"М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(әдістемелік құрал)
үш тілде
Құрастырған: Битабарова Х.И
Жоба авторы: Битабарова Хадиша Исабековна
Жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі
Жетісай ауданы.
«М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі» КММ
Бағыт: Біліктілік арттыру жүйесі және білім саласындағы инновациялық шешімдер
Химияны жеке және дифференциалды оқытуды іске асыру мақсатында дидактикалық материал химия пәнінің 7-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес әзірленген.
Бұл дидактикалық материалдар жалпы білім беру мектептерінің химия пән мұғалімдеріне арналады.
В дидактический материал включены разноуровневые задания по разделам программы по химии для 7 -11-х классов, что позволяет осуществлять индивидуальный и дифференцированный подход обучению химии.
Данный дидактический материал предназначен для учителей химии общеобразовательных школ.
The didactic material includes multi-level tasks in sections of the chemistry program for grades 7–11, whichallows for an individual and differentiated approach to teaching chemistry.
This didactic material is intended for teachers of chemistry of secondary schools.
Алғы сөз
Ұсынылып отырған «Химия пәнінен арналған дидактикалық материалдар жинағы» мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық ретінде арналған. Аталмыш дидактикалық материалдар жинағының мақсаттары: оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, дидактикалық материалдар арқылы сапалы білім беру, қызықты сабақ өткізу.
Дидактикалық материалдар – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі –оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін еңгіздім.
Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Мақсаты:
1. Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектесу.
2. Ойын барысында балалардың жан дүниесін тану, оны сыртқа шығару жолдарын меңгерту.
3. Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
4. Бірлікке, достыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.
2. Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.
І. Кіріспе.
Әрбір мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Мұғалімнің тәжірибесі тиімді ізденістермен тағы да тың жолдар іздеу, өзінің озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектенуі жалғаса бермек. Карточкалармен оқушының жұмыс істеуі ізденіс, есте сақтауға тырысу білігін қалыптастырады:
• Оқушыны өз бетінше әрекет етуге үйренеді
• Ережелер мен тәсілдерді қолдана біледі
• Жұмысы бойынша анықтама береді
• Оқышылар өзара бір – біріне көмек береді
• Оқушының жұмысына өзі баға береді.
Бағалау – бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс әрекет нәтежелерін жоспарлаған мақсаттары ман салыстыру процесі. Мұғалім үшін негізгі нәтеже – баланың өз жұмысын түсініп нәтежеге жетуі. Баланың ықыласын, шығармашылық қабілетін оята білу нәтежеге жеткізеді.
Оқулықтағы оқу материалдары мен жұмысты ұйымдастыруда мынандай ұстаным басшылыққа алынды. Жаттығулар тақырыпқа байланысты алынып жазылған. Үлестірме қағаздар мен перфокарталар , деңгейлік үлестірме қағаздары, ұжымдық перфокарталар, деңгейлік жеке тапсырмалар, тестік сынақ жұмыстары, Ривин – Баженов әдісін қолданып есеп шығаруға бірнеше карточка нұсқалары жұмыс істеп бағаланған оқушының:
• Қызығушылық көз қарасы артады
• Ой - өрісі кеңейеді
• Белсенділігі артады
• Өз ой – пікірін еркін жеткізе алады.
Оқушыға жағымды ықпал етуді көздеп жаттығу жұмысын мүмкіндігіне байланысты таратылуы тиіс.
Әдістемелік құралдың мақсаты оқушы қызығушылығын ояту үшін мұғалімнің ізденісін жеңілдететін маңызды бөлігі болып табылатын көмекшісі. Химия 7-11 – сынып авторлары Н.Нурахметов, Р. Жұмаділова мен С. Әлімжанова жазған оқулығын басшылыққа ала отырып, тақырыптарға байланысты үлестірме қағаздар мен перфокарталар , деңгейлік үлестірме қағаздары, ұжымдық перфокарталар, деңгейлік жеке тапсырмалар, тестік сынақ жұмыстары, Ривин – Баженов әдісін қолданып есеп шығаруға бірнеше карточка нұсқалары мұғалімнің қажетіне қарай таңдап алу мүмкіндігіне ие. Құрастырылған жаттығулар бағдарламаға сәйкес алынған.
