Калыптастырушы багалау тапсырмалар жинагы #Сауат ашу# 1 сынып

  • Занимательные материалы
  • pdf
  • 16.04.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

1 сынып окушыларына сауат ашу панинен критериалды багалау жуйеси бойынша дайындалган калыптастырушы багалауга арналган тапсырмалар жинагы. Ар сабакта таныскан жана такырыптан сон билимди бекиту максатында мугалим осы тапсырмаларды откизип отырса окушынын билимин бакылап, тексерип жуйеге келтире алады. Сонда баланын билими аныкталады.Калыптастырушы багалау жинагы (сауат ашу 1 сынып)
Иконка файла материала #Б_Жина#_Сауат ашу_1_сынып.pdf

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Сауат ашу

1-сынып

Астана, 2016


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  тапсырмалар жинағы

 

Сауат ашу

 

1-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады. 

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.   

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.  

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.   

Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.   ** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

2

Мазмұны

1-тоқсан Ортақ тақырып «Өзім туралы», «Менің мектебім»......................................... 5

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»......................................................................................... 6

Бөлім «Оқылым»....................................................................................................................... 17

Бөлім «Жазылым»..................................................................................................................... 21

2-тоқсан Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем» 27

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»...................................................................................... 28

Бөлім «Оқылым»....................................................................................................................... 39

Бөлім «Жазылым»..................................................................................................................... 47

3-тоқсан Ортақ тақырып «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»............... 57

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»...................................................................................... 58

Бөлім «Оқылым»....................................................................................................................... 69

Бөлім «Жазылым»..................................................................................................................... 79

4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау».......... 85

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»...................................................................................... 86

Бөлім «Оқылым»....................................................................................................................... 97

Бөлім  «Жазылым»................................................................................................................. 108

 

4

1-тоқсан Ортақ тақырып «Өзім туралы», «Менің мектебім»


Бөлім «Тыңдалым және айтылым»

Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:                              1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді

(сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған

мәтіннің мазмұнын түсіну.

Ойлау дағдыларының           Білу және түсіну

деңгейі:                                        Қолдану

Бағалау критерийі:                  Білім алушы

      Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.

      Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды

қолданады.

      Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Тапсырма

 Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз. 

Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. 

Бұл не?

Ұшып-қонып тынбайды, Қанша ұрсаң да сынбайды.

Суға салсаң батпайды, Түскен жерде жатпайды.

Бұл не?

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң көк теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

Бұл не?  

Шешуі:  ( )                       Шешуі:    (  )                  Шешуі:   (

      Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады?

Түсіндіріңіз.

      Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор:     Білім алушы

-          жұмбақтардың шешуін табады; 

-          жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды;

-          жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады.

Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Тыңдалған мәтіннің  кім/не туралы екенін анықтайды.

      Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Тапсырма

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Өлеңде не туралы айтылған? Суреттен белгілеп көрсетіңіз.

Добым, добым, домалақ, Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың. Тентек болып кеттің деп, Тұрмын сені тепкім кеп.

  (Ұ. Есдәулетов)

Дескриптор:          Білім алушы

-     мәтіннің не туралы екенін  анықтайды; -        мәтінге сәйкес суретті белгілейді. 

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау. 

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:              Білім алушы

      Оқиғаның ретін анықтайды.

      Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

      Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.   Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба алмады. Әжесі Әлиядан: 

-       Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.

-       Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан шықпайды,- деді Әлия.  

      Балалар қайда келді?

      Әжесі Әлиядан не сұрады?

      Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен бөлісіңіз.

      Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Дескриптор:           Білім алушы

-мәтін мазмұны бойынша қойылған  сұрақтарға жауап береді; - сұраққа қатысты өз ойын  айтады және түсіндіреді; - мәтінді жүйелі мазмұндайды.

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»

Оқу мақсаты:

1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.

      Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Тақырыбын оқыңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?  

Қамқорлық

Дескриптор: Білім алушы

- берілген тақырыпқа қатысты ой бөліседі;  - сурет бойынша сөйлемдер құрастырады; - оқиғаның соңын болжап айтады. 

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»

Оқу мақсаты:

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сыпайы сөздерді атайды.

      Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолданады.

Тапсырма

   Берілген өлең шумақтарын мұқият тыңдаңыз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беріңіз. 

                          Не деу керек?

Апаң сенің базардан,       Добын апар Назардың,      Алма сатып әкелді.        Деді ағаң бармадың.    

Ең үлкенін, жақсысын,     Саған таңдап әперді.

Тапжылмадың, сазардың, Аға тілін алмадың.

                                Не деп барып жеу керек?      Сен қай сөзді айтпадың?

Балалар жүр көшеде,       Әжең сенің түскі асқа, Естіледі шу-айқай.      Қант-кәмпит салды мол. Сен де шықтың, көршіңді            Жұрттан бұрын ыдысқа, Қағып кеттің байқамай.     Өз бетіңмен салдың қол. Мұндайда не деу керек?             Не дегенің жөн еді?

Осы келген бетіңде,         Үй артында қоқысты, Допты қудың жарыстың,         Жатқан көптен үйіліп. Көшенің сол шетінде,     Тазалайды қарт кісі, Кезікті бір танысың.     Белі зорға иіліп.

                                Ұмыттың сен не деуді?          Не дегенің жөн еді?    

Дескриптор:      Білім алушы

-өленде ұсынылған жағдаятты талқылайды;

 - өлеңнің мазмұнына қатысты сыпайы сөздерді атайды.

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»

Оқу мақсаты:

1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөйлеу барысында  дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.

      Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның көмегімен жеткізеді.

      Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін қолданады.

Тапсырма

Диалогті мұқият тыңдаңыз.

      Сенің атың кім?

      Менің атым – Марғұлан.

      Сен неше жастасың?

      Мен алты жастамын. Сен ше?

      ....

Жұптық жұмыс. 

Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы

      досыңыздың анасының аты кім екенін;

      отбасында неше адам бар екенін; сүйікті ойыншығы қандай екенін;

      қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз.

ü Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-          жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;

-          жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;

-          тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды, ым-ишараны қолданады.


Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

Оқу мақсаты:                                       1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай

сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды). Ойлау дағдыларының    Қолдану деңгейі: Бағалау

Бағалау критерийі:              Білім алушы

               Мәтінге қатысты пікірін айтады. Өз көзқарасын түсіндіреді. Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

     Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында күтіп отырады. 

     Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады. 

               Мәтін кім/не не туралы?

               Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?

               Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы

-  мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; - мәтінге қатысты көзқарасын айтады;  - өз ойын түсіндіреді. 

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

Оқу мақсаты:                                     1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын

әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:              Білім алушы

      Сюжетті суреттерді  сипаттайды.

      Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Тапсырма

Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-  өзінің күн тәртібі туралы айтады;

-  сөйлеу барысында өз ойын жүйелі жеткізеді.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес

дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.  

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Сөздегі дыбыстардың  түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.

      Дыбыстарды дұрыс айтады.

Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-суреттегі заттарды атайды;

-сөздегі дыбыс санын анықтайды;

-  сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды; 

-  сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды; 

-  дыбыстарды дұрыс атайды.


Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес

дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.2           Дыбыстардың         мағына             ажыратушылық қызметін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.

      Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын  түсіндіреді.

 Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не  байқадыңыз? Өзгерген дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

                                           МАЛ -  ТАЛ                                   НАР – ШАР -  ҚАР

   АРА - ОРА          ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ  ТАҢ - ШАҢ           САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ

Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы:

- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды; - сөздердің мағынасын түсіндіреді; - өздігінен мысал келтіреді. 

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес

дұрыс айту»

Оқу мақсаты: 1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі:                                 Қолдану 

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.

      Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма

Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсетіңіз.  

Дескриптор:      Білім алушы

- заттың атауын буынға бөліп айтады; - буынды сызбамен  көрсетеді; - сөздегі буын санын айтады. 

Бөлім «Оқылым»

Бөлімше  2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты:                      1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді.

      Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

Тапсырма

Берілген сызбаларға мұқият қараңыз. Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөз/сөйлем құрастырыңыз. 

Дескриптор: Білім алушы:

-          сызбадағы сөз санын анықтайды;

-          сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады; 

-          берілген сызба бойынша сөйлемдерді оқиды. 


Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»

Оқу мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Иллюстрация бойынша сұрақ қояды.

      Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жұптық жұмыс. Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша бір-біріңізге сұрақ қойыңыз және жауап беріңіз.

Дескриптор:             Білім алушы

-          иллюстрацияның мазмұны бойынша сұрақ қояды:

-          қойылған сұрақтарға жауап береді. 

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты:

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

      Түсініп оқиды.

Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.

      ша-на              тау-лар         та-ға              нан           қо-ша-қан         пар-та

Дескриптор: Білім алушы

-          сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;

-          сөздерді сәйкес суреттермен байланыстырып сызады.

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»

Оқу мақсаты:

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

Ойлау дағдыларының  деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Әріптерді таниды және ажыратады.

      Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сызыңыз.

Дескриптор:              Білім алушы

-          сөздерді дұрыс оқиды; 

-          көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.

Бөлім «Жазылым»

Бөлімше 3.3 «Жоспар құру»

Оқу мақсаты:        1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою. Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Оқиғаның ретін анықтай отырып мәтінге суреттер/сызбалар арқылы жоспар құрады.

      Мәтінге ат (тақырып) қояды.

Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.  Берілген үлгіні жалғастыра отырып, мәтінге сурет немесе сызбаның көмегімен жоспар құрыңыз. 

Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады. 

Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ басталды.   

1

2

3

 

 

      Мәтінге ат қойыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-          мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі; 

-          мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп көрсетеді;

-          мәтінге ат қояды.


Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»

:                      1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу. 

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды.

      Мәтінге қатысты  ақпаратты сурет/сызба/ белгілерді қолданып жеткізеді. Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

     Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған  бәріміз  қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі.  Саят көтергіш кранның,  ал Аяулым  гүлдердің суретін салыпты. Мен  мектептің суретін салдым.  Салған суреттерімізді сыныптың  қабырғасына іліп қойдық. 

      Суретшілер байқауына  кім қандай сурет салды? Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сызыңыз.

      Бос орынға әңгімелеуші баланың  салған суретін салыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-          мәтінге сүйеніп, берілген сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді; 

-          бос орынға әңгімелеушінің салған  суретін салады.

Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Әріп элементтерін  дұрыс байланыстырып салады.

      Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тапсырма

Берілген әріптің жазылуына мұқият қараңыз. Жазу жолына суреттің атауын жазыңыз. 

Дескриптор:      Білім алушы

-  әріп элементтерін дұрыс салады;

-  әріптерді бір-бірімен  байланыстырып жазады;

-  жазу жолын сақтайды;

-  сөзді сауатты, көркем жазады. 

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

:

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді ажыратады. Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді қолданады.

Суреттерге мұқият қараңыз. Заттың атауына санын  қосып айтыңыз. Төмендегі кестені толтырыңыз.  

Қанша? 

Не?

бір

...

...

қонжық

жеті

 

...

қуыршақ

алты

...

 ...

машина

  ...

көжек

Дескриптор:      Білім алушы

- заттардың атауын санымен байланыстырып айтады; - заттың аты мен санын білдіретін сөздерді  жазады. 


Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

                                  :                      1.3.10.2      Тәуелдік      және      жіктік      жалғауларының

қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану. Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады.

      Жіктік жалғауларын дұрыс қолданады

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айтыңыз.  

      Суретке сүйене отырып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.

 ...  оқушысың.     

 ...  дәптерім.

Дескриптор: Білім алушы

-  сөздерді суреттермен дұрыс байланыстырып айтады;

-  сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды; - сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;

-  көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады. 

Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»

:

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөйлемнің сызбасын құрады.

      Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

      Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Тапсырма

Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемді сызба түрінде жазыңыз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз. 

Дескриптор: Білім алушы

-  сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен жазады;

-  сөйлемді бас әріптен бастап жазады;

-  сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

2-тоқсан Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем»


Бөлім «Тыңдалым және айтылым»

Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың  мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. .

      Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.

      Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Тапсырма

   Мәтінді мұқият тыңдаңыз. 

      Менің Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста. Мен оны өте жақсы көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет салуды үйретіп жүрмін. 

    Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол мені жақсы көреді.

      Мәтінде қанша сөйлем бар?

      Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып айтыңыз.

Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы

-  мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды; 

-  мәтіннің негізінде  сызба бойынша сөйлем құрастырады; - мәтіннің мазмұнын жүйелі айтады. 

Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы Тыңдалған мәтіннің  кім/не туралы екенін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Ұзақ пен қарға Ұзақ пен қарғаны ажырата аласыз ба? Ұзақтың денесі қарғадан кіші және түсі қап-қара. Тек мойнының тұсы сұр болып келеді. Ұзақ - жыл құсы.

Қарғаның бүкіл денесі сұр түсті. Ал басы, мойны және қанаттары қара түсті болып келеді. Қарға - отырықшы құс. 

      Мәтін не туралы?

      Мәтін бойынша құстарды сипаттаңыз.

      Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіндегі сипаттамаға сүйеніп, суреттің астына құстың атауын жазыңыз.

             _______________________                          ________________________

Дескриптор:      Білім алушы

-          мәтіннің не туралы екенін анықтайды;

-          мәтінге сүйеніп, құстарды сипаттап айтады;

-          сипаттамасы бойынша құстарды ажыратады және суретін анықтайды;

-          суреттің астына құстың  атауын жазады.

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»

Оқу мақсаты:

1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

 Ертегіні тыңдай отырып, суреттердің  ретін анықтаңыз. Нөмірлеп көрсетіңіз.

Екі әтеш

(Ертегі)

Ертеде бір шал мен кемпірдің екі әтеші болыпты. Бір күні кемпір оларға жем шашыпты. Әтештер жемді жей бастапты. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр әтешті қайта-қайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алыпты. Содан соң екеуі төбелесе кетіпті. Олар бір-бірімен таласып жатқанда, көрші үйдің балапандары келіп, жемнің бәрін жеп қойыпты. 

      Суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-    мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің  ретін анықтайды; - мәтінді жүйелі мазмұндайды. 

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»

Оқу мақсаты:

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.

      Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.

Суретке мұқият қараңыз. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңыз. Оқиға немен аяқталуы мүмкін? 

Дескриптор:        Білім алушы

-    берілген тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады;  - суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;  - өз ойын жүйелі жеткізеді. 

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»

Оқу мақсаты:

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Сыпайы сөздерді атайды.

      Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолданады.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз.  Бұл жағдаяттарда қандай сыпайы сөздерді  қолдану  керек? 

      Сурет бойынша жұпта диалог  құрастырыңыз.

Дескриптор:               Білім алушы

-       сурет бойынша диалог құрастырады;

-       сыпайы сөздерді орынды қолданады.

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»

Оқу мақсаты:

1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөйлеу барысында  дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.

      Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның көмегімен жеткізеді.

      Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін қолданады.

Тапсырма

Өлеңді  мұқият тыңдаңыз.

      Кім қайда барады? -           Атай, қайда барасыз?

-       Немереме базардан

Қауын қарбыз әкелем.

-       Әжей, қайда барасыз?

-       Немереме қыздардан Сағыз сұрап әперем.

-       Ағай, қайда барасыз?

-       Балам жақсы көретін Қарап жүрмін күшік мен.

-       Апай, қайда барасыз?

-       Балам қыста киетін

Іздеп жүрмін ішік мен.  - Бала  қайда барасың?

-       Алаңқайға барамын, Доп ойнауға жарадым!

 (Е. Өтетілеуұлы)

Жұптық жұмыс.  Өлеңнің мазмұнын диалог түрінде әңгімелеп беріңіздер.

Дескриптор:        Білім алушы

-       өлеңнің мазмұны бойынша диалог құрастырады; 

-       диалогке қатысу барысында сөйлеу мәнерін келтіреді, ым-ишараны қолданады.

Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

Оқу мақсаты:

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану Бағалау

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Мәтінге қатысты пікірін айтады.

      Өз көзқарасын түсіндіреді.

Тапсырма

 Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя тауып алды. Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып шиқылдай бастады. 

Бір кезде балапандардың енесі ұшып келді. Бірақ ұясына қонбай, балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның қасынан кетіп қалды.

      Мәтін не туралы?

      Құс неліктен ұясына қонбады?

      Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды деп ойлайсыз?

      Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?

Дескриптор:             Білім алушы

-  мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; 

-  мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

Оқу мақсаты:

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сюжетті суреттерді  сипаттайды.

      Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  сюжетті суреттер  бойынша шағын әңгіме құрастырады; - мәтінді жүйелі әңгімелейді. 


