Қазақстанның шекарасы, Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.Мақсаты:
Қазақстанның шекарасы, Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
сцн шекара.docx
Сынып: 6 «а»
Тақырыбы: «Берік шекара»
Мақсаты:
1. Қазақстанның шекарасы, Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен
біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару
құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
2. Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы
адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік
қорларын молайту.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, сайыс
Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, сабақтың эпиграфы жазылған
плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады.
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің
Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 120дан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан
дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші
әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Шекараны қорғау
күштері не үшін қажет дейтін сұрақ туындайтын болса, әрине қысқы да, нұсқа тоқталып
өтейін.
Шекараны қорғау күштері
Бұлар құрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді.
Құрлықтағы шекара әскерлері қазақстандық шекарашылардың әрдайым мемлекеттік
шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге
қабілеттігі, шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігін Отанымыздың аумақтық
біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шекарашыларда атыс қаруларының барлық түрі, танкке қарсы құралдар және де қазіргі
заманға қажетті әскери техника, байланыс және бақылау құралдары бар.
Ендеше интеллектуалдық ойын сайысымызды бастаймыз.
Сынып сағатымыз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтеді. Ал енді сынып сағатының
жоспарымен танысыңыздар.
1. «Кім білгір» сайысы
2. «Жалғасын тап»
3. «Ең епті сапер»
4. «Белсенділер»
5. Командирлер сайысы
1кезең.
Сұрақтар:
1 ші 5 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен
міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген. (Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақстанда 1942 45 ж ұлы соғысын басқарған ержүрек қолбасшы?(Б. Момышұлы)
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.
(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
4. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету
қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
5. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
2 ші
5 сұрақ
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім?
(Президент Н. Ә. Назарбаев)
2. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді
(жалпы мақсаттағы күштер, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері
және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
3. Суық қару түрлерін атаңыз. (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
4. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
5. 9. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)
ІІ. «Жалғасын тап» конкурсы: мақалмәтелдердің жалғасын табыңдар
(Мақал – мәтелдер)
Елім деп туған – ерлер бар
Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас.
Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.
Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны.
Ел шетіне жау келсе,
Арыстандай айбарлы батырлардың бары игі.
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен.
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін арпалыс, өлмейсің.
Отансыз ұл – ормансыз бұлбұл.
Ел даусыз болмас,
Ер жаусыз болмас.
Ер жігіт өзі үшін туады,
Елі үшін өледі. Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Ердің туы – намыс.
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Шын ер жеңсе – тасымас,
Жеңілсе – жасымас.
Батылдықты айт, ерлікті айт,
Батырлықты айт, бірлікті айт.
ІІІ. Саперлар сайысы:
Екі командадан бір бір сапер шығып, шарды үрлейді, кімнің шары ең үлкен болып
үрленеді сол жеңімпаз атанады.
ІV. Белсенділер сайысы:
оқушылар тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын айтады
VI. Командирлер сайысы: Сұрақ жауап (әр командирге төрт сұрақтан).
1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді? /теңге, 1993, 15 қараша/
2. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? /1995 ж, 30 тамыз/
3. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/
4. Мақалды жалғастыр:
a. Отансыз адам ... (ормансыз ағаш)
b. Отан үшін.... (отқа түс)
1. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/
3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991, 16/ХІІ/
4. Мақалды жалғастыр:
c. Отан.... ыстық. (оттан)
d. Туған жердей – (жел болмас)
Туған елдей – (ел болмас) Мұғалім: Сонымен, кезекті әділ қазылардың шешіміне берсек. Жеңімпаздарды құттықтай
отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз
Шекарамызды әрқашан берік ұстаймыз дей келе барлықтарыңызға рақметімді айтамын.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Классный час на тему «Берік шекара» (6 класс)
Классный час на тему «Берік шекара» (6 класс)
Классный час на тему «Берік шекара» (6 класс)
Классный час на тему «Берік шекара» (6 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.