Использование краеведческого материала на уроках географии
Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
география
5 кл—11 кл
23.01.2018
Бұл жұмыста география пәнін оқытуда өлкетану материалдарын пайдаланудың тиімділігі баяндалады. Өлкетану пәні арқылы оқушылардың өзі тұрған жердің, елдің тарихымен, тыныс-тіршілігімен, өмір сүру салтымен, әдет-ғұрыптарымен толық танысуға мүмкіндік алады. Өлкетану материалдарын пайдлана отырып пәнді оқыту бұл жас ұрпақтың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі баяндалады.
Оразова Г..docx
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҢҒЫРТУ
Оразова Гульбарам Аштаевна
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай орта мектебі
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге
тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды да, жауапты, қадірменді парызы» /1/ деген сөздері білім
беру мекемелерінің «Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының
сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан
– жақты дамуына мүмкіндік жасау» бағытының мақсаттарымен ұштасып жатыр.
Ата–бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігінің қазақ жұртына оралуы ел
тарихына біршама өзгерістер әкелді. Осы мүмкіндіктер арқасында туған өлкеміздегі бізге
беймәлім деректерді оқып–үйрету география пәні оқытушысының міндеті деп білемін.
Қазіргі жаһандану үрдісіндегі тәрбиенің негізгі міндеті – адамзаттың сан ғасырлық
жетістіктері мен ұлттық рухани, мәдени байлықтарды үйлестіре отырып меңгеру, соның
негізінде жастарды өмірге қажетті құзіреттіліктің негіздерін меңгерген, қабілетті, ынталы да
іскер, табанды, Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Осы орайда география
пәнін оқытуда өлке материалдарын пайдалана отырып оқытудың маңызы ерекше.
Елімізде қабылданған, Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыру
тұжырымдамасы және гуманитарлық білім беру тұжырымдамаларында, Қазақстан
Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы мен
білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарламаларындағы туған өлкеге деген
сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше мән берілуі, бұл мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін
нақтылай түсері даусыз. /3/
Қазіргі кездегі өлкетану жұмысының қазіргі кездегі маңыздылығы туралы Елбасы Н.Ә.
Назарбаев, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай
20 қадам» атты Жолдауының 12 тапсырмасында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында,
еліміздегі оқу – ағарту саласында өте көкейкесті болып табылатын өлкетану сынды пәннің
жоқтығын, соның кесірі жастардың едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантелизміне, ересек өмірге
бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрынатындығын атап көрсетті. Осы орайда
бүгінгі таңда оқу–тәрбие үрдісіне өлкетану жұмыстарын енгізу аса маңызды болып
табылады. /2/
Географтар өлкетануды – географияның бір бөлігі деп қарастырса, бір топ ғалымдар
өлкетану жеке ғылым емес, ол тәрбиелеу әдісі, яғни оқушыларды туған өлкеге деген ыстық
сезімге тәрбиелеу деп есептейді.
Бүгінгі таңдағы география пәнін оқытуда өлкетану материалдарын жүйелі пайдалану
мұғалімінің басшылығымен және педагогикалық шеберлігінің көмегімен жүзеге асады.
Географияны оқытудағы өлкетану матриалдарын пайдалану сабақтан немесе оқулықтан
дайын білімді алу ғана емес, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын,
ізденіс – зерттеу әдістерін де кеңінен қамтиды. Географиялық өлкетану жұмысының білім
беру сапасын көтеруде ықпалы зор. Оның ерекшелігі – жас ұрпақты өз халқының тарихын,
тегін, тілін білетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеуде және оқыту мен тәрбиелеудің
сапасын арттырады.
Жергілікті жердің табиғатын, тарихын, халқы мен шаруашылығын сипаттайтын
факторларды зерттеу пәнді оқытуды түсінікті әрі қызықты етеді. Жүйелі оқытылатын
өлкетану материалдары оқушылардың дүниеге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға,
қоршаған ортамен үндестікте болуға, шынайы қарауға, бақылау жасауға сенімін
қалыптастыруға, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі болып табылады. Өлкетану
жқмысының жетістігі – ол мұғалімдер мен оқушылардың ізденісін, олардың шығармашылық
жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, оқушыларға рухани байлық беру, мектеп білімін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін
тереңдету болып табылады.
Өлкетану материалдарын оқытуға қойылатын талаптар:
Оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты материалды іріктеу;
Өлкетану материалдарының тақырып мазмұнына лайықтылығы;
Туған өлкенің географиялық ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтердің
бағдарламаға сәйкестігі;
Өлкетану материалдарының мазмұны оқушылардың жалпы даму деңгейлеріне
сәйкестігі;
Танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпалын тигізуі;
Мүмкіндігінше оқушыларды қарапайым болса да зерттеушілікке қатыстыруға
жағдай жасауы;
Жеткіншектердің туған өлкеге деген құрметін оята отырып, сол арқылы туып –
өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
Оқушылар өлкетану материалдарын зерттеу барысында ұлттық рухани құндылықтар
негізінде көзқарасын қалыптастыру үшін берілетін мазмұн мен форма мынадай талаптарға
жауап беруі қажет:
1. Табиғат, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді эмпирикалық жолмен бақылау
арқылы жинақталған халықтық білімдер болуы міндетті;
2. Қазаұ халқының жіне қатар өмір сүруші басқа да халықтардың
этнопедагогикалық білімдері мен мәдениеттері, олардың тәрбиелік мәні туралы;
3. Қазақ халқының этникалық картинасы (әлем халықтарының контекстінде)
туралы білімдер жүйесі, халықтың өзінөзі сақтау заңдылығы;
4. Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесінің құрылымдары және оларды
қалыптастыру әдістәсілдері туралы білімдер мен озық тәжірибелерді пайдаллану
ерекшеліктері.
Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі күтілетін нәтиже:
Оқушының өлке тарихын зерттеуге құлшынысын арттырып, туған жерге деген құрмет
сезімін ояту. Өзіндік ой–толғанысын еркін білдіре алатын, нәтижесінде шығармашылық
жұмыстармен айналыса алатын оқушыны тәрбиелеу. Өзінің шығармашыл тұлға екендігін өзге
оқушыларға дәлелдей алады. Өзіндік ұстанымы, қағидасы қалыптасады.
Қорытындылай келе Шоқан Уалихановтың сөзімен айтқанда: «Сананы халық
шығармашылығынан бөліп қарауға болмайды, онда өткен жылдардың тәжірибесі
жинақталған», – деп тұжырымдаймын.
1. Назарбаеев Н.Ә. «Қазаұстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде», – Алматы:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1993 ж. – 56 б.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында», – Астана:
2006. – 44 б.
3. Байдалиев Д.Д. «Мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру», Тараз:, 2007, 20б.
Использование краеведческого материала на уроках географии
Использование краеведческого материала на уроках географии
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.