1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөздегі дыбыстардың  түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды. Дыбыстарды дұрыс айтады.

Тапсырма

Берілген сөздерді мұқият тыңдаңыз. Сөздегі әр дыбыстың дауысты немесе дауыссыз екенін айтыңыз және сәйкес белгіні көтеріңіз.  

              ТҮЛКІ                                       ҚАРБЫЗ                               КІТАП

-  ДАУЫСТЫ ДЫБЫС

-  ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС

Дескриптор:               Білім алушы

-  дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтайды;

-  дыбыстарды дұрыс атайды;

 -дауысты дыбыстарды сәйкес белгімен көрсетеді; 

-  дауыссыз дыбыстарды сәйкес белгімен көрсетеді.

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.

      Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын  түсіндіреді.

.

Тапсырма

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Жасырын сөздерді тауып айтыңыз. Сөздердің мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды атаңыз. 

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан. Бәріне де ең жақын Айтады, қане, кім атын?

Дескриптор:    Білім алушы

-  туыстық атауларды білдіретін сөздерді дұрыс айтады; - өзгерген дыбыстарды анықтайды және атайды.  

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.

Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма

     Заттардың атауын буынға бөліп айтыңыз. Буынды сызбамен көрсетіңіз. Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жазыңыз.  

Дескриптор:          Білім алушы

-  заттың атауын буынға бөліп айтады; 

-  сөзді буынға бөлу сызбасын көрсетеді; - сөздегі буын санын анықтап, жазады.


Бөлім «Оқылым»

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты:                          1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:              Білім алушы

      Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді.

      Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

1-тапсырма

-  суреттерді  таниды  және  атайды;  - сызбаға сәйкес суреттерді белгілейді;  - сызба бойынша сөзді түсіндіреді.

2-тапсырма

Суретке        мұқият           қараңыз.       Сурет             бойынша      сызбаға         сәйкес            сөйлемдер құрастырыңыз және оқыңыз. 

Дескриптор:           Білім алушы

-  сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады; - сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды. 

Бөлімше 2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:                             1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін

сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Ойлау дағдыларының          Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:                 Білім алушы

        Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

        Түсініп оқиды.

Тапсырма

Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтінді дауыстап оқыңыз.

  Атай    ә-кел-ді.  Тор-ғай-ды   ал-ды-на

о-тыр-ғыз-ды.  Оған    берді.   жемді жеді.

Дескриптор:              Білім алушы

-  сурет пен сөзді дұрыс байланыстырады.

-  сөйлемдерді  буындап немесе тұтас сөздермен оқиды;

Бөлімше 2.2 «Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

Тапсырма

 Мәтінді түсініп оқыңыз.

Білім алушы

      Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

      Автордың ойын болжап айтады.

      Сәуленің әжесі бар. Әжесі Сәулеге шәлі тоқып берді. Шәлі жылы.

Ол әдемі және сәнді. Сәуле шәліні басына тартты. Ол қуанды. 

      Мәтінде  не туралы айтылған?

                      А                                         В                                 С                               D

      Шәліні кім  тоқыды?

    А) анасы

    В) әпкесі  

    С) әжесі

D)  тәтесі

      Шәлі қандай?

    А) жылы

    В) үлкен

    С) ұзын 

D)  кішкентай

      Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсыз?

Дескриптор:         Білім алушы

-мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-мәтіндегі негізгі ақпараттардытабады; -мәтіннің мазмұнына сүйеніп, автордың ойын тұспалдайды. 

Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Сөздердің лексикалық мағыналарын ажыратады.

      Мәндес сөздерді анықтайды.

      Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.

Сөздерді  оқыңыз және суретпен сәйкестендіріңіз.

Дескриптор:    Білім алушы

-  сөздердің мағынасын анықтайды; 

-  мәндес сөздерді табады және суретпен сәйкестендіреді.

2-тапсырма

Берілген сөздерді оқыңыз.  Сөздерді  суретпен сәйкестендіріңіз.  Суретке сүйеніп, берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы   сөз жазыңыз. 

Дескриптор:      Білім алушы

-сөздерді мағынасына сәйкес суретпен байланыстырып сызады; -берілген сөзге қарсы мағыналы сөзді жазады.


Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»

Оқу мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен). 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақ қояды.

      Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма

Сурет бойынша жұпта бір-біріңізге сұрақ қойыңыз және жауап беріңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

- суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды; - қойылған сұраққа дұрыс жауап береді.

Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»

Оқу мақсаты:

1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз.

Білім алушы

      Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігін атайды.

      Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) анықтайды.

Менің інім бар. Ол әлі кішкентай. Інім балабақшаға барады. Інімнің ойыншықтары көп. Олар: машина, доп, текшелер, қонжық. Інім қонжығын жақсы көреді. Ол ойыншықтарын ұқыпты ұстайды. 

      Інімнің қандай ойыншықтары бар?  Белгілеңіз.

      Мәтіннің жанрын анықтаңыз.

     А) ертегі

     В) әңгіме

     С) өлең

D) мақал

      Мәтіннің      жанрын         қандай           белгілеріне сүйеніп          анықтадыңыз.

Түсіндіріңіз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  мәтінді түсініп оқиды;

-  мәтінге қатысты ақпаратты табады; 

-  мәтін жанрын анықтайды;

-  әңгімелеу мәтінінің ерекшелігін атайды.

Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»

Оқу мақсаты:                                  1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен

сәйкестендіру.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі:                                 Қолдану 

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Әріптерді таниды және ажыратады.

      Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Тапсырма

Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқыңыз және бояңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-          берілген сөздерді оқиды;

-          сөзді кестедегі әріптердің арасынан табады және бояйды.


Бөлім «Жазылым»

Бөлімше 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрастыру»

Оқу мақсаты:

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма 

Білім алушы

      Сөйлемдерді сәйкес суреттермен/ сызбалармен/белгілермен/ тірек сөздермен толықтырады.

      Сөйлемдер/мәтін құрастырып жазады.

Сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтаңыз. Сөйлемдерді  толықтырып жазыңыз.

Әжем  қонақтарға ________________  ұсынды.

  ______________     шай   ішті.

Әкем ____________________________ тартады.

 _____________________   маған  айран құйып берді.

Дескриптор:      Білім алушы

-  сөйлемдерге сәйкес  суреттерді анықтайды;

-  суретті қатыстырып сөйлемдер құрастырады; - құрастырған сөйлемдерді көшіріп жазады. 

 Бөлімше 3.6 «Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу»

Оқу мақсаты:        1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу. Ойлау дағдыларының    Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:              Білім алушы

Тірек сөздердің көмегімен  әр түрлі жанрда (құттықтау хат)  сөйлемдер/мәтін құрап жазады.

Тапсырма

Тірек сөздерді пайдаланып, досыңызға арналған құттықтау хат жазыңыз.

Тірек сөздер: құрметті, денсаулық, туған күніңмен, бақыт, құттықтаймын, тілеймін. 

Дескриптор: Білім алушы

-  тірек сөздерді  орынды қолданады;  - сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады; - тиісті жанрды сақтап жазады.

Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық  нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:        1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы        және            төменгі          сызығын       сақтап,          әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. Ойлау дағдыларының        Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:             Білім алушы

      Әріп элементтерін  дұрыс байланыстырып салады.

      Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

1-тапсырма

Суреттердің атауын жазыңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-  әріп элементтерін дұрыс байланыстырады; 

-  жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды; - сөздерді сауатты әрі көркем жазады.

2-тапсырма

Жаңылтпаш өлеңдерді мұқият тыңдаңыз. Сөздерді  жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-  әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады;

-  естіген сөздерді сауатты жазады; 

-  жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтап,  көркем жазады.

Бөлімше 3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:                       1.3.9.2       Мұғалім       көмегімен       сөздерді       дұрыс

тасымалдау,         тасымалдауға         болмайтын сөздерді ажырату.

Ойлау дағдыларының     Білу және түсіну

деңгейі:                                  Қолдану

Бағалау критерийі:            Білім алушы

      Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады. Сөздерді дұрыс тасымалдап жазады.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Тасымалдауға болмайтын сөздерді білдіретін суреттерді белгілеңіз.  

      Басқа сөздерді үлгі бойынша тасымалдап жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-  тасымалдауға болмайтын сөздерді анықтайды; - сөздерді дұрыс тасымалдап жазады. 

