игры по логопедии предназначены для дошкольников с казахским языком обучения. Для развития речи, мышления и зрительного восприятия. Для развития мелкой моторики рук, фонетико-фонематической стороны речи. Развитие слухового внимания. Научить детей различать предметы,сходные по назначению и похожие внешне,помочь запоминать их названия.
Дыбысқа еліктеу,логоритмика мен есту қабілетін дамыту
Тілдік немесе фонематикалық есту — бұл дұрыс есту мен қатар дыбысты танып,ажырату
мүмкіндігі.
. Е сту қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. «Құлақтар — саққұлақтар»
Мақсаты: есту зейінін дамыту,дыбыстарды айыра білуін бекіту.
Логопед балаларға ағаш,темір қасық пен хрусталь,шыны ыдыс көрсетеді.Балалар заттарды
атайды.Енді педагог әрқайсысының дыбысын естуді ұсынады,ширма қойып,кезекпен әр
заттыңдыбысын шығарады.Балалар ненің дыбысы екенін танып,айтады.
2. «Не «Мяу?»деді»
Мақсаты: үй жануарларының дауысын айырып білу қабілеттерін қалыптастыру.
Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук, үй жануарларының дауыстары басылған
аудиобасылым.
Логопед үй жануарларының дауысы басылған аудиобасылымды қосады.Балалар тыңдап,
естіп,ненің дауысы екенін айтады.
«Не қалай дыбыстайды» ойыныда ұқсас болады,бірақ жануарлардың орнына құстардың
дауысы.
3. «Бағдаршамның алдында не тұр?»
Мақсаты: есту зейінін дамыту және көліктерді танып,айта білу қабілеттерін дамыту.
Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук және көшедегі көліктердің дыбысы.
Логопед көшедегі көліктердің дыбысын қосады,ал балалар бағдаршамның алдында қандай
көлік тұрғанын анықтайды (жеңіл машина,жүк көлігі, трактор, мотоцикл, арба,трамвай).
4. «Дыбыс қайдан шықты?»
Мақсаты: есту зейінін дамыту және кеңістікті жұмулы көзбен бағдарлай білуге жаттықтыру.
Балалар көздерін жұмып тұрады.Логопед қоңырауды сылдырлатып топ ішінде
жүреді,балалар жұмулы көздерімен дыбыс шыққан жерге барады.
5. Саусақ жаттығуы «Найзағай»
Мақсаты: дыбыстың шығу динамикасының өзгерісіне орай қимылды сәйкестендіру.
Логопед ойынның сөздерін оқиды,балалар солқимылды орындайды.
Тамшы тамды (екі қолының сұқ саусағымен үстел үстінен ұрады).
Жаңбыр жауды (екі қолдың төрт саусағымен үстел үстінен ұрады).
Ол шелектеп құяды (төрт саусақтарымен қатты ұрады).
Бұршақ жауды (екі қолдың сұқ саусағын бүгіп,тоқылдатады).
Найзағай ойнайды (жұдырықпен үстел үстін соғады).
Найзағай жарқылдайды (ауада саусақпен найзағайдың суретін саламыз, ш дыбысын
айтамыз).
Барлығы үйге жүгіреді (алақандарын шапалақтап,қолдарын артқа жасырады).
Таңертең жарқырап күн шықты (қолдарымен ауада үлкен шеңбер салады).
Тілдік еліктеу немесе дыбыстық еліктеу
— бұл айтылған дыбысты,сөзді,әңгімені қайталап айту.
Дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға арналған ойындар
1.Қуыршақты тербетіп отырған кішкентай қыздың суретін қарастыру;«Бұл Айсулу,ол
қуыршағын ұйықтатып отыр және Ааадеп әндетеді!Біз де көмек берейік Ааа –деп
әндетеміз (қолымызбен тербетіп көрсетеміз).Әндеькенде балаға ауызыды кең ашуды
көрсетеміз.
