Қимылды ойындар

  • Домашнее обучение
  • docx
  • 18.05.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

... . . . .. . .. . .. . .. . .. . . .. . . .. .. .. . .. . . .. . . . . . . . . . .. . .. . . . ..
Иконка файла материала Қимылды ойындар 3_5-2.docx
Әуе таяқ     Ойын мақсаты: балаларды тапқырлыққа,  шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Ойын шарты:  Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5­тен 10 –ға дейін ойыншы болады.Екі топқа екі (жұмсақ)   таяқша   беріледі,жерге   түзу   сызық сызылады.Ойыншының   біреуі   ортаға   шығады   да   бір алақанына   зат   жасырып,екінші   қолының   жұдырығын бірдей жұмады. Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы   сол   болады.Сөйтіп   қолындағы   таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде таяғын лақтырады да, қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.Қара құлақ        Ойын   мақсаты:  балаларды   ептілікке,   алғырлыққа,   шапшаңдыққа   үйрету,   ойлау   қабілетін дамыту.    Ойын шарты:  Ойынға   5­10 бала   қатысады.Олар оңаша   жерге   топталып   өз   араларынан   бір   баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.   Басқалары   әрі   кетеді.   Содан   кейін   ойынға қатысушылар   қазықты   алыстан   қоршап   бірте­бірте жақындай түседі Таяп   келіп   мынау   кім?   –деп   бір­бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ   қой!­деп қаша жөнеледі. Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!­деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай  жалғасады.Алақан соқпақ                  Ойын мақсаты: балаларды ұйымшылдыққа, татулыққа   тәрбиелеу   және   сөздік   қорларын молайту.    Ойын шарты: Ойынға қатысушы балалар үйге немесе   оңаша   жерге   жиналады   да   дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі   (орамал)беріледі.Бастаушы   шеңбер   ішін айнала   жүріп   біреуге   –Алақанды   тос!­дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның   алақанына сүлгіні тигізіп­Сүлгі  қайда?­деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада»   ­деп   бір   баланың   атын   атайды.   Аты аталған   ойыншы   орнынан   тұрып   алақанын тосады.Бастаушы­сүлгі атын айтады.Ойын   осы   ретпен   жалғаса   береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды. қайда?­депАтқаума                        Ойын мақсаты: балаларды ептілікке татулыққа шыдамдылыққа   тәрбиелеу   және   ойлау   қабілеттерін сөздік қорларын дамыту.       Ойын   шарты:    Ойынды   6   бала   3­3­тен   бөлініп   ойнайды.Бір   бала   сол   қолымен   өзінің   оң   қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де  бір­бірімен   қолдарын   айқастырады.Үшінші   бала   көзі таңулы күйде   екінші баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып тұрған балалар: ­Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге   дейін   жетеді.Бірінші   бала   ақ   сандық,көк   сандық десе,көзі таңулы бала  ­көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар : Бақа,бақа балпақ басың неге жалпақ? Бұтың неге талтақ Көзің неге тостақ Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:­ Темір терсек көп киіп Басым содан жалпақ Теуіп ,теуіп қашырдыБұтым содан тостақ! Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып  тартады.Құламай тік түссе қалған екі бала көтеріп жүре  береді. Сақина жасыру                 Ойын мақсаты: балаларды байқағыштыққа, ептілікке, татулыққа тәрбиелеу.       Ойын шарты:  Ойынды өткізуші және сақина  жасырушы   бала   белгіленеді.Қалған   ойыншылар жерге   отырып   тізілерінің   үстіне   алақандарын жаяды.Бастаушы  жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына   салысымен,ол   бала   алақанын   жаба қояды.Бастаушы   бір   баланың   алақанына   сақина салысымен,   ойыншылардың   біреуінен­«Сақина кімде»­деп   сұрайды.Ол   сақинаның   кімде   екенін білсе сол баламен орнын  ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.Белбеу соқ   Ойын мақсаты: балаларды бірлікке, татулыққа,  достыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты:  Ойыншылар екі­екіден жұптасып шеңбер   жасап   тұрады.   Бірі   белбеуді   алып екіншісін қууға тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған  үшінші   бала   қаша   жөнеледі.Ойыншы   оны   қуып жетіп   белбеумен   соғады   да,өзі   де   бір   жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды   жалғастыра   береді.Белбеу   ең соңында   кімде   қалса   сол   ойыншы   жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.Арқан түю.              Ойын мақсаты:  балаларды, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.      Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында   арқаны   бар   жүргізуші   топ   арасынан шығады –деп дауыстайды.Сонан   соң   арқанның   түйілмеген басын ұстап шеңбер бойымен айналады, арқанды балалардың астынан жібереді.Балалар   арқан   үстімен   секіріп   тұрады. Кімде­кімнің   аяғына   арқан   ілініп,секіре   алмай қалса   ол   бала   ойынды   тоқтатып   өнер көрсетеді,тақпақ,өлең   айтады   немесе   билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді. аяқтарының да:­ойын   басталдыДопты қуып жет        Ойын   мақсаты:  балаларды   шыдамды,сабырлы   қалыпта   берілген   белгіні тыңдауаға,тез   көлемін ажырата білуге баулу.   жүгіруге,түсетерін,         Ойынның   шарты:бұл   ойынға   5­6   бала, тәрбиеші   басқаруымен   қатыса   алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып   жібереді.   «Допты   қуып   жет»деген белгі   бойынша   ,балалар   допты   ұстап   алып тәрбиеші   ұстап   тұрған   себетке   салуы   керек. к/құралдар:   түрлі­түсті ,үлкен­кішілі доптар.Тышқан мен мысық           шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.  Ойын   мақсаты:балаларды   шапшаң   әрі   алады.Балаларды   Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса (қалың   қақпа) дөңгелене тұрғызып,ортаға   тәрбиеші көмегімен тышқанмен   мысық   сайланады.