Бөлімше 3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:

1.3.9.3 Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына

берілген  атауларды) анықтау.

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

 

 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

 

 

 

Бас     әріппен ажыратады.

жазылатын

сөздерді

Тапсырма

Сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз. Бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жазыңыз.

Сәуле Астанада тұрады.  Қанат ағасымен бірге Медеу мұз айдынына барды. Асқардың Құлагер деген аты бар.  Ақтөс - өте сүйкімді күшік. 

Дескриптор: Білім алушы

-  бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды; - сөздерді бас әріптен бастап жазады;  - сөздерді сауатты  жазады.

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді ажыратады.

Заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді дұрыс қолданады.

Тапсырма

Сөздерді тиісті суретпен сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрап жазыңыз. Заттың таы мен сынып білдіретін сөздерді пайдаланып  сөйлем құрастырыңыз.  

Дескриптор:               Білім алушы

-  сөздер мен суреттерді дұрыс сәйкестендіреді; - заттың атын және сынын білдіретін сөздерді сауатты жазады:

-  заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді қолданып сөйлем құрастырады.  

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:        1.3.10.2         Тәуелдік       және   жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз). Ойлау дағдыларының           Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:              Білім алушы

Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады. Жіктік жалғауларын дұрыс қолданады

1-тапсырма

Суреттің орнына тиісті сөз қойып, сөйлем құрастырып жазыңыз.

Менің   бар.   Сенің    қайда?   Бұл  Мәуленнің  .

Дескриптор:       Білім алушы:

-  суреттің орнындағы сөздерді дұрыс тәуелдеп жазады; -      суреттің орнындағы сөзді дұрыс жіктеп жазады.

2-тапсырма 

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. 

Мен жеті ... (жастамын, жастасың, жаста). Сен бірінші сыныпта ... (оқимын, оқисың, оқиды). Ол  ауылда ... (тұрамын, тұрасың, тұрады). 

Дескриптор:                 Білім алушы

-  жіктік жалғаулы сөздерді  анықтайды;

-  сөйлемдерді сауатты және көркем жазады.

Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:        1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

      Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды.

1-тапсырма

Сөйлемдерді анықтаңыз. Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазыңыз.

Менiң  әжем  бар мен әжемдi  өте  жақсы  көремiн әжем қызық ертегi  айтып  береді.

Дескриптор:    Білім алушы

-  сөйлемдердің ара жігін анықтайды; - сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;

-  сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

2-тапсырма

Суреттердің орнына сөздер қойып, сөйлем құрап жазыңыз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.

 жеді                             Саған  ұнай ма

Алақай,    көрінді  

Дескриптор:

Білім алушы

-  суреттің орнына сөз қойып, сөйлем құрастырып жазады; - сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды;  - сөйлемдерді сауатты әрі көркем жазады.

Бөлімше  3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:

1.3.9.2       Мұғалім       көмегімен         сөздерді

дұрыс

 

тасымалдау,            тасымалдауға             болмайтын ажырату.

сөздерді

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

 

Бағалау критерийі:

Білім алушы Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады.

 

Сөздерді дұрыс тасымалдап жазады.

Тапсырма

  Өлеңнен тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңыз.

Отан деген – атамекен

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен.

Қазақстан – туған ел!

 (Е. Өтетілеуұлы)

Тасымалдауға болмайтын сөздер: _______________________________________

Атамекен сөзінің тасымалдану түрін көрсетіп жазыңыз.

1.    _____________

2.    _____________

Дескриптор: Білім алушы

-  тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазады; 

-  берілген сөздің тасымалдану түрін дұрыс көрсетеді.

3-тоқсан Ортақ тақырып  «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»

Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың  мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін)  ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. .

      Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.

      Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады

Суретке мұқият қараңыз. Берілген сөйлемдерді тыңдаңыз. Қайсысы мәтін екенін анықтаңыз.

                            1-тыңдалым                                                2-тыңдалым

     Менің әкем - теңізші. Ол бізге           Теңізшінің қалпағында зәкірдің теңіз туралы көп әңгімелер айтады.         суреті бар. Бала тастың үстінде отыр. Оның әңгімелері өте қызықты.

      Мәтінде неше сөйлем бар?      

      Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-  мәтін мен сөйлемді ажыратады;

-  мәтіндегі сөйлемдердің  санын анықтайды; - мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды. 


Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы Тыңдалған мәтіннің  кім/не туралы екенін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

  «Түлкі мен қырғауыл» ертегісін  

(https://www.youtube.com/watch?v=FyNvXbYlGs8) мұқият тыңдаңыз.

Ертегі не туралы? Ертегіге сәйкес суретті белгілеңіз.

Жұптық жұмыс.

 Ертегі кейіпкерлерінің диалогін сахналап көрсетіңіздер.

Дескриптор:        Білім алушы

-          ертегі не туралы екенін анықтайды;

-          ертегіге сәйкес суретті белгілейді;

-          ертегі кейіпкерлерінің арасындағы диалогті сахналауға қатысады.

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау. 

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Оқиғаның ретін анықтайды.

      Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тапсырма

     Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Суреттерді мәтіннің желісі бойынша ретімен белгілеңіз. Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтыңыз. 

Қонжықтың саяхаты

     Қонжық орманды аралап келе жатып, ағаштың басындағы араның ұясын көрді. Оның бал жегісі келді. Қонжық  ағашқа өрмелеп шығып, ұяға қолын салды. Ұядан  шыққан аралар оны шаға бастағанда, қонжық жерге құлап түсті. Ол қорыққанынан қаша жөнелді.

Дескриптор: Білім алушы

-  суреттердің ретін белгілеп көрсетеді;    

-  сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»

:        1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.  Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.

      Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.. Тапсырма

  Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша мәтін құрастырыңыз.

Ақылды қоян

Оқиға немен аяқталады деп ойлайсыз? Қоян сәбізге жете ала ма?

Дескриптор: Білім алушы

- берілген суреттер бойынша шағын мәтін құрастырады;  - суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;  - өз ойын тұжырымдап айтады.

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»

Оқу мақсаты:

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Сыпайы сөздерді атайды.

      Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолданады.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Мұндай жағдайларда қандай сыпайы сөздерді қолдану керек? 

      Сурет бойынша жұпта диалог құрастырыңыздар.

Дескриптор:              Білім алушы

- суреттерге қатысты сыпайы сөздерді айтады;  - сыпайы сөздерді орынды қолдана отырып, диалогке қатысады.

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»

:

1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын

(ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

      Сөйлеу барысында  дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.

      Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның көмегімен жеткізеді.

      Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін қолданады.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. 

  Жиренше шешен мен бала  Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен екі баладан:

-   Дүниеде бәрінен не тәтті, балам?- деп сұрапты.

-   Бал тәтті, - деген екен бала.

-   Ал жұмсақта не жұмсақ?

-   Мамық жұмсақ. 

Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:

-   Осы сұрақтарға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз, - деп өтінеді.

-   Айта ғой, балам, не тәтті? - дейді Жиренше. 

-   Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.

-   Не жұмсақ?

-   Ананың алақаны.

Жиренше екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті. Топтық жұмыс. 

Мәтіннің мазмұны бойынша Жиренше мен балалардың арасындағы диалогті сахналап көрсетіңіздер.   

Дескриптор: Білім алушы

-   кейіпкерлердің атынан диалогке түседі; 

-   диалогке қатысу  барысында дауысты, қимыл, ым-ишараны қолданады.


Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

: 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

Ойлау дағдыларының       Қолдану

деңгейі:                                    Бағалау

Бағалау критерийі:              Білім алушы

Мәтінге қатысты пікірін айтады. Өз көзқарасын түсіндіреді. Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Жазғы демалыс кезінде достарымызбен ауыл маңындағы орманға саяхатқа бардық. Орманның іші салқын. Ауасы таза. Біз күні бойы таза ауада ойнап, жақсы демалдық. 

Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір қызықты байқадық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бірнеше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп тұрды да қалды. Аспаннан бір нәрсе күткендей орындарынан жылжымай тұр. 

Бір кезде ағаштың басынан тиіндердің жинап қойған  саңырауқұлақтары түсе бастады. Кірпілер дайын саңырауқұлақтарды  тікендеріне шаншып алып, індеріне қарай жорғалай жөнелді. Біз олардың қылықтарына таңдана қарадық және мәз болдық. 

1.    Оқиға қай кезде болды?

2.    Балалар  нені байқады?

