- «Қиын бала» белгілі бір жұмысы жоқ,жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы тимейтін , баласына қарауға уақыты жоқ үлкен қызметтегі әкее-шешенің отбасынан шығады.Тәрбиенің осалдығынан белгілі бір себептермен үйлерінен қашатын балалар тобын, мінез ерекшеліктеріне байланысты, «қиын бала» деп атау қалыптасқан.Қазір бұл кеңестік келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шетелдерде «девянтное поведение» депте жүр.Орыстарда «отклоняющиеся поведение» дейді,бірақ бұл көңілге тиетіндей ауыр анықтама.Соңғы кездері «группа риски» деген атау ұсынылып жүр , мұның қазақша баламасын таппай жатырмыз. «Қиын бала» алқаштың баласы немесе өте ауқатты адамның мәпелеген баласы болады. Ол анық нәрсе.« Қиын бала» дегеніміз кім?
- «Қиын бала» белгілі бір жұмысы жоқ,жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы тимейтін , баласына қарауға уақыты жоқ үлкен қызметтегі әкее-шешенің отбасынан шығады.Тәрбиенің осалдығынан белгілі бір себептермен үйлерінен қашатын балалар тобын, мінез ерекшеліктеріне байланысты, «қиын бала» деп атау қалыптасқан.Қазір бұл кеңестік келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шетелдерде «девянтное поведение» депте жүр.Орыстарда «отклоняющиеся поведение» дейді,бірақ бұл көңілге тиетіндей ауыр анықтама.Соңғы кездері «группа риски» деген атау ұсынылып жүр , мұның қазақша баламасын таппай жатырмыз. «Қиын бала» алқаштың баласы немесе өте ауқатты адамның мәпелеген баласы болады. Ол анық нәрсе.
«Қиын баланың» өзіндік ерекшеліктері.
Мектеп те белгілі бір дәрежеде әсер етеді.Мысалы ,бір нәрсе бүлінсе де, бір терезе сынса да , белгілі бір көзге түсіп жүрген баланы кінәлай беру баланың мектепке деген өкпесін туғызады.Содан сабаққа бармай өзі типтес балаларға қосылып кетеді.Ал ең басты кінәні отбасынан іздеуіміз керек. Дер кезінде көмек беру, байқап сөйлесу, т.б. ескеру қажет. Милиция қызметкерлері көшеден ұстап алса ғана қарайды, әйтпесе олар да артық бас ауыртқысы келмейді.Ал мектеп бұзық баладан құтылу үшін басқа мектепке көшіреді. Көшіру деген сылтаумен бір мектептен құжатын алып кетіп , екіншісіне тапсырмай жүріп алады Сөйтіп бос сенделген бала ақырында өзі сияқтылардың шырмауына түседі. «Қиын баланың» бір ерекшелігі – олар «қыдырым-
паз». Тұрақты мекені жоқ бала өз бетінше қаңғытып жүріп- жүтіп бөтен облысқа немесе қалаға кетеді Ондағы балалар да оны таниды, содан соң бірігіп қылмысқа кіріседі. «Қиын баланың» көбі қаңғып жүрген соң , балалар үйіне тапсырылады. Балалар үйінде оларға күтім жасалынады , тамақ уақытымен беріледі . Соған үйренген балалар кейін балалар үйінен кеткен соң өзіне өзі күтім жасай алмайды, олар тым өкпелегіш және қарым – қатынастары шектеулі, мәдениеті төмен, тіл байлығы жұтаң. Сондықтан да олар жұмысқа тұрса да қарым – қатынас жағы қиындық келтіргендіктен ақырында жұмыстан шығып кетеді.
Маман ретінде қиын баламен жұмыстағы өз тәжірибеңізді айта отырсаңыз?
- Қиын баламен жұмыс барысында байқағаным бұлардың 15 % - жөнге келмейтін, қалай тәрбиелесеңде адам болмайтын балалар. Ал 10% -ті жақсы адам болғысы келетіндер. Мен тәрбиелеген ол балалардың көбісі қазір балалы – шағалы адамдар. Жалпы алғанда, мен оларды “ талантты” балалар дер едім. Жақсы жағынан емес,әрине, өмірдің өзінен үйренгені көп, тағдырдың тәлкегінен көреген болған. Олар алғашында адамның іші – бауырына еніп, жақсы қатынасқа түсіп, сеніміне кіріп алады да, соңында қалтасын қағып кетеді. Олардың жасаған қылықтары да адамның ойына келмейтін нәрселер болады. Мысалы, біздің интернаттағы сол кездегі балалар жерге қар үйіп дайындап жүреді. Оны не істейсіңдер деген сұраққа сырғанақ жасаймыз деп жауап береді. Сөйтсек, олар үш қабатты үйдің төбесіне шығатын жерді ашып қойған екен, содан шығып төбеден секіргенде үйілген қарға түседі.Сөйтіп үш бала қашып кетті, төртіншісі аяғы мертігіп қалып қойды.