Мысық   тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды   шығарып   жіберіп   мысықты шығармауға   тырысады.Мысық   тышқанды   ұстау үшін   шапшаң   жүгіру     керек.Мысық   тышқанды ұстап   алса,ойынға   келесі   жаңа   балалар   қатыса отырып алмаса береді.К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері. Аңшылар мен қасқырлар Ойын мақсаты:балаларды ептілікке,  шапшаңдыққа мұқият болуға тәрбиелеу.          Ойын шарты:  Ойыншылар «аңшылар  мен   топқа   бөлінеді. қасқырлар»   болып   екі «Қасқырлар»   диаметрі   4   метрдей   шағын шеңбердің  ішінде, «аңшылар» сыртында  тұрады. Ойын   бастауға   белгі   бергенде   «   аңшылар» кезекпен   тұрған   орындарынан   шеңбер   ішіндегі «қасқырларды»   волейбол   доптарымен   атқылайбастайды.Қасқырлар   да   ,   тұрған   орындарынан жылжымайды.   Еңкейіп,   шалқайып,   бір   жағына қисайып   әр   түрлі   қимылдар   жасап,   допты денесіне   дарытпауға   тырысады.   «Аңшылар» допты   түгел   тигізгеннен   кейін,   «қасқырлармен» орын ауыстырады. Бес тас Ойын мақсаты:балаларды ептілікке, татулыққа,  шапшаңдыққа тәрбиелеу.        Ойын шарты:    Ойын үшін әрқайсысы жұмыр тасынан бес тас қажет. Ойынды бастау кезегіне ие болған   бала   бес   тасты   уыстап,   жоғары   лақтырып жібереді де алақанымен тосып алады.Ойынды   тәрбиеші   басқарады.   Ол   балаларды орындыққа   отырғызып   болған   соң,   мына   өлеңді айтып шығады. Бала, бала, балақан, Кәне, қайсы алақан! Саусақтарың әйбат, Былай, былай ойнат. Балалар   орындарынан   тұрып,   артқа   жасырған қолдарын жоғары бұлғап көрсетеді: Саусағымыз әйбат, Би билейміз ойнап. Балалар   орындарынан   тұрып,   бір­бірден   айналып шығады да, орындарына қайта отырады.  Тәрбиеші   балаларға   екі­екіден   жалау   үлестіріп береді. Сөйтіп, мынадай өлең айтады: Күндей жайнап алаулар,Қолымызда жалау бар. Тәрбиеші: Жалауымыз жайнап, Би билейміз ойнап. Жетекші: Топ­топ, топ­топ басайық Жалаудан күн жасайық Жаса, жаса, жарқын күн, Жаса, жаса  алтын күн. Осы   шумақты   қайталап   айта   жүріп,   балалар шеңберге   тұрады.   Сөйтіп,   жалауларын   желбіретіп күн жасайды.Денеңе допты тигізбе. Ойын мақсаты:балаларды шапшаңдыққа, мұқият  болуға бірлікке тәрбиелеу.              Ойын шарты:  Ойынға   қатысушылар  екі  топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтеді. Көп бала сыятындай етіліп төртбұрыш сызылады.Бір топ ішке, бір топ сыртта қалады.   Ойын   басталған   соң   сырттағылар   іштегілердідоппен   қуалайды.   Доп   тиген   ойыншы   сыртқа шығады.Егер лақтырған допты денесіне тигізбей немесе жерге   түсірмей   қағып   алса,   сыртқа   шығарылғандардың біреуін   қайта   кіргізіп   алады.Сызықтың   ішінде   жалғыз ойыншы қалса, ол ұтқан топтың бұйыруы бойынша 10­ 20рет   айналуға   тиіс.Сыннан   өтсе,   сызықтан   шыққан топтастарын түгел қайтадан кіргізіп алады. Егер айнала алмай  құлап қалса, өзі де сыртқа шығады. Бұл­топтың ұтылғаны. Он есім Мен төрешің боламын, Сен аттайсың он адым Әр аттарда бір есім Айтып, тез­тез жүресін Бір аттарда мысалыАйт есіңе ап Мұсаны Және атта да­Жанат де Және атта да Самат де. Жаңылмай сен он есім Айта білсең, жеңесің Қателессең сен жолда,  Адымдаймын мен онда. Аңшылар мен қояндар Ойын мақсаты:балаларды шапшаңдыққа,  жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.          Ойын   шарты:  Бұл   ойынды   жылдың   қай мезгілінде   болса   да   ойнауға   болады.   Ойынғажиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады. Екі жерге бір­бірінен қашықтығы   20­30   адымдай   шеңбер   сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың «інін тықырлатып   сыза   бастайды.   Сол   кезде   қояндар   өз інінен   шығып,   екінші   інге­шеңберге   қарай   қашады. Екінші   шеңберге   жеткенше   оққа   ұшқан   қоян ойыннан   шығып   қалады.   Барлық   қояндар   аңшылар атып біткенше тоқтамайды.                                             Орамал тастау Ойын   мақсаты:балаларды   байқағыштықтарын, жылдамдықтарын тәрбиелеу.Ойын шарты:   «Орамал тастау» ойынына қатысушылар араласа   шеңбер   құрып   отырады.   Ойын   бастаушының қолындағы   орамал   шиыршықталған,   ұруға   ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда, бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына орамалын тастап кетеді. Егер қайта айналып келгенде   әлгі   адам   өзінің   сырт   жағындағы   орамалды байқамаса,   басқарушы   оны   орамалмен   ұрғылайды.   Ал егер   отырған   адам   өзінің   сыртына   орамал   түскенін байқаса,   бастаушыны   қууға   тиіс.   Ойыншыдан   қашып жүрген бастаушы босап қалған орына келіп отырады. Сақина жасыру  Ойын мақсаты:балаларды тапқырлыққа,  шапшаңдыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.Ойын шарты:  Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене   отырады.   Ойыншылар   тізелерінен   көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына   сақина   алып,   әр   ойыншының   қолына   кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір   ойыншының   қолына   салысымен,   алақанын   жаба қалады. Сақина жасырынғаннан кейің  ойын жүргізуші өз қалауынша   ойыншының   бірінен:   Сақинам   кімде?   –   деп сұрайды,   осы   кезде   барлық   ойыншы   тынышталады. Кезекші   сақинаның   кімде   екенін   тапса,   онымен   орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп т.б өнер көрсетеді де, өз қызметін атқарады. Жігіт ойыныОйын мақсаты:балаларды ептілікке, мұқият  болуға тәрбиелеу.    Ойын шарты:   Бұл өте қызық ойын. Алдымен қарлы беткейден сырғанақ жол жасап алынады. Мұнан   кейін   жолдың   екі   жағына   кішкентай жалаушалар қадалады. Енді дөң басынан төмен шанамен   түскен   бала   екі   қапталдағы жалаушыларды іліп алып кетулері керек.Почта     Ойынның мақсаты: көпшілікті зеріктірмеу, бір­ бірімен таныстыру.     Ойын шарты: Бұл ойында ромбик тәрізді қағазға нөмірлер   жазып,     ойыншыларға   үлестіріледі.   Бір адам хат тасушы болады. Адамдар бір­біріне нөмір арқылы хат жазысады.