Картатека
Оценка 5

Картатека

Оценка 5
Домашнее обучение
doc
администрации
Детсад
18.05.2019
Картатека
. . . . . .. . . . .. . . . . . . . .. . . . . . .. . . . .. . ... . .. . . . . . . . . .. .
kartateka.doc
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  бойынша Картотека №1                                        «Неге? Не үшін?» Бұл ойында қойылған сұрақты мұқият   тыңдау   талап етіледі. Ал,әзір болсаңыздар сұраққа құлақ түреміз. ­Доп жерге түсіп кетті, бірақ жарылған жоқ ,неге? ­Жазда жеңіл киіну керек,неге? ­Апам маған қуыршақ сатып әперді,не үшін? ­Анасы баласына алманы « жуып же»деді. Не үшін? ­Далада   қатты   жел   болып   тұр,   апай   терезені   жапты. Неге? т.с.с. Мақсаты:  Өз   ойларын   дұрыс,   анық   жеткізе   білу дағдыларын қалыптастыру.Сөздік қорын дамыту. Картотека №2                                                    «Төлін тап»   Балалар үй жануарларының төлдерін тауып, қазақша аттарын атау керек. Үй жануарлары бізге не береді? ­Неге үй жануарлары дейміз? ­Үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай? Мақсаты: Төрт   түлік   туралы   ,оның   төлдері   туралы   білуге, ойларын   жеткізіп   айтуға   үйрету.Байланыстыра сөйлеуге   қалыптастыру.Қалай   дыбыстайтынын айтқызу. Картотека №3 «Жалпы атауын ата» » Картотека №4   оқу     ойыншықтар, Тәрбиеші   балаларға   хатқалтаның   ішіне   салынған жемістер, құралдары,үй жихаздарының   суреттері   бар   бірнеше   сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді.  Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс. Мақсаты: балаларға заттарды жеке­жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып   шешу   арқылы   тапқырлыққа,   шапшаңдыққа баулу «Сөйлемді жалғастыр»   Сөйлемнің   басын   бастап,   сөйлемді   балалар аяқтауы керек. Мысалы:   Бақшада   ойыншықтар...........     .   Менің үйде.......     .   Ойынды тақырыпқа байланысты өзгертіп отырып өткізуге болады.   .Мен   бақшаға   .......   Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында   бір   сөйлемнің   неше   сөзден   тұратынын талдайды. Көрнекілік: сөздер жазылған карточкалар. Мақсаты:  Балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап   орындауға,   сөйлемді   жалғастыра   білуге, сөйлемнің   неше   сөзден   құралғанын   айтуға   үйретіп, тапқырлыққа баулу.                Картотека№5 Картотека №6                                                      «Кімге не керек?» Әр   мамандыққа   байланысты   суреттерді   тауып, қалташаларға салу. Мақсаты:  Заттарды   дұрыс   атап,   орынды   қолдана білуге жаттықтыру «Нені қайдан алуға болады?»   Суреттің   жанында   түрлі Тәрбиеші   үстелдің   үстіне   нанның,   киімнің,   ыдыстың,   сүт,ет тағамдарының   суреттерін   қояды.Бұл   суреттер   «Дүкенді» бейнелейді.   заттар   аралас жатыр.Шақырылған   бала   суреттің   ішінен   біреуін   алады   да   не екенін,қайда сатылатынын айтады. Мысалы: ­Пальтоны, көйлекті қайдан алуға болады? ­Киім сататын дүкеннен аламыз. ­Етті,шұжықты,майды, қазыны қайда сатады? ­Азық­түлік, ет дүкенінде, базарда сатады. ­Ыдысты қайдан алуға болады? ­Ыдыс сататын дүкеннен алуға болады. Мақсаты:Көкөністердің   аттарын   жеке­жеке   атап, түстерін, пішіндерін ажырата білу. Жалпы және жеке атаудың мағынасын түсіндіру. Осы тапсырмадан соң тәрбиеші суреттердің ішінен біреуін алады да,қай дүкенде болатынын айтқызып,сол дүкенге апарып қоюға тапсырма   береді.Дұрыс   таппаса   басқа   балаға   орындатады.Сол зат жөнінде сөйлем құратады.  ­Нан неден жасалады? ­Ұн неден жасалады? ­Нанды қайда пісіреді? ­Нан қайда сатылады?  ­Нан   сататын   кісіні   қалай   атаймыз?   Ойынның   соңында   нан туралы   өлең   оқылады.Егер   жаттаған   тақпақтары болса,балалардың өздері айтады Картотека №7 «Жеке атауын ата» Балаларға себеттегі көкөністерді жеке­жеке алып, оның атын, пішінін, түсін ажыратып айтқызады. Таратылған муляждар бойынша көкөніс атын атайды. Жалпы және жеке атауды салыстырады. Жеке көкөністерді себетке салады. Неліктен көкөніс деп аталатынын айтады. Картотека№8 «Қайсысы қайда тіршілік етеді ?» Әр түрлі аңдар,құстарды көрсетіп,олардың қайда өмір сүретіні   сұралады.   Олардың   немен   қоректенетінін айтқызады. Балалардың   сөздік   қорына   жаңа   сөздер   енгізу   үшін тапсырманы   түрлендіруге   болады.   Олар   туралы балалардың білетін өлең ,жұмбақтарын айтқызады. Мақсаты:  Суреттен көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда  өмір сүретінін  айтқызу.  Сөздік  қорын молайту. Картотека №10 «Бұл қашан болады?» Мақсаты: балаларға жыл мезгілдерін толық ажырата  білуге, жыл мезгілдеріндегі әр түрлі өзгерістерді  ажыратуға, суреттер бойынша жұмыс жасай білуге  үйрету. Сөздік қорларын байыту. Құралдар: Жыл мезгілінің суреті  Ойын барысы: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер  көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті  көрсетіп әңгімелеп береді. Картотека №9 «Жануарларды орналастыр» Тақтаға жайлаудың, орманның суреті салынған плакат ілінеді.Суреттің   астында   қалташалар,   қалташаларға жануарлардың   суретін   орналастыру   керек.   Орманға жабайы   жануарлар,   жайлауға   төрт   түлік   малды қояды.Суреттерді дұрыс тауып орналастырады. Картотека №11 «Көңіл­күй және жүріс» Мақсаты: Сезім қозуын төмендету, алаңдаушылықты  азайту, бұлшық еттерді босаңсыту. Ойын барысы: Жүргізуші қозғалысты көрсетіп, көңіл­ күйді сұрайды. *Алдымен ұсақ жауын болып, содан кейін үлкен тамшы болып жауамыз. * Торғайға айналамыз, шағалаға, бүркіт болып ұшамыз. * Көңілді сайқымазақ болып секіреміз. *Тәй­тәй жасап, бала болып жүреміз. *Құсты аңдыған мысықша аңдап басып жүреміз. *Ойға шомылып жүреміз. *Анамыздың алдынан шығып мойнына асыламыз. Мақсаты : Жемістер мен көкөністердің бақта және  бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту. Олардың  аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның  адам денсаулығына маңызды жөніндегі білімдерін  тереңдету. Құралдар: Фланелеграф, панно, бақ және бақшада  салынған суреттер, жемістер мен көкөністер  жиынтығы. Ойын барысы: Тәрбиеші: Фланеграфқа балалармен  бірге жемістер мен көкөністердің  атын  және  құрамындағы дәрумендерді естеріне түсіріп, бақ және  бақша суреттеріне апарып жіктеп іледі. Содан кейін  үстел үстіне жемістер мен көкөністердің суреттерін  араластырып қояды. Балалар әрқайсысын өсетін  орнына қарай панноға орналастырады. Картотека №12 «Не қайда өседі?» Картотека №13 Картотека №14 «Күн шуағы» «Не өзгерді?» Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту,  баланың өз сезімін, әрекетін түсініп, әсерлене білу  қабілетін дамыту. Ойын барысы: Балалар шеңбер болып тұрады.  Жүргізуші сендердің көздеріңе қарайды. Көздеріңнен  беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен  сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайына, мұрнына, аузына бетіңнің ұшына иегіне түсті. Алақандарыңмен күн  шуағының жолдарын сипап көріңдер, одан киіміңнің  мойынынан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан арқанды  сипап өтіп желке тұсына барады. Күн шуағы сені жылытып аймалайды. Сен оған күліп  қарап, мейірімді жерге түй. Мақсаты: көру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Мазмұны: тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға  іліп, бірінші жолағына 1 алмұрттың суретін, екінші  жолағына  көп алманың суретін іледі де, балалармен  бірге салыстырады. Содан кейін керісінше бірінші  жолаққа көп алманы, екінші жолаққа 1 алмұрттың  суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды. Картотека №15 «Артық сөзді ата» Мақсаты : балалардың есту, ойлау қабілеттерін,  тілдерін дамыту, жыл мезгілі, апта күндері, тәулік  бөліктері туралы білімдерін бекіту және нақтылау. А) Қыс, жаз, таңертең, көктем Ә) Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, наурыз, жексенбі Б) Түн, күн, бүгін, таңертең, кешке В) Бір, екі, жеті, қыс, тоғыз Г) жылдам, бояу, ертең Тәрбиеші сөздер қатарын айтады. Балалар естуі  бойынша артық сөзді атайды, оның неге артық екенін  дәлелдейді. Картотека №16 «Әже сандығы» Балаларға   сұрақтар   қою   арқылы   «Әженің сандығындағы»   ұлттық   киімдерді     үлестіреді.