Сабақтың тақырыбы: Титриметриялық анализ. Қышқыл негіздік титрлеу.
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Сабақтың жүргізу әдісі: танымдық-зерттеу
Мақсаты:
Білімдік:
Титриметриялық анализ негізі мен әдістері.
Қышқыл-негіздік титрлеу. Берілген концентрациялы ерітінділер дайындау және
дайындалған ерітіндінің дәл концентрациясын табу.
Тәрбиелік:
Өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру және жұмыс істегенде тазалық сақтау,
реактивтерді үнемдеу, ұқыптылықты қалыптастыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлану, қызығушылығын дамыту, өз күшіне сенімділік, бақылау
қабілетін дамыту.
Пән аралық байланыс:
1. Бейорганикалық химия (қышқылдар, негіздер, тұздар,ерітінділер, бейтараптану реакциясы)
2. Лабораториялық жұмыстар техникасы (лабораториялық шыны ыдыстармен және қосымша құрал-жабдықтармен жұмыс істеу)
Пән ішілік:
Сапалық анализ әдісі
1. Сандық анализ әдісі (салмақтық анализ, көлемдік анализ)
2. Титр. Титрлеу
Сабақ өтілетін орын: оқу химия лабораториясы
Сабақтың құрал жабдықтары:
Лабораториялық ыдыстар; пипеткалар, Бунзен штативі, бюретка 25мл.
арналған, екі конус тәрізді колба 50 мл, резеңке груша, микропипетка
20 мл, өлшеуіш пробирка 50 мл.арналған, ақ қағаз.
Реактивтер: HCl 0,1н; NaOH фенолфталеин
NaOH 0,1н; HCl метилоранж
Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру – 2мин.
2. Осы практикалық сабақ тақырыбымен таныстыру және оқушылардың әзірлігін тексеру – 3мин.
3. Сабақтың жопарымен, мақсатымен таныстыру – 5мин.
4. Тірек білімдерін тексеру – 25 мин.
5. Дағдыларын көрсету бөлімі – 20 мин.
6. Оқушылардың өз бетімен жұмысы – 120мин.
7. Тәжірибелік дәптерді толтыру – 10 мин.
8. Тақырыпқа байланысты материалды меңгеруін тексеру және талдау – 30мин.
9. Сабақты бекіту - 30мин.
10. Есеп шығару – 15мин.
11. Сабақты қорытындылау, оқушылар жұмысын бағалау - 7мин.
12. Үйге тапсырма – 3мин.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру; оқушылардың сабаққа әзірлігін, топтың толықтығын, старостаның рапорты бойынша тексеру. Кабинеттің сабаққа дайындығын (бор, су, реактив, лабораториялық ыдыстарды) қадағалау
2. Тәжірибелік сабақ тақырыбын хабарлау және оқушылардың әзірлігін тексеру.
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Білімдік: Титриметриялық анализ негізі мен әдістері
Қышқыл-негіздік титрлеу. Берілген концнтрациялы ерітінділер дайындау және
дайындалған ерітіндінің дәл концентрациясын табу
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру және жұмыс істегенде тазалық сақтау,
реактивтерді үнемдеу, ұқыптылықты қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлану, қызығушылығын дамыту, өз күшіне сенімділік,
бақылау қабілетін дамыту.
Осы сабаққа сіз мыналарды білуініз керек
Сабаққа оқушылар білуі керек:
1. Титриметриялық анализдың мақсаты және әдістері.
2. Титрант дегеніміз не? Титрлеу дегеніміз не?
3. Титриметриялық анализ әдісінің классификациясы.
4. Титрлеудің қандай классификациясы қолданылады?
5. Көлемдік анализде қолданылатын формулалар.
6. Жұмыс ерітіндісін дайындау әдістері.
а) дәл навескадан
б) фиксаналдан
в) тұрақтандырылған титрмен
7. Индикаторды таңдау және оның маңызы. Титрлеудің соңғы нүктесін дәл табу.
8. Титрді табу формуласы, түзету коэффициентің анықтау.
9. Титриметриялық анализде қолданылатын ыдыстар.
10. Қышқыл-негіздік титрлеу дегеніміз не?
11. Қышқыл-негіздік титрлеу арқылы қандай заттарды анықтайды?
12. Жұмыс ерітінділері.
13. Жұмыс ерітінділерінің тұрақтандырылуы қандай бастапқы заттармен жүргізіледі.
14. Неге натрий гидроксидінің ерітіндісін дәл навескадан дайындауға болмайды.
15.Қышқыл-негіздік титрлеуде қандай индикаторлар қолданылады.
16. рН-ортасына қарай фенолфталеин, метилоранж, метил-қызылы түстерін қалай өзгертеді.