3.    Кірпілер қандай әрекет жасады?

4.    Олар саңырауқұлақтарды не үшін жинап алды деп ойлайсыз?

5.    Осы мәтіннен не түйдіңіз?

Дескриптор: Білім алушы

- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; - мәтінге қатысты ойын айтады. 

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

:

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

Сюжетті суреттерді  сипаттайды. Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады..

Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз. Тірек сөздерді қолдана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.  Жұпта әңгімелеп беріңіз.

Арманның түсі

Тірек сөздер: түс көру, ғарыш, саяхат, зымыран, басқа ғаламшарлық,  дос, ғажайып, ояну, сабаққа кешігу. 

Дескриптор: Білім алушы

-          тірек сөздерді қолданып, суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады;

-          әңгімелеу барысында өз ойын толық, жүйелі  жеткізеді.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.  

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Сөздегі дыбыстардың  түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.

      Дыбыстарды дұрыс айтады.

Суреттегі заттарды атаңыз. Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді тауып, бос торкөзге сөздің алғашқы әрпін жазыңыз. Суретті бояңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-          суреттегі заттардың атауын айтады;

-          дауысты дыбыстан басталатын сөздерді белгілейді және сәйкес әріпті жазады;

-          дауысты дыбыстарды түріне ажыратады.


Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.2           Дыбыстардың         мағына             ажыратушылық қызметін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.

      Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын  түсіндіреді.

Тапсырма

Суреттегі заттардың атауын оқыңыз және өлеңді мұқият тыңдаңыз.

Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?

Аттары ғой бұл әлі,           Бұрыс болса,  ұрыспа, Ал осылар туралы       Әлде былай дұрыс па? Былай десем дұрыс па,

Әлде мұным бұрыс па? Жонда қуам қалпақты,

Күнде жеймін қармақты, Көлге салам қалпақты, Басқа кием қаңбақты, Басқа кием қармақты, Көлге салам қаймақты. Күнде жеймін қаңбақты,

Жонда қуам қаймақты.

Бұрыс болса,  ұрыспа, Әлде былай дұрыс па?

Күнде жеймін қалпақты, Жонда қуам қармақты. Көлге салам қаңбақты, Басқа кием қаймақты.

Бұным-дағы бұрыс па,

Әлде былай дұрыс па?

      Өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып жазыңыз.

      Басқа кием      ______________

      Көлге салам    ______________

      Жонда қуам    ______________

      Күнде жеймін  ______________

      Өлеңдегі ұқсас сөздерді атаңыз. Қай әріптер өзгерген? Олар сөзге қалай әсер етеді? Түсіндіріңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  суреттегі заттардың атауын оқиды; 

-  өлең жолдарына сәйкес келетін сөзді тауып жазады; 

-  сөздегі өзгерген дыбыстарды анықтайды;

-  олардың сөздің мағынасына тигізген әсерін түсіндіреді.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Буындардан сөз құрастырады.

      Сөздегі буын санын анықтайды.

Берілген буындардан сөз құрастырып айтыңыз. Әр сөзде неше буын бар?

Дескриптор:              Білім алушы

-  буындардан сөз құрап айтады;

-  әр сөздің буын санын анықтайды.

Бөлім «Оқылым»

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты:                            1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:                Білім алушы

      Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді.

      Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

1-тапсырма

 Сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып, оқыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы    

- сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады; - сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

2-тапсырма

Сызбаға мұқият қараңыз. 

     Сөйлемде неше сөз бар?

     Сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы 

-  сөйлемдегі сөз санын анықтайды;

-  сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады.

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты: 1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:            Білім алушы

        Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

        Түсініп оқиды.

Тапсырма  Мәтінді дауыстап оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ішік

      Ішік – жылы киім. Ішікті аңның те-рі-сі-нен  жасайды. Оның сырты қымбат матамен қап-та-ла-ды. Ішікті қыс-ты-гү-ні күн су-ыт-қан-да киеді. Ол әрі жеңіл, әрі жылы. Ішік киген адам суықта тоң-бай-ды. 

      Ішік деген не?

      Ішікті неден жасайды?

Дескриптор: Білім алушы

-  мәтінді қатесіз оқиды;

-  мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға   жауап береді.

Бөлімше 2.2 «Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

      Автордың ойын болжап айтады.

Мәтінді түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.     Мәтінде не туралы айтылған?

А) мысық туралы

В) тышқан туралы

С) мысық пен тышқан туралы

D) етік туралы

2.     Мәтіндегі басты тірек сөздерді белгілеңіз.

3.     Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

Дескриптор:             Білім алушы

-  мәтінді  дұрыс оқиды;

-  мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-  мәтіндегі тірек сөздерді белгілейді; 

-  мәтін бойынша қорытынды жасайды.

Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

Ойлау дағдыларының  деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөздердің лексикалық мағыналарын ажыратады.

      Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.

Көп мағыналы сөздердің мағынасын анықтайды.

1-тапсырма

Әр жұп суретке мұқият қараңыз.  Сөздерді  оқыңыз және оған  қарама-қарсы мағыналы  сөздер тауып айтыңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-  берілген сөздерге  қарсы мағыналы сөздерді айтады.

2-тапсырма

Сөздерді оқыңыз. Мәндес сөздерді анықтаңыз және бір-бірімен байланыстырып сызыңыз. 

Дескриптор:       Білім алушы

-  мәндес сөздерді анықтайды және байланыстырып сызады.

3-тапсырма

Сөйлемдерді оқыңыз.  Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл бөліңіз. Не байқадыңыз? Сөздің мағынасын түсіндіріңіз. 

      Дәрігер тілімді көріп, бірден дәрі берді.

      Менің достарым бірнеше тіл біледі.

      Сағаттың үш тілі бар.

Дескриптор:              Білім алушы

-  көп мағыналы сөздерді анықтайды;

-  көп мағыналы сөздің мағынасын түсіндіреді. 

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»

Оқу мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды. Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қайық

      Жарас қағаздан қайық жасады. Оны арықтағы суға жіберді. Қайық судың ағысымен тез жүзіп кетті. Жарас қайықты ұстай алмай қалды. Мойнақ қайықты тістеп алып келді.

-          Жарайсың, Мойнақ! – деп,  Жарас күшігінің басынан сипады.

Күшік еркеледі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап  беріңіз.

-          Мәтін не туралы?

-          Жарас қайықты неден жасады?

-          Қайық неге тез жүзіп кетті?

-          Мойнақ не істеді?

-          Жарас күшігін неліктен еркелетті?

      Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жазыңыз.

____________________________

Дескриптор:      Білім алушы

-  мәтін бойынша  қойылған сұрақтарға жауап береді;

-  мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады.

Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»

Оқу мақсаты:

1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігін атайды.

      Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) анықтайды.

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көл бар екен.  Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.

      Бұл ертегі ме, әңгіме ме? Неліктен?

      Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіннен әр суреттің мазмұнына сәйкес сөйлемді тауып оқыңыз.

Дескриптор:    Білім алушы

-  мәтінді қатесіз оқиды;

-  мәтіннің жанрын анықтайды; 

-  мәтіннің ерекшелегін сипаттайды; 

-  мәтіннен суретке сәйкес сөйлемдерді тауып оқиды.

Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»

Оқу мақсаты:

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Әріптерді таниды және ажыратады.

      Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңыз. Сөздерді оқыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды; - сөздерді қатесіз оқиды.

Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»

Оқу мақсаты:

1.2.9.2. Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

 1-тапсырма

Білім алушы

      ь,ъ  таңбалары  бар сөздерді дұрыс оқиды.

      ь,ъ  таңбаларының сөздегі  қызметін түсіндіреді.

Сөздерді оқып, суреттермен байланыстырыңыз. АЛ және АЛЬ буындарын айтыңыз және дыбысталуындағы айырмашылықты  түсіндіріңіз.  

Дескриптор: Білім алушы

-  сөздерді оқып, суреттермен сәйкестендіреді;

-  буындарды дұрыс айтады;

-  буындардың дыбысталуындағы айырмашылықты  түсіндіреді.

ь

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Бос торкөзге   және     ъ  таңбаларының

тиістісін қойыңыз. Сөздерді оқыңыз және берілген таңбалардың сөздегі қызметін түсіндіріңіз. 

Дескриптор:        Білім алушы

-  сөздерге  ь, ъ таңбаларының тиістісін қояды;

-  сөздерді дұрыс оқиды;

-  ь, ъ таңбаларының қызметін түсіндіреді.

