ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ
Оценка 4.8

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

Оценка 4.8
Научно-исследовательская работа
docx
химия
Взрослым
08.03.2017
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты елбасының Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат- жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін академиялық білім беріп қана қоймай, сын тұрғысынан ойлау, білімін күнделікті өмірде, шынайы жағдайларда пайдалана білу, проблеманы шешу, ғылыми-зерттеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын дамыту керек. Сабақтың мақсаттарына жету үшін тілдік дағдыларының төрт түрін түрлі комбинацияда оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым қолдана білу керек. Ол үшін мына мәселелерге үнемі көңіл бөлу керек: 1.Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі жинақтау, талдау, бағалауға мән беру. 2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу. 3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру. 4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту. 5.Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету. Осыдай іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуде қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» стратегиясы, «Дана үкілер» стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта,топта, ұжымда талқылау. Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады.. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. Мұғалім ретінде, жаңа стратегияларды химия сабағында қолдану барысында оқушының өз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей алатын және «үндемейтін», «енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны «сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым. 9-сыныпта химия пәнінен СТО технологиясының әдістерін қолданып, бірнеше сабақтар өткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі, венн диаграммасы, бес жолды өлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстар жүргізілді. Үй тапсырмасын«Кім жылдам?», «6 неге сұрақ» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа айтпаған оқушы саны көп, сол жеңіледі. Сабақты жарыс түрінде ұйымдастырып жауап бермей қалған оқушыны қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын түйсігіне жаймен жеткізсе, ол оқушы да басқа оқушылардан қалмай жауап беруге тырысатынын және оған топтағы басқа оқушылар міндетті түрде көмектесетініне көз жеткіздім. Сол сияқты инновациялық технологиялардың әдіс -тәсілдерін 9-11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Жоғары сыныптар үшін көбіне ЖИГСО стратегиясын қолданамын. ЖИГСО стратегиясын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі, қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелі топсыз-ақ өздері оқып, тіпті жаттап алып айтып береді. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.Сонымен бірге - оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді. Мысалы, 8 «б» сыныбында «Оксидтер.Жану» тақырыбында оқушыларды бірнеше топқа бөліп, топтарға әр түрлі формулаларды беру,атауларын беру.Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, постер, кластер сызып тақтаға ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Оксид туралы қосымша мәліметтер алады. Сонымен қатар сабақта төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.Атап айтсам: «Жұптағы ой қозғау», «Аквариум», «Кластерлер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ыстық орындық». Сондай-ақ сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, өзін және өзгені бағалай,тыңдау қасиеттері қалыптасады. Ауқымды материалдан қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды. Жаңа заман талаптарына сай сабақта өзгеріп,жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы болады .Олардың эмоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп. Ақыл-парасаттан көрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді.Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану оқушылардың сабаққа деген белсенділігін ,қызығушылығын , танымдық, ойлау қабілеттерін арттырудың, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамытудың бірден-бір көзі. Сонымен, жаңа педагогикалық технологияның әдістерін тиімді пайдалану арқылы «Білімді адам» парадигмасын, «Өзін-өзі дамытатын және әрекетшіл адам» парадигмасына өзгертуге болады. Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық деп ойлаймын.«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты елбасының Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат- жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін академиялық білім беріп қана қоймай, сын тұрғысынан ойлау, білімін күнделікті өмірде, шынайы жағдайларда пайдалана білу, проблеманы шешу, ғылыми-зерттеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын дамыту керек. Сабақтың мақсаттарына жету үшін тілдік дағдыларының төрт түрін түрлі комбинацияда оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым қолдана білу керек. Ол үшін мына мәселелерге үнемі көңіл бөлу керек: 1.Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі жинақтау, талдау, бағалауға мән беру. 2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу. 3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру. 4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту. 5.Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету. Осыдай іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуде қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» стратегиясы, «Дана үкілер» стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта,топта, ұжымда талқылау. Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады.. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. Мұғалім ретінде, жаңа стратегияларды химия сабағында қолдану барысында оқушының өз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей алатын және «үндемейтін», «енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны «сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым. 9-сыныпта химия пәнінен СТО технологиясының әдістерін қолданып, бірнеше сабақтар өткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі, венн диаграммасы, бес жолды өлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстар жүргізілді. Үй тапсырмасын«Кім жылдам?», «6 неге сұрақ» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа айтпаған оқушы саны көп, сол жеңіледі. Сабақты жарыс түрінде ұйымдастырып жауап бермей қалған оқушыны қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын түйсігіне жаймен жеткізсе, ол оқушы да басқа оқушылардан қалмай жауап беруге тырысатынын және оған топтағы басқа оқушылар міндетті түрде көмектесетініне көз жеткіздім. Сол сияқты инновациялық технологиялардың әдіс -тәсілдерін 9-11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Жоғары сыныптар үшін көбіне ЖИГСО стратегиясын қолданамын. ЖИГСО стратегиясын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі, қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелі топсыз-ақ өздері оқып, тіпті жаттап алып айтып береді. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.Сонымен бірге - оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді. Мысалы, 8 «б» сыныбында «Оксидтер.Жану» тақырыбында оқушыларды бірнеше топқа бөліп, топтарға әр түрлі формулаларды беру,атауларын беру.Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, постер, кластер сызып тақтаға ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Оксид туралы қосымша мәліметтер алады. Сонымен қатар сабақта төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.Атап айтсам: «Жұптағы ой қозғау», «Аквариум», «Кластерлер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ыстық орындық». Сондай-ақ сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, өзін және өзгені бағалай,тыңдау қасиеттері қалыптасады. Ауқымды материалдан қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды. Жаңа заман талаптарына сай сабақта өзгеріп,жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы болады .Олардың эмоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп. Ақыл-парасаттан көрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді.Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану оқушылардың сабаққа деген белсенділігін ,қызығушылығын , танымдық, ойлау қабілеттерін арттырудың, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамытудың бірден-бір көзі. Сонымен, жаңа педагогикалық технологияның әдістерін тиімді пайдалану арқылы «Білімді адам» парадигмасын, «Өзін-өзі дамытатын және әрекетшіл адам» парадигмасына өзгертуге болады. Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық деп ойлаймын.
Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тәсілі.docx
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ Ныгызбаева Г.Ж. Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп­лицейі ШҚО, Өскемен қаласы «Әлеуметтік­экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты   елбасының   Қазақстан   халқына   Жолдауында   мектеп   оқушыларының функционалдық   сауаттылығын   дамыту   бойынша   бес   жылдық   ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс­шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз­адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану   дәуіріндегі   заман   ағымына,   жасына   қарамай   ілесіп   отыруы, адамның   мамандығына,   жасына   қарамай   үнемі   білімін   жетілдіріп   отыруы. Ондағы   басты   мақсат­   жалпы   білім   беретін   мектептерде   Қазақстан Республикасының   зияткерлік,   дене   және   рухани   тұрғысынан   дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Функционалдық   сауаттылық   –   адамның   сыртқы   ортамен   қарым­қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым­ қатынас   жасай   алу   деңгейінің   көрсеткіші.   Олай   болса,   функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым­қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік   пен   білімділік   әлеміне   барудың   жолы   ғана   емес,   ол  –   ұлттың,  елдің немесе   жеке  адамдар  тобының  мәдени  және  әлеуметтік   дамуының  өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта   болып   жатқан   құбылыстарды   түсіну,  салыстыру,   талдау,   жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыруға   болады. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын   арттыру   үшін   академиялық білім беріп қана қоймай, сын тұрғысынан ойлау, білімін   күнделікті өмірде, шынайы   жағдайларда   пайдалана   білу,   проблеманы   шешу,   ғылыми­зерттеу қарым­қатынас   дағдыларын   дамыту   керек.   Сабақтың дағдыларын, мақсаттарына жету үшін тілдік дағдыларының төрт түрін түрлі комбинацияда оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым қолдана білу керек.   Ол үшін   мына мәселелерге үнемі көңіл бөлу керек: 1.Оқушыларға   тапсырмаларды   6   деңгейлі   Блум   таксономиясы   негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі жинақтау, талдау,  бағалауға мән беру. 2.   Стандарт   талаптарына   сай   берілген   тапсырмаларды   орындаумен   қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу. 3.   Оқушының   логикалық   ойлауын,   сыни   тұрғыдан   ойын   жеткізуді   жүзеге асыру   үшін,   білім   беруде   сабақтың   құрылымын   өзгерту,   яғни   оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру. 4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын­ала ескерту. 5.Тапсырманы   зейін   қойып,   орындауға   және   эксперименттік   есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін­өзі бағалауға үйрету. Осыдай іс­әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады.  Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуде қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып   келеді:   «Джиксо­ұжымдық   оқыту»   стратегиясы,   «Дана   үкілер» стратегиясы,   «Мозаика   немесе   Ара   ұясы»   стратегиясы.   Мақсаты:   Жалпы мәселені жұпта,топта, ұжымда талқылау. Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым­қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады.. Сондай­ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән­ мағынасын   терең   түсінуін   қамтамасыз   ету   міндетті   боп   саналады.   Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік   ойын,   дара   тұлғаға   бағдарланған   оқыту   және   сұрақ­жауап   әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар,   құзыреттіліктерді   қалыптастыратын   тапсырмалар   арқылы кешенді   жүргізудің   тиімділігі   жоғары   болады.   Мұғалім   ретінде,   жаңа стратегияларды химия сабағында қолдану барысында оқушының өз бетімен білім   алып,   алған   білімді   іс   жүзінде   дәлелдей   алатын   және   «үндемейтін», «енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны «сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым. 9­сыныпта химия пәнінен СТО технологиясының әдістерін қолданып, бірнеше сабақтар өткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі, венн диаграммасы, бес жолды өлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке,   топтық,   рольдік   ойын   жұмыстар   жүргізілді.   