Казак тілі сабагы. Сабактын такырыбы: "Менің достарым"
Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русский язык
6 кл
06.02.2017
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.Разработка урока
Сабак жоспары.docx
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарымқатынас
орнату, бірбірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос
болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест тапсырмалары, түрлітүсті
жүрекшелер, үй макеті, кәртішкелер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістәсілдері: түсіндіру, сұрақжауап, баяндау, іздену
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі 12 мин.
1. оқушылармен сәлемдесу
2. сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары арқылы өткен материалдар бойынша түсініктерін тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері .
«Мен қандаймын?» тренинг
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Достық» аялдамасына тоқтап , бұл
аялдамада «Достық татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп,
қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік
аламыз.
Достық – адамдардың бірбіріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ
көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,
рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде
кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен
қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Жаттығу «Досымды тауып беріңдерші?»
Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы
жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар
ортадағы адамның досын табады.
Кітаппен жұмыс:
Сөздікпен танысу.
1жаттығу.Мәтінді түсініп оқу,сұрақтарға жауап беру.
Берік неше жаста?
Оның бойы, шашы қандай?
Берік немен айналысады?
Ол бос уақытында не істейді?
«Дос» сөзіне Венн диаграммасын жасау
Мақалмәтелдер
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
«Достық.Бірлік.» үйін салу.
Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз
керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Көмектеседі
ДОС
Қамқоршы
Мейірімді
Қайырымды
Шыншыл
Адал
Білімді
Ұқыпты
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Достар тату тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
2жаттығу .Берілген үлгі бойынша өз досыңды суреттеп жаз.
Достық туралы мақалмәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тап:
Берілген сөздерді оқып, қарамен жазылған сөздерді аудару.
Сенімді дос,
Отырма бос
Екіге екіні қос,
Жауабын тос.
Досдруг, бос свободный, қос прибавь, тосжди.
Жаттығу – ойлану.
1. Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.
Менің елім
жарасқан.
Ту ғып ұстап
алыстан.
Жаттығу «Достық пен бірлестік қоржыны»
Нұсқау: тақтадағы бағанады сөздерден достық пен бірлестікке тән
қасиеттерді тауып қоржынға салыңдар.
Еңбек, өзара сыйластық, шыншылдық, сүйіспеншілік, мейірімділік,
кешірімділік, жауапкершілік, түсіністік, қамқорлық, адалдық, әдептілік,
күлкі, өтірік айту, жалғандық, қастық, сенімділік.
«Жүрек жылуы» тренинг
Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы түрлі түсті баулар арқылы мен
сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын.Қане, оң алақанымызды
жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне
бір сәт құлақ түріп көрейікші.
Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.
Ярослав: Менің жүрегім қамқоршы
Тимур: Менің жүрегім жылы. Мария: Менің жүрегім қуанышты.
Данил Менің жүрегім адал.
Алина: Менің жүрегім нәзік.
Тимур: Менің жүрегім сыпайы.
Елисей Менің жүрегім батыл.
Сағи Менің жүрегім ыстық.
Ильяс: Менің жүрегім жұмсақ.
Богдан: Менің жүрегім жақсылыққа толы
Эделвеис: Менің жүрегім бақытты.
Сағи: Менің жүрегім қайырымды.
Менің жүрегім сезімтал.
Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да
мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан
жылуды айналамызға таратайық.
/ алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу /
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Мұқағали Мақатаев:
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
(Сұрақтар арқылы сабақ бойынша түсініктерін бекіту)
V Үйге тапсырма. 3жаттығу (жаңылтпаш жаттау)
Сөздік жаттау
1тапсырма. мазмұндау
VІ Бағалау.
Казак тілі сабагы. Сабактын такырыбы: "Менің достарым"
Казак тілі сабагы. Сабактын такырыбы: "Менің достарым"
Казак тілі сабагы. Сабактын такырыбы: "Менің достарым"
Казак тілі сабагы. Сабактын такырыбы: "Менің достарым"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.