"Кинематика негіздері" тарауы бойынша күрделі есептерді шығару
Оценка 4.8

"Кинематика негіздері" тарауы бойынша күрделі есептерді шығару

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
физика
11 кл
24.03.2017
"Кинематика негіздері" тарауы бойынша күрделі есептерді шығару
11 сынып оқушыларымен өткізілген физика пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық (таңдау курсы) сабағында "Кинематика негіздері" тарауы бойынша күрделі есептерді шығару тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлау. Сабақ жоспарында оқушылармен жүргізілетін жұмыс формалары, әдіс-тәсілдер, жұптық, жеке жұмыстар тапсырмалары берілген. Сынақ бөлімінде оқушылардан алынған жаңа форматтағы тест тапсырмаларының үлгілері берілді.
Кинематика ШілдебаеваА.docx

Бекітемін:

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:                              Физика

                               (таңдау  курсы)

Күні:                           22.02.2017

Сынып:                      11

 

Мектеп:                                  №201 мектеп-лицей

 

Мұғалімнің аты-жөні:         Шілдебаева Айгүл

Қатысқандар саны:             10

Қатыспағандар саны:          -

Сабақ тақырыбы

 

«Кинематика негіздері» тарауы бойынша күрделі есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Кинематика негіздері тарауындағы ұғымдар мен теңдеулерді қайталау, қозғалыстың түрлерін ажырату, күрделі есептер шығару.

Сабақ мақсаттары

Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру, вертикаль бойымен қозғалыс, нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы тақырыптарына берілген есептерді шығарады.

 

Орташа жылдамдық, һ биіктіктен горизонталь бағытта және  көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысына берілген есептерді оңай тәсілмен шығарады.

 

n-ші секундтағы жүрілген жол, дененің вертикаль бойымен қозғалысына берілетін күрделі есептерді шығарады.

Бағалау критерийлері

 

Графиктерді талдау және ауызша есептеулер жүргізу;

 

Координатаның, жылдамдықтың уақытқа тәуелділік теңдеулеріне берілген есептерді шығару ;

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін құрастыру;

 

Тарау бойынша берілген күрделі есептерді шығарудың оңай тәсілдерін ұсыну.

 

Тілдік мақсаттар

 

 

Негізгі сөздер мен тіркестер: Материя, жол, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, тең айнымалы қозғалыс, вертикаль бойымен қозғалыс

 

Құндылықтарды дарыту

 

 

      Оқушылардың ойлау арқылы жасалатын іс-әрекеттегі қиындықты жеңуге деген талпынысын арттыру.

ü  Оқушылардың белсенділігін арттыру;

ü  Сыни  ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

 

     Мақсатқа жету, табандылық, төзімділік, жауапкершілік  қасиеттерін қалыптастыру

 

Пәнаралық байланыстар

 Математика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік тақта, бейнероликтер, презентация

Бастапқы білім

 

«Кинематика негіздері» тарауының негізгі ұғымдары мен теңдеулерін қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

2 минут

 

 

3 минут

Психологиялық ахуал

 

«Жылы лебіздер». Бүгінгі күнге бір-біріне жақсы тілектер айту.

 

Топқа бөлу. Қима қағаздар арқылы

 

І топ.  Кинематика

ІІ топ. Қозғалыс

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздар

 

Сабақтың ортасы

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

4 минут

 

 

 

5 минут

 

 

 

10 минут

 

 

3 минут

 

 

5 минут

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

Теориялық  бөлім:

 

 

Топтық жұмыс

 

І топ. Кинематиканың негізгі ұғымдары және және оның негізгі екі теңдеуі. Түзу  сызықты тең айнымалы қозғалыс.

 

ІІ топ. Еркін түсу. Вертикаль жоғары  лақтырылған дененің қозғалыс теңдеуі. һ биіктіктен горизонталь бағытта және көкжиекке бұрыш жасай  лақтырылған дене қозғалыстары.

