Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.
4) ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТЫ.docx
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТЫ
Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай
климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз,
көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы
өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының
температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауыншашынның әркелкі түсуінен
көрінеді.
Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі
үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады.
Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай,
тропиктік. Арктикалық ауа массалары – Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант
мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.
Қазақстан климатына тек қана екі мұхиттың, Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитының әсері бар.
Бұл мұхиттан келетін ауа массалары жолдарында тау болмағандықтан, солтүстік оңтүстікке, батыстан
шығысқа қарай емінеркін өте алады. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа массасы қоңыржай
теңіздік деп аталады. Бұл ауа массасы еліміздің батыс бөлігіне біршама жауыншашын алып келеді.
Бірақ жауыншашын мөлшері еліміздің ішкі аудандарына жетпей қалады, себебі бұл ауа Қазақстанға
жеткенше ылғалынан айырылып, құрғап кетеді.
Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы тропиктік деп аталады. Қазақстан аумағы жаз
бойы тропиктік ауа массасының ықпалында болады.
Арктикалық ауа массасы Қазақстанға Солтүстік Мұзды мұхиттан келеді. Ауа өте мөлдір құрғақ
болады. Қазақстан қыс айларында арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Бұл ауа қыста
солтүстіктен енген кезде Қазақстанда антициклондық күн райы орнайды. Антициклондық күн райы
орнаған кезде күн ашық, құрғақ, қыста қатты аяз болады.
Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл
облысындағы Арыстанды қарабас желін т.б. жатқызуға болады.
Ебі желі – Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында, Қытай жеріндегі Ебінұр көлінде жоғары қысым
орнағанда пайда болатын жел. Ебі желі оңтүстік шығыстан, яғни Ебінұр көлінен солтүстік батысқа
қарай, яғни Алакөлге қарай соғады. Желдің жылдамдығы 6080 м/с жетеді.
Сайқан желі солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел. Сайқан желі сәуір
мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда,
Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға
ұшыратады.
Қазақстанның жерінде жауыншашын әркелкі түседі. Жауыншашын Батыс Алтайдағы Кіші
Үлбі өзенінің жоғарғы ағысына көп түседі, ондағы жылдық жауыншашын мөлшері 1600 мм.
Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар. Қазақстанның ең суық жері Атбасар өңірі, ол жерде бір жылдары
57°Cға дейін төмендеген. Қазақстандағы ең жылы ай – шілде. Ең жоғарғы температура солтүстікте
41°C, оңтүстікте 47° Cтан аспайды.
Өсіпөну кезеңі дегеніміз өсімдіктің көктеп, гүлдеп, жеміс беруіне кететін уақыт.
Қазақстанның оңтүстігінде өсіпөну кезеңінің ұзақтығы 180 күн. Оңтүстіктегі өсіпөну кезеңінің
ұзақтығы мақта, темекі, күріш, жүзім, қант қызылшасын өсіруге мүмкіндік береді.
Республикамыздың солтүстігінде өсіпөну кезеңінің ұзақтығы 130135 күнге созылады. Мұнда
агроклиматтық қорлар жаздық бидай, зығыр, көкөніс, баубақша өсіруге мүмкіндік береді.
СҰРАҚТАР
1. Қазақстандағы климаттық белдеуді табыңыз.
2. Қазақстан жері қоңыржай климаттық белдеуінің ... .
3. Қазақстан климатының типін анықтаңыз.
4. Қазақстанның климатын құраушы факторларды көрсетіңіз.
5. Жер бетіне тура келетін сәулелі энергия.
6. Жер бетіне түсетін тура және шашыранды радиацияның қосындысынан ... құралады.
7. Топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынған радиация.
8. Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының түрлерін табыңыз. 9. Қазақстанның климатына әсер ететін мұхиттар қатарын көрсетіңіз.
10. Еліміздегі көктемгі және күзгі үсіктердің болуын тудыратын ауа массасы.
11. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа массасы.
12. Елімізге Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы.
13. Қазақстанға біршама жауыншашын алып келетін ауа массасы.
14. Қазақстанға тропиктік ауа массасы келетін мезгіл.
15. Қазақстанға антициклондық күн райын әкелетін ауа массасы:
16. Жылдамдығы 6080 м/с жететін Жоңғар Алатауының оңтүстікшығысынан солтүстікбатысқа
қарай соғатын жел.
17. Ебі желін алғаш сипаттап жазған ғалым.
18. Ебі желіне кері бағытта соғатын желді белгілеңіз.
19. Сайқан желі ... айлары аралығында соғады.
20. Қыста Қазақстан жерінде Сібір антициклоны орнаған кезде асудан соғатын жел.
21. Қазақстандағы ең суық ай.
22. Еліміздің солтүстігіндегі қаңтар айының орташа температурасы.
23. Еліміздің жауыншашын ең көп түсетін жерін көрсетіңіз.
24. Еліміздегі жауыншашын мөлшерінің көрсеткіші солтүстіктен оңтүстікке қарай...
25. Қазақстанның солтүстігінде қар жамылғысының орташа қалыңдығын табыңыз.
________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Казакстаннын климаты
Казакстаннын климаты
Казакстаннын климаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.