Павлодар қаласы, №30 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ауталипова Г.С.
Тел. 87051647568
email: autalipova1977@mail.ru
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! ...Бір қаламның ұшымен жазылып,
барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді
шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар
уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл –
бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас
сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асылы. Сол тәуелсіздік жолында қазақ
бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс
та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы
кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс,
жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық
жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр
сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара
салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі,
бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықты әрдайым жадымызда сақтаймыз,
Тәуелсіздікті ұлықтаймыз.
Егеменді елдігіміздің маңызын білуге, туған халқының тарихын
құрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу
мақсатында еліміздің түкпіртүкпірінде қызу мерекелі тойлаулар болды.
Осындай мерекелік шаралар биыл да Павлодар қаласының № 30 жалпы орта
білім беру мектебінде өз жалғасын тапты. Еліміздің басты мерекесіне
арналған шара Әнұранның орындалуымен басталды. Мерекелік кешті
мектебіміздің директоры А.Т.Текжанованың құттықтау сөзімен ашып,
оқушыларға шараның мәнін, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының
тарихи маңызын түсіндіріп өтті. Ісшара барысында Отан, Тәуелсіздік туралы
жалынды жырлар тыңдармандардың патриоттық сезімін оятқаны анық. Ал әр
жалынды жасқа рух беретін патриоттық «Көк тудың желбірегені», «Менің
мемлекетім» атты әндер шырқалып, көпшіліктің көңілінен шықты. Мың
бұралған бишілеріміздің қазақ биіне де көрермен дән риза болды. Ақынжанды
жастар да Тәуелсіздік туралы жазған өз өлеңдерін оқып, айтулы мерекеге орай
жырдан шашу шашты.
Осындай ісшаралардың нәтижесінде атабабамыздан қанмен берілген
өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа
белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің
самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына сенімім мол.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.