 

Шеңбер бойымен қозғалған дененің кез-келген уақыт мезетіндегі жүрген жолы мен орын ауыстыруы.

 

 

Практикалық бөлім:

 

 

Жеке  жұмыс. Суреттер мен графиктер  (қосымша 1)

 

 

Бейнеролик көрсету. (Бейнеролик арқылы есептің шығарылу жолын түсіну)

 

 

Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді   (қосымша 2)

 

 

 

Жұптық жұмыс. Есептер шығару    (қосымша 3)

 

 

Сергіту

 

 

Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру         (қосымша 4)

 

 

Жеке  жұмыс. Есептер шығару           (қосымша 5)

 

 

 

Сынақ бөлімі

 

 

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсымалар. Жаңа формат бойынша тест тапсырмалары                           (қосымша 6)

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивтік тақта, презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд, 

А4  парағы

 

Интерактивтік тақта, бейнеролик

 

Тапсырмалары бар парақшалар

 

 

Тапсырмалары бар парақшалар

 

Интерактивтік тақта

 

Тапсырмалары бар парақшалар

 

Тапсырмалары бар парақшалар

 

 

 

 

 

Тапсырмалары бар парақшалар

 

 

 

Сабақтың соңы

 

3 минут

 

Кері байланыс. 

 

Маған не қиын болды, не қиын болмады

 

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

 

2:

 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

1:

 

 

2:

 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

                                              Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді.                          (қосымша 2)

 

 

Тапсырмалар

Оқушы жауаптары

1

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығының формуласын жазыңдар. Формуладағы әр шамаға сипаттама беріңдер.

2

Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың теңдеуін жазыңдар.

Негізгі формуладан дененің бастапқы координатасы, бастапқы жылдамдық шамалары 0-ге тең болған кездегі формулаларын жазыңдар.

3

Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі дененің жылдамдығының теңдеуін жазыңдар.

Негізгі формуладан дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең болған кездегі формуланы жазыңдар.

4

Дененің n-ші секундтағы жүрген жолы неге тең?

5

Орын ауыстырудың уақытқа тәуелсіз формуласы

6

 

Вертикаль  қозғалған дененің биіктігі және жылдамдық теңдеулері

7

 

Көкжиекке бұрышпен лақтырылған дененің максималды ұшу қашықтығы, жалпы ұшу уақыты, қозғалыстың максималды биіктігінің формуласын жазыңдар.

 

 

Жұптық жұмыс. Есептер шығару    (қосымша 3)

 

1.       Моторлы қайық 300 км қашықтықты өзен ағысымен 10 сағ-та, ал өзен ағысына қарсы 12 сағ-та жүзіп өтсе, онда оның тынық судағы жылдамдығы

2.       Қайықтың сумен салыстырғандағы қозғалыс жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан 3 есе артық. Екі бекеттің арасын қайықпен ағысқа қарсы жүзгендегі уақыт, ағыспен жүзгендегі уақытқа қарағанда

3.       Жолаушы 240 км-ді 10 сағатта жүріп өтті. Ол жолдың бірінші жартысын - машинамен, қалған жартысын пілмен жүрді. Егер машинаның жылдамдығы пілдің жылдамдығынан төрт есе үлкен болса, пілмен қандай жылдамдықпен жүрген?

4.       Дене тыныштық күйден бірқалыпты үдей қозғалып, 10 с-та 38 м жол жүреді. Дененің 12 с-та жүрген жолын табыңдар.

5.       Қозғалыс басталғаннан кейінгі екінші секундта автокөлік 1,2 м жол жүреді. Автокөлік қандай үдеумен қозғалған? Қозғалыс басталғаннан кейінгі оныншы секундтағы автокөліктің орын ауыстыруы неге тең?