(ұлттық киім суреттері) Балалардың жауаптары: ­Мынау камзол,кимешек, шапан,сәукеле, шалбар,тақия, кебіс, етік, көйлек. Ойын   соңында   балалар   кім   көп   киім   жинағандығы жөнінде айтады. Балалар сұрақтарға жауап береді. Мақсаты:  Ұттық   киімдер   туралы   түсініктерін қалыптастыру. Аттарын  жатқа білу, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру Картотека №17 Картотека №18 «Әсем гүлдер» «Ақылды машиналар» Балалар гүлдердің суретін танып, дұрыс атап көрсетіп,  олардың не үшін керектігін түсіндіріп үйретеді. Мақсаты: Гүлдерді атап айыра білуге жаттықтыру.       Мақсаты: Адамдардың жұмыстарын жеңілдетуге  машиналардың көмегі туралы балалардың білімдерін  бекіту. Істейтін қызметтеріне қарай машиналарды  топтастыруға,машиналардың  аттарын дұрыс атауға  үйрету,сөздік қорларын молайту: бульдозер,көтергіш  кран, «жедел жәрдем»,ауыр жүк машинасы,қар  тазалайтын машина т.б.       Ойын шарты: Таратылған сурет бойынша  әңгімелеу. Жоспар бойынша әңгімелеуді үйрету.       Ойынның барысы: Ойынды бастамас бұрын  бастаушы балалармен бірге суреттерді қарастырады.  Бұл суреттерде үй жұмысына көмектесетін ақылды машиналар бейнеленген: шаңсорғыш,үтік,ет –  тартқыш,кір жуатын машина,т.б;  құрылыста:бульдозер,көтергіш кран,эксковатор,т.б;  көліктер: трамвай,автобус,  ұшақтар,поезд,т.б.;дүкендерге зат таситын машиналар:  «Нан», «Сүт», «Азық ­ түлік», «Ойыншықтар» ,  «Тұрмыс ­ заттары», «Ұн» т.б.   Жүргізушінің белгісі бойынша ойынды бастайды. Дұрыс атамаған бала ойын соңында айыбын тақпақ,өлең айтып өтейді.  Картотека №19 «Дұрыс ата» Мақсаты: Үй жануарларын дұрыс атап,таба білуге  үйрету. Ойлау қабілеттерін,қызығушылығын арттыру.         Керекті құралдар: үй жануарларының суреттері.        Ойынның шарты: Үй жануарларын таба білу,олар  туралы айта білу.       Ойынның барысы: Ойыншылыр үстел үстінде  жатқан үй жануарларын таңдап атын атап береді.  Картотека №20 «Құстар» Мақсаты:  Құстарды топтастырып,аттарын атау.  Салыстыра білуге және ойлау қабілетін дамыту.         Керекті құралдар: Қыстап қалған және ұшып  кететін құстардың суреттері.        Ойын шарты: Белгі бойынша құстарды екі топқа  топтастыру (жыл құстары,ұшып кететін құстар). Ойын барысы: Ойыншылыр «Жыл құстары»,  «Ұшып кететін құстар» болып екі топқа бөлінеді. Үсел  үстінде жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың  суреттері араласып жатады. Жүргізушінің белгісі  бойынша,балалар өз топтарының  атына сәйкес  құстарды топтастырып,аттарын атайды. Бір құсты екі  рет атауға болмайды. Жаңылысқан бала,ойын соңында  айыбын құс туралы өлең,тақпақ,жұмбақ айту арқылы  өтейді.            Картотека №21 «Бұл қай жыл мезгілі?» Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін  анықтау және әрі қарай дамыту.      Ойынның шарты: Жауап берген балаға сақина беріледі.   Жүргізушінің сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атау.     1.Балалар,қай кезде қызыл,сары жапырақтар көп болады? /  балалардың жауабы/.     2. Қай кезде жеміс – жидектер жиналады? / балалардың жауабы/.     Балалардың жауаптарынан табиғат құбылыстары мен адам еңбегінің  қай жыл мезгіліне байланысты екенін анықтауға болады.      Жүргізуші: Ендң мен жыл мезгілдерін атаймын. Ал,сендер соған  байланысты бұл кезде не болатынын,адамдар немен айналысатынын  айтасыңдар. Мысалы: Көктем деймін де,сақинаны  Розаға беремін.  Роза тез ойланып,көктемде не болатынын айтады. Розаның жауабы:  Көктемде қар ериді. Роза сақинаны қасындағы отырған балаға береді.  Ол да көктемнің бір белгісін атайды. Осылайша ойын жалғаса береді.  Ойын шартын бала толық меңгергенде ғана ойын басталады. Қиналған  балаға тәрбиеші бағыттаушы сұрақтармен көмектесіп отырады.   Картотека №22 «Самат деген балаға арналған хат»        Мақсаты: Жылдың қыс мезгілі жайлы түсініктерін білуге үйрету.         Керекті құралдар: балабақшаның мекен – жайы жазылған хат  салғыш,сұратар жазылған кішкене карточкалар.     Ойынның барысы: Жүргізушінің қойған сұрақтарына балалар  ойланып,дұрыс жауап береді.         Ойынның барысы: Жүргізуші: Ал,балалар,мен сендерге Саматтың сұрақтарын таратып  беремін. Таратылған карточкалар бойынша әр балаға сұрақтарды  түсіндіреді. Балалардың жауаптарын өзі толықтырады.  1. Қыс мезгілінің белгілерін ата?  2. Қыс мезгілінде қанша ай бар? Олар қалай атады?  3. Қыста күн суытқанда қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді? 4. Қандай құстар ұшпай қалып қояды? Сендер оларға қандай  көмек жасайсыңдар?  5. Қыста адамдар қалай киінеді?  6. Қыс мезгіліне байланысты қандай өлең – тақпақтар білесіңдер? 7. Қыстан кейін қандай мезгіл келеді?       Балалардың жауаптары келесі күнгі серуенде Саматқа жолданады.        Картотека №23 Картотека №24 «Көкөністер мен жемістер» Мақсаты   :    Жемістер   мен   көкөністерді   ажыратуға үйрету. Ойынның   барысы:  Тәрбиеші   балаларға   қорапшаның ішінен   бір­бірлеп   жемістер   мен   көкөністерді   алып шығып,   оның   қайсысы   жеміске   жатады,   қайсысы көкөніске   жатады   деп   сұрайды.   Олардың   атауларын ажыратып айтуға төселдіру. «Кім не біледі?» Картотека №25 Мақсаты. Қойлған сұрақтарға толық жауап алу. Ойынның   барысы:  тәрбиеші   балалар   тақырыпқа байланысты   балаларға   сұрақтар   қояды.   Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берулері керек. Кім тез және көп ұпай жинаса, сол бала жеңімпаз атанады. «Дәміне қарай ажырат» Мақсаты :  жемістер   мен   көкөністерді   дәміне   қарай ажыратуға үйрету. Ойынның   барысы:  Үстел   үстіндегі   көкөністер   мен жемістердің бөліктерінен көзі жұмулы бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін айтуы тиіс. Мақсаты:  байланысты көп сөз ойлауға үйрету.   балаларға   бүгінгі   өткен   әріптерге Ойынның   барысы:  Тәрбиеші   бүгінгі   өткен   әріпке байланысты сөзді көп ойлауға, және тез айтуға үйрету. Сол   дыбыстың     сөздің   басында,   ортасында,   және соңында кездесетін болуы керек.                                                    Картотека №26 «Сөз ойла, көп ойла» «Таным» білім беру саласы бойынша Картотека №1 «Қай зат неден жасалған?» «Нені атағанымды көрсет»   көрсеткен   заттардың   неден Балалар   тәрбиеші жасалғанын айтады. Мысалы,   кітап,   қайшы,   сызғыш,   қасық,   нан,   май, ірімшік т.с.с. Мақсаты:  Материалдардың бір­бірінен ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі   материалдармен   таныстыру. Тәрбиеші   өлі   табиғатқа   не   жататындығын   көрсетуді сұрайды. ­Тірі  табиғатқа не жататынын көрсет? ­Адам қолымен жасалынған заттарды көрсет? Ойын ұйымдастыру Қолында   жасанды   гүлдері   бар   Буратино   балалардан оны топырақ салынған   ыдысқа   отырғызуды   сұрайды.Балалар   оған неге отырғызуға болмайтынын түсіндіреді. Тірі  бөлме өсімдіктері мен жасанды гүлдерді салыстыру.       ­Бұл өсімдіктер қалай аталады?            ­Бұл   бөлме   өсімдігі   неге   тірі   деп   аталатынын түсіндіріңдер? Буратино   ойнау   үшін   аквариумнан   балықты   алмақ болады.   Балалар   неге   бұлай   істеуге   болмайтынын түсіндіреді. Қорытынды.