Бұл балаларды ерекше бақылауға алып, айрықша қабілеттерін байқап бір бағытқа тәрбиелей білсең жақсы адам қылуға болады. Мен өзім тәрбиелеген бір баланың әртістік қабілетін байқадым да, тапсырмалар беріп, мерекелік кештергеинтермедиялар орындаттым. Қызығушылығы оянған балаға әртіс болу үшін білім керектігін айтып, кітаптар әкеліп жүрдім. Көз алдымда өзгерген бала кейін жақсы адам болып шықты, мамандығы – музыкант.
Бұл балалардың ортасы былайша айтқанда “ Закон джунгли”. Сондықтан да мен сөз өтімді саналатын балаларды таңдап алып, біреуін сабақ үлгерімін қадағалауға, біреуін тазалық тексеруге қойдым. Бұлардың ортасында әлсіздер күштіге бағынатын бұлжымайтын заңдылық бар. Нәтижесінде менің тобымда ешқандай үлгірмеушілік немесе интернаттан қашушылар болған жоқ.
«Қиын бала» тәрбиесінде неге назар аудару керек?
-«Қиын бала» тәрбиесін ата – анаға немесе мектепке жеке тапсыруға болмайды. Оларға қоса бақылау орындары қадағалауға алғаны жөн. Бұларды дұрыс жолға салу үшін арнайы тәрбие керек. Қандай бір қиын бала болса да, оның бойында бір жақсы қасиет болады. Педагогтың міндеті соны көре білу және сол жақсы қасиетті дамыта білу. Үлгермеуші балаларға басқаша түрде тапсырма беріп көру керек. Әйтеуір қайткен күнде де баланың қабілетті екеніне өзін сендіру керек. Өзін -өзі сенімді болған бала басқа да жақсы нәрсемен шұғылдана бастайды. Есте ұстайтын бір жай, бала өзін - өзі тәрбиелеуге қатыспаса, сырттан берілген тәрбие оған қонбайды. Тәрбие нәтижелі болуы үшін баланың жақсы қасиетін өзіне дәлелдеп көрсету керек. Өмірде өзіне арналған орын бар екенін сезінген бала құштарлана бастайды. Өзінің жаман қасиетін өзіне қарсы қоя отырып қайта тәрбиелеу процесі өте нәтижелі болады. Тек қадағалаумен ештеңе бітпейді, оған ақылкеңес бере отырып, жақсы қасиетін дәріптеу керек. Ешқашан ешкімнің жамандығын бетіне баспау керек. Ең бастысы балалардың көшедегі бұзақы топпен қатынасын үзу керек. Ол үшін баланың өзінің бейімі бар үйірмесіне қатыстырып, оның бос отыруына жол бермеу керек. Ешқандай бала ешнәрседен құралақан туылмайды, бәрінің де бойында бір нәрсеге деген икем мен қызығушылық болады. Біздің міндетіміз сол жақсы қасиетін өзіне сезіндіріп, балаға қуаныш сыйлай білу.
« Қиын бала « мәселесін азайту үшін не істеуге болады?
- Кеңес одағы кезінде ұлдар мектебі, қыздар мектебі болған.Кейін егемендік алған тұста қаражат болмаған себепті бұл мектептер жабылып қалды. Сол сияқты экономикалық жағдай көрсетсе, қиын балаларға арналған мектеп ашуды қолға алу керек. « Қиын балалар» болашақ түрмеге кондидаттар, сондықтан да оларды басқа балаларды бұзбас үшін, өздері де жүйелі бақылауда болуы үшін арнайы мектепте оқытқан дұрыс болар еді.
« Қиын бала» тәрбиесінде жаңа мәліметтер мен әдіс – тәсілдер бар ма?
- Жалпы « қиын балаға» тәрбиені кешенді түрде жүргізген тиімді. Ол дегенмен ата – ана, мектеп, милиция орындарының бірлігі және осыған қоса соңғы кезде пайда бола бастаған « әлеуметтік педагог» деген мамандық. Әлеуметтік педагог « қиын бала» төңірегінде мәселе көтеріп, атқарушы орындармен бірігіп жұмыс істейтін мамандар. Әлеуметтік педагогика « қиын баламен» ғана емес, қарттар үйімен де байланысты сала. Өкінішке орай, бұл мамандық бізде жаңадан енгізілгендіктен нәтижесі аз, толыққанды функциясын атқарып отырған жоқ. Негізгі « қиын балалардың» өзін - өзі қорғау қабілеті өте күшті дамыған. Сондықтан да «қиын баламен» жұмыс барысында әлеуметтік педагог (егер ол өз ісін шебер меңгерген болса) мамандығы таптырмайтын кәсіп болар еді.