Қуыршақтарға қонаққа. Ойын мақсаты:балаларды мұқияттыққа, зейінін,  шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.     Ойын шарты: Кілемнің үстіндегі кішкентай  орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына  қарай 8­10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір  олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге  көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де,  олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып,  олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп  ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына  отырғызады да үйлеріне оралады.Ойын қайталанғанда  балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларды алдын­ ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады қонаққа  бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады даолармен қалағанынша ойнайды.                 Қоңырау қайдан естіледі? Ойын мақсаты:балаларды тапқырлыққа, мұқият  болуға, зейінділікке тәрбиелеу.  Ойын шарты:  Балалар қабырғаға беттерімен  қарап тұрады. Бір бала бөлменің басқа бір шетіне  тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші  балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып  тұр, қоңырауды табыңдар», ­ дейді. Балалар  қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды  мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға  беттерімен қаратып тұруды ұсынады. Күтуші апай  басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).   Ойын мақсаты:балалардың назарын өзіне аудара  отыра, мұқият болуға, ұйымшылдыққа, достыққа  тәрбиелеу.    Ойын шарты: Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20­30см екі қатар сызық). Бұдан  кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол  бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан  бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта  қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір­ бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5­6  адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап,  балаларға сол жолмен жүріп отырып 2­3 жапырақ  әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырмаойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде  өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар  немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды  алып келеді.Кішкене өзен арқылы.  Ойын мақсаты:балаларды ептілікке, ұйымшылдыққа, тапсырманы дұрыс орындай білуге тәрбиелеу.    Ойын шарты: Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің  ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау –  «өзен», ­ дейді; оның үстіне тақтайдан көпір  (ұзындығы 2­3м, ені 25­30см) салады да балаларға:  «Көпір арқылы жүруді үйренейік», ­ деп ұсынады.  Балалардың бір­біріне соқтығыспай тек тақтайдың  үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші  балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары­бері 2­3 рет жүріп  өтеді.Поезд. Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке   тәрбиелеу. Ойын шарты: Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды  ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында  тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», ­  дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу­шу» деп  дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші  поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта  жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында  тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды.  Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд  қайтадан жолға аттанады.Жел көбік. Ойын мақсаты:балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа,  тапсырманы орындауға тәрбиелеу. Ойын шарты: Балалар бір­бірінің қолынан ұстап,  жақын­жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып  олар мына өлеңді айтады.   Көпіре гөр көбік­шар, Көпіре гөр кеңіп шар. Осы күйі қал тұрып, Кете көрме жарылып. Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді  кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір  дауыспен. «Тарс етті», ­ дейді де тізерлеп отыра  кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады,  ойын қайта басталады.Жалаушаны әкел             (таяқ арқылы аттап өту). Ойын мақсаты:балаларды бірлікке, реттілікке,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Бір топ балаларды (4­6 адамды) жинап  алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен  ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын  айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден  дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан  жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері  қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін  тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір­ екі, бір­екі деп дауыстап тұрады.) Одан кейін ойын балалардың басқа тобыменжүргізіледі.                  Күн мен жаңбыр. Ойын мақсаты: балаларды ұйымшылдыққа,  мұқиятыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Балалардың алаңның бір шетінен  немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге  қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады  да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке)  қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр!  Серуенге шығуға болады», ­ дейді. Балалар бүкіл  алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!»  деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай  жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады.  Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар,  серуендеңдер», ­ дейді, ойын қайта басталады.Айдапсал  Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке  тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де,  бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде  қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың  есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.  Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір­бірлеп шақыра  бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы  отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы  керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның  қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып  тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би  билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ  орындарын ауыстырады.Арынды арқан   Ойын мақсаты:  балаларды шапшаңдыққа,  жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып  тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап,  шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның  екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен  айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан  секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да,  көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді. Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай  қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір  ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге  болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.Арқан тартыс  Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа,  шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға  болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп  болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі  ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына  белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға  қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады  да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп  санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір  жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.                 Ақшамдық.Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа,  шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойын жүргізуші ойыншыларды  араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете  отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын  беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді  тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы  сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала  жүргізіп, бәріне сақина тастаудың белгісін жасайды.  Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды.  Сақина жасырылған адам да оны басқаларға  байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел  айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды  бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы  орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын  берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы  ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктің ұйғаруыменөлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің  ұйғаруына қарсыласуға болмайды.                        Аңшылар Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа,  шапшаңдыққа тәрбиелеу.Ойын шарты: Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді.  Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да,  екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға  тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді  көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің  белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып  ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады.  Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға  болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді.  Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында  белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған  аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.                                     Біз де Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке,  шапшаңдыққа тәрбиелеу.Ойын шарты: Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға  болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар  отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме  айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады.  Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына  болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге  жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса,  үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда  айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не  би билеп береді. Ойын бастаушы: мен көлге барамын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: күшігім жейді. Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды.Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын  қайта басталады.      Дауыста, атыңды айтам. Ойын мақсаты:балаларды мұқият болуға,  байқағыштығын, тапқырлыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене  шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы  шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғыншеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне  ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың  екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір  бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған  ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс  тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса,  таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса,  келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын  анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.                                     Көрші Ойын мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу. Ойын шарты: Ойнаушылар екі екіден отырады да,  бір ойыншы жалғыз қалдырылады.  Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп  сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі  керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын,әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе,  сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе  тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза  тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік  алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы  көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.                 