Егер   сен   табиғаттан   бір   зат   алатын болсаң, онда оған бірдеңе бер. Ағаш отырғыз,бұлақтың көзін   аш,   құстарға   жем   бер,   сонда   ғана   ол   керемет және бізге де пайдалы болады. Картотека№2 Картотека №3 «Әрі қарай сана»    Картотека №5 үйрету   Балалардың   берілген   кез   келген   санды   әрі   қарай жалғастырып біліктілігін санап бекіту.Зейінділікке,   шатаспай   әрі   қарай   санау. Тапсырма 3­4 балаға беріледі. кету       Мақсаты:   Қарапайым   сан   мен   санау   түсініктерін қалыптастыру   яғни   қарапайым   математикалық түсініктерін қалыптастыру. «Үйін тап» Әр түрлі биіктіктегі үш үйдің астында,әр түрлі бойдағы үш қыздың суреті салынған,әр қыздың бойларына қарай өз үйіне сызық арқылы апарады. Мақсаты:  Ұзын­қысқа, ұғымдарын ажырата   биік­аласа,   кішкентай білуге, ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма. Картотека №4 «Көршісін тап» Картотека №6 Үш клеткалы карточка беріледі, ортасындағы клеткада кез келген сан жазылған, ал енді алдыңғы және соңғы клеткаға осы сандардың көршісін жазу ұсынылады. «Ойыншықты үйшікке орналастыр» Мақсаты: Балаға үш бос қорап және шарик, кубик,  машиналары бар қорап ұсынылады. Мақсаты:  Санау,   реттік   санау   ,сандардың   реттік қатарын білуге Ересек адам  балаға әр қорапты көрсете отырып,  «мынау­кубиктердің үйі, мынау­ машиналардың үйі» деп түсіндіреді. Содан соң ойыншықтарды өз  қораптарына жинауды өтінеді. Картотека №7 «Қапшықтан не ойыншық алдың?» Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап  білуді үйрету. Керекті құралдар: Әрбір балаңа ішінен шошқа­ жаңғақ,  ұсақ тастар, түйме т.б санайтын заттар салынған  қапшық берілуі тиіс. Ойын шарты: Мұғалім балаларға қолдың  саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4  шарды алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан  шарларды алып, стол бетіне қояды және санайды.  Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара  тексереді, қателік жөнінде мұғалім айтады. Тапсырма  бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаз атанады.                     Картотека №8 «Ғажайып дорба»   ойыншықтар   Мақсаты:Геометриялық   пішіндер   туралы   білімін бекіту. Ғажайып   дорба   ішіне   төртбұрышты   және дөңгелектер,әр   түрлі іріктеліп салынады.Шақырылған бала дорбадан бір затты алып, оның атын айтады. Мысалы,    ­Мынау­доп.Ол­дөңгелек, түсі­ала. Дорбаға   доп,   тостаған,   дөңгелек,   алма,   қарбыз суреттері,құрылыс материалдары салынады. Сиқырлы   қалтадағы   заттарды   дұрыс   атап   айту   үшін, ортаға шыққан бала қолын қалтаға салып сипау арқылы біліп, затты атайды, қалтадан алып шығады. Мақсаты:  Сипап   сезу   арқылы   не   зат   екенін   табуға үйрету. Картотека №11 «Сиқырлы кубик» Ортаға   шыққан   бала   геометриялық   пішіндер бейнеленген кубикті жоғары лақтырып жібереді, жерге түскен кубиктің бет жағындағы пішінді атауы қажет. Мақсаты: Геометриялық пішіндерді дұрыс атай білуге үйрету. Картотека №9 «Сиқырлы пішіндер» Үстел   үстіне   геометриялық   пішіндер   қойылады.Бала геометриялық   пішіндерді     атап   тәрбиешінің   нұсқауы бойынша   заттар   құрастырады.Мысалы,   балапан,   күн, қар адам, шырша, көлік т.с.с. Мақсаты: Геометриялық пішіндерді дұрыс атап айыра отырып, түрлі заттарды құрастыра білуге үйрету. Картотека №10 «Сиқырлы қалта» Картотека № 12 «Баспалдақ» Жазылмай қалған цифрларды тауып, дұрыс ,әдемі жаза  білуге, тура және кері санауды балалардан сұрау. Мақсаты: Сандар туралы ұғымдарын қалыптастыру. кейін кубиктерді қайта араластырып, балаға кубиктерді өзі жинауға тапсырма береді. Картотека №13 «Кубииктерді жина» Картотека №14 Мақсаты: Түс пен пішінді бір мезгілде салыстыру. Ойын барысы: Тәрбиеші балаға үш түсті кубикті (көк,  қызыл, сары) ұсынып, түсті қағаз жапсырылған үш  қорабын ұсынады. Алдымен кубиктерді түсі бойынша  жинап, қайсысына сарысын салатынын көрсетеді. Содан «Үйін тауып көр» Мақсаты: Ұзын­қысқа, биік­аласа, кішкентай  ұғымдарын ажырата білуге, ойлау қабілеттерін  дамытуға арналған тапсырма. Шарты : Әр түрлі биіктіктегі үш үйдің астында әр түрлі бойдағы үш қыздың суреті салынған әр қызды бойларына қарай өз үйлеріне сызықтар арқылы апарады (3 бала орындайды) Барысы: Балалар енді мына суретті қарап ауызша  орындап көрелікк. Суреттерді қарап қыз ортада, портрет жоғарыда ал доп  төменде, теледидар сол жақ шетте, вазадағы гүл оң жақ шщетте орналасқан енді өздіктерінен айта білу. жұп заттарды таба білуге үйрету (екі қуыршақ, екі  машина, екі автобус) Ойын барысы: Ересек адам бір­бірлеп жұптап  заттарды алып,  үстелге қояды. Балаға көрсетіп: «Қарашы,  кубиктер бірдей екен» дейді, соңғы сөз интонациялық  жағынан біршама  Ерекшеленіп тұрады. Содан кейін келесі жұбын табу  ұсынылады. Сөзі тұсініксіздеу болса да, оны қимыл Арын түсіндіруге ұмтылдыру қажет. Картотека №15 «Ұқсастарын тап» Мақсаты: балаға көлемі мен пішіні әр түрлі заттарды  салыстыруға, көлеммі мен пішіні ұқсас заттарды және  Картотека №16 «Өз пәтеріңе жайғас» «Ауысып кеткен апта күндері» Мақсаты : апта күндерін жатқа және олардың қай  орында тұратындарын есте сақтауға үйрету. Мазмұны : тәрбиеші балаларға тақтада тұрған апта  күндерін таратып береді. Балалар музыка ырғағымен  билеп жүреді, музыка ырғағы тоқтағанда күннің  ретімен тұра қалады. Қалған балалар апта күндерінің  орналасуының дұрыстығын тексереді. Мақсатты: Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді  таба білу. Құралдар: бетіне дөңгелектер сызылған үлкен  форматты  карточкалар. Ойын шарты: Мұғалім кластың бұрыштарына карточкалар іледі.  Карточкалардағы дөңгелектердің саны әр пәтерде неше бала тұра алатынывн анықтайды. Мұғалім: «Әрбір карточкаға зер сала қараңдар да бұл  пәтерде неше бала тұратынын есте сақтаңдар». Әр  пәтерде балалардың дұрыс орналасуын тексеруге бала  жауапты болады. Бізде 4 пәтер бар және оларға  жауапты 4 баланы баңдаймын. Енді әрқайсысың өз  пәтерлеріңе жайғасып, онда өзінен басқа неше бала  болуы тиіс екенін ойлаңдар. Балалар өз пәтерлеріне  барып есептей бастайды. Картотека №17 Картотека №18 «Жануарларды орналастыр» Картотека №20 Мақсаты: балаларды тақтада және қағаз бетінде  бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы  тапсырманы, ал қалғандары үстелдің  үстіндегі парақ  қағазда фишкамен орындайды. ­Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақ тиінді орналастыр. ­Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. ­төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. ­Жоғарғы мол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр. ­барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?    Картотека №19                                                                «Айырмашылығын тап» Мақсаты : Салыстыру арқылы балаларадың заттардың  көлемі, саны, кеңістіктегі орны түсу туралы білімдерін  бекіту. Мазмұны : киіз үйдің қасында ұл бала мен қыз бала тұр. Тәрбиеші 2 суретті көрсетіп, балалардан  айырмашылығын табуды сұрайды. «Сипаттамасы  бойынша  тап»       Ойынның мақсаты:  Ұзын – қысқа, кең – тар,  биік – аласа ұғымдарын бекіту.      Ойынның құрал­жабдықтары:  жануарлардың,  құстардың ойыншығы.     Ойынның мазмұны: Балалар аю, түлкі, қасқыр,  қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойынщықты  анықтап, атын атайды. Ойнаушылардың біреуі  бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық  туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақты  құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы  шақырады. Картотека №21 «Көп және біреу» Картотека №22       Ойынның мақсаты: Көп және біреу қатынастарын  білуге үйрету; заттардың тең және тең емес топтарын  салыстыру.       