Киын бала 2.doc
« Қиын бала» дегеніміз кім?
«Қиын бала» белгілі бір жұмысы жоқ,жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы
тимейтін , баласына қарауға уақыты жоқ үлкен қызметтегі әкеешешенің отбасынан
шығады.Тәрбиенің осалдығынан белгілі бір себептермен үйлерінен қашатын балалар
тобын, мінез ерекшеліктеріне байланысты, «қиын бала» деп атау қалыптасқан.Қазір бұл
кеңестік келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шетелдерде «девянтное поведение» депте
жүр.Орыстарда «отклоняющиеся поведение» дейді,бірақ бұл көңілге тиетіндей ауыр
анықтама.Соңғы кездері «группа риски» деген атау ұсынылып жүр , мұның қазақша
баламасын таппай жатырмыз. «Қиын бала» алқаштың баласы немесе өте ауқатты
адамның мәпелеген баласы болады. Ол анық нәрсе.
«Қиын баланың» өзіндік ерекшеліктері.
Мектеп те белгілі бір дәрежеде әсер етеді.Мысалы ,бір нәрсе бүлінсе де, бір терезе сынса
да , белгілі бір көзге түсіп жүрген баланы кінәлай беру баланың мектепке деген өкпесін
туғызады.Содан сабаққа бармай өзі типтес балаларға қосылып кетеді.Ал ең басты кінәні
отбасынан іздеуіміз керек. Дер кезінде көмек беру, байқап сөйлесу, т.б. ескеру қажет. Милиция
қызметкерлері көшеден ұстап алса ғана қарайды, әйтпесе олар да артық бас ауыртқысы
келмейді.Ал мектеп бұзық баладан құтылу үшін басқа мектепке көшіреді. Көшіру деген
сылтаумен бір мектептен құжатын алып кетіп , екіншісіне тапсырмай жүріп алады Сөйтіп бос
сенделген бала ақырында өзі сияқтылардың шырмауына түседі. «Қиын баланың» бір ерекшелігі –
олар «қыдырым
паз». Тұрақты мекені жоқ бала өз бетінше қаңғытып жүріп жүтіп бөтен облысқа немесе қалаға
кетеді Ондағы балалар да оны таниды, содан соң бірігіп қылмысқа кіріседі. «Қиын баланың»
көбі қаңғып жүрген соң , балалар үйіне тапсырылады. Балалар үйінде оларға күтім жасалынады ,
тамақ уақытымен беріледі . Соған үйренген балалар кейін балалар үйінен кеткен соң өзіне өзі
күтім жасай алмайды, олар тым өкпелегіш және қарым – қатынастары шектеулі, мәдениеті
төмен, тіл байлығы жұтаң. Сондықтан да олар жұмысқа тұрса да қарым – қатынас жағы
қиындық келтіргендіктен ақырында жұмыстан шығып кетеді.
Маман ретінде қиын баламен жұмыстағы өз тәжірибеңізді айта отырсаңыз?
Қиын баламен жұмыс барысында байқағаным бұлардың 15 % жөнге келмейтін, қалай
тәрбиелесеңде адам болмайтын балалар. Ал 10% ті жақсы адам болғысы келетіндер.
Мен тәрбиелеген ол балалардың көбісі қазір балалы – шағалы адамдар. Жалпы алғанда,
мен оларды “ талантты” балалар дер едім. Жақсы жағынан емес,әрине, өмірдің өзінен
үйренгені көп, тағдырдың тәлкегінен көреген болған. Олар алғашында адамның іші –
бауырына еніп, жақсы қатынасқа түсіп, сеніміне кіріп алады да, соңында қалтасын
қағып кетеді. Олардың жасаған қылықтары да адамның ойына келмейтін нәрселер
болады. Мысалы, біздің интернаттағы сол кездегі балалар жерге қар үйіп дайындап
жүреді. Оны не істейсіңдер деген сұраққа сырғанақ жасаймыз деп жауап береді.
Сөйтсек, олар үш қабатты үйдің төбесіне шығатын жерді ашып қойған екен, содан
шығып төбеден секіргенде үйілген қарға түседі.Сөйтіп үш бала қашып кетті, төртіншісі
аяғы мертігіп қалып қойды.