  1. Тежелу басталғанда, локоматив бағдаршамнан 500 м қашықтықта еді. Және осы мезетте оның жылдамдығы 72 км/сағ болатын. Егер локоматив 0,1 м/с2 үдеумен тежелсе, 40 с өткенде оның бағдаршаммен салыстырғандағы орны

7.       Бірқалыпты үдемелі қозғала бастаған дене қозғалыс басталғаннан кейінгі бесінші секундта 45,5 м жол жүреді.  Дененің 5 с-та орын ауыстыруының модулін және оның бесінші секундтың аяғындағы  жылдамдығын табыңдар. Дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

8.       Тыныштық қалыптан теңүдемелі қозғалған дене уақыттың бірінші жартысында 10 м жол жүрсе, дененің толық жүрген жолы

9.       100 м қашықтыққа жүгірген оқушы алғашқы 20 м- ді 4 с бойы үдемелі қозғалып, қалған жолды бірқалыпты жүгіріп өтті. Барлық жолға кеткен уақытты табыңдар.

10.   Дене 180 м биіктіктен еркін түседі. Дене қозғалысының бірінші және соңғы секундтарындағы жүрген жолы (g = 10 м/с2)

11.   Дене 100 м биіктіктен еркін түседі. Ол жолдың бірінші және соңғы метрін қанша уақытта өтеді? Дене қозғалысының бірінші және соңғы секундтарында қанша жол жүреді?

12.   Дене 80 м биіктіктен еркін құлайды. Оның құлауының соңғы секундындағы орын ауыстыруы (g = 10 м/с2)

13.   Қозғалмай тұрған жолаушы метрополитен экскалаторымен 1 мин, ал қозғалмайтын эсклатор арқылы жолаушы 3 мин көтеріледі. Қозғалыстағы эксалатор арқылы жолаушының көтерілу уақыты

14.   Екі өзара перпендикуляр  шоссе жолдарында  жылдамдықтары 54 км/сағ және 72 км/сағ жүк және жеңіл автомашиналар бірқалыпты қозғалып келеді. Жол торабындағы кездесуден 10 мин өткен соң, олардың ара қашықтықтығы

15.   Моторлы қайық ара қашықтығы 100 км болатын екі бекеттің арасын өзен ағысымен - 4 сағатта, ағысқа қарсы 10 сағатта жүзіп өтеді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы мен су ағысының жылдамдығын тап.

16.   Дене 1960 м биіктіктен құлайды. Дене соңғы секундта қандай жол жүреді? (g = 10 м/с2)

17.   Еркін түскен дене өзінің соңғы 1 м жолын 0,1 с уақытта жүрсе, ол қандай биіктіктен құлаған? (g = 10 м/с2)

18.   Тас 1200 биіктіктен еркін түскенде өзінің соңғы секундында қандай жол жүреді? (g = 10 м/с2)

19.   Тас 40 м биіктіктен 20 м/с жылдамдықпен көкжиекке 45 0 бұрыш жасай лақтырылған. Ауа кедергісін ескермегенде тас Жерге қандай қашықтықта және қанша уақыттан соң түседі?

20.   Автомобиль тыныштық күйінен қозғала отырып, қозғалысының соңғы секундында 11 м жол жүреді. Егер соңғы жылдамдығы 12 м/с болса, оның үдеуі

 

Жеке жұмыс.   Ойланып, сәйкестігін табыңдар.                    (қосымша 4)

 

1. Орнынан қозғалған автомобиль 6 с ішінде жылдамдығын 36 м/с-ке жеткізді. Автомобильдің үдеуі

60  м/с

2.Дене шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Шеңбер радиусын өзгертпей, дене жылдамдығын 2 есе арттырған кезде центрге тартқыш үдеу

22,5 м

3. Еркін түскен дененің 6 с-тан кейінгі жылдамдығы  (g = 10 м/с2)

0,5 с

4. Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, айналымның ¼  бөлігінде жүретін жолы мен орны ауыстыруы

5 с

5. Еркін түскен дене Жермен соғыларды жылдамдығы 30 м/с болса, құлау биіктігі (g = 10 м/с2)

 10 м/с2

6. Тік жоғары лақтырылып, 8 с-тан соң жерге құлаған дененің көтерілу биіктігі

(g = 10 м/с2)

