Наурыз мейрамы ерекше аталып
өтті
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ҚазБСҚА жанындағы лицейде 2019 жылдың 20 наурызында салтанатпен атап өтілді. Мерекелік шараға қатысқан ҚазБСҚА басшылығы және лицей ұжымы жиналған жұртшылықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Алаңда ұлттық нақышта безендірілген шатырлар тігіліп, ақ дастархан толы қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алды. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығы ұлттық әдемі киім киіп, жайдары көңіл-күймен келді.
«Наурыз думан» атты театрландырылған көрініс қойылды. Лицей мұғалімдері «Көктем арулары» биімен көпшіліктің көңілінен щықты. Наурыз ұлттық мерекесі аясында, дәстүрлі «Сүндет той» рәсімін көрермен назарларына ұсынылды. Батырдың киімін киген жас баланы жеңгелері ақ түйемен жетектеп алып кіріп, шашу шашты. Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды сүндетке отырғызу рәсімін жасағаннан кейін Қыдыр ата батасын берді. Қазақтың ежелгі ұғымында 21-наурыз күні жер иесі Қыдыр ата даланы аралайды екен. Қыдыр баба аралаған ауылға «бақ оралады», «ырыздығы молаяды» деп сенеді. Себебі қазақта мынадай ұғым бар «Үйге қонақ келуден бұрын оның дәмі өзінен бұрын кіреді, «қонағы көп үй берекелі болады», қонақпен ілесіп үйге құт қонады, қырықтың бірі Қыдыр осы келген қонақтың бірі Қыдыр деп сенеді. Сүндетелген ұлды түйемен аралатып, қоржынға көрімдік алады. Сүндетке отырған жігітіміз мықты болсын деген ниетпен Арқан тартыс, Асық ату тағы басқа ұлттық ойындар ойнатылды. Мерекені әуелетіп «Сәулем-ай» әні шырқалды.
Дайындаған көріністе ұлық мейрамның мән-мағынасы, көктемнің шуақты сәттері көрсетілді. Ұлттық дәстүріміз де барынша дәріптелді. Наурыз мерекесі барлық ҚазБСҚА бөлімдерінде тойланды.
Стыкулова Ж.А.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.