Ойын құрал­жабдықтары: көп және бір зат  бейнеленген суреттер.        Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді  қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген  суреттерді бөліп екі жаққа қояды. Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар «Кеңістік»      Ойынның мақсаты: Балаларды кеңістікті  бағдарлауға жаттықтыру, ойлау қабілеттерін,  қабылдау, зейін процестерін дамыту.       Құрал­жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген  суреттер.      Ойынның мазмұны: Балалардың алдында үлкен  бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып  беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну.  Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің  үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса  береді. Картотека №23        «Жоғарыда­төменде» Картотека №24                                        Ойынның мақсаты: Жоғары­төмен ұғымдарын  пысықтау. Байқағышты, зейін, қиялды дамыту.       Ойынның құрал­жабдықтары: құстардың,  жануарлардың суреттері.       Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір  суретті алып, атын атайды, орнын анықтап үлкен  суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда  ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.  «Гараждар»     Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер туралы  білімдерін бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту,  жағымлы көңіл­күйлерін қамтамасыз ету.     Ойынның құрал­жабдықтары: бала саны бойынша  суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.      Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады.  Қолдарына рульдің суреті таратылады. Белгі бойынша  балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктерінді  гараждарыңа апарып қойыңдар» ­ деген кезде рульдегі  суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра  қалады. Картотека №25 «Өз үйіңді тап» Картотека №26     Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға  жаттықтыру, қабылдауын дамыту, ойынның ережесін  сақтауға үйрету.      Ойынның құрал – жабдықтары: түрлі­түсті  дөңгелектер.      Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі­түсті  дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі  бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен  шеңберлерге тұра қалады.  «Бет орамалға лайық жамауларды табу»      Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді  ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту.      Құрал­жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан  жасалған бет орамалдарының үлгісі, әртүрлі пішіндер.     Ойынның мазмұны: Балаларға бет орамалдың  үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің әшінен  әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну. Ойынның мазмұны: Балаларға геометриялық  пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде  бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын  табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін  оларды салыстыру.  Картотека №27 «Жұбын тап»     Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді  ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, білімдерін  бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.      Құрал­жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан  геометриялық пішіндердің суреттері.  Картотека №28 «Көзді жұмып, қолыңмен анықта»       Ойынның мақсаты: Ұзын­қысқа, жуан­жіңішке,  үлкен­кіші ұғымдарын бекіту.        Ойынның құрал­жабдықтары: қарандаштар,  таяқшалар. Ойынның мазмұны: Балалар сипап­сезу арқылы  заттың ұзын­қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі  қарандаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып,  оған «көзіңді жұм да, қарандаштың ұзын­қысқалығын  анықта» деген тапсырма береді.      Ойынның құрал – жабдықтары: Биік және аласа  заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.       Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа  заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын  қарастыруды ұсынады. Әр суретте бейнеленгенін  анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан  тұрады. Аласа затты көрсеткенде бастарын төмен  түседі.  Картотека №29 «Зейінді бол» Картотека №30     Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын  бекіту, логикалық ойлауын дамыту.  «Қолымда не бар?» Ойынның мақсаты: Ұзын­қысқа, жуан­жіңішке,  үлкен­кіші, оң­сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну  сезімдерін бекіту.       Ойынның құрал­жабдықтары: ұсақ тастар,  жабдықтар.       Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі  әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіщі  тастар. Бала қолына қарамастан, сипап­сезу арқылы  үлкен­кіші заттың оң және сол қолында екенін  анықтайды. Қалған балалар оның жауабының  дұрыстығын тексереді. Жуан­жіңішке, ұзын­қысқа  өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.  «Қуыршақ қонаққа дайындалуда»      Ойынның мақсаты: Ұзын­қысқа, жуан­жіңішке,  ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға  жаттықтыру.         Ойынның құрал­жабдықтары: ұзындығы,  жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.         Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады,  киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді  ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың  шашын әсемдеу.  Картотека №31 Картотека №32 «Тапсырманы орында» Картотека №33     Ойынның мақсаты: Үлкен және аз заттарды  ажыратуға жаттықтыру.      Ойынның құрал­жабдықтары: үлкендігі әртүрлі  ойыншықтар.        Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып,  оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай  ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай  жалғаса береді.   «Қай қолымда көп»      Ойынның мақсаты: Аз және көп заттарды  ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, ойлау  қабілеттерін дамыту.        Ойынның құрал­жабдықтары: әртүрлі ұсақ  заттар­моншақтар, түймелер.         Ойынның мазмұны: Ортаға бір баланы шақырып,  оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады.  Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай  қолда аз зат бар екнкін анықтайды. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарды көп, қай қатарда аз зат  тұрғанын салыстырады. Картотека №34 «Түрлі­түсті жолақтар» Картотека №35         Ойынның мақсаты: Түстерді атауға,  салыстыруға жаттықтыру. Берілген тапсырманы  орындауға ынталандыру, достық қарым­қатынастарын  тәрбиелеу.         Ойынның құрал­жабдықтары: қағазға  желімденген әртүрлі жолақшалар.          Ойынның мазмұны: Балаларға жолақшалады  көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі  бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны  табу.  «Ұзын және қысқа»       Ойынның мақсаты: Өлшемдердің қасиеттерін  қабылдауға үйрету, тапсырманы орындауға  жаттықтыру.        Ойынның құрал­жабдықтары: ұзын­және қысқа  жолақшалар.        Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа  жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың  ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру. Картотека №36 «Әдемі кілемшелер» Картотека №37        Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға  үйрету. қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.         Ойынның құрал­жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.          Ойынның мазмұны: Балаларға геометриялық  пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ  құрайды.  «Таныс пішіндер доминосы»         Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер  жайлы білімдерін бекіту. Көп заттың ішінен біреуін  таңдауға жаттықтыру.         Ойынның құрал­жабдықтары: пішіндер  бейнеленген суреттер.         Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді  таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің  ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің  суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды.  Ойын осылай жалғаса береді. Картотека №38 «Вагондарға дөңгелек таңдау» Картотека №39        Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді  ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықытыру, ойлау  қабілеттерін дамыту.         Ойынның құрал­жабдықтары: қағазға салынған  вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.         Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық  дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.  «Үй құрлысының ретін көрсет»        Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға  жаттықтыру, ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін  процесстерін дамыту.        Құрал­жабдықтары: баланың саны бойынша  әртүрлі түсті жолақтар. Пішіндер, үй суретінің үлгісі.        Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін  көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді  таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді  құрастыруды ұсыну. Картотека №40 «Кім зейінді?» Картотека №41        Ойынның мақсаты: Белгілі геометриялық  пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.         Көрнекілік: сіріңке қорабында таратпа  геометриялық пішіндер.         Мазмұны: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді  геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды.  Жылдам болған бала мадақталады.   «Қандай пішін шықты?»         Мақсаты: таяқшалардан таныс геометриялық  пішіндер құрастыра білу.          Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш  таяқшалары.          Мазмұны: тәрбиеші балаларға үш таяқша алып,  олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастырылу  ұсынылады. Қандай пішін шықты? Осылайша ойын  жалғаса береді.         Мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды  ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық  пішіндерден құралған екнкін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.  Картотека №42 «Дәл осындай пішінді тап»       Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы  білімдерін бекіту. Пішімдерді атауға, ажыратуға,  салыстыруға жаттықтыру.         Көрнекілігі: бала сны бойынша құлыптың  суреттері, геометриялық пішіндер.  Картотека №43 «Үйдің есігін жабайық»           Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша  салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға  жаттықтыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.           Көрнекілігі: үйдің, есіктің суреттері. Мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің  суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.             Көрнекілік: картоннан жасалған геометриялық  пішіндер 5 түрі.           Мазмұны: Бала топқа қарап тұрып,  қолын артқа  ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді  ұстатады. Бала оны сипап, байқап, балаларға көрсетпей атын айтады.   Картотека №44 «Мынау қай пішін?»          Мақсаты: геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.  Картотека №45                             «Шамдар» Мақсаты: Қасиеттері бойынша заттарды  топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға  жаттықтыру, зейіндерін дамыту.            Көрнекілігі: бала саны бойынша әртүрлі шамдар.            Мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру,  шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар  тәрбиешінің шамына ұқсас өздерінің шамдарымен  салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына  ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.  «Сиқырлы суреттер»           Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау  қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.           Көрнекілігі: әртүрлі сурет бөлінділері.          Мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша  бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме  құрауды ұсынады.  Картотека №47 «Сиқырлы қапшық»         Мақсаты: Заттарды белгілі бір қасиеттері  бойынша салыстыруға,топтастыруға үйтеру.                    Көрнекілігі: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әртүрлі  ойыншықтар.       Мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі заттаы ұстап пішінін анықтайды. Ойыншықты алған соң  атын атап, түсін атайды.  Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар Картотека №46 Картотека №48 «Біркелкі пішіндерді сана» Картотека №49            Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге  үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.            Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер суреттері  бар, таратпа суреттер (15 дана).           Мазмұны: әр балаға пішіндер суреттері бар  суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі  пішіндерді санап атау.  «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»          Мақсаты: Геометриялық танып, атай білуге  үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыру.            Көренкілігі: Балаларға жеткілікті таратпа  суреттер.            Мазмұны: Балаларға суреттер таратылып  беріледі. Суреттердкгі бос торларды сәйкес  пішіндермен толтыр.  Картотека №50 «Танып ал да, атын ата»        Мақсаты: Заттың түр­түсін, пішінін, атын атауға  жаттықтыру. Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін  дамыту. Картотека №51 «Тәулік бөліктері» Картотека №52        Мақсаты: Тәулік бөліктері жайлы білімдерін  бекіту, тәулік бөліктерін, атауға, ажыратуға  жатьтықтыру.        Көрнекілігі: суреттер.        Мазмұны: Балалар кезектесіп суретті салып,  тәуліктің қай бөлігі екенін айтады. Сол сурет бойынша  әңгіме құрайды.  «Оң және сол»        Мақсаты: Үлкен және аз заттарды ажыратуға  жаттықтыру.         Көрнекілік: Үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.         Мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып алып, оң  қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай  ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай  жасғаса береді. Картотека №53 Картотека №54 «Поезд құрастыру» «Жаңылыспа»    Мақсаты: 1­ді қосу таблицасын қайталату.     Көрнекілігі: 1­ді қосу таблицасы берілген  карточкалар. 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.     Мазмұны: Тәрбиеші балаларға карточкаларды  таратып береді. Оларды вагондар, ал бір баланы  тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолындағы  карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға»  ретімен тіркелуі керек.         Мақсаты:  Тез ойлау қабілетін жетілдіру,тәуліктің әр  уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.       Ойын шарты: Допты алған соң тәуліктің белгілі уақытында  атқарылатын іс – әрекетті атап,допты келесі ойыншыға беру.      Ойынның барысы: тәуліктің әр түрлі бөліктері жөнінен  балалардың білімдерін бекіту мақсатымен бастаушы әңгіме  жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең,түсте,кешке не  істейтіндерін естеріне түсіреді. Бастаушы тәуліктің әр түрлі  бөліктерін атай отырып,балаларға ойынды ұсынады.       Мысалы: «Таңертең» дегенде балалар  оянамыз,жуынамыз,шашымызды тараймыз,тісімізді тазалаймыз  деп жауап береді. Допты алған бала тек біп іс – әрекетті атайды.  («Балабақшаға барамын» немесе «Жаттығу жасаймын» немесе  «Сабақ оқимын» т.б.). жауап берген бала допты келесі ойыншыға береді. Егер бала жауап бере алмаса,допты үстелге соғып келесі  балаға береді,ол жеңілген болып есептелінеді. Бұл ойынды  мұқият ойнап және жаңылыспау керек. Ойынды басқаша өткізуге болады. Жүргізуші балалардың әртүрлі іс – әрекеттерін  атайды,балалар бір сөзбен жауап беру керек:  Таңертең,күндіз,кешке,түнде. Мысалы: тәрбиеші тамақтанып  жатырмын деп,оыншыға допты береді,ойыншы таңертең деп,тез  жауап береді.  Картотека №55 «Тап осындай тап»         Мақсаты: Балаларға  геометриялық  пішіндерді   ажырату қабілеттерін  және таба  білу  белсенділігін  арттыру. Шапшаң тауып айта білуге дағдыландыру.        Ойынның шарты:  Ойнатушы  адам  балаларға  геометриялық  пішіндер  таратып  береді. Ойнатушы  балаларға  бір  геометриялық  пішінді  көрсетеді, ал  балалар  ол  геометриялық  пішіннің  атын  айтып,  таратылған  геометриялық  пішіндердің  арасынан   тауып көрсетеді. Картотека №56 «Аукцион»         Мақсаты: Жануарлардың түрлерінің атын атап  беруге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларын  топтастыра білуге дағдыландыру.          Ойынның шарты: Жүргізуші жануаодың (арқар,  барыс, қойдың) суреті бейнеленген алқаларды көрсетіп, «Мына әсем жануар бейнеленген алқаны ұтысқа  қойылады». Кім көп жауап берсе сол ұтады. Ойынның барысы: Ойыншылар екі топқа  бөлініп,әртүрлі табиғат көрінісі салынған бір – бір  үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша  балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі  карточкаларды орналастырады. Кім бос тор көздерді  толтырып,жануарларды дұрыс атаса,сол жеңіске  жетеді. Ойыншылар үлкен карталарымен  алмасып,ойынды одан әрі жалғастырады.  Картотека№57 «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата  Мақсаты:  Үй жануарлары мен жабайы жануарлар  туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін,зейінін  тәрбиелеу,белсенділігін арттыру.    Ойынның шарты: Орманның,қораның суреттері  салынған үлкен картаның астындағы бос тор көздерге  тиісті жануарларды жарыса отырып орналастыру.  Картотека №58 «Бұл қандай құс» Мақсаты: Белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстарды суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.        Ойынның барысы:  Жүргізуші қарлығаш пен  тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп,әрқайсысының ерекшелігін суреттеп беруді  ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшеліктерін  суреттеп,аттарын атайды.       Жүргізуші: Бұл құстарды тағы қалай атауға  болады? Олардың қандай пайдасы бар? / тоқылдақ –  орман дәрігері,қарлығаш – адамның досы /                                                                 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша Картотека №1 «Бұл қай кезде болады?» Қар жауып тұр..........    Дала салқын..................... Картотека №2                                                «Көлік» Тақырыбына   арналған   «жақсы­жаман»деп   аталатын ойынды   мына   төмендегідей   сұрақ­жауап   түрінде өткізуге болады.           ­Көлік болғаны жақсы ма,неге?           ­Тез балабақшаға жетуге болады.           ­Жүк тасуға ыңғайлы.           ­Суықтан, жаңбырдан, сақтануға болады.т.с.с ­Ал,көлік несімен жаман? ­Басып кетуі мүмкін. ­Қаланың ауасын бүлдіреді. ­Көлікті ұрлап, айдап кетуі мүмкін. Мақсаты:Көліктің   пай   дасы   туралы,транспорт түрлерін ажыратуға үйрету. Картотека №3                                                 «Кім болам»        Мақсаты:  Мамандықтардың еңбегінің түрлері  туралы юілімдерін бекіту және тереңдету. Ойын  барысында мамандықтардың еңбектерінің ролін  ойнауға ынталандыру.       Ойын шарты: сағат тілінің көрсеткен суреті  бойынша балалар сурет мазмұнын әңгімелейді.       Ойын барысы: Санамақтар айту арқылы жүргізуші  сайлайды. Үстелде қатты қағаздан жасалған  дөңгелек,оның шетінде мамандықтардың еңбектері  бейнеленген суреттер орналасқан,ортасында айналып  тұратын сағат тілі. Бастаушы сағат тілін бұрап бір  суреттің тұсына тоқтайды. Жүргізуші бір баланы  шақырып,суретте не туралы бейнеленгенін әңгімелеуін  сұрайды. Егер бала дұрыс жауап берсе,жүргізуші  болады да,ойынжы әрі қарай жалғастырады. Картотека №4 «Не қайда өседі» Мақсаты: Балалардың өсімдіктер жөніндегі  білімдерін бекіту,заттар арасындағы кеңістік  байланыстарын анықтау дағдысын дамыту,өсу орнына  қарай өсімдіктерді топтастыру. Балалардың өзбетінше  ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.      Ойынның шарты: Бақ пен бақша салынған үлкен  суреттердегі бос тор көздерге жеміс – жидектерді  дұрыс орналастыру.      Ойынның барысы: Ойыншылар екі топқа бөлінеді.  Бір топта бақтың суреті салынған ,екінші топта  бақшаның суреті салынған үлкен сурет болады.  Суреттер астында бос тор көздер бар.  Қобдишада  үлестірмелі карточкалар жатады. Жүргізушінің белгісі  бойынша балалар қобдишадағы үлестірмелі  карточкаларды жарыса отырып,тор көздерге  орналастырады. Олардың атауын атайды.                                        «Жақсы және жаман » Мақсаты:  Жаман әдеттен аулақ болуға,көргенін ажыратып,әңгімелей білуге үйрету. Балалар берілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман,жақсы іс – әрекеттер  екенін  түсіндіреді.       Көрнекі құралдар: Жаман және жақсы істерді бейнелейтін іс –  әрекеттерден көрініс беретін мазмұнды суреттер.      Ойынның барысы:  1. Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың  әрекетін бейнелейтін сурет.  2. Ағаштағы құстың ұясын бұзған баланың іс­әрекеттегі суреті.  3. Әкесімен ағаш отырғызып жүрген баланың әрекетін  бейнелейтін сурет.  4. Құстарға ұя жасап ағашқа іліп жатқан баланың әрекетін  бейнелейтін сурет.  5. Гүлдерге су құйып,қамқорлық жасаған қыздың әрекетін  бейнелейтін сурет.  6. Ағаш бұтағына қонған торғайды рогаткамен атқалы тұрған  баланың әрекетін бейнелейтін сурет.  7. Далада өсіп,айналаға көрік,сән берген гүлдерді бейберекет  жұлып дүрген баланың іс – әрекетін бейнелейтін сурет.  8. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беріп тұрған баланың іс –  әрекетін бейнелейтін сурет.   Картотека №5 Картотека №6 «Бізде былай, ал сіздерде ше?»      Мақсаты: Балаларға кеш сөзінің мазмұнын түсіндіру. Кешке  үлкендер жұмыстан,балалар бақшадан келеді. Отбасы мүшелері  үйде жиналады. Отбасының бірігіп ұйымдастырған  жұмысына,әңгіме,ойындарына баланы қатыстыруға үйрету.  Отбасы мүшелеріне адал,қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.       Ойынның барысы: Жүргізуші «Біздерде былай,ал сіздерде  ше?» деген қызықты ойынды балаларға ұсынады.       Жүргізуші: Кеше кеште ұлым менен : Апа,құс  балапандарына қандай сүт береді,құста сүт болмайдыемес пе деп сұрады? Ал мен: жұрттың бәріне мәлім бір құс бар,ол кәдімгі –  көгершін,ол балапандарын ақ сүтпен асырайды деп жауап береді. Біздерде осындай болды,ал сіздерде ше?       Бала: Менің мысығым кешке жоғалып кетті. Мен қатты  өкіндім. Кешке әкем келіп,аяқ киімін шешіп,үйге киетін жеңіл  киімін алып жатып,күліп жіберді. Сөйтсе оның аяқ киімінің  ішінде мысығым ұйықтап жатыр екен. Біздерде осылай болды,ал  сіздерде ше?        Ойын  осылай жалғаса береді.    Картотека №7 «Туған қалаға саяхат»         Мақсаты:  Туған қала,онда қандай мамандық  иелері тұратындығы,көлік түрлері,ондағы мәдени  орындар жөнінде балалардың білімдерін бекіту.         Ойынның шарты:  Белгі бойын суреттерді табу.        