Монданақ Ойын мақсаты:балаларды жылдамдыққа,  шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойнаушылар ойын басқарушының  айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын  түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында  орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың  аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос  орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы  кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырғанойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез  тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне  кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді  хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі  тізелерінің астында болады, себебі орамалды  тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп,  жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады.  Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап  алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен  орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра  береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің  астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын  басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса,  оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.Ордаңы қасқыр           және орамал тастау. Ойын мақсаты:балаларды шапшаңдыққа,  жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Алаңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған  ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір  жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі  бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуікерек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға  тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген  қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы,  лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын  тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны  қозы, лақтардан екі есе аз болады.                      Соқыртеке Ойын мақсаты:балаларды сезінуге, жылдамдыққа,  шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып,  орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені»  шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар  білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды.  Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын  айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы  шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш  тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін.Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында  тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің»  қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.                     Сымсыз телефон Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа,  сезімталдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын  оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді.  Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына  сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне  сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы  адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы  соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате  естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән  салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.Тапшы, кімнің дауысы? Ойын мақсаты:балаларды тапқырлыққа,  байқағыштыққа, жылдамдыққа тірбиелеу. Ойын шарты: Шеңберде тұрған ойыншылардың  бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын  басқарушы болады. Ал қалғаны: «Секір секір» деген кім, білгіш болсаң таба ғой. Тауып ал да, өзің кеп, Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып,  шеңберді айнала жүгіреді. «Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілегеноқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң,  ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп  айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан  бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады.  Ойын осы ретпен жүргізіле береді.                   Тасымақ  Ойын мақсаты:балаларды ұқыптылыққа,  ептілікке жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей  шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске  жетсе, жүлдеге сол ие болады. Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол  суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр  командада үш адам болады.Тымпи­тымпи. Ойын мақсаты:балаларды мұқияттыққа,  ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: «Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып:  «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте  қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан  адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер  айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді  күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып,соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі  қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет  етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға,  ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге  тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер  саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді.  Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып,  ойынды басқарып кетеді.Тұтқын алу. Ойын мақсаты:балаларды ептілікке,  шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойнаушылар тең екі топқа  бөлінеді. Екі топтан бір­бір ойыншы шығады да,  теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып  көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары  тізбекке тұрып бір­бірлеп, «алал­ ай, бұлал­ ай»  деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы  кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтыңойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп,  әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір­бір тастан  немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы  өздері айтып келе жатқан әуен алал ­ай, бұлал­  айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден  өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші  оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде  қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші  топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды  екінші топ ұстайды.