Істей білу керек.
1. Берілген концентрациялы ерітінділер дайындау
2. Бастапқы заттарды (Na2CO3 Na2B4O7*10H2O H2C2O4*2H2O) өлшендіден жеке фиксаналдан дайындау.
3. Жұмыс ерітінділерін дайындау (NaOH, H2SO4)
4. Титрлеудің соңғы нүктесін табу.
5. Титрді Т анықтау
6. (N) – нормальдылықты табу.
7. (К)-түзету коэффициентің анықтау
8. Таразымен жұмыс істеу
9. Бюреткамен жұмыс істеу
10. Эквивалентті есептеу
11. Есептеулер жүргізу
Тәжірибелік дағдылар
1. Шыны ыдыстармен жұмыс істей білу
2. Титрлеу
3. Таразыны пайдалану
4. Жұмыс орнын таза ұстау және реактивтерді тиімді, ұқыпты пайдалану
5. Қауіпсіздік ережелерін сақтау
Сабақтың бастапқы әуежділігі.
Қышқыл-негіздік титрлеу әдісінің негізінде қышықыл мен негіздің арасындағы реакциялар жатады. Титранттың қолданылуына байланысты ацидиметриялық және алкалиметриялық титрлеу болып бөлінеді. Ацидиметриялық титрлеу кезінде (acidum- қышқыл) титрант есебінде 0,1 және 0,01н.HCl H2SO4 қолданылады, ал алкалиметриялық титрлеуде (alkalis-сілті) 0,1 және 0,01 н. Ba(OH)2 NaOH қолданылады.
Ацидиметриялық титрлеу. Күшті және әлсіз негіздерді, негізгі тұздарды, күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды және органикалық заттарды анықтайды. Күшті негізді, күшті қышқылмен титрлегенде мына реакция жүреді:
NaOH+2HCl→ NaCl +H2O
OH-+H+→ H2O
Реакция аяғына дейін жүреді. Эквивалент нүктесінде реакция бейтарап ортаны көрсетеді.
Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлесе, реакция константасынын мәні 1014 болады
NH3+HCl→ NH4Cl
NH3+H+→ NH3+H3O+
К=![]()
NH4+ионизацияға (гидролизге) ұшырайды және эквивалент нүктесінде ерітіндінің ортасы қышқыл болады.
NH4++HOH→NH3+H3O+
Оқушылардың тірек білімдерін тексеру.
Сайыс
1. Зымыран сұрақтар
2. Титриметриялық анықтау дегеніміз не?
3. Титрлеу дегеніміз не?
4. Титр дегеніміз не?
5. Титриметриялық анализ әдісіне қандай талаптар қойылады?
6. Титриметриялық анализ қандай екі әдіске бөлінеді?
7. Бұл әдісте қандай өлшеуіш құралдар қолданылады?
8. Жұмысшы ерітінді дегеніміз не?
9. Жұмысшы ерітіндінің концентрациясы қалай белгіленеді.
10. Қышқыл-негіздік титрлеу дегеніміз не?
11. Жұмысшы ерітінділер есебінде қандай ерітінділер қолданылады?
12. Титрант дегеніміз не?
13. Бейтараптану нүктесін қалай табады?
14. Натрий гидроксиді ерітіндісін дәл навеска арқылы неге дайындауға болмайды.
15. Эквивалент нүктесі дегеніміз не?
16. Қандай жағдайда эквивалент нүктесі бейтараптану нүктесімен дәлме-дәл болады.
2.Тапқырлар додасы
3. Жұмбақ ыдыстар
Нұсқау беру, көрсету.