Ойынның барысы: Жүргізуші 4 бағыттағы  суреттерді аратып береді: біреуінде – қала  тұрғындары,екіншісінде – адамдар еңбегі (құрылысшы,  почтальон,жүргізушілер,сылақшылар), үшіншісінде –  көлік түрлері (трамвай, автобус), төртіншісінде –  мекемелер мен мәдени орындар. Белгі бойынша  суреттердің мазмұнын әңгімелеу тапсырылады. Әр  топтың балалары сурет бойынша жүргізушінің  сұрақтарына толық жауап беруге тиіс.  Жаңылмай,толық жауап берген  топ жеңіске жетеді.  Суреттерді ауыстыру арқылы ойынды қайта ойнауға  болады. Картотека №8 «Артық затты тап» Мақсаты : Суреттердің ішінен артық заттарды  ажыратып, Алып тастау. Картотека №9 « Өсімдіктің атын ата?» Мақсаты: балаларға өсімдіктердің түрлерін көрсету  арқылы олардан атауларын сұрау. Картотека №10 « Зат не үшін керек?» Мақсаты: балаларға заттарды мысыл ретінде  көрсете отырып, олардың адам өмірінде  күнделікті қажетті заттардың пайдасы туралы  түсінік беру. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша Картотека №2 Картотека №1 «Бұл қандай түс?» Мақсаты: Түс туралы ұғымын дамыту және заттармен  қарапайым қатынас жасау. Пайдаланатын заттар: шелек, түстері әр түрлі заттар,  қызанақ, қияр, өрік, лимон т.б. Ойын барысы: Балалар, мына шелектің ішінде әр түрлі  заттар бар » деп тәрбиеші шелектің ішіне салынған  заттарды алғызып, түсіне қарай бөлек­бөлек қойғызады  және қандай түсті заттар екенін айтқызады. Айталық,  қызанақ­ қызыл, қияр­ жасыл, өрік­ көк, лимон­ сары  т.б деп балалар жауап береді. Содан кейін қандай  шелекке салғанын сұрау керек. Осылай заттардың  түстерін сұрақ­ жауап ретінде ажырата отырып,  сәбилердің түс туралы ұғымы қалыптасып, тереңдей  түседі. «Орнына отырғыз» Мақсаты: түстерді айыра білуге үйрету. Ойын барысы: бұл ойынды өткізу үшін өлшемі бірдей  болып келетін сары және қызыл түсті қатырма қағаз  керек. Балаларға тиісті түстерді таңдай отырып,  қоңыздарды гүлге отырғызуға көмектесуін ұсыну  қажет. Қимыл қозғалыс  ойындары «Денсаулық» білім беру саласы бойынша Картотека №1 Ойын шарты:  " Қамалды қорғау" Ортада үлкен шеңбер сызылады да, оның ортасына бір  орындық қойылады. Бұл ­ қамал болады. Балалар  қаламақ айтап ­ айтып, бір баланы осы қамалдың  қорғаушысы етіп сайлайды. Балалар тәрбиешінің  берген белгісі бойынша қамалға доп лақтыра бастайды.  Ортадағы бала қамалды қорғайды. Допты қамалға  тигізген бала қорғаушымен орын алмасады. Картотека №2 Ойын шарты:  " Итеріспек" Ойын кең жерде өтеді.  Ойнаушылардың санына шек  қойылмайды. Жерге үлкен шеңбер сызылады да, ортаға  екі ойыншы шығады. Екі ойыншы бір аяғын көтеріп бір  аяқпен секіріп жүріп бір­бірін итеріп аяқтарын  түсірмей сызықтан шығарып жіберуі керек. Бір аяқпен  секіріп жүріп қарсыласын итеріп сызықтан шығарған  бала женген болып есептеледі. Егер аяғын жерге тигізіп алса жеңілгені болып саналады. Картотека №3 Ойын шарты:  " Допты соқ" Балалар екі командаға бөлінеді де өз командаларына ат қояды. Екі команда бір­бірінің қақпасына доп соғады.  Допты көп соққан команда жеңіске жетеді. Ойын шарты:  Балалар 3­4 жалауша алады бірі жасыл, екіншісі көк,  үшіншісі сары алады да 4­5 адамнан төрт бұрышқа  топтасады. Әр түрлі жалаушалар (жасыл,көк,сары)  қояды. "Өз түсіңді тап" деген жаңа сигналды естіген  бойда балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға  қарай жүгіреді. Картотека №5 " Кім жоғын тап" Ойын шарты:  Балалар айнала шеңберге тұрады. Ортаға бір бала  шығады. Ортадағы бала шеңберде тұрған балаларға  мұқият қарап, барлығын есіне сақтауы тиіс. Содан соң  тәрбиеші оның көзін байлап қояды да шеңберде тұрған  балалардың біреуін жасырып қояды. Ортада тұрған  бала көзін ашып шеңберде қай баланың жоқ екенін  табуы тиіс. Картотека №4 Картотека №6 "Өз түсіңді тап" "Допты қуалау" Ойын шарты:  Балалар айнала дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші түсі екі  түрлі допты ортаға береді. Балалар доптың біреуін алға жібереді де, екіншісін артынан жібереді. Шеңберде  тұрған балалар доптарды бір қолдан екінші қолға  өткізе береді. Екі айналымнан кейін орнын ауыстырады. Картотека №7 Ойын шарты :   " Поезд" Тәрбиеші "Поезд"  ойынын  ойнауды ұсынады. Мен  паровоз боламын, ал сендер кішкентай  вагонсыңдар.  Балалар бірінің соңынан бірі "шу­шу" деп жүре  бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін  екінші бағытта жүргізеді. Одан кейін жүруді  баяулатады, ақырындап тоқтайды да " Аялдама" деп  хабарлайды. Біраз уақыттан кейін  тағы да гудок  беріледі де поезд қайтадан тәрбиеші " поезд" ойынын  ойнауды ұсынады. Мен паровоз жолға аттанады. Картотека №8  Ойын шарты:  " Қамалды қорғау" Ойыншылыр үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады.  Шеңбердің ортасына қамал есебінде орындық  қойылады да бір бала қорғаушы болады. Шеңбер  бойымен тұрған ойыншылыр доппен қамалды атқылай  бастайды. Ал қорғаушы болса допты қамалға тигізсе,  сол бала қамал қорғаушы  мен орнын ауыстырады.  Ойын осылайша жалғаса береді. Қайда зырлап кетпес доп.           Төмен, төмен, төмендеп,            Жерге жетер­жетпес доп.  Доп болып осылай секіреді. Тәрбиеші әр баламен  кезекпен ойнайды. " Доп" Картотека №10 " Тым­тырақай" Ойын шарты: Ойнаушы балалар шеңберге тұрады. Балалар  тәрбиешінің белгісіменен:                Ал, кәнеки, балалар,                Бір, екі, үш ­                Бір, екі, үш ­  Картотека №9 Ойын шарты:  Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды.  Баланың қолын басына қойып, доп сияқты секіруді  ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші  мынадай өлең айтады.           Секең, секең, секеңдеп Ал тараңдар, ­  деп, жан­жаққа бытырай қашады. Оларды ортада  тұрған бала ұстап алуы керек. 2­3 бала ұсталған соң,  тәрбиеші бір, екі, үш деп санағанша балалар тез шеңбер  құрып тұрады. Ойын қайта басталады.  Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да жерге сызылған суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екенін назар  аударады (20 см екі қатар сызық). Бұдан кейін балалар,  сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды  ұсынады. Балалар бірінің  артынын бірі  бір бағытпен  жүреді де сол тәртіппен қайтады Картотека №11 " Жалғыз аяқ жол" Ойын шырты:  Картотека №12 " Алмасу" Ойын шарты:  Балалар екі топқа бөлініп тұрады. Тәрбиешінің  берілген белгісі  бойынша, екі жақтағы балалар бір  аяқтарын көтеріп қарсыластарының орнына тез барып  тұруы керек. Бір­біріне қарсы келе жатқанда  кездескенде аяқтарын жерге түсірмей қолдарын беріп ,  амандасып, әрі қарай секіре береді. Ойын шарты:  Балалар екі топқа бөлініп, қарама­қарсы екі сызықтың  бойына тұрады. Тәрбиеші топтың біріне "түн"  екіншісіне"күн" деп ат қояды. Тәрбиеші "күн" десе   "күн " тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне  дейін қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосып  алады. Әрі қарай ойын керісінше жалғаса береді.  Картотека №13 " Қағып ал " Ойын шарты:  Балалар екі қатарға бөлінеді де бір­біріне доп  лақтырады. Допты жерге түсірмей қағып алады.  Картотека №15 Ойын шарты;  " Кім шапшаң " Балалар жерде жатқан доптарды жинап себетке салуы  тиіс. Допты себетке көп салған бала, жеңіске жетеді.  Картотека №14 "Күн мен Түн " Картотека №16 " Орамал алу  " Ойын шарты;  Бұл ойынға бірыңғай ұлдар қатысуы керек. Тәрбиеші ортаға әдемі өрнектелген орамалды қояды. Өзі сылдырмақты сылдырлатып балалардың саппен шеңбер жасап жеңіл жүруін қадағалайды. Сылдырмақтың дауысы тоқтаған кезде балалар орамалды дереу жоғары көтеріп алуы керек. Орамалды кім бұрын көтерсе сол жеңіске жетеді. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Картотека №17 " Орныңды тап "  Ойын шарты;  Балалар айнала дөңгеленіп, екі­екіден бірінің артына бірі тұрады. Екі ойыншы жүгіріп, бір­бірін қуалайды. Біреуі екі адамның алдына келіп тұра қалуы керек. Осы кезде артта тұрған ала жүгіреді. Қуып жүрген бала ұстап алса, өзі қашады. Осылай ойын жалғаса береді. " Жел көбік " Ойын шарты;  Балалар бір­бірінің қолынан ұстап, жақын­жақын  дөңгеле тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді  айтады.         Көпіре гөр көбік – шар,          Көпіре бер кеңіп шар.          Осы күйі қал тұрып,          Кете көрме жарылып.  Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді  кеңейте түседі. Тәрбиеші: " Жел көбік жарылды " деген кезде барлық балалар қолдарын " тарс етті "  ­  дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбікті үрлеуді  ұсынады. Балалар орындарынан тұрады да қайта  жалғастырады.   Картотека №18 Картотека №19 Картотека №20 «Қуалап соғу» «Қара құлақ» Ойынның мақсаты: жүйріктілікке, аңғарымпаздыққа,  шапшаңдыққа, баулу. Ойынның мақсаты: Балаларды  жүйріктілікке,  аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа, баулу. Ойынның барысы: Ойын спорт алаңында, аулада,  үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар 2 топқа  бөлінеді. Бұл топтың екеуіде жерде тіке сызықтың  бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20­30м қашығырақ жерге таңы да сондай сызық тартып, оның екі жағына екі жалау  шаншылады.ұйымдастырушы әрбір топтан бір­бірден  бала шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.  Бастаушының белгісі бойынша, екі ойнаушы  жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді.  Белбеуі бар ойыншы екінші адамды сол сызыққа  жеткенше соға береді.сызыққа жеткен соң бірінші  ойнаушы белбеуді жерге тастап, кері жүгіреді, ал  екінші ойыншы белбеуді алып, кейін қашқан адамды  қуып жетіп, оны ұруға тырысады. Егер мұны істей алса  ол жеңілгені. Ойынның барысы: Оңаша жерге топтасады.  Өз  араларынан бір баланы қазық етіп, арнайы белгілейді.  Қазық тұрған жерінен қозғалмай қала береді.  Басқалары ары таман кетіп қалады. Содан кейін   ойынға қатысушылар қазық ойыншыны алыстап қоршап, бірте жақындай түседі. Таяп кеп, ­ Мына жатқан кім? Деп шошынғандай бірінен бірі  сұрасады. ­ Ойбай ау бұл қара құлақ қой деп тұра қашады.  Басқа ойыншыларда қара құлақ деп жан жаққа  бытырап қаша жөнеледі. Қара құлақ біреуін  ұстап қалуы үшін тұра қуады.  қолға түскен бала  "қара құлақ" болады. Ойын сол ретпен  жалғасады.  ­ Ойын шарты: ойынға 10­15 баладан қатысаады Картотека №21 « Аңшылар мен үйректер» Картотека №22 Ойынның мақсаты: балаларды мергендікке, ойынға  қатысатын балалардың өздерінің сондық қатарларын  білуге белгі бойынша қимылдар жасауға үйрету. Ойынның барысы:Бұл ойынға қатысушылар  қатарласа, жалпы шеңбер құрып, тұрады.Ойынды  ұйымдастырушы оларды бірінші және екінші номер деп  атап, санап шығады да, біріншілеріне – шеңбердің  ортасына ығысуға бұйырады. Бұлар «үйректер» . екінші номерлер ­«аңшылар». Олардың алдынан диаметрі 10­12 м шеңберлі сызық  сызылады. Аңшылар допты алып, «үйректерді» дәл ұру  үшін ыңғайына қарай оны бір­ біріне лақтырып беріп  тұрады, ал үйректер шеңбердің ішінде бір орыннан  екінші орынға секіріп, допты тигізбеудің амалын  істейді. Доп тиген «үйрек» шеңберден шығып қалады. Ойын шарты: Ойынға барлық бала қатысады.   « Үй артында қол ағаш» Ойынның мақсаты: Балаларды өлең жолдарын нақышына  келтіріп айта білуге , зейінділікке, ойын барысын дұрыс орындай  білуге үйрету. Ойынның барысы: Қатысушылар бірінің қолынган бірі ұстап  дөңгеленіп тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал сияқты  бір шүберек затты алады да дөңгеленіп тұрған топтың сыртынан  айнала жүгіре жүріп былай дейді:                 Үй артында қол ағаш                            Желбау тартам, есік аш Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгеленіп тұрған  балалар:                            Үй артында қол ағаш                            Жел кірмесін, есік бас,­ Деген сөзді қайталай береді. Тұрған балалар ұстасқан қолын  ажыратпайды. Ол есік ашпағаннаң белгісі. Енді                             Үй артында қол ағаш                            Желбау тартам, есік аш­ деп жүгіріп жүрген бала өзі тваңдаған бір баланың артынан орамаллмен бір соғып қалады  да, орамалды сол балаға тастай сала,                            Үй артында қол ағаш                            Озам десең ала қаш,­ деп өзі сол бетімен жүгіре  береді. Енді әлгі қалып қойған бала манағы сөздермен ойынды  қайталап ойнайды. Ойын шарты: Ойынға  10­15 бала немесе одан да көп бала бір  топ болып ойнайды. Ойын шарты: барлық бала ойынға қатысады. Картотека №23 «Тышқан аулау» Картотека №24 Ойынның мақсаты: Ойын барысында  өлең жолдарын мәнерлеп нақышына келтіре айтуға, ептілікке, тапқырлыққа баулу. Лйынға деген қызығушылығын арттыру. Ойынның барысы: ойнаушылар өзара тең емес, екі топқа  бөлінеді. Кішірек топтағы  балалар бір­бірінің қолынан  ұстап,  шеңбер жасай тұрады. Олар тышқан аулаушыны бейнелейді,  қалған балалар шеңбердің сыртында тұрады. Тышқан  ұстаушылар шеңбер бойымен жүріп тақпақ айта бастайды;                      Тышқандар неткен жемір­ер                      Бәрін жеп, бәрін кемірді                      Сақтаныңдар о сұмдар                      Жолдарың әлі­ ақ тосылар                      Тұзақпен ақ кәдімгі                      Тастармыз матап бәріңді!  Балалар тоқтап ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп қақпа  жасайды. Тышқандар тышқан аулағышқа жүгіріп кіріп, одан  жүгіріп шығады. Тәрбиешінің «жап» деген сигналы бойынша  балалар қолдарын түсіріп, тізерлеп отыра қалады­ тышқан  аулағыш үлкейе түседі. Сөйтіп ойын қайта басталады. «Ақ сандық, көк сандық» Ойынның мақсаты: Балалар шапшаңдыққа, тепе­ теңдікті сақтай білуге, бір­біріне қамқор болуға, тақпақ жаттауға үйрету. Ойынның барысы: балалар екі­екіден бөлініп, бір­ біріне арқаларын беріп, қолтықтасып отырады. Ортада  жүрген ойын бастаушы өлеңдетіп:                            Ертең ауылым көшеді                            Уық бауын шешеді                            Ақ сандық, көк сандық                            Арқан тарт, кілем арт!­дейді. Соңғы  «арт» деген сөз – отырған балаларға берілген белгі.  Олар отырған қалыптарында, қолдарын босатпай, тез  тұрып кетулері керек. Қайсы бала қарсылласып  арқалап кетсе, арқадағы бала берген сұрақтарға   тапқыр жауап бергенше түспейді. Көтеріп тұрған бала: ал үзе алмаса сол топта өзі де қалады. Осылайша ойын  кезекпе кезек ойнала береді. Ойын шарты: Екі топқа  бөлініп барлық бала қатысады.                                 «Ақ сандық, көк сандық                                   Аспаннан не көрдің»­ дейді.  Арқадағы бала бұл сұрақтарға тез жауап бермесе , оны  сілкіп асықтырады. Осылай ойын жалғаса береді. Ойын шарты: ойынға барлық бала қатысады. Картотека №25 «Ақ серек, көк серек» Ойынның мақсаты: Ойын барысында балаларды өлең мәтінін  мәнерлеп айта білуге, белгі бойынша ойнай білуін қамтамасыз  ету. Ойынға қызығушылықтарын арттыру. Ойынның барысы: ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға  қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30­40 метрдей жерге  бір­біріне қарама­қарсы орналасады. Қаз­қатар қол ұстасып  тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың  балалары әндете өлең айтады. ­ Ақ серек, көк серек ­  Бізден сізге кім керек? Екінші топтағылар бір ойыншының атын атйды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, жүгіріп келеді де  қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзген  болса сол топтың бір ойыншысын өз тобына алып кетеді,

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека

Картатека
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2019