Шертпек Ойын мақсаты:балаларды ұйымшылдыққа,  тәртіптілікке тәрбилеу. Ойын шарты: Ойнаушыларды орындыққа  отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші  орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың  артында жүреді де, кез келген ойыншының екі  көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей  келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп  кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып,  иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп,арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса,  көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер  көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен  адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын  жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы  ойыншылардың санына байланысты.            Қамалды қорға  Ойын мақсаты:балаларды қйымшылдыққа,  достыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Ойнаушылар үлкен шеңбердің  қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал»,  яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы  қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған  ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды,  ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге  тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа)тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын  алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.                       Қарамырза Ойын мақсаты:балаларды сөйлей қабілетін  молайтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын шарты: Ойын басталмас бұрын, оның  ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын  бастаушы ойнаушыларға бірден:  «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын  тәртібі бойынша сәлем алушы:  «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп  жауап беруі керек, егер байқамай,«уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда  сәлем алушы ұтылады.        Қассың ба, доссың ба? Ойын мақсаты:балаларды  Ойын шарты:  Бұл ойын бойынша қыздар мен  жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып  есептелінеді. Ойынды бастаушы: Көршіңмен қассың ба, доссың ба? деп сұрайды.  Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап  естісе барлығы қосылып өлең айтады.Қындық­сандық Ойын мақсаты:балаларды шыдамдылыққа,  шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты:  Ойынға қатысушылардың ішінен  екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі  арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын  жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп,  бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды.  Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан  болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында  қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек  күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойыносылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.               Ұшты­ұшты Ойын мақсаты:балаларды байқағыштыққа,  тапқырлыққа тәрбиелеу. Ойын шарты:  Ойын бастаушы айнала отырған  ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын  және ұшпайтын заттарды араластыра айтып  отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат  аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру  керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда  қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең  айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер  көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.Айгөлек Ойын мақсаты:балаларды  Ойын шарты:  Ойын кең алаңда өткізіледі.  Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа  бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама қарсы тізбек құрайды. Ойын  жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар  барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады: Айгөлек –ау, айгөлек Айдың жүзі дөңгелек. Таудан биік, көлден жүйрік, Бастаймыз біз жүгірмек, Кәне, бізге кәм керек?Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын  атайды. Жөгірген ойыншы екінші команданың тәзбегін ашуы керек. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет  адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол  командада қалады.                   Оқтау тартыс Ойын мақсаты:балаларды шыдамдылыққа,  ептлікке тәрбиелеу. Ойын шарты:  Бұл ойынды ойнау үшін ортаға  екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады  және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың  екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан  өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып  алғаны жеңіске жетеді.Аттамақ Ойын мақсаты:балаларды ептілікке,  ұйымшылдыққа,бірлікке тәрбиелеу. Ойын шарты:  Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап  тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту  керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді  үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір  ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп,  содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру  керек.Торғайлар мен мысық Ойын мақсаты:балаларды мұқият болуға,  ептілікке, шапшаңдыққа тірбиелеу. Ойын шарты:  Бірінші «мысықты» таңдайды,  қалған қатысушылар «торғайлар» болып зал  ішінде жүгіріп жүреді. Дабыл бойынша «мысық»  жүгіріп шыңады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «торғайлар» енді «мысық болады. Мені  іздеп тап­тап –деп тақпақтайды.