Казакстаннын зерттелу тарихы
Оценка 4.9

Казакстаннын зерттелу тарихы

Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
география
8 кл
16.03.2018
Казакстаннын зерттелу тарихы
Қазақ жері туралы алғашқы деректерді б.з.б V ғ грек ғалымы Геродоттың "Тарих" атты еңбегінен кездестіреміз. Ол өз еңбектерінде Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, Каспий теңізінің шығысында жазық дала жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай таулы жерлер Орал тауы мен Жалпы сырт қыраты жатқанын жазған.
2) ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.docx
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ Қазақ жері туралы алғашқы деректерді б.з.б V ғ грек ғалымы Геродоттың "Тарих" атты еңбегінен  кездестіреміз. Ол өз еңбектерінде Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен  жалғаспайтын тұйық алап екенін, Каспий теңізінің шығысында жазық дала жатқанын, Жайық өзенінен  әрі қарай таулы жерлер Орал тауы мен Жалпы сырт қыраты жатқанын жазған. Біздің заманымыздан бұрынғы II­I ғасырда Қытай саяхатшылары Чжан Цянь мен Сюань Цзан келеді.  Олар өз жазбаларында Жетісу бойын мекендеген Үйсін тайпаларының табиғаты мен тұрмысын, Ақсу,  Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер келтірген. Осы деректерді жинастырып, қытайлар сол кезде  Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Ол картаға Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында Ресей патшасы Борис Годуновтың өтініші бойынша Қадырғали  Қосынұлы Жалаири қазақ халқы және оның жері туралы "Жылнамалар жинағы" атты кітап жазды.  Онда қазақ хандығының құрылуы, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары туралы  мәліметтер берілген. П.П.Семенов – еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь­Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі.  1856­1857жылдары Орталық және Солтүстік Тянь­Шаньға бірнеше рет саяхат жасап, Хантәңірі  шыңының бөктеріне жеткен. Тянь­Шань тауындағы биіктік белдеулілікті, мұздықтарды анықтаған. Ш.Уәлиханов – қазақтан шыққан тұңғыш географ ғалым. Шоқан өзінің бірінші саяхаты кезеңінде  Жетісу Алатауы мен Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған. Осы саяхаты барысында "Жоңғар  очерктері", "Таудағы қырғыздар" атты еңбектерін жазған. Қ. Сәтбаев 1926­1929 жылдары кеңес геологтары болашағы жоқ деп есептеген Жезқазған мыс кен  орнын ірі мысты ауданға жатқызды. Сонымен қатар Қарсақпай, Жезді кен орындарын зерттеді. СҰРАҚТАР 1. Қазақ жері туралы алғашқы деректерді ... еңбектерінен кездестіреміз. 2. Б.з.б. V ғ Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәлімет қалдырған. 3. "Шығыстың Аристотелі" атанған ғалымды табыңыз. 4. М. Қашғаридың "Диуани­ лұғат­ ат­түрк" атты еңбегінде ... түсініктер берілген: 5. ХІІІ ғ.­да Алакөл, Балқаш туралы мәліметтер келтірген еуропалық саяхатшыларды көрсетіңіз. 6. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында қазақ халқы мен қазақ жері туралы "Жылнамалар жинағы" атты  еңбекті жазған. 7. XVII ғ. қазақ жерін тұңғыш рет Ресейдің "Сібірдің сызба кітабы" атты атласқа енгізген. 8. "Қырғыз­қазақ немесе Қырғыз­қайсақ ордалары мен далалары" атты еңбекті жазған. 9. 1856­1857 жылдары еуропалық ғалымдардың ішінде тұңғыш рет Тянь­Шань тауын зерттеп,  Хантәңірі массивіне жеткен саяхатшыны белгілеңіз. 10. Тянь­Шань тауы жанартаулық әрекеттен пайда болған деген пікірді теріске шығарған ғалым. 11. Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған еңбек жазған. 12. "Түркістан" еңбегінің авторы. 13. Географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашқан саяхатшыны табыңыз. 14. Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдарын атаңыз. 15. Тянь­Шань таулы аудандарындағы және Балқаш көлінің шөлді аймақтарындағы өсімдік  жамылғысын зерттеп, салыстырмалы сипаттама берген ғалымды көрсетіңіз. 16. Арал теңізін алғаш толық зерттеген, "Арал теңізі" атты еңбекті жазған орыс саяхатшысы. 17. Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауын зерттеген ғалымды табыңыз. 18. "Жоңғар очерктері", "Таудағы қырғыздар", "Алты шаһар туралы" ғылыми еңбектердің авторын  көрсетіңіз. 19. 22 жасында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып қабылданған ғалымды атаңыз. 20. Тұңғыш геолог ғалым. 21. Қ. Сәтбаевтың зерттеген аумақтарын табыңыз. 22. Қ. Сәтбаев ашқан мыс кен орындары. 23. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Мемлекеттік және Лениндік  сыйлықтардың иегері, академик­ғалым. 24. Ұлы Жібек жолы кезінде Батыс пен Шығысты жалғастырған өзенді анықтаңыз. 25. Орталық және Орта Азия картасын жасаған саяхатшылар.

Казакстаннын зерттелу тарихы

Казакстаннын зерттелу тарихы

Казакстаннын зерттелу тарихы

Казакстаннын зерттелу тарихы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.03.2018