6 м/с2

7. Садақтан тік жоғары атылған жебе 10 с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты

4 есе артады

8. Тең үдемелі қозғалған автомобильдің жылдамдығы 4 с уақытта  45 -тен 5 м/с-ке дейін кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі

30 м/с

9.  Егер денені 5 м/с жылдамдықпен жоғары лақтырса, оның ең биік нүктесіне жететін уақыты: (g = 10 м/с2)

20 м

10. Автомобиль 10 м/с бастапқы жылдамдықпен қозғала отырып 2,5м/с2 үдеумен тежелсе оның тежелу жолы

p м, 2 м

11. Дене 30 м/с жылдамдықпен   вертикаль жоғары лақтырылған. Ауаның кедергісін ескермегенде, дененің  Жерге құлайтын жылдамдығы...

80 м

Жеке  жұмыс. Есептер шығару           (қосымша 5)

 

1.       Автомобиль тыныштық күйінен қозғала отырып, қозғалысының соңғы секундында 7 м жол жүреді. Егер соңғы жылдамдығы 8 м/с болса, оның үдеуі

2.       Бастапқы жылдамдығы 10 м/с автомобиль 2 м/с 2  үдеумен тежеле бастаған. Оның соңғы 2 с-та жүрген жолы

3.       Тыныштық күйден бірқалыпты үдемелі қозғала бастаған дененің нешінші секундтан кейін жүрген жолы алдындағы секунта жүрген жолынан үш есе үлкен болады?

4.       Материялық нүкте 10 с ішінде 60 м жол жүргенде оның бастапқы жылдамдығы 5 есе артты. Материялық нүктенің үдеуі

5.       Еркін құлаған дене соңғы 60 м-ді 2 с-та өтеді. Дененің құлау биіктігі  (g = 10 м/с2)

6.        Тік жоғары лақтырылған дене 25 м биіктікте 4 с уақыт интервалымен 2 рет болса, дененің бастапқы жылдамдығы (g = 10 м/с2)

7.       Қайық өзен ағысымен қозғала отырып, екі бекеттің арасын t1=3 сағатта, ал ағысқа қарсы осы ара қашақтықты t2=5 сағатта жүріп өтеді. Егер екі бекеттің ара қашықтығы S=15км болса, қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы және ағыс жылдамдығы қандай? Қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы барлық уақытта да тұрақты.

8.       Материялық нүкте 10 с ішінде 60 м жүрген. Осы жолда оның жылдамдығы 5 есе артқан. Үдеу тұрақты деп есептесе,материалдық нүктенің бастапқы жылдамдығы мен үдеуі

9.       2 м/с2 тұрақты үдеумен орнынан қозғалған автомобильдің белгілі бір уақыт мезетіндегі жылдамдығы 12 м/с. Осыған дейінгі 5 с-та жүрген жолы мен жылдамдығының өзгерісі

10.     Дене 160 м биіктіктен еркін түседі. Дене қозғалысының бірінші және соңғы секундтарындағы жүрген жолы (g = 10 м/с2)

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс. Жаңа формат бойынша тест тапсырмалары

1.Физикалық шамалардың ішіндегі векторлық шама болатыны:

A) күш       

B) тығыздық    

C) масса     

D) орын ауыстыру

E) уақыт      

F) жылдамдық     

G) жол        

H) энергия

2. Қозғалыс теңдеуі h = 12 + 4t + 4,9t2 болса, дененің бастапқы жылдамдығының модулі

А) -12 м/с

В) 4 м/с

С) -4 м/с

Д) 4,9м/с

Е) 12 м/с

F)  400 см/с   

G) – 400 см/с        

H) 490 см/с

3. Түзу сызықты бір қалыпты үдемелі қозғалыстағы дененің кез-келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға арналған өрнек:

А) х =

В) x =

С) x =  +  +

D) x  =

Е) x =

F)   x =  +  -

G) x =        

H) x  =

4. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы

A) 40 км/сағ

B) 60 км/сағ

C) 50 км/сағ

D) 42 км/сағ

Е) 16  м/с        

F)  45км/сағ   

G) 13,9  м/с

H) 11,7 м/с

5. Тас құдық түбіне 4 с-те құлап түсті. Құдықтың тереңдігі (g = 10 м/с2)

A) 60 м.