Бұл әдістемелік құрал химия пәнінің мұғалімі үшін көмегі зор болар деген сенімім зор. Дайын кеспе қағаздардағы (карточкалардағы) есептерді мұғалім жаңа сабақ түсіндіргеннен кейін таратып не қорытындылауда да, тарауды қайталау сабағында да, өткен сабақтармен байланыстырылып жүргізілетін сабақтар да пайдалануға болады. Мұғалім шеберлігін арттыру үшін өмірдің өзі туғызып отырған талапты жетілдіруге мүмкіндігін туғызатыны сөзсіз.
ІІ. Негізгі бөлімі.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту саясаты» Қазақстан халқына жолдауында мемлекетіміздің Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүргізуді кезең-кезеңімен бастауды ұсынады. Үш тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей – балабақшадан бастап ЖОО дейін – қазақстандық жас ұрпаққа ғылым мен техникадағы озық жетістіктермен және беталыстармен танысуға, жылдам қоғам меншігіне айналуға мүмкіндік береді.
Елбасы Н.Назарбаев жастардың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеруі үшін мемлекеттік деңгейде шексіз мүмкіндіктер жасауда. Соның бірі орта білім беру ұйымдарында жаңа міндет, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отырған физика, информатика, биология, химия пәндерінен үш тілде білім беруді атап айтуға болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда білім беру саласында химия, биология, физика, информатика пән мұғалімдерін ағылшын тілін кіріктіріп оқыту курстары жүргізіліп жатыр.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білімдерін тереңдетуге жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп ашуына, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең бір қажеттілік.
Бұл курстың мақсаты - оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді ағылшын тілін бірдей меңгеруге үйрету. Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға химия пәнінен көптеп қатысуда. Ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер дайындалуда. Мен ағылшын тілі курсын оқу барысында химия пәнінде жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын, оқушыларға жаңа ақпаратты іздеп табуға қалыптастыруды ұғындым.
Қазіргі оқыту үдерісінде – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытып, ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде.
Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан мағлұматтар алатынын түсіндім. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуынан көрінеді.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде жаз тапсырмаларын беруге болады.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді. Менің ойым да сол. Химия пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Төл оқулықтарымыздың көпшілігі байқау оқулықтары және олармен мектептеріміз толық қамтамасыз етілген. Атап айтатын болсақ біздің мектеп оқушыларының химия оқулықтарымен қамтамасыз етілуі 80 пайыздан аспайды, сондықтан мұғалімдер көп ізденіп, көп еңбек етуі қажет.
Химия мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады. Іс тәжірибемде жинақталған тест сұрақтары жинағын, деңгейлік жеке тапсырмалар жинағын өз сабағымда қолданып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Бұл жинақтарды жасауда көптеген әдебиеттерді және «Химия негіздері», «Химия мектепте», «Химия анықтамалығы» журналдарынан пайдаландым.
Дидактикалық материалдар химия оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың,пысықтау сабақтарының,қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.
Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесәне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп,қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да,оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойые элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға,барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімген қызықтырады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсаты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылыңын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практиикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліусіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп.Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік.
1. «Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса,сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады,ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1. Өздеріңе белгілі нейтрондардың сипаттамаларын жазыңдар.
2. Неліктен бір элемент бірнеше изотоп түзеді? Мысалдар келтіріңдер.
3. Периодтык кестедегі орны бойынша мына элементтердегі нейтрон санын
анықтаңдар: фтор, кремний, аргон.
4. Бор қатты қыздырған кезде сөндірілмеген әк пен көмірқышқыл газына ыдырайды. Бор қандай химиялық элементтерден құралған?
5. Шамамен азот молекуласының массасы криптон атомының массасынан неше есе кем?
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққ дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылыған арттырады.
2. Арқан тартысу ойыны. Ойынның шарты. Химиялық элементтер, химиялық формулалар, химиялық реакциялар аттары көрсетіледі. Әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса,сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады. Мысалы: «өнер-білімге», «тәлім-тәрбиеге» байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады. Жауап беру келесі топқа өтеді.Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе,сол топ жеңді деп есептелінеді.