Үй   тапсырмасын«Кім жылдам?»,  «6 неге сұрақ» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа айтпаған   оқушы   саны   көп,   сол   жеңіледі.   Сабақты   жарыс   түрінде ұйымдастырып жауап бермей қалған оқушыны қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын түйсігіне жаймен жеткізсе, ол оқушы да басқа оқушылардан қалмай жауап беруге тырысатынын және оған топтағы басқа оқушылар міндетті түрде көмектесетініне көз жеткіздім. Сол сияқты инновациялық технологиялардың  әдіс ­тәсілдерін 9­11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Жоғары сыныптар үшін көбіне ЖИГСО   стратегиясын   қолданамын.   ЖИГСО   стратегиясын   қолдануда мәтіннің   көлемі   үлкен,   күрделі,   ғылыми   тұрғыда   болуы   керек.   Себебі, қарапайым  мәтін  болса,  оқушылар   тәжірибелі  топсыз­ақ  өздері  оқып,  тіпті жаттап   алып   айтып   береді.   Қандай   технологияны   пайдаланған   кезде   де оқушының   белсенділігі   мақсатқа   ұмтылуы,   ақпаратты   өзі   іздеп   табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз   етіледі.Сонымен   бірге   ­   оқыта   үйрету   ойындары   оқушыларға білімдерін   тереңдетуге,   толықтыруға,   бекітуге,   алған   білімдерін   өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді. Мысалы, 8 «б» сыныбында «Оксидтер.Жану» тақырыбында оқушыларды бірнеше   топқа   бөліп,   топтарға   әр   түрлі   формулаларды   беру,атауларын беру.Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, постер, кластер сызып тақтаға ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Оксид туралы қосымша мәліметтер алады. Сонымен қатар сабақта төмендегідей әдіс­тәсілдерді қолдану оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.Атап айтсам: «Жұптағы ой қозғау», «Аквариум», «Кластерлер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы   үш   сұрақ»,   «Ыстық   орындық».   Сондай­ақ   сабақта   ойынды ұйымдастырғанда   оқушылар   бір­біріне   көмектесетіндей,   бір­бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес,   тәрбиелеу   қызметін   де   атқарады.   Мұндай   сабақтардың   өтілуі нәтижесінде   оқушыларда   бір­бірімен   сөйлесе   білу   мәдениеті,   тәртіптілік, топқа   және   бір­біріне   жауапкершілік   сезімнің   болуы,   өзін   және   өзгені бағалай,тыңдау   қасиеттері   қалыптасады.   Ауқымды   материалдан   қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды.  Жаңа   заман   талаптарына   сай   сабақта   өзгеріп,жаңарып   отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы  болады .Олардың эмоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп. Ақыл­парасаттан көрі   сезім   түйсігі   ұшқыр   балаларға   көп   жағдайда   бағдарламалық тақырыптарды   тосын   тәсілдер   арқылы   түсіндіру   пайдалы.   Жаңа педагогикалық   технологияларды   енгізу   –   оқыту   үрдісінің   тиімділігін арттырып   қана   қоймайды,   басқа   да   көптеген   мәселелерді   шешеді.Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай   білімін   дамытуға   мүмкіндігі   болады.   Жаңа   педагогикалық технологияны   пайдалану   оқушылардың   сабаққа   деген   белсенділігін ,қызығушылығын   ,   танымдық,   ойлау   қабілеттерін   арттырудың,   яғни функционалдық сауаттылықтарын дамытудың бірден­бір көзі. Сонымен, жаңа педагогикалық   технологияның   әдістерін   тиімді   пайдалану   арқылы   «Білімді адам»   парадигмасын,   «Өзін­өзі   дамытатын   және   әрекетшіл   адам» парадигмасына өзгертуге болады. Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата­ анадан   туғанда   есті   болып   тумайды:   естіп,   көріп,   ұстап,   татып   ескерсе, дүниедегі   жақсы,   жаманды   таниды­дағы,   сондайдан   білгені,   көргені   көп болған   адам   білімді   болады»   деген   дана   сөздерінен   адам   табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін  байқауға болады.   Егер   оқу   үдерісі,   балаларға   білім,   білік,   дағдыларды   игерту   осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық деп ойлаймын. Әдебиеттер тізімі: 1. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық­коммуникациалық технология   саласы   бойынша   біліктілігін   көтерудің   ғылыми­әдістемелік негіздері» Алматы – 2012 ж. 2. «Биология және салауаттылық негізі » ғылыми­әдістемелік журналы №5 2014ж 3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­ 2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары. Ғылыми­әдістемелік журнал №4 2007 ж 4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі  2012­ 2016 жылдарға арналған ұлттық іс­қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.03.2017