Бұл балаларды ерекше бақылауға алып, айрықша қабілеттерін байқап бір бағытқа тәрбиелей
білсең жақсы адам қылуға болады. Мен өзім тәрбиелеген бір баланың әртістік қабілетін
байқадым да, тапсырмалар беріп, мерекелік кештергеинтермедиялар орындаттым.
Қызығушылығы оянған балаға әртіс болу үшін білім керектігін айтып, кітаптар әкеліп жүрдім.
Көз алдымда өзгерген бала кейін жақсы адам болып шықты, мамандығы – музыкант.
Бұл балалардың ортасы былайша айтқанда “ Закон джунгли”. Сондықтан да мен сөз өтімді
саналатын балаларды таңдап алып, біреуін сабақ үлгерімін қадағалауға, біреуін тазалық
тексеруге қойдым. Бұлардың ортасында әлсіздер күштіге бағынатын бұлжымайтын заңдылық бар. Нәтижесінде менің тобымда ешқандай үлгірмеушілік немесе интернаттан қашушылар болған
жоқ.
«Қиын бала» тәрбиесінде неге назар аудару керек?
«Қиын бала» тәрбиесін ата – анаға немесе мектепке жеке тапсыруға болмайды. Оларға қоса
бақылау орындары қадағалауға алғаны жөн. Бұларды дұрыс жолға салу үшін арнайы тәрбие
керек. Қандай бір қиын бала болса да, оның бойында бір жақсы қасиет болады. Педагогтың
міндеті соны көре білу және сол жақсы қасиетті дамыта білу. Үлгермеуші балаларға басқаша
түрде тапсырма беріп көру керек. Әйтеуір қайткен күнде де баланың қабілетті екеніне өзін
сендіру керек. Өзін өзі сенімді болған бала басқа да жақсы нәрсемен шұғылдана бастайды. Есте
ұстайтын бір жай, бала өзін өзі тәрбиелеуге қатыспаса, сырттан берілген тәрбие оған қонбайды.
Тәрбие нәтижелі болуы үшін баланың жақсы қасиетін өзіне дәлелдеп көрсету керек. Өмірде өзіне
арналған орын бар екенін сезінген бала құштарлана бастайды. Өзінің жаман қасиетін өзіне қарсы
қоя отырып қайта тәрбиелеу процесі өте нәтижелі болады. Тек қадағалаумен ештеңе бітпейді,
оған ақылкеңес бере отырып, жақсы қасиетін дәріптеу керек. Ешқашан ешкімнің жамандығын
бетіне баспау керек. Ең бастысы балалардың көшедегі бұзақы топпен қатынасын үзу керек. Ол
үшін баланың өзінің бейімі бар үйірмесіне қатыстырып, оның бос отыруына жол бермеу керек.
Ешқандай бала ешнәрседен құралақан туылмайды, бәрінің де бойында бір нәрсеге деген икем
мен қызығушылық болады. Біздің міндетіміз сол жақсы қасиетін өзіне сезіндіріп, балаға қуаныш
сыйлай білу.
« Қиын бала « мәселесін азайту үшін не істеуге болады?
Кеңес одағы кезінде ұлдар мектебі, қыздар мектебі болған.Кейін егемендік алған тұста
қаражат болмаған себепті бұл мектептер жабылып қалды. Сол сияқты экономикалық
жағдай көрсетсе, қиын балаларға арналған мектеп ашуды қолға алу керек. « Қиын
балалар» болашақ түрмеге кондидаттар, сондықтан да оларды басқа балаларды бұзбас
үшін, өздері де жүйелі бақылауда болуы үшін арнайы мектепте оқытқан дұрыс болар
еді.
« Қиын бала» тәрбиесінде жаңа мәліметтер мен әдіс – тәсілдер бар ма?
Жалпы « қиын балаға» тәрбиені кешенді түрде жүргізген тиімді. Ол дегенмен ата – ана,
мектеп, милиция орындарының бірлігі және осыған қоса соңғы кезде пайда бола
бастаған « әлеуметтік педагог» деген мамандық. Әлеуметтік педагог « қиын бала»
төңірегінде мәселе көтеріп, атқарушы орындармен бірігіп жұмыс істейтін мамандар.
Әлеуметтік педагогика « қиын баламен» ғана емес, қарттар үйімен де байланысты сала.
Өкінішке орай, бұл мамандық бізде жаңадан енгізілгендіктен нәтижесі аз, толыққанды
функциясын атқарып отырған жоқ. Негізгі « қиын балалардың» өзін өзі қорғау
қабілеті өте күшті дамыған. Сондықтан да «қиын баламен» жұмыс барысында
әлеуметтік педагог (егер ол өз ісін шебер меңгерген болса) мамандығы таптырмайтын
кәсіп болар еді.
"Киын бала" баяндама
"Киын бала" баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.