Бөлім «Жазылым»

Бөлімше 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрастыру»

Оқу мақсаты:

1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты керекті  сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерді  қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма 

Білім алушы

Тірек сөздердің/ суреттердің/ сызбалардың /белгілердің көмегімен сөйлемдер /мәтін құрастырып жазады.

Сурет бойынша «Саяхат» тақырыбында мәтін  құрастырып жазыңыз.

Дескриптор:        Білім алушы

-  сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;

-  сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;

-  сөйлемдерді сауатты жазады;

-  сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, мәтін құрастырады.

Бөлімше 3.6 «Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу»

Оқу мақсаты:

1.3.6.1. Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

Хат жанрында қарапайым сөйлемдер/ шағын мәтін құрап жазады. 

Кестедегі сөйлемдерді оқыңыз және құттықтау хаттың бөліктерінің ретін тауып, цифрлармен белгілеңіз. 

 

Немереңіз Саят.

 

Әже!

    Сізді  Наурыз  мерекесімен құттықтаймын!

 

Зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.

Үлгіге сүйеніп,  әжеңізге хат жазыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  құттықтау хаттың бөліктерін анықтайды; - үлгіге сүйеніп  хат жазады; 

-  сөйлемдерді сауатты жазады.


Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:               1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы

және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Ойлау           Қолдану дағдыларының деңгейі:

Бағалау критерийі: Білім алушы

      Әріп элементтерін  дұрыс байланыстырып салады.

      Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тапсырма

     Суреттердің  орнына  тиісті сөздерді  қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

 Менің  мен    ауылда тұрады.   Атамның  үлкен     бар.

   маған  атқа мінуді  үйретті.

Дескриптор:      Білім алушы

-          жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды;

-          әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;  - суретті  сөйлеммен дұрыс  байланыстырады; - сөйлемдерді сауатты, көркем жазады. 

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

:

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын  білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады.

      Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді  қолданады.

 Сөздерді оқыңыз.  Әр қатардағы артық  сөзді қоршап сызыңыз. Сөзге сұрақ қойыңыз. Сөз заттың қандай белгісін білдіреді. Сол сөздермен сөйлем құрастырып жазыңыз.   

1.    Қызыл, ұзын, мұражай, биік.

2.    Ертегі, кейіпкер, кітап, әңгіме, қызық.

3.    Түлкі, бес, арыстан, тышқан, дос.

4.    Кеме, ұшақ, зымыран, ұшты, қайық.

Дескриптор: Білім алушы

-  қатардағы артық сөзді анықтайды; 

-  сөзге сұрақ қояды;

-  сөз табына ажыратады;

-  берілген сөзбен сөйлем  құрастырып жазады.

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

:

1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады.

      Жіктік жалғауларын дұрыс қолданады

Сөздер мен суретті байланыстыра отырып, сөйлем құрастырыңыз. Қимылды білдіретін сөзге тиісті буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. 

Дескриптор:   Білім алушы:

-  сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрайды; - жіктік жалғауларын дұрыс жазады.  

2-тапсырма

Суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп  жазыңыз. 

Дескриптор:          Білім алушы

-  сөздерді  дұрыс тәуелдеп  жазады.

Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»

:        1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:           Білім алушы

      Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

      Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Тапсырма

Адасқан сөздерден сөйлем құрап жазыңыз. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  сөздердің байланысын тауып, дұрыс сөйлем құрастырады;

-  сөйлемді бас әріппен бастап жазады;

-  сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.


4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»

Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың  мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін)  ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Білім алушы

      Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. .

      Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.

      Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі. Бұл, әсіресе, дене шынықтыру сабағында аңғарылатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Бейбіт оған қатты намыстанатын. Ол тез өсіп, үлкен болуды армандайтын.

Бір күні ағасы ауланың бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды.  Спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. 

 Екінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.

      Мәтінде неше сөйлем бар?

      Бірінші сөйлемде неше сөз бар?

Жұптық жұмыс. 

Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды; - бірінші сөйлемдегі сөз санын дұрыс анықтайды; - мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды. 

Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

  Өлеңді мұқият тыңдаңыз.

Білім алушы

      Тыңдалған мәтіннің  кім/не туралы екенін анықтайды.

      Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Қайдан келдің,  бауырсақ?

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.  Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

    -Қайдан келдің, бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ.

   -Дүкеннен келдім нан сатқан, - Деді оған бауырсақ.

    -Дүкенге келдің қай жақтан?

    -Наубайдан келдім нан жапқан.

-              Наубайға келдің қай жақтан? 

-              Диірменнен келдім ұн тартқан.

-              Диірменге келдің қай жақтан?

-              Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген.

Арғы тегім –  ақ бидай,  Тәттімін жеп көр, бақшимай! Жесең өзің байқарсың,  Рақметіңді айтарсың. 

  (Ө. Тұрманжанов)

      Өлең не туралы?

      Нан дастарқанға қалай келеді? Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, суреттен ретін белгілеп көрсетіңіз. Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор:                  Білім алушы

-  өлеңнің не туралы екенін анықтайды;

-  өлеңнің мазмұнына сүйеніп, оқиғаның ретін анықтайды; - нанның дастарқанға жету жолын әңгімелейді.

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»

Оқу мақсаты:                  1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

Ойлау           Қолдану дағдыларының деңгейі:

Бағалау критерийі:       Білім алушы

      Оқиғаның ретін анықтайды.

      Мәтіннің мазмұнын жүйелі  баяндайды.

Тапсырма

 Ертегіні мұқият тыңдаңыз.

     Ертеде қияр мен орамжапырақ дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Қияр тез шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе жөнеліпті.  

Орамжапырақ қабат-қабат «көйлегін» бір-бірлеп шешкенше күн батып, қас қарайыпты. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бүршіктер содан пайда болыпты деседі.

      Суреттерді оқиғаның реті бойынша нөмірлеңіз.

      Суреттерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы:

-  суреттерді ретімен белгілейді;

-  мәтіннің мазмұнын жүйелі айтады.

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»

                                  :                                        1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе

оның иллюстрациясы бойынша болжау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі:                            Білім алушы

      Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.

      Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді..

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Оқиға немен аяқталуы мүмкін? Сурет бойынша «Айлакер кірпі» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз. Жұпта әңгімелеңіз. 

Дескриптор:               Білім алушы

-          суреттердің желісін анықтай отырып, оқиғаның соңын болжайды;

-          сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»

Оқу мақсаты:                                    1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана

білу. 

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:                Білім алушы

      Сыпайы сөздерді атайды.

      Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолданады.

Тапсырма Жұптық жұмыс. 

Сыпайы        сөздерді        қолданып,    «Тамақтану әдебі»           тақырыбында          диалог құрастырыңыздар.

Дескриптор:      Білім алушы

-          тақырып бойынша диалог құрастырады;

-          тамақтану кезіндегі сыпайы сөздерді орынды қолданады.

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»

                                  :                                       1.1.6.1. Сөйлеу барысында

сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі:                            Білім алушы

      Сөйлеу барысында             дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.

      Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның көмегімен жеткізеді.

      Сөйлеу барысында

сипаттау/салыстыру сөздерін қолданады.

Тапсырма

Жұптық/топтық жұмыс.

 «Азық-түлік дүкенінде», «Асханада»,«Спортзалда» т.б тақырыптардың бірін таңдап алып, диалог құрастырыңыздар. 

Дескриптор: Білім алушы

-  тақырып бойынша диалогке қатысады; 

-  сөйлеу барысында қимылды, ым-ишараны орынды  қолданады.


Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

                                  :                                         1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай

сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

Ойлау дағдыларының           Қолдану

деңгейі:                                        Бағалау

Бағалау критерийі:                  Білім алушы

      Мәтінге қатысты пікірін айтады.

      Өз көзқарасын түсіндіреді.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Шие тергенде

Жанат пен Қанат шие теруге орманға келді. Көп ұзамай шие көп өскен жерге жетті. Жанат терген шиесін себетке салды. Қанат тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.

Екеуі таза ауада жақсы демалды. Үйлеріне көңілді оралды. Жанат себеттегі піскен шиені анасына берді. Анасы оған алғысын айтып: 

        -    Өскенде сен мені асырайды екенсің, - деді.

Мұны естіген Қанат қатты ұялды. Көзі жасаурап, сыртқа шығып кетті.

      Мәтін кім/не туралы?

