына кірген спортшы кім ? (Б Саттарханов)
14.Заттың түрін сапасын білдіретін сөзге қандай сұрақ қояды ? (қандай )
15.Бір шетітұйықталған,бір шеті тұйықталмаған түзу қалай аталады? (сәуле)
16 Кесінді дегеніміз не?(Екі шеті тұйықталған түзу)
17.Ләйләнің 3 бүтін , 2 жарты алмасы бар.Ләйләнің алмасы нешеу? (4)
18.Заттың санын білдіретін сөзге қандай сұрақ қоямыз ? (неше, қанша)
19. «Атан түйе шөккен жер тіркесі кімге байланысты айтылған? (Райымбек батырға байланысты)
20.Заттың іс-қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
21.100 теңгеде неше 20 тг бар ? (5)
22.Портрет деген не? (Адамның бет бейнесін бейнелеуді айтамыз)
23.Бөлмеде 10 маса мен 2 өрмекші жүр.Әр өрмекші 3 масадан жесе неше маса қалады? (10-(2 х 3)=4 маса қалады)
24.Азайтуды немен тексереміз? +,,-
25.Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан ( қосындының мәні өзгермейді)
25 сұрақтың ішінен көп сұраққа жауап беріп көп смайлик алған оқушы келесі турға қатысады. Қалғаны көрермен ретінде отырады.8 оқушыны ортаға шақыру ойынды жалғастыру.
ІІ –тур «Дода» Мәңгі бақи есте қалар.
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
1 ші 20 – «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)
2 –ші 20 – Олжас 3 үшбұрыш,2 тіктөртбұрыш сызды. Ол неше сызық жүргізді? (9+8=17)
3- ші 20 –Қандай өсімдік дәнінен май алынады? (Күнбағыс зәйтүн)
4 ші 20 -Қ Р мемлекеттік жалауында не бейнеленген? (күн, ою,бүркіт)
1 –ші -30 –Ж.Жабаевтің «Алатау» өлеңінде қандай жануарлар туралы айтылған? (арыстан ,аю, қасқыр, түлкі, жолбарыс)
2 –ші 30 - Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста.Әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші.ең кіші бала нешеде? (2 жаста)
3 – ші – 30 – «Дауысты дыбыстың түрлері (жуан жіңішке қосарлы)і ?
4 -30 – Дыбысталмайтын әріптер? (ь ъ)
1- Ші -40-- Глобус деген не ? (Жердің дәл үлгісі»)
2- Ші – 40 –Анна өзінің 5 досымен бірнеше алманы бөлісіп жеді.Балалардың әрқайсысы жарты алмадан жеді.балалар барлығы қанша алма жеді?(3)
3- Ші – 40 –Құрамында сын есімі бар мақал айт.?(Әдепті бала-арлы бала)
4- Ші- 40—Көкжиектің неше тұсы бар ата: (4 тұсы бар шығыс, батыс,оңтүстік,солтүстік)
ІІІ- тур «Жеті жұмбақ» Келді кезек жұмбақ шешуге.
Үш тілде жауап беруге .
Қазақ, орыс ,ағылшынша білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
Жұмбақ айту оның жауабын үш тілде айту керек.
1.Жеті қазынаның бірі ,адамның досы? (ит, собака, doy )
2.Әр адамның шағын отаны? (жанұя, семья,family`)
3. Ердің (екі) сөйлегені, өлгені. (екі,два,two)
4.Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп,мяч,dall)
5.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі? (көктем весна,spring)
6,Ер қанаты (ат, лошадь, horse)
7. Не? (Кітапсыз )білім жоқ (кітап, книга buk)
Іv- тур «Жорға» алдыңғы 2 турдан жоғары ұпай алған 2 оқушы ғана ойынды жалғастырады. Қатысқан оқушыларды қошеметтеп орындарына шығарып салу. 2 оқушыға 10 сұрақтан қою 3 секундта жауап беру керек.
Көрсетіп біздер батырлық.
Ой толғадық жүйелі.
Таңдайымызға татырлық,-деп ойынымыздың соңғы мәресіне де келіп жеттік.
Сиырдың пірі? (Зеңгі баба.)
1. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)
2. Ұя салмайтын құс? (Көкек)
3. 70 пен 20 ның қосындысы ? ( 90 )
4. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
5. Өсімдік мүшелері? (Тамыр ,сабақ, жапырақ, гүл)
6. Жуан дауысты дыбыстар? ( А;О; Ы:Ұ)
7. Бүгін сенбі ,үш күннен кейін аптаның қай күні болады? (сәрсенбі)
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді ата? (3 ке қатаң ұяң, үнді)
9. Анаңның әкесі саған кім болады? (нағашы ата)
2 –ші балаға сұрақтар:
1 . Жылқы бағатын адам? (Қамбар ата)
2. Жыл басы? (тышқан)
3Орман емшісі ? (тоқылдақ)
4 . дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (3 ке жуан ,жіңішке , қосарлы)
5.20+9 ( 29)
6.Гиннес кітабы ол-(алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап)
7.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. (л,м,н,р ,ң,й,у)
8.Анаңның анасы саған кім болады? (нағашы апа)
9.Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
10. Шекшек ата кім? (ешкі бағатын адам)
Ойын болған соң жеңу бар және жеңілу бар. Сондықтан жеңілуді мойындау да үлкен ерлік, ойында жеңілсең де өмірде жеңілме,- деп жеңілген оқушыны марапаттау.Жеңген оқушыны ХХІ- ғасыр көшбасшы болуымен құттықтап , марапаттау.
2 Оқушының жинаған ұпай санын есептеп ең көп ұпай жинаған оқушыны «ХХІ -ғасыр көшбасшысы» болуымен мадақтау , медаль грамотамен марапаттау рәсімін қонақтарға беру.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.