"Хош келдін, эз Наурыз!"
Оценка 5

"Хош келдін, эз Наурыз!"

Оценка 5
Культурные мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
28.03.2017
"Хош келдін, эз Наурыз!"
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлт жанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу. Түрі: әдеби композициялық, танымдық Көрнекілігі: салт - дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.
22 наурыз 2017ж.docx
Қош келдің , әз Наурыз! Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай  отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу. Түрі: әдеби композициялық, танымдық Көрнекілігі: салт ­ дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар Өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Кіріспе сөзі Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз  тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл  күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан  жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған  Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн  есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн  теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. "Наурыз келсе, құт келгені, халайық!" Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады) Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан, Бу бұрқырап қатып қалған тастардан. Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан, Бар тіршілік Наурыздан басталған! Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар, Келген мына мерекеге қараңдар. Шашу шашып ақ жаулықта әжелер, Тойда бүгін ойнап ­ күліп тараңдар. Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық! Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болайық 1. Әр  отбасы өздерін таныстырады  2. Үй тапсырмасы "Менің сүйікті тағамым" әр  отбасы өз қолымен дайындап әкелген  тағамын түсіндіреді; 3. Сұрақ ­ жауап; 4. Салт ­ дәстүрді дәріптеу; 5. Өз өнерін көрсету: Гүл көңілдер қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді. Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді ­ деп келесі кезекті таныстыруға берейік. Ал енді екінші сайысымызға келсек үй тапсырмасы. Әр ауылдан бір адам шығып өз  қолынан дайындаған тағамын түсіндірсін. Келесі сайыс сұрақ ­ жауап. Мына жасырын қағаздың ішінде сұрақ берілген соны бәріміз  ақылдаса отырып жауап береміз. Сұрақтар: 1. Ерулік беру дегенді қалай түсінесіз? Ерулік ­ басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік  береді, қонақ шақырады. 2. Құдайы қонақ дегеніміз не? Құдайы қонақ дегеніміз ­ бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын  қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ. 3. Мәйек дегеніміз не? Мәйек дегеніміз ­ жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады. 4. Қымызмұрындық дегеніміз не? Қымызмұрындық дегеніміз ­ бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін  созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға  шақырады. 5. Тоқымқағар дегеніміз не? Тоқымқағар дегеніміз ­ жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата ­ анасы тоқымқағар  жасап, мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді. 6. Ең көп сақталатын ұлттық тағам? Ең көп сақталатын ұлттық тағам ­ құрт 7. Бастаңғы дегеніміз не? Бастаңғы дегеніміз ­ үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына тамақ  береді. 8. Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде? Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде ­ ол сыбаға. 9. Арнайы қонақ дегеніміз не? Арнайы қонақ дегеніміз ­ алыстан әдейі іздеп келген тума ­ туыстар, жолдастар. Бұлар  нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар. 10. Үш арсызды ата? Үш арсыз ­ тамақ, ұйқы, күлкі. 11. Жеті жоқты ата? Жеті жоқ ­ аспанда ­ тіреуіш жоқ жерде ­ өлшеуіш жоқ аққуда ­ сүт жоқ жылқыда ­ өт жоқ тасбақа да ­ талақ жоқ таста ­ тамыр жоқ балықта тіл жоқ 12. Беташар дегеніміз не? Беташар дегеніміз ­ жаңа түскен келіннің бетін ашу. Мақал ­ мәтелдерді жалғастыру: 1. Би болмасаң да ­.......... 2. Алтау ала болса ­........... Төртеу түгел болса ­......... 3. Дүниесіз қыз болса да ­....... 4. Айдағаны бес ешкі ­.......... Жауаптары: 1. Би болмасаң да ­ би түсетін үй бол. 2. Алтау ала болса ­ ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса ­ төбедегі келеді. 3. Дүниесіз қыз болса да ­ кәдесіз қыз болмайды. 4. Айдағаны бес ешкі ­ ысқырығы жер жарады. Әр отбасы  дайын болғанша ортада "Бипыл" әні қабыл алыңыздар Салт ­ дәстүрім жарасса, Қайта түлеп жаңаша. Жарыса өнер көрсетіп, Той тойлайық тамаша ­ деп келесі кезекті салт ­ дәстүрді дәріптеу. Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік. (Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.) Ел де тыныш! жер де тыныш – бұл күні, Көреміз тек қуаныш пен күлкіні. Табысқан жұрт таныс тауып жатады, Жамалғандай жүректердің жыртығы! Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман – есен жетейік. Келер Наурыз тойына! Алтын күні шуақ шашып аспаннан, Жаңа жылым жыр думаннан басталған. Ақ дастархан жайып қазақ төріне, Ақ ниетпен үлкендерден бата алған ­ деп ақ бата алайық. Құрметті қонақтар. ата ­ аналар бүгінгі "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік  концертіміз аяқталды. Келесі кезекті әділ қазы мүшелеріне берейік. 22 наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысы. Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу. Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға 5 әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық. Армысыздар,жамағат! Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім, Ала келген бар әлемнің шаттығын. Қазан-қазан көже жасап, Азан-қазан көңілменен күй кешу. Біздер үшін бақ бүгін - дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық. Өткізу барысы. І. Таныстыру. ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.) ІІІ. Құрастыру (көрпе құрақ жасау) ІV. Өнер көрсету. V. Ұлттық тағамдар. Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар алқасын(сайлап)таныстырып өтейік. 1. Балабақша әдіскері- 2.«Айгөлек»тобының тәрбиешісі- 3. Ата-аналар атынан- І. бөлім. Таныстыру. Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға, Сыпырды толмағасын осы дұға. Қызып келген қырандай керілтеді. Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін таныстырып өтсін ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.) Бұл сыр сандықшада ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған осы сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу. 1.Бесікке салу. 2.Шілдехана. 3.Той бастар. 4.Тұсау кесу. 5.Ат қою.    Әжелерім асыл менен ақылды. Ажыратар алыс пенен жақынды. Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету. ІІІ. Бөлім Құрастыру (көрпе құрақ жасау) Шеберлерім өнер тамып қолынан Жаңылмаған ата-баба жолынан Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін. Біз айтайық төрелігін соңынан-дей отырып Әжелеріміз немерелері көрпе құрақты жасағанша әнге кезек берейік. Кулова Айнагүлдің орындауында , ән «Айгөлек» ІV бөлім Өнер көрсету. Қазақ жұрты киелі, Өнерліні сүйеді. Сізді сонша аңсап ел, Би билеп,ән салып Ортаға салып береді. V бөлім Ұлттық тағамдар. «Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырып өту. Әділ- қазылар алқасы өз шешімдерін талқылап шешкенше ортаға «Балдырған» тобының орындауында «Бау бақша белдер» әнін тамашалаңыздар. Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе «Сабырлы әже» «Шебер әже» «Өнерлі әже» «Тапқыр әже» «Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды. «Көп білгеннен емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік. Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын. Сау болыңыздар.

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"

"Хош келдін, эз Наурыз!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017