Арқан тартысу ойынының тиімділігі: алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау,тез ойлану қабілеттерін дамытып,оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.
Сабақ үстінде кроссворды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарының да орындауға болады. Кроссворд жасау- үй жұмысы. Балалар әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрделігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады,олардың пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы «Жұлдызды сағат» хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі. Бір сөз жазылады да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін дәптерге жазу керек.
Химия сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланылыстығын, химия пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді.
Химияны экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, география, физика, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады.
Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі. Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.
Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады,дүние танымы жан-жақты болады. Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар, дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, кітаптар және журналдарды көптеп пайдаланамын. Журналдардағы ақпараттық технологиялар жайындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда химия кітапханамында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Тест сұрақтарына қолданып жауап бергізу сыныптағы барлық оқушылардың білімін бірден тексеруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан оқушының күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді.
Есептер шығаруда оқушыларға жеке тапсырмалар беру, әрбір оқушының тапсырмасын өзі орындауға үйретеді. Есептің алгоритмін құрып жазу, нәтижені талдау істерін әрбір оқушы өзі орындауы керек, өйткені берілген есептер бір-бірінен өзгеше. Бір параграф бойынша үш тапсырма беріледі. Бұл тапсырмалар қарапайымнан күрделілене береді, яғни 1-тапсырма-жеңіл, 2-қиынырақ, 3-күрделі. Оқушыларды топтарға ажыратпаймыз, есептер шығару барысында олар өздері топтарға бөлінеді.
Деңгейлік дифференциялауды мен өз сабақтарымда тек өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде қолданамын. Балаларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бұларды орындау кезінде оқушылар жұмыс дәптерлерін пайдалана алады. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар-базалық стандарт болып табылпды. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді. Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап, талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс. Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады.
Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын қарастырып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді. Осы жерде деңгейлік жеке тапсырмалардың, деңгейлік үлестірме қағаздарының, ұжымдық перфокарталардың, текстік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар,жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек балалар қызығатын сияқты.
Үлестірме қағаздар үлгісі.
Үлестірме қағаздар мен перфокарталарды ұстаздардың көбі өз сабақтарында қолданады. Мен де көп жылғы ұстаздық еңбек жолымда, үлестірме қағаздар мен перфокарталарды пайдаланудың оқушы білім сапаларының артуына пайдасы зор екендігіне көз жеткіздім. Үлестірме қағазбен жұмыс істеу кезінде, оқушының жаңа сабақтан алған білім нәтижесін көруге болады немесе бұрынғы алған білімдерін еске түсіру арқылы білім сапасын нақтылай түсуге көмектеседі.
Үлестірме қағаздарды жеке оқушымен жұмыс жүргізгенде әрі деңгейлік тапсырма берген кезде пайдалануға болады. Осындай қағаздарды көптеп жасау ұстаз портфолиосын толтыруға септігін тигізеді.
Қазіргі жаңа технологиялардың даму заманында интербелсенді тақта арқылы да осы үлестірме қағаздар мен перфокарталарды пайдалануға болады. Бұл мұғалім жұмысын жеңілдетеді әрі тиімді саналады.
Перфокарталар мен үлестірме қағаздарды жіберудегі мақсатым – жас мұғалімдер де өз сабақтарында пайдаланып, нәтижесін көрсе екен деген тілек қана. Жіберіліп отырған карточкалар тек үлгі ретінде ұсынылып отыр. Үлгілерді әр мұғалім өз қиялымен әрі қарай өзгертіп, дамытуларына болады.
