Кеңейтілген сабақ жоспары
Оценка 4.6

Кеңейтілген сабақ жоспары

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
преподавание
1 кл—4 кл
17.05.2023
Кеңейтілген сабақ жоспары
Ұстаздарға арналған
ашық сабақ 2020.docx

Күні айы:30.10.2020.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Гимнастикалық орындықта ,аяқтың ұшымен жүру.

Мақсаты:

Білімділік:  гимнастикалық орындық үстімен қол ұстасып (параллель) жүруді үйрету.

Дамытушылық: Гимнастикалық орындық  үстімен тепе-теңдік сақтап жүруді.

Тәрбиелік : Ұйымшылдыққа баулу.

Құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындық, жіптер, доп, ойыншықтар, әр балаға 2 жалаушадан, қимыл- қозғалыс ойынына қажетті бетперделер.

Билингвальды компонент: гимнастикалық орындық-стул гимнастический

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық  оятушылық

 

1-бөлім. Бір қатар сапқа тұрғызу. Тізбекте түрлі тапсырмаларды орындай жүру және жүгіру жаттығуларын 1,5 минут көлемінде қайталау. Музыкаға сәйкес жүру, жүгіру, би элементтерін (аяқты аяқтың алдына қойып адымдау, қысқа, ауыспалы адым) орындау; тізбекте жұп болып және 2-3-тен caп түзеп жүру.

Балалар сапқа тұрып,жаттығулар орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

2-бөлім.Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

1.* Б.қ. - 1-4 - аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен түсіріп (жалауша оң қолда), түзу тұру. Оң аяқты тізеден бүгіп, жайлап алға созып, жалаушаны тізенің астынан сол қолға ауыстыру. Осылайша сол аяқпен орындалады. (6-8 рет).

2.* Б.қ. - негізгі тұрыс, 1-4 - сол аяқпен алға төрт адым, жалауша ұстаған екі қолды алға созу; 1-4 - сол аяқпен артқа төрт адым жасап, жалауша ұстаған екі колды жоғары созу; 1-4 - оқ аяқпен алға 4 адым жасап, жалауша ұстаған екі қолды алға созу; 1-4 - оң аяқпен артқа төрт адым жасап, жалауша үс- таған екі қолды қолды жоғары созу. (4 рет).

3.** Б.қ. - аяқты алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұрады. 1 - қолды алдыға созып отыру: 2 - б.к.-ка келу. (6 рет орындау).

4.Б.қ. - аяқты сәл алшақ, қолды төмен. 1 - секіре аяқты алшақ қою, жалаушаны екі жаққа созу. 2 - б.қ.-қа келу. (3-4 рет).

5.Бірнеше бала 3-4 шығыршықты айнала қол ұстасып, көзді жұмып, 30-40 секунд шалқалап жату.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Шалқалап жатып, аяқты айқастыра алға жылжу.

Жалаушалар арасынан еңбектеу, белгі бойынша жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыра жүру, жүгіру.

Бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрып, екі қолмен бастан асыра доп лақтыру (арақашықтығы 2,5-3 м).

Қол ұстасып шыр айналу.

Қатар қойылған екі гимнастикалық орындық үстінде қол ұстасып жүру.

 

ЖДЖ-орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл-қозғалыс ойындарымен ойнайды.

Рефелексивтік түзету

 

 

 

 

 III бөлім. Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалысы аз «Аңшы мен үйрек» ойыны ойнатылады, тыныс алу жаттығулары орындалады.

Мадақтау балаларды.

тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: белгі бойынша жүруді жүгірумен алмастыруды.

Үйрену керек: Гимнастикалық орындық  үстімен тепе-теңдік сақтап жүруді.

Меңгерді: гимнастикалық орындық үстімен қол ұстасып (параллель) жүруді


 

Күні айы:30.10.2020. Білім беру саласы: «Денсаулық»

Күні айы:30.10.2020. Білім беру саласы: «Денсаулық»

Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.05.2023