Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру
Оценка 4.9

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру

Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
география
8 кл
16.03.2018
Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру
Қазақстан жері қарлы биік шыңдарымен, жазиралы далаларымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленетін 9 табиғи ауданға бөлінеді. Олар: Шығыс Еуропа жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран жазығы, Орал, Сарыарқа, Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай, Тянь-Шань. 9-сынып ОЖСБ-ға дайындық
7) ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫН ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ.docx
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫН ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ Қазақстан жері қарлы биік шыңдарымен, жазиралы далаларымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан  ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленетін 9 табиғи ауданға бөлінеді. Олар:  Шығыс Еуропа жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран жазығы, Орал, Сарыарқа, Алтай, Жетісу  Алатауы, Сауыр Тарбағатай, Тянь­Шань. Шығыс Еуропа жазығы – Жер шарындағы ең ірі төбелі жазық. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының  оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Шығыс Еуропа жазығының құрамына еліміздің аумағындағы Каспий маңы  ойпаты, Жалпы Сырт қыраты, Жем үстірті кіреді. Қазақстанға Тұран жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік  батысынан шығысына дейінгі кең алқапты алып жатыр. Жазықтың аумағына Маңғыстау, Үстірт, Арал  маңы, Сырдария, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш­Алакөл аймағы кіреді. Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстанның солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы Орал тауынан Алтай тауларына дейінгі 200­250 шақырымдық аумақты алып жатыр. Сарыарқа тауы – Қазақстанның орталығын алып жатқан аласа таулы өлке. Сарыарқа тауы Баянауыл,  Кент, Қарқаралы, Қызыларай сияқты таулардан тұрады. Олардың ең биігі Қызыларай тауы, себебі онда  Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң орналасқан. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы кіреді. Мұғалжар тауы Орал тауының Қазақстандағы табиғи жалғасы. Тау солтүстіктен  оңтүстікке қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Алтай тауы Жайсаң көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай­Саян тау  жүйесінің бір бөлігі. Алтай тауының ең биік шыңы Ресей жеріндегі – Мұзтау, оның биіктігі 4506 м, ол  Қатын жотасының шығысында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасында орналасқан. Жетісу Алатауы еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан таулы өлке. Жетісу Алатауы Алакөл  қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Сауыр жотасы Сауыр­Тарбағатай тау жүйесінің ең биік бөлігі болып саналады. Бұл жотаның Қазақстан  жеріндегі ұзындығы 60­65 шақырым. Ең биік нүктесі – Мұзтау, оның биіктігі 3816 м. Тянь­Шань тауы Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатыр. Тянь­Шань сөзі қытай тілінен  аударғанда "Тәңір шыңы, Аспан тау" деген мағына береді. СҰРАҚТАР 1. Қазақстанның қанша физикалық­географиялық аудандарға бөлінетінін табыңыз. 2. Каспий маңы ойпаты кіретін жазықты табыңыз. 3. Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға кіретін бөлігін анықтаңыз. 4. Еділ өзені мен Оңтүстік Орал аралығындағы қырат. 5. Мұғалжар таулары мен Каспий маңы ойпатының аралығында орналасқан үстіртті табыңыз. 6. Шығыс Еуропа жазығының Қазақстандық бөлігінің ірі өзендерін көрсетіңіз. 7. Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан үстіртті табыңыз. 8. Сарысу мен Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аралығында орналасқан құмды жазықты  табыңыз. 9. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөлді табыңыз. 10. Бетпақдаланың ең биік нүктесі. 11. Шығыс Еуропа жазығының Қазақстандық бөлігі орналасқан табиғат зоналарын көрсетіңіз. 12. Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейін созылып жатқан жазық: 13. Тұран жазығының климаты. 14. Тұран жазығының табиғат зоналары. 15. Солтүстік Қазақ (Батыс Сібір) жазығының ең ірі өзенін табыңыз. 16. Солтүстік Қазақ (Батыс Сібір ) жазығының оңтүстік шығысындағы жазықты табыңыз. 17. Солтүстік Қазақ (Батыс Сібір) жазығына Солтүстік Америкадан әкелінген жануарды табыңыз. 18. Солтүстік Қазақ жазығының ірі өзені. 19. Сарыарқаның ең биік тауын табыңыз. 20. Сарыарқа тауының негізі граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдық қалдығын табыңыз. 21. Сарыарқаның басты өзендерін көрсетіңіз. 22. Сарыарқаның биік нүктесі. 23. Сарыарқаның негізгі пайдалы қазбалары. 24. Есіл өзені басталатын тау. 25. Сарыарқаның көрікті таулары. 26. Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөліп тұрған тауды табыңыз. 27. Мұғалжар тауы пайда болған қатпарлық. 28. Жем өзені бастау алатын тауды табыңыз. 29. Мұғалжар таулы өлкесінің негізгі қазба байлықтарын табыңыз. 30. Орал тауынан басталатын өзендер. 31. Мұғалжар тауының солтүстігіндегі Кемпірсай кен орнындағы өте сапалы кен. 32. Қазақстанның "Алтын" тауын табыңыз. 33. Алтай тауының ең биік нүктесі. 34. Қазақстандық Алтайдың қанша ауданға бөлінетінін табыңыз. 35. Алтайдағы көлдердің ең ірілерін көрсетіңіз. 36. Қазақстандағы негізгі ағаш өңдеу орталығы. 37. "Аролий және алтын тамыр" дәрілік өсімдіктері кездесетін жерді белгілеңіз. 38. "Рахман бұлағы" қорықшасы орналасқан жерді табыңыз. 39. Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзенінің аралығындағы тауды табыңыз. 40. Жетісу Алатауының ең биік нүктесін белгілеңіз. 41. Тарбағатай тауының ең биік нүктесін табыңыз. 42. Биіктігі 3816 м тауды табыңыз. 43. Аспанмен тілдескен тау. 44. Хан Тәңірі шыңының биіктігі (м): 45. Тянь­Шаньның солтүстігіндегі ең биік жота. 46. Іле Алатауының ең биік нүктесін табыңыз. 47. Іле Алатауының солтүстік батысындағы тауларды табыңыз. 48. Тянь­Шань тауындағы қорықтар. 49. Қалба жотасының ең биік нүктесі. 50. Мұғалжар тауының ең биік нүктесін табыңыз. _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру

Казакстан аумагын физикалык-географиялык аудандастыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.03.2018