Үлестірме қағаз бен перфокарталардағы көзшелерді ойып тастап, сол карточкалармен бірдей деңгейде басқа қағаз алып, оны қыстырғышпен қыстырып қойса, көпке дейін пайдалануға жарайды.
|
№1 1. Төменде келтірілген атаулардың ішінен химиялық заттар мен физикалық денелерді тауып, бөліп жазыңдар: су, кесе, үстел, қасық, күміс, пластмасса, қалам. |
|
№2 1. Төменде берілгендерді көшіріп жазып, тек химиялық заттардың ғана астын сызыңдар: шыны, стақан, дәптер, кітап, қағаз, резеңке, бор, су, тұз. |
|
№3 1. Заттар мен денелердің қатарындағы бір "артық" сөзді көрсетіңдер: а) стақан, қалам, су, сызғыш; е) ас тұзы, ас содасы, темір, пышақ; |
|
|
|
№4 1. Алюминий мен пластмассаның қасиеттерін (агрегаттық күйі, түсі, иісі, қаттылығы, иілгіштігі, электр өткізгіштігі) салыстырыңдар. Олар қандай заттар жасау үшін қолданылады?Мысалдар келтіріңдер. |
|
|
|
№5 1. Темір мен мыстың қасиеттерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер. Олардан қандай нәрселер жасалады, мысалдар келтіріндер.
|
|
|
|
№6 1. Дәптерлеріңе екі бағаннан тұратын кесте сызыңдар. Оны бізді қоршаған физикалық денелер мен химиялық заттардың мысалдарымен толтырыңдар.
|
|
|
|
№7 1. В каждом случае назовите физическое тело и вещество, из которого оно изготовлено (например, «стеклянный стакан»: стакан - тело, стекло - вещество). Медная монета, железный гвоздь, хрустальный башмачок, таблетка аспирина, серебряный колокольчик, кристалл сахара, ледяной дворец, оловянный солдатик, золотое кольцо.
|
|
|
|
№8 2. В каких примерах речь идет о физических телах, а в каких — о веществах? Кирпич, сахар, стакан, проволока, ртуть, железо, поваренная соль, дрова, сера, кислород.
|
|
|
|
№9 3. Определите, в чем явное отличие между следующими веществами: а) алюминий и ртуть; б) вода и углекислый газ; в) медь и алюминий; г) поваренная соль и сахар; |
|
|
|
№10 1.Мыналардың: а) ауа, ә)оттек, б)теңіз суы, в)өзен құмы, г)мыс қайсысы таза зат, қайсысы қоспа екенін көрсетіңдер. 2. Сорпаның бетіне шыққан көбігін қалай бөледі? Бұл тәсіл заттардың қандай қасиеттеріне негізделген?
|
|
|
|
№11 1.Артық сөзді тап: а) ауа, түтін, оттек, тұман б) мұнай, спирт, су,ацетон в) өзен құмы, қант, темір кені, цемент 2. Ас тұзы, құм, судан тұратын қоспаны қалай бөлуге болады? Жоспар құрып түсіндіріңдер.
|
|
|
|
№12 1. Выпишите отдельно из приведённого списка названия тел и веществ: I вариант: ложка, алюминий, льдина, вода. Медь, кирпич, проволока, водород. II вариант: снежинка, кристалл, сода, железо, кружка, сахароза, уголь, проволока.
|
|
|
|
№13 2. Напишите названия : I вариант: некоторых веществ, из которых могут быть изготовлены стакан и линейка. II вариант: некоторых тел, которые могут быть изготовлены из следующих веществ: алюминия и стекла.
|
|
|
|
№14 1. Төменде келтірілген заттардың қайсылары жай, қайсылары күрделі: апатит, алмаз, сода, кварц, әк, темір, уран, оттегі,бензол, мәрмәр, рубин, парафин, полиэтилен.
|
|
|
|
№15 2. Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер: көмірқышқыл газы СО2, күкірт қышқылы Н2SО4, ас содасы NаНСО3, сірке қышқылы СН₃СООН. |
|
№16 1. 1819 ж. Швед ғалымы Йенс-Якоб Берцелиус оттегі үшін 100 деген шаманы алып, атомдық салмақ (салыстырмалы атомдық масса) кестесін жариялады. Егер оттегі үшін көрсетілген шаманы алса, сутегі, көміртегі және күкірт атомдық массаларының мәні қандай болар еді?
