Интернеттің пайдасы мен зияны
Оценка 5

Интернеттің пайдасы мен зияны

Оценка 5
Мероприятия
docx
информатика
7 кл
26.03.2017
Интернеттің пайдасы мен зияны
«Интернеттің пайдасы мен зияны» Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны» Күні: 28.02.2017 жыл Сағат:1200 Сабақтың мақсаты: Оқушыларда интернет туралы толық ой қалыптастыру. Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары Қатысушылар: 7 «а,ә,б,в» класс оқушылары, ұстаздар, ата-аналар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сарапшыларымыз: ұстаздар, ата-аналар. ІІ. Тақырыппен жұмыс Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге 7 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты сыныптан тыс іс-шараны ашық деп жариялаймын. Шарттарымен таныс болыңыздар: Әр топ таңдау бойынша сұрақ алып, постер жасайды. Әр сыныптан екі ата-ана, үш оқушы, бір ұстаз қатысады. Соңында бір ата-ана, бір оқушы шығып қорғайды. Ойын толқын, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда, жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу ығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып. Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді таланттарға дей келе әр топ сұрақ таңдап алыңыздар. Әр топ таңдалған сұраққа дайындалады. Өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 5 мин І. «Интернеттің пайдасы» ІІ. «Интернеттің зияны» ІІІ. «ХХІ ғасырды интернетсіз елестету мүмкін бе?» ІV. «ХХІІ ғасырдағы интернет», яғни болашақтағы интернет Интервью: 1. Бүгінгі сабақтан не күтесіз? 2. Тақырып өзекті ма? 3. Қазіргі кезде телефон интернетке кіру үшін ыңғайлы құрал. Сіз өз балаңыздың телефонын тексересіз бе? 4. Сіздің өміріңіздегі телефонның маңызы ІІ.«Интернеттің пайдасы мен зияны» туралы видео көрсетіп, әр топ өз ойларын өлең жолдарымен жеткізу керек. Соңында стикерлер таратып, «Алма ағашы» әдісі арқылы көрермендер мен қатысушылардың ойларын білу. Рефлекцияны психолог мамандар жасайды. Наминациялар: «Белсенді класс», «Жан-жақты класс», «Ұйымшыл класс», «Қабілетті класс». Қорытынды. Әділ қазылардың қорытындылауы. Марапаттаулар. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жүргізуші: осымен біздің 7 сынып арасында өткен пікір таласымыз аяқталды. Сіздердің келіп қатысқандарыңызға көп - көп рахмет.
Интернеттің пайдасы мен зияны.docx
«Интернеттің пайдасы мен зияны»    мультимедиа тақырыпқа   байланысты   дидактикалық   материалдар, Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны» Күні: 28.02.2017 жыл      Сағат:1200 Сабақтың мақсаты: Оқушыларда интернет туралы толық ой қалыптастыру. Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; Тәрбиелік:  Оқушылар   өз   ойларын   тиянақты   жете   айта   біліп,   сахнада   өздерін   сабырлы   әрі   тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; Сабақтың   көрнекілігі:  құралдары Қатысушылар: 7 «а,ә,б,в» класс оқушылары, ұстаздар, ата­аналар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу.   Топ   мүшелермен   және   сарапшылармен   таныстыру.   Қайырлы   күн,  құрметті   ұстаздар   мен оқушылар! Сарапшыларымыз: ұстаздар, ата­аналар. ІІ. Тақырыппен жұмыс Жүргізуші:  Қайырлы   күн,   құрметті   ұстаздар,   оқушылар   сіздерге   7   сынып   оқушылары   арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты сыныптан тыс іс­шараны ашық деп жариялаймын. Шарттарымен таныс болыңыздар: Әр топ таңдау бойынша сұрақ алып, постер жасайды. Әр сыныптан екі ата­ана, үш оқушы, бір ұстаз қатысады. Соңында бір ата­ана, бір оқушы шығып қорғайды. Ойын толқын, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда, жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу ығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып. Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді таланттарға дей келе әр топ сұрақ таңдап алыңыздар. Әр топ таңдалған сұраққа  дайындалады. Өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 5 мин І. «Интернеттің пайдасы» ІІ. «Интернеттің зияны» ІІІ. «ХХІ ғасырды интернетсіз елестету мүмкін бе?» ІV. «ХХІІ ғасырдағы интернет», яғни болашақтағы интернет  Интервью: 1. Бүгінгі сабақтан не күтесіз? 2. Тақырып өзекті ма? 3. Қазіргі   кезде   телефон   интернетке   кіру   үшін   ыңғайлы   құрал.   Сіз   өз   балаңыздың   телефонын тексересіз бе? 4. Сіздің өміріңіздегі телефонның маңызы ІІ.«Интернеттің пайдасы мен зияны» туралы видео көрсетіп, әр топ өз ойларын өлең жолдарымен жеткізу керек. Соңында стикерлер таратып, «Алма ағашы» әдісі арқылы көрермендер мен қатысушылардың ойларын білу.  Рефлекцияны психолог мамандар жасайды. Наминациялар: «Белсенді класс», «Жан­жақты класс», «Ұйымшыл класс», «Қабілетті класс». Қорытынды. Әділ қазылардың қорытындылауы. Марапаттаулар. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жүргізуші:   осымен   біздің   7   сынып   арасында   өткен   пікір   таласымыз   аяқталды.   Сіздердің   келіп қатысқандарыңызға көп ­ көп рахмет. І. «Интернеттің пайдасы» ІІ. «Интернеттің зияны» ІІІ. «ХХІ ғасырды интернетсіз елестету мүмкін бе?» ІV. «ХХІІ ғасырдағы интернет», яғни болашақтағы интернет  «Интернет   керек,   ол   біздің   өмірімізге   қажет»   Интернеттің   пайдасы   өте   зор.   Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет ­ бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір ­ бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғын да пайда болсада, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол ­ бүкілғаламдық желі ­ Интернет деп санар едім. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ ­ тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос ­ Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір ­ бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып ­ жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл  атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл ­ жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық ­ коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл ­ қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.  Сезімдік   нерв  жүйесі   ауруларына  шалдығады.  Интернетке   жүгініп,   үйреніп   кеткен  бала,   яғни  интернет арқылы хат алысып, сөйлесу ­ баланың айналасындағы адамдармен бетпе ­ бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра ­ күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы ­ ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Күн   сайын   теледидар   қарап   отырып   не   бір   түрлі   келеңсіз   жағдайларға   кезігесің.   Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық ­ зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз?  Әрине қазір   заман   ауқымы,   талабы   әр   үйде   компьютер,   интернет   желісі   бар.   Жаңағы   өздерің   айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс ­ шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз ­ қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық ­ зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім: Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,Пайда не залал ма ескерілмек, Көргенің естігенін есепке алса,Сонда оңай әр бірісті ойлап білмек. Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара  кешке  дейін  заман  техникасымен  шұғылдана  бергеніміздің  адамзат  өміріне  тигізетін  өзіндік  пайдасы мен  зияны  баршылық  екеніне  көзіміз  жетті. Әрқашан  әр  нәрсенің  жақсысын  үйреніп, жаманнан  жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін. Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет ­ ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы ­ осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын. Ендігі   бір   мәселе   ­   Интернетке   тәуелділік.   Сағаттап,   тіпті   таңды   ­   таңға   ұрып,   Интернетті қызықтайтындар   да   кездеседі.   Бұл   да   бір   есірткіқұмарлық,   нашаға   тәуелділік   сияқты   нышанды байқатады.   Адамның   психикасына,   денсаулығына   кері   әсер   етеді..   Осындай   келеңсіз,   жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Интернет ­ тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін   табуға   болады.   Мысалы:   үкіметтік   емес   сайттар   мен   үкіметтік   сайттар,   ақпарат агенттігінің   мәліметтері   мен   тәуелсіз   басылым   мәліметтері.   Электронды   пошта   қызметі жылдам   хабарласуға   мүмкіндік   береді..   Далада,   күннің   астында   азып   тозып   асық,   футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан ­ жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе ­ көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Енді   компьютерлік   ойындарға   келсек,   олардың   қаншалықты   зиянды   екенін   айта   кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс ­ шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған   баланың   миында   ойынның   мазмұны,   әдіс   ­  тәсілдері   еніп,  жаман  қылық,   тіпті   қылмысқа   да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар   бар.   Біз   бөлмеде   тығылып   компьютерлік   ойынды   ойнағанша,   далада   таза   ауа   жұтып, көпшілікпен   көңіл   көтеріп,   денемізді   шынықтырып,   сау   болғанымызға   не   жетсін.Құлақ   қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Адамзатқа ғаламтордың пайдасы Көптеген   адамдар,   әсіресе   ғаламтор   қолдауншылары,   ғаламтордың   адамзаттың   ең   үлкен   қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан­жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.  Оған   қоса,   ғаламтордың   тағы   бір   артықшылығы   –   мемлекеттер   мен   құрлықтар   арасындағы   шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір­бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады. Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда   уақытымызды   тиімді   әрі   пайдалы   өткізе   аламыз.   ей   адамдар   ғаламтор   арқылы   мамандық   алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.  Ғаламтордың денсаулыққа зияны Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз  болғанды  ең бірінші  қозғалатын   тақырып  ­ ғаламторға  тәуелділік.  Ал бұл  аңыздан  алынған  термин  емес. Ғаламтор   қолданушыларының   10%­ы   ғаламторға   тәуелді   екендігі   ғылыммен   дәлелденген.   Тіпті,   олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.  Десе   де ғаламтордың   зияны тек  мұнымен  шектелмейді.   