B) 80 м

C) 75 м.

D) 76 м.

E) 0,08 км

F)  0,075 км  

G) 79 м

H)  0,06 км

6. Қозғалыстағы дененің жылдамдығы  теңдеуімен берілген. Қозғалыс түрі және орын ауыстыру теңдеуі

A) , кемімелі.

B) , үдемелі

C) , үдемелі.

D) , бірқалыпты.

E) , кемімелі.

 

7. Метрмен  өлшенбейтін  физикалық шамалар:

A)  линзаның  фокус  аралығы   

B)   аудан  

С)  орын ауыстыру

D)  жылдамдық         

E)  ұзындық    

F)  жұмыс  

G)  жол    

H)  биіктік

8.Материялық  нүктенің қозғалысы х =14 t +27  теңдеуімен берілген.  Қозғалыс  туралы  тұжырымдардың  дұрыстары:

 A)Дененің бастапқы координатасы 14 м    

B) Дененің  бастапқы координатасы 27 м

C) Дене   бірқалыпты  қозғалуда 

D) Дене бірқалыпты үдемелі қозғалуда

E) Дене  шеңбер  бойымен  қозғалуда

F) Дене  бірқалыпты  кемімелі  қозғалуда

G)  Дененің  жылдамдығы  14 м/с  

H)  Дененің  жылдамдығы  27  м/с

9. Көкжиекке  бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясының ең жоғарғы нүктесіндегі үдеуі (Ауа мен үйкелісті ескермеңіз).

А) g, бағыты жылдамдық векторының бағытымен сәйкес.

В) g, жоғары бағытталған.

С) g, төмен бағытталған

D) g, траекторияға жанама бағыттас.

Е) g, жылдамдық векторына жанама бағыттас.

F) а, жылдадық векторына қарама-қарсы бағытталады.

G) а, бағыты жылдамдық векторының бағытымен сәйкес

H) а, жылдамдық векторына жанама бағыттас.

10.Автомобиль жолдың түзу сызықты бөлігінде тежеледі. Үдеу векторының бағыты

A) вертикаль төмен.                        

B) қозғалысқа қарсы

C) жылдамдыққа перпендикуляр.

D) қозғалыспен бағыттас.             

E) вертикаль жоғары.

F) жылдамдықпен бағыттас

G) дененің қозғалысына сәйкес бағыты да өзгереді

H) дұрыс жауабы жоқ

11. Пойыздың жылдамдығын 2 есе кеміткенде, оның тежелу жолы

A) 2 есе артады.

B) 4 есе кемиді

C) 2 есе кемиді.

D) 4 есе артады.

E) өзгермейді.

F)  8 есе артады

G) 8 есе кемиді

H)  3 есе артады

12. СИ жүйесіндегі жылдамдықтың  өлшем бірлігі:

A) м/мин

B) км/сағ

C) м/сағ

D) м/с

E) км/с

F)  м*с-1 

G) км/мин

H) м*с

13.Бірқалыпты түзусызықты қозғалған материялық нүктенің жылдамдық векторының бағыты

А) қозғалысқа перпендикуляр траектория бойымен.

В) траекторияға перпендикуляр.

С) траекторияға параллель.

D) қозғалысқа қарсы бағыттас.

Е) қозғалыспен бағыттас траектория бойымен

F)  қозғалысқа қарсы траектория бойымен

G) жанама бойымен бағытталады

H) жоғары қарай

 

 

14.Бірқалыпты қозғалысқа сәйкес келетін график

 

A) 1                        B) 2                              C) 3                            D) 4

E) 5                         F)  1 және 3                G) 2 және 4               H) 1 және 5

15. Материялық нүктенің жылдамдық проекциясы мына түрде өзгеретіндей болып қозғалады: υx = 2 - 3t, оның үдеуі

A) 3 м/с2.                 B) -3 м/с2.                    C) -5 м/с2.                 D) 5 м/с2.