2.Тісі ауырып отырған қыздың суретін қарастырып: «Бұл Асия,оның тісі ауырып отыр Ооо!
Асия қалай айтты –Ооо.Ұртымызды қолымызбен ұстап,басымызды шайқап отырып,айтамыз.3.Суретті қарастырып немесе қолымызға ойыншық ат алып: «Құлыншақ анасын шақырады –
Ии –и деп бірге қосылып айтамыз. Еріннің жымиып,созыыдуын қадағалаймыз.
4.Суреттегі кемені қарастырамыз немесе ойыншық кемені қолымызға алып: «Кеме айлаққа
жүзіп келеді –Ууу деп уілдейміз.Балалардың еріндерінтүтікше қылып орайды.Кеме қалай
уілдейді? –Ууу
5.Суреттегі аю мен қонжықты қарасытрамыз. Үлкен аю екі қолын екі жаққа қойып –Эээ деп
айқайлайды,ал кішкентай қонжық қолын жақын ұстап эээ деп жәй айтады.Балаларға аю
мен қонжықты көрсетуді ұсынамыз.
Жануарлар мен құстардың дауысына еліктеу ойындары.
Ойынға жануарлардың суреті немесе ойыншық фигуралар қолданады.Анасы мен
баласы,себебі анасының дауысы қатты болады,ал баласыныңы дауысы жіңішке және
жәй.Орыс халқының
«Үш аю» ертегісін естеріңе түсіріңдер.Қонжықтың аюәкесі
ақырады,аюанасыда одан жәйырақ,ал қонжық шиқылдады.
Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға арналған ойын түрлері.
Ойын « ПыхШәйнек»
Балаларға қайнап тұрған шәйнектің суретін көрсетіп,бұл шәйнектің аты «Пых»,ол қайнаған
кезде ппп дейді,енді бізде шәйнекке қосылып,пысылдайық.
«Орман шулайды»
Жел тұрғанда,ағаштың жапырақтары «Шшш»деп шытырлайдыдеп балаларға
түсіндіріп,енді қолымызды жоғары көтеріп ағаштың жапырақтары боламыз,жел тұрды –Шш
ш дейміз.
«Маса» ойыны
Суреттегі масаны көрсетеміз,мынау «Захар» деген маса,ол Ззз деп ызыңдайды,сұқ
саусақпен бас бармақты түйістіріп,айналдырып Ззз дейміз.
Енді масаны ұстап аламыз,қолымызды жұырыққа түйіп,құлағымызға тосамыз Ззз,естідің
бе?Қане енді сен ұстап ал.
«Қоңыз» ойыны
Қоңыздың суретін немесе сұлбасын балаға көрсетеміз.Бұл «Женя» деген қоңыз,ол Жжж
деп әндетед,ал қане біз де әндетіп көрейік
«Кірпі» ойыны
Кірпінің суретін немесе сұлбасын балаға көрсетеміз.Бұл кірпі,ол өзінің арқасындағы
инелеріне алма,саңырауқұлақтарды іліп алып,ініне алып барады,ол Ффф деп пысылдайды.
Тұрмыстық заттардың дыбысына еліктеу ойындары:
Сағат тықылдайды – ТИК—ТАК
Су тамшылайды – КАП—КАП
Кішкентай балақай жүреді – ТОП—ТОП
Балға соғады ТУК—ТУК
Қайшы қияды ЧИК—ЧИК
Әткеншек тебеміз КАЧ—КАЧ Сәбіз жейміз ХРУМ–ХРУМ
Машина жүреді БИ—БИ
«Серуен» ойыны (жалпы моториканы дамыту)
Жіңшке жолмен (бір орында жүру)
Біздің аяқтарымыз жүреді (аяқты жоғары көтереміз)
тастардың үстінен,тастардың үстінен (асықпай бір аяқтан бір аяққа ауысу)
құдыққа түсіп кетті... бух! (соңғы сөзді айтқан кезде отыра қалу)