Компьютер   мониторының  алдында   ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс істер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл­тірек аппаратымызға зиян келеді.  Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.  Әрине,   ғаламтордың   пайдасы   мен   зияны   да   жетерлік.   Алайда   оның   пайдасы   басымырақ.   Ал   егер   әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.  Интернеттің жеке ­ дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады: 1. Алысты жақындату 2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 3. Сана ­ сезімді жоғарылату. 4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. 9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; ­ Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға; ­ Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; ­ Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; ­ Қаржылық операциялар жасауға; ­   «Maіl.   Ru   Агент»,   «Facebook»,   «Skype»   т.б.   арқылы   реалды   уақытта   тіл   қатысуға   да,   бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп­біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес. (материалдарды және моральді жағынан болсын). Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке   кіру   үшін   компьютерде   отыру   керек.   Компьютерде   отыру   денсаулыққа   зиян.   Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 ­ 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60­70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау   үшін   компьютердің   алдына   кактус   гүлін   қою   керек.   Гүл   бойына   компьютерден   бөлінген   сәулені тартып   алады.   Осы   айтылған   ережелер   орындалса   денсаулығымызды   сақтай   аламыз.   Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.  Интернет тәуелділіктің пайдасы мен зияны Адам   өркениеті   көптеген   өзгерістерді   басынан   өткеріп,   дамудың   түрлі   кезеңдерінен   өтті.   Осыған қарамастан адам қоғамының барлық уақыттарында қарым­қатынас және тілдесу басты құндылық болып саналған. Бірақ, адамдар арасындағы қарым­қатынас ешқашан ХХІ ғасырдағыдай ғаламдық болған емес, бұл ақпараттық технологиялар дәуірімен байланысты. Бүкіләлемдік тордың пайда болысымен санаулы секундтар арасында түрлі бағыттар   бойынша   орасан   зор   көлемде   ақпарат   алу   немесе   шектеусіз   көлемде   достар   табу   мүмкін   болды. Жаһандық желі ойлап тапқаннан бері күн сайын көптеген адамдар танысып, достық қарым­қатынас орнатуда, жаңа байланыстар құрылып, махаббат өмірге келуде. Интернеттің пайда болуына дейін мыңдаған шақырым алыстықта орналасқан   адамдар   арасында   танысу   мен   тілдесу   әлдеқайда   қиын   болған.   Бірақ,   қазіргі   таңда   Интернеттің көптеген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн режимінде қалағаныңша араласуға болады. Желіде танысу мен араласу   заманауи   қоғамның   ажырамас   бөлігі,   сол   арқылы   әлемнің   әр   түкпіріндегі   түрлі   мәдениет   өкілдері жақындасады.   Дегенмен,   өкінішке   орай   көптеген   заманауи   адамдар   ақпараттық   технологияларды   орнымен пайдаланудың   шегі   таусылып,   шамадан   тыс   әуесқойлықтың   басталуын   түсіне   қоймайды.   Осыған   байланысты, жасөспірімдер мен жастар арасында интернетке тәуелді буын саны өсуде, олар виртуалдық қарым­қатынастың құрбанына айналған, сол себептен шынайы өмір өте ауыр көрінеді. Түрлі зерттеулер мәліметтеріне байланысты, әлем   бойынша   интернет   пайдаланушыларының   10  пайызы  тәуелділікке   ұшыраған.   1995  жылы   әлем   алғаш   рет интернетке тәуелділік тақырыбын талқылай бастады. Бұл туралы америкалық психиатр Айвен Голдберг баяндаған болатын. Бүгінгі таңда бұл мәселені зерттеумен айналысатын психологтар саны лезде өсті, оған себеп – тәуелділер санының өсуі. Кейбір елдерде нақты мәселе бойынша мамандандырылған  кеңестік­диагностикалық  қызметтер, клиникалар мен емханалар жұмыс істейді. Бірқатар елдер интернетке тәуелділікке байланысты нақты реформалар өткізеді,   мысалы   Финляндияда   тәуелділікке   шалдыққан   бозбалаларды   әскерден   қалдырады.   Психологтар интернетке тәуелділіктің бірнеше түрін белгіледі: 1)Әлеуметтік, пайдаланушыға желідегі үздіксіз қарым­қатынас қажет; 2)Ақпараттық, пайдаланушы ақпараттардың тұрақты ағымын қажетсінеді; 3)Интернет­порнография мен онлайн ойындарға тәуелділік. Бүгінде интернетке тәуелділіктің әлеуметтік түрі ең көп таралғаны болып табылады, яғни интернет­тәуелділікке шалдыққандардың көпшілігі виртуалды қарым­қатынаспен шектен тыс әуестенеді. Керек заттар   ингалипт, Стикер, 4 штук плакат, фламастер, алма агашы, магниттер, 4 штук грамоталар Бағалау парағы Класс 7 А 7 Ә 7 Б 7 В Бағалау парағы Класс 7 А 7 Ә 7 Б 7 В Бағалау парағы Класс 7 А 7 Ә 7 Б 7 В Бағалау парағы Класс 7 А 7 Ә 7 Б 7 В Бағалау парағы Класс 7 А І тур ІІ тур Қорытынды І тур ІІ тур Қорытынды І тур ІІ тур Қорытынды І тур ІІ тур Қорытынды І тур ІІ тур Қорытынды 7 Ә 7 Б 7 В Бағалау парағы Класс 7 А 7 Ә 7 Б 7 В І тур ІІ тур Қорытынды

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны

Интернеттің пайдасы мен зияны
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.03.2017