E) 7 м/с2.                  F)  -300 см/с2              G) 300 см/с2                     H) -500 см/с2

16.Еркін түсу  дегеніміз –

А) тек қана ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы

В) серпімділік күшінің әсерінен дененің қозғалысы.

С) ауа кедергісі әсерінен дененің қозғалысы.

D) үйкеліс күшінің әсерінен дененің қозғалысы.

Е) ауырлық күшін ескермегенде дененің қозғалысы.

F)  ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі

G) серпімділік және үйкеліс күшінің әсерінен дененің қозғалысы

H)  дұрыс жауабы жоқ

17.Көкжиекке 300 бұрыш жасай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі мен ұшу қашықтығы (g = 10 м/с2)

А) 13 м; 88 м.

В) 1,3 м; 17,3 м.

С) 130 м; 88 м.

D) 13 м; 8,8 м.

E) 1,3 м; 88 м.

F)  130 см, 1730 см

G) 1300 см, 8800 см

H) 130 см, 8800 см

18. 100м биіктікпен құлаған дененің жерге соғылғандағы жылдамдығы мен құлау уақыты  (g = 10 м/с2)

А) 40 м/с; 5с.

В) 45м/с; 4,5с.

С) 0; 3с.

D) 45м/с; 6с.

Е) 0; 4,5с.

F)  0,045 км/с, 4,5 с

G) 0,04 км/с;  5с

H) 0,045 км/с; 6 с

19. Автомобильдің жылдамдығы 10 с уақытта 10-нан 6 м/с-ке дейін кемиді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік формуласы және 20 с кейінгі жылдамдығы

A) υх(t)=10-0,4t, υ=2 м/с.

B) υх(t)=10+0,4t, υ=2 м/с.

C) υх(t)=10-0,4t, υ=3 м/с.

D) υх(t)=10+0,4t, υ=3 м/с.

E) υх(t)=10-0,2t, υ=2 м/с.

F)  υх(t)=10+0,2t, υ=2 м/с.

G) υх(t)=10+0,4t, υ=6 м/с.

H) υх(t)=10-0,4t, υ=6 м/с.

 

20. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мына түрде  x= -3 t2. Нүктенің 2 с-тан  кейінгі жылдамдығы мен орын ауыстыруы...

A) υ =3 м/с; s=3м.

B) υ =12 м/с; s=12 м.

C) υ = -12 м/с; s= - 12 м.

D) υ =-3 м/с; s=-3 м.

E) υ =12 м/с; s=-3 м.

F)  υ =12 м/с; s=9 м

G) υ = -12 м/с; s= 12 м.

H) υ = 12 м/с; s= 6 м.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар №

Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар №

Бастапқы білім «Кинематика негіздері» тарауының негізгі ұғымдары мен теңдеулерін қайталау

Бастапқы білім «Кинематика негіздері» тарауының негізгі ұғымдары мен теңдеулерін қайталау

Теориялық бөлім: Топтық жұмыс І топ

Теориялық бөлім: Топтық жұмыс І топ

Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді

Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді

Барлық жолға кеткен уақытты табыңдар

Барлық жолға кеткен уақытты табыңдар

Жеке жұмыс. Есептер шығару ( қосымша 5) 1

Жеке жұмыс. Есептер шығару ( қосымша 5) 1

Жеке жұмыс. Жаңа формат бойынша тест тапсырмалары 1

Жеке жұмыс. Жаңа формат бойынша тест тапсырмалары 1

B) аудан С) орын ауыстыру

B) аудан С) орын ауыстыру

Бірқалыпты қозғалысқа сәйкес келетін график

Бірқалыпты қозғалысқа сәйкес келетін график

"Кинематика негіздері" тарауы бойынша күрделі есептерді шығару

"Кинематика негіздері" тарауы бойынша күрделі есептерді шығару
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017