Зайсан ауданының әкімдігінің
«Шағын жинақталған Жаңатұрмыс негізгі орта мектебі» КММ
Ұлы жеңіске 75 жыл тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлы ерлік- ұрпаққа үлгі»
Сыныбы: 7-8 сынып
Сынып жетекшісі: Құлдырова А.М.
2019-2020 оқу жылы
Тәрбие сағаты 7-8 сынып
Тақырыбы |
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» |
Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары |
Болашақ
ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары
ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін
ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген
сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. |
Жұмыс барысы |
Әртүрлі көрнекіліктерді пайдаланып оқушылардың патриоттық сезімін ояту. |
Сабақты түсіндіру |
Мұғалім: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуанышпен мерекенің бұлағы. Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Дәл осынау жадыраңқы жәй күні, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы. Ұлы Отаным басымды иіп бір минут, Есіме алам сол бір апат қайғыны. Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік. Мұғалім: Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген,
әлемді таң қалдырған талай оқиғалар
өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен
қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы
теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек. Ұлы Отан соғысы кезінде Шығыс Қазақстан облысынан майданға 190 мың адам шақырылды. Оның 83 мыңы ұрыс даласынан қайтқан жоқ. 109 шығыс қазақстандық Кеңес Одағының Қаһарманы атағына ие болды. 24 Даңқ орденінің иегері атанды. 9000 шығыс қазақстандық азамат ҰОС ерен еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. Әбділбаев Тұрысбек
Деректерге сүйенсек: Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 60-тай ақын, жазушы қатысқан екен. Соның 48-і қазақ ұлтының өкілдері. Сондай жандардың бірі әрі жерлесіміз, әрі жұртшылыққа талантымен танымал Төлеген Тоқтаров Ел қорғаған майданда жас арыстан, Тоқтаровтай артында қалар дастан Жас қазақ! Бәрің соған ұқсап бақ! Отты жылдарды жырлап та, айтып та, тауыса алмасымыз анық. Соғыс жылдарындағы осынау бір айтулы жырлардың қорытындысы ретінде Бауыржан Момышұлының мына өлең жолдарымен аяқтасам деймін: Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа, Сардардың жұта алмайды сөзін оқ та. Қолпашты көтермейтін өмірінде, Мақтауға болады енді
өзі жоқта Батыр ұл есімдері сақталады, Жыр болып жүректерде жатталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
|
Тапсырма |
«Ұлы соғысқа 75 жыл» шығармалар байқауы 1. Мен бабаларыммен мақтанамын елімді менің қорғаған 2. Отан үшін от кешкен ер тұлғалы батырлар 3. Батырлар рухы балаға үлгі |
Үйге тапсырма |
Ұлы жеңіске 75 жыл мерей тойына арналған суреттер байқауы |
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.