|
|
|
|
№17 1. Үш элементтің - оларды А, В және С деп алайық - біреуі II топқа, екіншісі IV топқа және үшіншісі VI топқа жатады. А мен В элементтері бір периодта орналасқан және бір - бірімен қосылып, екі түрлі қосылыс түзеді - біреуі жанғыш, екіншісі жанбайды. Осы үш элементтердің барлық қосылыстары табиғатта көп таралған және құрылыс материалдарын өндіруге қолданылады. А, В және С әріптерімен қай элементтер таңбаланған?
|
|
|
|
№18 1.В предложении вставить слова «атом» и «молекула» А) …...…………… водорода образована ……………….. водорода Б) ……………….. углекислого газа образована …………….. углерода и ………….. кислорода
|
|
|
|
№19 3. Запишите формулу вещества и вычислите его относительную молекулярную массу, если известно, что в состав его молекулы входят: А) 2 атома водорода Б) 2 атома фосфора и 5 атомов кислорода. Указать какое из этих веществ является простым, а какое сложным.
|
|
|
|
№20 1. Молекуласы екі атомнан тұратын: а) жай заттарға; ә) күрделі заттарға үш мысалдан келтіріңдер.
|
|
|
|
№21 4. Латынша атаулары келтірілген химиялық элементтердің: а) argentum, oxygenium, carboneum; ә) ferrum, aurum, cuprum; таңбаларын жазыңдар.
|
|
|
|
№22 1. Какую массу имеют порции веществ, соответствующие данному количеству вещества: а)1 моль азота N2; б)0,5 моль углекислого газа СО2; в)2,5 моль карбоната кальция СаСОэ; г)4 моль нитрата натрия NаNО3;
|
|
|
|
№23 Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар: Сутектің 2 атомы, күкірттің 1 атомы, оттектің 4 атомы; Азоттың 2 атомы және оттектің 3 атомы |
|
|
|
№24 Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар: Марганецтің 2 атомы және оттектің 7 атомы; Алюминийдің 2 атомы және оттектің 3 атомы
|
|
|
|
№25 1. Определите, в какой порции вещества содержится больше атомов: а)в 5 моль свинца или в 5 моль цинка; б)в 1 г серебра или в 1 г золота; в)в 119 г олова или в 56 г железа; г)в 48 г магния или в 69 г натрия;
|
|
№26 1. Write the molecular equations of three possible reactions between the following compounds: KNO3, AgNO3, BaCl2, Zn, CuSO4. Write the type of each reaction. For double displacement reaction write ionic equations.
|
|
№27 8. Write the molecular equations of three possible reactions between the following compounds: calcium chloride, sodium carbonate, potassium hydroxide, hydrochloric acid, iron. Write the type of each reaction. For double displacement reaction write ionic equations.
|
|
№28 4. Classify as physical or chemical change: tearing of paper, production of biogas, butter going rancid, magnetisation of iron, clotting of blood, formation of curd, ripening of fruit, bending a glass tube by heating, melting of wax, formation of wine
|
|
№29 6. When we mix iron filings with sulphur and grind it, a physical change takes place. However if we heat the mixture, a chemical change takes place. Explain why the former is said to be a physical change while the latter process is said to be a chemical change. |
|
№30 2. Calculate mass percentage of each element in the following compounds: H2O, CaCl2, Al2O3, SiO2, CaCO3, NaHCO3, BaSO4, HCl, NaCl, KOH, HNO3, H2SO4, LiF, MgBr2, CO2, FeI2 |
|
№31 An organic compound has a density by hydrogen 43,5. Combustion of 17,4 grams of this compound gives 44 grams of carbon dioxide, 2,24 liters of nitrogen gas and 23,4 grams of water. What is the molecular formula of compound? |
|
№32 Write reactions according to the following schemes: a) Methane → Methyl bromide→ Ammonium methyl bromide → Methyl amine → Dimethyl amine b) Carbon → Aluminum carbide → Methane → Acetylene → Benzene → Nitrobenzene → Aniline → 2,4,6-tribromoaniline
|
|
№32 Write the molecular equations of three possible reactions between the following compounds: FeCl2, K2S, H2SO4, Ag, Cu(NO3)2 . Write the type of each reaction. For double displacement reaction write ionic equations.
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.