Карбонилді қосылыстардың тотығуы. Тотықсыздану реакциялары.
1.Органикалық химиядағы «тотықсыздану ұғымына анықтама. Тотықсыздандырғыштар түрлері.
2.Ароматты құрылымның тотықсыздануы. (А.Н. Вышнеградский, Ладенбург).
3. Меервейн—Понндорф—Верлей бойынша тотықсыздану. Және Оппенауэр бойынша тотығу
4. Карбон қышқылдары және оның туындыларының тотықсыздануы
Мынадай функционалдық топтары бар (—ОН, NC=O,
, —NO2, —C==N, —N=0 т.б..), еселік байланысы, немесе галогені бар кез келген органикалық қосылысты алкандарға дейін тотықсыздандыруға болады.Тотықсыздандырғыш пен реакция жағдайларын өзгерте отырып,процесті кез келген бір аралық кезеңде тоқтатуға болады. Ең жиі қолданылатын тотықсыздандырғыштарға мыналар жатады
1)молекулалық сутек;
2) металл гидридтері;
3) металлдар;
4) металлоорганикалық және элементооргани калық қосылыстар
5) иод сутекті қышқыл
Тотықсыздану процестеріне кейбір айрылу реакциялары атап айтқанда декарбоксилдеумен байланысты реакциялар жатады..
Сутекпен тотықсыздану
Сутек ең бір универсалды тотықсыздандырғыш болып табылады ,бірақ ол өте қатаң жағдайларды , және метал негізіндегі арнайы катализаторларды (Pt, Pd, Ni ) талап етеді . Сутекті сонымен қатар оның «металл-қышқыл»,« сілтілік металл-спирт»,«металл аммиак» жүйелерінде тікелей түзілу кезінде пайдаланады. Төменде сутек арқылы тотықсыздану мысалдары келтірілген
Изоляцияланған қос байланыстар басқа функционалдық топтарға қарағанда оңай гидрленеді; ацетилен, аллен және кейбір жағдайда ароматты нитротоптардан басқалары .
Төмен температуралар мен қысымда палладий жақсы нәтижелер береді. Бірақ қос байланыспен қатар гидрогенолизге қабілетті топтары бар қосылыстарды гидрлегенде платина немесе родий пайдалырақ .Қос байланыстың миграциясынан сақтау үшін Реней никелін және рутенийді катализатор ретінде қолдану керек
Спиртер мен фенолдарды көмірсутектерге тотықсыздандыру үшін нағыз әр түрлі тотықсыздандырғыштар қолданылады. Каталитикалық тотықсыздандыру үшін тотықсыздандырғыш ретінде восстановлении в качестве катализаторов • применяли
Со/А12О3, мыс хромиті,мыс хромиті мен графит , кизельгурдегі никель
Вольфрам дисульфиді, барий сульфатындағы палладий
Осындай гидрогенолиз кезінде карбоний ионы арқылы жүретін қайта топтасу реакцияларының мүмкіндігі жоққа шығады. Гидрогенолиз бензил типті спиртер жағдайында жақсы жүреді,ал басқа спирттерде қиын жүреді..
Бір атомды спирттер үшін ең кең таралған тотықсыздандырғыш ретінде фосфор мен иодсутекті қышқылдың комбинациясын алуға болады.Бұл қоспаны жұмсақ жағдайда да (сұйытылған иодсутекті қышқыл) қатаң жағдайда да пайдалануға болады. Әр түрлі тотықсыздандырғыштардың ішінен сірке ангидридіндегі иодсутекті қышқылды
Металлдық мырыш, сірке қышқылындағы мырыш, тұз және сірке қышқылындағы мырыш немесе сұйық аммиактағы натрийді атап айтса болады.
Құмырсқа қышқылында карбанионға айналатын кез келген бір атомды спиртті көмірсутекке дейін тотықсыздандыруға болады.Барлығынан жақсы үшфенилкарбинолдар тотықсызданады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.