I. Оқытушы оқушыларды өз бетімен істейтін жұмыстың барысымен таныстырып, нұсқау беріп, әдістерді көрсетеді
1. Натрий гидроксидінің навескасын алу
2. Техно-химиялық таразыны пайдалану
3. Өлшеу
4. Натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау
5. Пипетканы дұрыс ұстап, пайдалану
6. Бюретканы толытыру
7. Бюреткадағы ауаны шығару және бюретканың жұмысқа дайындығын тексеру
8. Титрлеу
9. Эквивалент нүктесін табу
10. Есептеулер жүргізу
II. Қауіпсіздік ережелеріне шолу жасау.
1. Қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау
2. Сілтілермен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау
3. Шыны ыдыстармен ұқыпты жұмыс істеу
4. Жұмыс орнын таза ұстау, реактивтерді үнепдеп пайдалану.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс
1-тапсырма
200мл. NaOH ерітіндісін дайындау
а) тапсырманы есеп ретінде жазыңдар;
б) натрий (калий) гидроксидінің г-экв. есептедер;
в) формула бойынша есептеулер жүргізу (сілтіні есептелген формула бойынша 5% көбірек алындар);
г) техно-химиялық таразыда сілтінің түйіршіктерін өлшеп стаканға саламыз, карбонаттар еруі үшін судың аз мөлшерімен 2 рет шаямыз. Қалған натрий гидроксидің өлшеуіш колбаға салып, сумен белгіге дейін жеткіземіз. Колбаның ішіндегісін стаканға аударып 0,5-1 мл. 2н. BaCl2 ерітіндісін қосамыз (карбонаттарды тұндыру үшін). Мөлдір таза NaOH ерітіндісін дайындалған ыдысқа аударып, қабылдау түтігі бар тығынмен жауып, натрон әк пен толтырылған ыдысқа жалғаймыз (көмір қышқыл газының әсерінен сақтау үшін).
2- тапсырма
100мл 0,1н. Ерітінді дайындау үшін щавель қышқылының Н2С2О4*Н2О массасын табу.
а) тапсырманы есеп ретінде жазындар;
б) щавель қышқылының г-экв есептеңдер;
в) навесканы есептеп табу
г) ерітіндінің дайындалуы
3-тапсырма
0,1 н. щавель қышқылының ерітіндісімен NaOH-ерітіндісінің титрін табу.
Екі конус тәрізді колбаға Мор пипеткасымен 5 мл. 0,1 н. щавель қышқылын өлшеп алыңдар. Екі колбаға да 1 тамшыдан фенолфталеин ерітіндісін тамызындар. Сілті ерітіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлендер. Түс 30 секундқа деін жоғалмау керек. Берілген шамаларды және титрлеу қорытындысын есеп ретінде жазып, есептеу жүргізіндер.
Бер:
V щ.қ.-5мл.
Nщ.қ.-0,1
V NaOH-?
K NaOH-?
T NaOH-?
4- тапсырма
Хлорсутек қышқылының сандық мөлшерін анықтау
Анализге берілген 5 мл. қышқылды Мор пипеткасымен 50-100 мл-ге арналған конус тәрәзді колбаға құйындар 1 тамшы фенолфталеин немесе метил-оранж қосып сілті ерітіндісімен титрлендер
А) фенолфталеинмен түсі қызғылт түске боялғанша;
Б) метил-оранжбен сары түске боялғанша
Титрлеуді үш рет қайталайды
Хлорсутек мөлшерін есептеп шығару
P(r) =V NaOH*N NaOH/HCl
![]()
Оқушылар жұмыс дәптерлерін толтырып, есептеулер жүргізеді
1. Тәжірибенің орындалуы
2. Реакция теңдеулерін жазу, теңестіру
3. Титр, нормальдылықты табу
4. Эквивалент нүктесін табу
5. Титрлеу қорытындысы
N NaOH=0,1 1. Ориентир титрлеу
VHCl=20 2. Дәл титрлеу
V1=?
V2=?
V3=?
_______________________________
V=?
3.Есептеулер жүргізу
а) хлорсутегінің молярлық концентрациясы мына формула бойынша жүргізіледі
![]()
б) хлорсутек қышқылының эквиваленті мына формула бойынша жүргізіледі
Э=
![]()
Э-хлорсутегінің негізділігі
Мr-хлорсутегінің молярлық массасы
в) титр мына формула бойынша есептеледі
![]()
Бекіту
1. Титриметриялық анализді неге көлемдік анализге жатқызады?
2. Жұмысшы ерітінді дегеніміз не?
3. Жұмысшы ерітіндіні қалай дайындайды.
4. Титранттың түріне қарай титриметриялық анализді қалай бөледі?
5. Ацидиметриялық титрлеу дегеніміз не?
6. Алкалиметриялық титрлеу дегеніміз не?
8. Бұл әдісте қандай индикатор қолданылады?
9. Нормальдылық пен титрді қандай формуламен табады
10. Эквивалент нүктесін қалай таптындар?
4.Тікелей сұрақтар (оқушылар слайдтағы сұрақтарға жауап береді)
5. Химик сараман (экспериментальдық есептер шығару)
Қорытындылау
Оқушылардың істелген жұмыстарына баға беру, жіберілген қателіктерге назар аудару, жақсы істелген жұмысты бағалау.
