инклюзивті оқыту - фр. inclusif – қамтитын, лат. include – қамтимын – барлық балалардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан барлығы үшін қолжетімді болу-
ды көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі, бұл білімді ерекше қажет ететін
балалардың да білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім балаларға бағытталған және барлық балалар – оқуда түрлі
қажеттіліктері болатын индивидуумдар деп танитын әдістемені дамытуға
ұмтылады. Инклюзивті білім оқудағы әртүрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету
үшін икемді болатын оқыту мен оқу тәсілдерін жасауды көздейді. Инклюзивті
білім енгізетін өзгерістердің нәтижесінде оқыту мен оқудың тиімділігі артса,
(ерекше қажеттіліктері бар балалар ғана емес) барлық балалар ұтады.
Инклюзивті білімнің сегіз қағидаты:
1) Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;
2) Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;
3) Әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы;
4) Барлық адамдар бір-біріне қажет;
5) Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады;
6) Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, құрдастарының достығына мұқтаж;
7) Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар;
8) Әралуандылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.