И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары
Оценка 5

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары

Оценка 5
Работа в классе
docx
воспитательная работа
4 кл
06.11.2017
И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары
Әдебиттік оқу І. Жансүгіров. "Көкшетау" сабақ жоспары.Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсатары):Ілияс Жансүгіров шығармашылығы туралы білім беру, «Көкшетау» өлеңімен таныстыру арқылы өнер құдіретін көрсету. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, іздену, ойлау әрекеттің дамыту. Табиғат сұлулығын қадірлеуге, өнерді сүюге тәрбиелеу. Әдістері :Авторлық орындық, «Түртіп алу» әдісі, Даймонд, Бағдаршам.
І. Жансүгіров. Көкшетау ..docx
Сабақ: Әдебиттік оқу І. Жансүгіров. Көкшетау . Күні:       Сынып  4  Сабаққа негізделген оқу  мақсаты (мақсатары) Сабақ мақсаттары САБАҚ ЖОСПАРЫ Мектеп:  Мұғалімнің есімі:  Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:   Ілияс Жансүгіров шығармашылығы туралы білім беру, «Көкшетау»  өлеңімен таныстыру арқылы өнер құдіретін көрсету. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, танымдық белсенділігін  арттыру, іздену, ойлау әрекеттің дамыту. Табиғат сұлулығын қадірлеуге, өнерді сүюге тәрбиелеу. Барлық оқушылар:  Оқушылар   Ілияс Жансүгіров шығармашылығымен  танысады. Оқушылардың басым бөлігі:  өз ойларын анық жеткізіп, ой өрісін дамыта отырып,  қорытынды шығаралады  Кейбір оқушылар:  Шығарманы бөлімдерге бөліп, ат қоя алады. Алдыңғы тақырып С.Жүнісов.Түнгі сәуле Жоспар Жоспарланған  уақыт Басталуы 3 минут 6 минут 3 минут Ортасы 5 минут Ресурстар  Интерактивті   тақта Авторлық  орындық.   Слайд Слайд Жоспарланған жаттығулар (төменде  жоспарланған жаттығулармен қатар, ескерпелерді жазыңыз) Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Туған тілім – тірлігімнің айғағы  Тілім барда айтылар сыр ойдағы   Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.  Әбділда Тәжібаев Топқа бөлу жыл мезгілдері Үй жұмысын тексеру. Қызығушылықты ояту. ­Қазақстандағы табиғаты көркем, курортты жерлер  бар ма?  ­Көкшетау тауы туралы не білеміз? ­Оқжетпес ,Жұмбақтас тауы туралы не білеміз? ­Бурабай көлі туралы не білеміз? ­Көкшетау дегенде көздеріңе не елестер еді?  ­Көкшетауды өз көзімен көргендерің бар ма?  Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыз осы  табиғаты жан тебірентер аңызға бай «Көкшетау»  туралы болмақшы. Мағынаны ажырату.Автор туралы. Ақын болсын, жазушы болсын өз туған жерін, өз  Отанын жанындай сүйеді. Оны өз шығармаларында  жырлаған. Осындай ақындарымыздың бірі – Ілияс  Жансүгіров. Ол көзі тірісінде ақындықтың Құлагері  атанған. Жансүгіров Ілияс — ақын, қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат  ашқан. Қарағаш ауылында бастауыш мектепті  бітіреді.  1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік  курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім  болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.  1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту  институтының меңгерушілігіне тағайындалады.  1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына  оқуға түсіп;  1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру  комиссиясының төрағасы болып сайланып;  1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының  редакторы. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып;  1938 жылы ату жазасына кесілген.  1958 жылы ақталды.   Дәптерлеріне жазады. Ілияс Жансүгіров ↓ Поэзия, проза, драма жанрларында жазған 1894 ­ 1938 ж. өмір сүрген көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Алматы облысында туған «Танысы», «Күйші»,«Дала», «Құлагер»,  «Жолдастар», «Кек»... Репрессия құрбаны Оқулықпен жұмыс. Өлеңді тізбектей оқыту,  талдау. Бөліктер бойынша талдау. 1­шумақ:Балалар,оқылған шумақта не жайында  айтылған? 2­шумақ:Ал мына жолдарда ақын не жайында айтады? 3­шумақ: Балалар,біздің оқыған осы өлең жолдарында не жайында айтылған?  4­шумақ: Балалар бұл өлең жолдарында не жайында  айтылған? 5­шумақ: Балалар бұл өлең жолдарында не жайында  айтылған? Ой түйіндеу.Көкшетау –шипалы тау.  Сөздік жұмысы. Дәптермен жұмыс. (Әдемі, сауатты  жазуға үйрету)  Маужыраған – тып ­ тыныш, тылсым,  Малта тас – теңіз толқыны, су ағынымен мұжылып,  жұмырланып қалған майда тас.  Маржан – ашық қызыл, қызғылт не ақ түсті тас.  Ақық – әшекей үшін пайдаланылатын, түсі ақшыл  бағалы тас.  Меруерт – әсемдік, сәндік үшін қолданылатын  қымбат бағалы асыл тас.  2 минут 15 минут 2 минут 2 минут «Түртіп алу» әдісі Жомарт – қолы ашық, береген, мырза.  Масаты – жұмсақ түкті жібек мата, барқыт.  Момақан – момын, жуас.  Жақпар – қатпар ­ қатпар.  Сұрақтар мен тапсырмалар: ­Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай  шумақтарында айтылған? (2, 4, 5, 6) ­Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай  жолдарынан көрінеді? (3, 4). ­Ақын таудың тасын бейнелеуде қандай сөздер  қолданған?Осы сөздерді дәптерге жазып алыңдар. ­Ақын тауды кімге теңейді? (бойын күткен сұлуға).  Сергіту сәті.  Теңеу ­ көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты  екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу. Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, сапасын  айқындайтын суретті сөз. Дәптерлеріне тауып жазғызу: Ағын судай, таудан ұдай, сұлудың көзіндей, тоты  құстай, қыз орман,жасыл барқыт, асыл құндыз... І топ  Тапсырма: қағазға табиғат сұлулығын бейнелеу  ІІ топ Тапсырма: өлең жазу  Зат есім Сын есім Етістік 4 сөздісөйлем. ІІІ топ Тапсырма:  Өлеңдегі бейнелі, көркем сөздерді мына сызбаға сүйеніп, теріп жаз. Қандай тау?Жомарт,Момақан, Шипа     Қандай тас?  Малта,маржан,ақық,меруерт Қорытынды Бүгін не жайлы білдік?  Саған бұл өлең ұнады ма?  Ұнаса несімен ұнады?  Үйге тапсырма: өлеңнен ұнаған шумақтарын жаттау Постер  Даймонд Бағдаршам Аяқталуы 5 минут 2 минут

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары

И. Жансугиров. "Кокшетау" сабак жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2017