Үйге тапсырма беру
Тест
Компьютер арқылы материалды меңгеруін тексеру
I нұсқа
1. Қышқыл-негіздік титрлеу әдісінің негізіне кіреді:
а) бейтараптану реакциясы
б) тотығу-тотықсыздану реакциясы
в) перманганатометрия, броматометрия
2. Қышқылды-негіздік титрлеу әдісіне жатады:
а) перманганатометрия, броматометрия
б) ацидиметрия, алкалиметрия
в) иодометрия, перманганатометрия
3. Қышқыл-негіздік титрлеуде индикатор ретінде қолданылыады:
а) родокс-индикатор
б) фенолфталеин
в) металхромды
4. Ацидеметрия әдісінің жұмысшы ерітіндісі:
а) натрий тиосульфаты
б) күкірт қышқылы
в) калий перманганаты
5. Алкалиметрия әдісінің жұмысшы ерітіндісі:
а) калий перманганаты
б) натрий гидроксиді
в) күкірт қышықылы
6. Натрий гидроксидінің грамм-эквиваленті тең:
а) Мr
б) Mr/1
в)Mr/2
7. Жұмысшы ерітіндінің навескасын дайындау үшін:
а)![]()
б)![]()
в)![]()
8. Қышқыл ерітінді:
а) рН>7
б) pH<7
в) pH=7
9.
T=
формуласы қолданылады
а) салмақтық анализде
б) калориметриялық анализде
в) көлемдік анализде
10. Нормальдық концентрация:
а) ерітіндінің бір литрінде еріген заттың грамм-эквивалент саны
б) ерітіндінің бір литрінде еріген заттың грамм-молекулы саны
в) 100 г. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесі
11. H2SO4 +2NaOH →Na2SO4+2H2O
а) тотығу-тотықсыздану
б) тұндырма титрлеу
в) қышқыл-негіздік
12. 30 мл. H3PO4 нейтралдау үшін 20 мл. NaOH ерітіндісі жұмсалды. Қышқылдың концентрациясын анықта:
а) 13,3
б) 1,33
в) 0,133
13. Тікелей титрлеу қолданылады:
а) HCl, бура, натрий карбонатының сандық мөлшерін анықтау үшін
б) хлоргидрат анлизінде
в) сынап оксидінің анализінде
14. Жұмысшы ерітінді қолданылады:
а) рН-ортасын жасау үшін
б) нитраттын титрін анықтау үшін
в) зерттелетін затты титрлеу үшін
15. Индикатор өзінің түсін өзгертеді:
а) эквивалент нүктесінде
б) эквивалент нүктесінің алдында
в) эквивалент нүктесінің соңында
Тест
Компьютер арқылы материалды меңгеруін тексеру
II нұсқа
1. Судың иондық көбейтіндісі тең:
а) 10-14 моль/л
б) 10-7 моль/л
в) 10-4 моль/л
2. Дәл концентрациялы ерітінді:
а) молярлық
б) бөлшек қатынастары есептелген
в) проценттік
3. Калий ацетатының гидролиз реакциясының теңдеуі:
а) CH3COOK+ HOH → CH3COOH+KOH
б) CH3COOK → CH3COO-+H+
в) CH3COOK→ CH3COOH + K++ OH-
4. Әлсіз негізді әлсіз қышқылмен титрлегенде реакцияның ортасы қандай болады:
а) бейтарап
б) қышқыл
в) негіздік
5. Титр дегеніміз не?
а) 1 мл. ерітіндідегі болатын заттың массасы
б) 100 мл. ерітіндідегі еріген заттың массасы
в) 1 л. ерітіндідегі еріген заттың массасы
6. Стандарт ерітіндінің титрі:
а) ![]()
б)![]()
в) ![]()
7. Стандарт немесе титрленген ерітіндінің концентрациясының мәні неше цифрға дейін дәлділікпен көрсетілген:
а) 0,00021
б) 0,1021
в) 0,01021
8. Стандарт ерітінді деп:
а) заттың дәл өлшендісінен алынған ерітінді
б) шамамен дайындалған ерітінді
в) нормаль ерітіндіден дайындалған ерітінді
9. Сілтілердің титрін орнату үшін қолданылады:
а) сода, бура
б) щавель қышқылы
в) натрий тиосульфаты
10. Фенолфталеин қызғылт түске боялады:
а) қышқылдық ортада
б) бейтарап ортада
в) негіздік ортада
11. Метил-оранж, метил-қызылы қышқылдық ортада түсін өзгертеді:
а) қызғылт, қызыл
б) көк, қызыл
в) сары, қызғылт
12. Титриметриялық анализ негізделеді:
а) зат массасының сақталу заңына
б) Авогадро заңына
в) эквивалент заңына
13. Алкалиметрия әдісінің жұмысшы ерітіндісі:
а) Н2С2О 4
б) H2SO4
в) КОН
14. Дәл навескамен дайындалады:
а) КОН
б) Na2CO3
в) HCl
15. Метилоранж түсін ашық қызыл түске өзгертеді:
а) қышқылдық ортада
б) бейтарап ортада
в) сілтілік ортада
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.