      Қанат неге ұялды деп ойлайсыз?

      Сізге қай баланың әрекеті ұнады? Неліктен?

Дескриптор:      Білім алушы

-  мәтіннің  тақырыбын анықтайды; 

-  мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - кейіпкерлер туралы ойын айтады. 

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

:

1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Сюжетті суреттерді  сипаттайды.

      Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Суреттерге мұқият қараңыз. Оқиғаның ретін анықтап, белгілеңіз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.  

Дескриптор:      Білім алушы

-  сюжетті суреттердің байланысын анықтап, ретін жазады. - сурет бойынша  әңгіме құрастырады;

-  құрастырған әңгімені жүйелі баяндайды.. 

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы:

      Сөздегі дыбыстардың  түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.

      Дыбыстарды дұрыс айтады.

Жұмбақтарды шешіңіз. Шешуін жазыңыз және  сөзге  дыбыстық талдау жасаңыз.

 Іші жұмсақ, сырты қатты,  Еті қызыл, сүті тәтті. 

 Бұл не?

 Өзі аппақ қардай,  Шайға салсаң, балдай.

 Бұл не?

Дескриптор:                Білім алушы

-  жұмбақтардың шешуін жазады; 

-  жұмбақтардың шешуіне дыбыстық талдау жасайды.


Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.2           Дыбыстардың         мағына             ажыратушылық қызметін түсіну. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.

      Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын  түсіндіреді.

Анаграмманы мұқият тыңдаңыз және шешуін жазыңыз.  Сөздегі өзгерген әріптердің астын сызыңыз  және сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

Сөз басында «Б»-болса, Бас киімің боламын. Сөз басында «Ө»-болса, Жазда пісіп толамын.

  (…  -  …. )

Егер «М»-дан бастасаң, Тағамның бір түрімін.

«М»-ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның нұрымын.

  (…  -  …. )

Дескриптор: Білім алушы

-  анаграмманың шешуін жазады; - өзгерген дыбыстарды  атайды; - сөздің мағынасын түсіндіреді. 

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөзді буынға бөледі.

      Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма

 Суреттерге мұқият қараңыз. Сөздердің буын санын анықтаңыз. Оларды буын санына қарай топтастырып айтыңыз.   

Дескриптор:                    Білім алушы

-  бір буынды сөздерді атайды; - екі буынды сөздерді атайды;

-  үш буынды сөздерді атайды.

Бөлім «Оқылым»

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

:

Түсініп оқиды.

Тапсырма

  Мәтінді түсініп оқыңыз.  Сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалбыз

Жалбыз – денсаулыққа пайдалы өсімдік. Оның иісі жақсы. 

сулы жерлерде өседі.

Кейбір  , беті-қол жуатын сабында, тіс пастасында жалбыздың иісі бар. Жалбыздан дәрі жасалады.

-          Мәтін не туралы?

-          Жалбыз қайда өседі?

-          Жалбыздан не жасайды?

Дескриптор:          Білім алушы

-          мәтінді тұсас сөздермен және қатесіз оқиды;

-          мәтінді түсінгенін  сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.


Бөлімше 2.2 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

      Автордың ойын болжап айтады.

:

Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Спорт алаңы

Мектептің жанында спорт алаңы бар. Спорт алаңы аса кең. Онда балалар доп ойнайды, жарыстар болады. Жақында футболдан жарыс өтті. Біздің сынып командасы бірінші орынды иеленді. 

    Спортпен шұғылдану – денсаулыққа пайдалы. 1. Мәтінде не туралы айтылған?

А) футбол туралы

В) команда туралы

С) спорт туралы

D) жарыс туралы 2. Спорт алаңы қандай?

А) тар

В) жасыл

С) кең

D) әдемі

3. Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсыз?

Дескриптор:           Білім алушы

- мәтіннің не туралы екенін айтады; - автордың ойын  тұспалдайды. 

Бөлімше  2.3 «Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату»

Оқу мақсаты:

1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын, соңын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.

      Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.

      Мәтінге ат қояды.

Тапсырма

Берілген сөйлемдерді мұқият оқыңыз. Мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтаңыз. Оларды мәтіннің бөліктерінің атауымен сәйкестендіріңіз. 

     Бала    лардың бәрі             Бүгін оған Алмас пен        Ермектің сабақта. Ал Ермек болса       Нұрлан келді. Хал- осындай ауырып, үйде қалды.   жағдайын сұрады. Олар достары Жалғыз өзі әбден зерікті.      Ермекке әдемі суретті      бар.

кітап әкеліпті. 

      Мәтін не туралы?

      Мәтіннің басында не туралы айтылған?

      Мәтіннің ортасында қандай оқиға баяндалады?

      Мәтіннің соңғы бөлігін оқыңыз. Ермектің достары қандай деп ойлайсыз?

      Мәтінге ат қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - мәтінге ат қояды.

Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»

Оқу мақсаты:

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Сөздердің лексикалық мағыналарын ажыратады.

      Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.

      Көп мағыналы сөздердің мағынасын анықтайды.

1-тапсырма  Әр жұп суреттегі заттарды  сипаттайтын  қарама-қарсы  мағыналы сөздерді айтыңыздар.   

Дескриптор:    Білім алушы

- суреттерді сипаттайтын  қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айтады.

2-тапсырма

Берілген сызбаға мұқият қараңыз. Сөйлемді оқыңыз және әр түрлі  мағынада айтылған сөзді  анықтаңыз. 

Көп мағыналы сөздерге мысал келтіріңіз және мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

-  сызбада берілген көп мағыналы сөзді анықтайды; - көп мағыналы сөздерге мысал келтіреді;

-  көп мағыналы сөздердің  мағынасын түсіндіреді.

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»

Оқу мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды. Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді қатесіз, түсініп оқыңыз. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Мол  өнім 

Қанаттың атасы – бағбан. Бірде ол баққа алма ағашын отырғызды. Қанат атасына көмектесті.  Алма ағашы жайқалып өсе бастады. Бірақ алма ағашында зиянды құрттар пайда болды. Атасы құрттарға қарсы дәрі шашты. 

 Жаз соңында Қанат пен атасы алмадан мол өнім алды.

1. Қанаттың атасы кім?

А) егінші

В) бағбан

С) диқан

D) бақшашы

2. Алма ағашына нелер зиян келтірді?

А) қарғалар

В) құрттар

С) торғайлар

D) дәрілер

Мәтін бойынша екі сұрақ құрастырып жазыңыз.

Дескриптор:        Білім алушы

-  мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

-  мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады.


Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»

:

 

1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен мәтіннің стилін (көркем және бейкөркем) ажырату. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Мәтіннің ерекшелігін сипаттайды.

      Мәтіннің стилін (көркем/ бейкөркем) анықтайды.

 Берілген  мәтіндерді түсініп оқыңыз.  Олардың  қандай айырмашылығы бар?

                                          1-мәтін                                                            2-мәтін

Сержанның сүйкімді күшігі бар. Оның           Кішкентай қара күшік жоғалып кетті.

аты – Ақтөс. Күшіктің түсі қара. Төсі Көмектесіңіздерші.  ақ. Сержан күшігін жақсы көреді.       Телефон: 30-41-10

Бейкөркем стильде жазылған мәтінді анықтаңыз және сәйкес нөмірді  жазыңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-  мәтіндерді салыстырады;

-  мәтіндердің ерешелеіктерін сипаттайды; 

-  мәтіндердің айырмашылығын сипаттайды; - бейкөркем  стильдегі мәтінді анықтайды. 

Бөлімше 2.7 «Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу»

:

1.2.7.1 Әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия)  ақпараттарды табу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қажетті ақпаратты дереккөздердің (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) әліпби ретіне сүйеніп іздейді.

      Қажетті  ақпаратты табады.

Тапсырма Жұптық жұмыс.  

Әр түрлі дереккөздерді пайдаланып, сүттен жасалатын ұлттық тағамдардың бірі туралы ақпарат табыңыз.  

Алған ақпаратыңызбен бөлісіңіз.

Дескриптор:              Білім алушы

-  ақпаратты табу үшін дереккөздердің әліпби ретін қолданады;

-  берілген сөздерге қатысты ақпаратты анықтайды.

Бөлімше 2.8 «Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау»

:

1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стильдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Мәтіндерді салыстыру арқылы жанры мен ерекшеліктерін атайды.

      Мәтіннің  стилін анықтайды.

Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Олардың жанрын анықтаңыз  және берілген жанр түрлерімен сәйкестендіріп сызыңыз.

Сәбіз

Марат      екеуміз      бақшаға

 

сәбіздің тұқымын септік. Оны үнемі суарып тұрдық. Арам шөптерін отадық. Тығыз өсіп тұрған артық сәбіздерді жұлып арасын сиреттік. Күзде көп өнім алдық. 

Сәбіз

өлең

ертегі

Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар, 

Кем болмайды күшке де.

әңгіме

      Мәтіндердің қандай ұқсастықтары  және айырмашылықтары бар?

      Мәтіндер қай стильде жазылған?

Дескриптор:          Білім алушы

-  мәтіндердің  жанрын атайды;

-  мәтіндердің ұқсастықтарын сипаттайды;

 -мәтіндердің айырмашылықтарын анықтайды;

-  мәтіндердің  қай стильде жазылғандығын айтады.

Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»

:

 

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

      Әріптерді таниды және ажыратады.

      Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті  қойып, сөздерді оқыңыз.

Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?

Дескриптор:          Білім алушы

-  көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқиды.

-  сөздегі әріп пен дыбыс санын анықтайды. 

Бөлімше 2.9 «Дыбыс пен әріпті тану және ажырату»

:

1.2.9.2. Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы я, ю, ё дыбыстары бар сөздерді қатесіз оқиды.

я, ю, ё дыбыстарының дыбысталу ерекшелігін түсіндіреді.

  Сөйлемдерді оқыңыз. Суретті сәйкес сызбамен байланыстырып сызыңыз және атауын жазыңыз.  

  сәбіз жеді.   балды жақсы көреді. Асанның ағасы

          _________                         ___________________             _______________

Не байқадыңыз? Сөзде неше дыбыс, неше әріп бар? Неліктен?

Дескриптор:          Білім алушы:

-  сөйлемдерді қатесіз оқиды;

-  суретке сәйкес сызбаны анықтайды;

-  суреттің атауын қатесіз жазады;

-  я, ю, ё әріптерінің дыбысталу ерекшеліктерін түсіндіреді.


Бөлім «Жазылым»

Бөлімше 3.3 «Жоспар құру»

Оқу мақсаты:                             1.3.3.1     Мұғалім     көмегімен     мәтінге      суреттер,

сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:                  Білім алушы

      Оқиғаның ретін анықтай отырып мәтінге суреттер/сызбалар арқылы жоспар құрады.

      Мәтінге ат (тақырып) қояды. Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

      Бірде кішкентай көжектің анасы ауырып қалды. Ол анасын емдейтін дәрі іздеп шықты. 

      Көжек орманды аралап, қатты шаршады. Содан соң бір ағаштың түбіне отырып, жылай бастады.  

- Жылама. Мына алманы анаңа апарып бер, - деді ағаш.  Көжек қуанып кетті.

 Алманы анасына әкеліп берді.

Анасы алманы жеп, дәнін топыраққа көміп қойды. Одан үлкен алма ағашы өсіп шықты. 

Енді көжек аюға да, тышқанға да, кірпіге де  дәмді алма сыйлайтын болды.

      Мәтін не туралы?

      Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?

      Әр бөлігінде не туралы айтылған?

      Берілген үлгіні  жалғастырып, мәтінге жоспар құрыңыз

1. 3. ....

Мәтінге ат қойыңыз.

Дескриптор     Білім алушы

-  мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-  мәтінді мазмұны бойынша бөліктерге бөледі; - мәтінге сурет/сызба арқылы жоспар құрастырады; - мәтінге ат қояды. 

Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»

                                  :                                1.3.4.1.     Мұғалім     көмегімен      оқыған/тыңдаған

мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу. 

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:                     Білім алушы

      Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды.

      Мәтінге қатысты  ақпаратты сурет/сызба/ белгілерді қолданып жеткізеді.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мазмұнын суретпен/сызбамен жазып көрсетіңіз.

     Есік  алдында жатқан бір түйір Бидай мен Жүгері таласты да қалды:

-          Мен ірімін, - деді Бидай.

-          Жоқ, мен! - деді Жүгері.

    Сөйтіп олар көзге түсіп қалды. Әтеш келді де, екеуін екі шоқып жеп алды.

Орынсыз айтыстың нәтижесі не болды? Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  мәтінді оқиғаның ретін анықтайды;

-мәтінге қатысты ақпараттарды сурет/сызба арқылы  бейнелейді.

-  мәтіннің мазмұны бойынша ой қорытып айтады. 

Бөлімше 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрастыру»

:

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті  сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Тірек сөздер/сызбалар/суреттер/белгілердің көмегімен  жай сөйлемдер/шағын мәтін құрастырып жазады.

Тапсырма

Мәтіннің бастапқы бөлігін  мұқият тыңдаңыз. Суретке сүйеніп, берілген мәтінді аяқтап жазыңыз.  Айдар бүгін ерте оянды.  Ол алдымен жаттығу жасады, төсегін жинады. Содан соң..

Дескриптор:        Білім алушы

-          мәтіннің бастапқы бөлігіне сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастырады;  

-          мәтінді сурет/сызба/тірек сөздерді қолдана отырып жазады.

 Бөлімше 3.6 «Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу»

:

1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

 Жұптық жұмыс.

Білім алушы

Әр түрлі жанрда (хабарлама/ нұсқаулық) сөйлемдер /мәтін құрап жазады.

Суреттер мен тірек сөздерді пайдалан отырып,  жеміс салатын жасауға арналған  нұсқаулық жазыңыздар.  Жанрын 

Алдымен ...

Содан соң ...

Соңында ...

Жеміс салаты дайын болды. Ас болсын!

Дескриптор:          Білім алушы

-          суреттің реті бойынша нұсқаулық жазады; - нұсқаулықтың жанрын сақтап жазады;  - сөйлемдерді қатесіз жазады. 


Бөлімше 3.7 «Қатені табу және түзету»

Оқу мақсаты: 1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді  тексеру және  қателерін түзету.

Ойлау дағдыларының Қолдану  деңгейі: Бағалау критерийі: Білім алушы:

      Сөз, сөйлем, мәтінде  жіберілген қателерді анықтайды.

      Мұғалімнің көмегімен қатені түзетеді.

Тапсырма

Суреттің орына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді  оқыңыз. Не байқадыңыз?  Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастырып жазыңыз.

          пісірді  тамақ.        алды жарыста орын бірінші.

Дескриптор:          Білім алушы

-          сөйлемдегі сөздердің байланысында жіберілген қатені анықтайды; 

-          сөздерді            дұрыс            байланыстыра        отырып,        сөйлем құрастырады;

-          сөздердіңорын            тәртібін         сақтай           отырып,        сөйлемдер жазады.

Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық  нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Әріп элементтерін  дұрыс байланыстырып салады.

Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тапсырма

Мәтінді көшіріп жазыңыз.

Бұл – азық-түлік дүкені. Дүкенде нан, сүт, түрлі жемістер мен көкөністер бар. Адамға азық-түлік өте қажет.

Дескриптор:               Білім алушы:

- әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;  -  жазу жолын, жоларалық кеңістікті  сақтайды; - сөйлемдерді қатесіз көшіреді.  

Бөлімше 3.9 «Орфографиялық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:                              1.3.9.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы

жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу. Ойлау дағдыларының    Қолдану деңгейі:

Білім алушы

Бағалау критерийі:                     Сөздерді есту арқылы  жазады.

Тапсырма

 Берілген сөйлемдерді  мұқият тыңдаңыз  және  жазыңыз.

Нұрлан баққа барды. Ағашта өсіп тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ол ағашты сілкіледі. Алмалар саулап жерге төгілді. 

Дескриптор:      Білім алушы

- сөздерді есту арқылы қатесіз жазады;


Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»

Оқу мақсаты:

1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады.

      Жіктік жалғауларын дұрыс қолданады

 Әже сөзіне тиісті  тәуелдік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді көшіріп  жазыңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-     тәуелдік жалғауларын дұрыс  жалғайды; -  сөйлемдерді қатесіз  жазады.

2-тапсырма

Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып,  сөйлем құрастырып жазыңыз.

Дескриптор:           Білім алушы:

-     суретке сүйеніп, бос орындарға тиісті етістіктерді қояды; - сөздерге жіктік жалғауларын дұрыс жалғап жазады.


«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.      e-mail: info@cpm.kz.

116