КМЖ
Оценка 4.9

КМЖ

Оценка 4.9
docx
01.12.2020
КМЖ
5 сынып №5.docx

                                                                                   Тексерілді: _______________           

                                                                      «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5  

№: 5

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

            Сабақтың тақырыбы: Танымға бастар жол

            Құндылық: Дұрыс әрекет  

            Қасиеттер: Адалдық, жігерлілік, шыншылдық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өзін, өзгелерді, әлемді танып – білуге ұмтылыстың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларға танып – білудің қажеттілігін түсіндіре отырып, адалдық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды алға қойған мақсатына жетудің жолдарын үйрету арқылы жігерлілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. tarbie.org

2. bilim-all.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

     Жағымды көңіл – күйге келу.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

 «Қожа Ахмет Йассауи» аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Ахметтің жақсы білім алуына кімдер ықпал етті?

2. Ахметтің іс-әрекетінен нені ұғуға болады?

3. «Ар-ұжданым бәрін көріп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Адам ар-ұждан даусын қалай ести алады?

5. Өзің ар-ұжданыңа сай іс-әрекет жасап жүрсің бе?

 

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен»

                             Халық нақылы.

Сұрақтар:

1.      Жақсы мінез қандай болады?

2.      Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Стакан емес бұлақ болуға тырыс

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. “Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті “Ащы” деп жауап береді ызаланып.

Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. “Tәтті” дейді шәкірт. “Тұздың дәмін сездің ба?” сұрағына да, “жоқ” деп жауап береді.

Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. “Стакан емес, бұлақ болуға тырыс“, – деген екен.

 

5. Шығармашылық жұмыс

«Мейірімділік - жүректе» тақырыбында эссе жазу

 

6. Топпен ән айту

Балдырғандар жыры

Өлеңі :Ә.Асылбеков

Әні: М.Ыбыраев

Күлімдеп көкте күніміз,

Құлпырып қырда гүліміз.

Бойды кернеп,

Ойды тербеп,

Шалықтаған шалқып шаттық жырымыз.

 

Ей, бақытты баламыз,

Білім қуып, көкке қанат қағамыз.

Табиғат сырын ашамыз,

Өмірге өнер шашамыз.

Оқуда да,

Еңбекте де

Салтанатпен үнемі алға басамыз.

 

Ей, бақытты баламыз,

Болашаққа батыл аттап басамыз

 

7. Үй тапсырмасы.

«Қайырымдылық» аңызын оқып келу

 

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе   1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 


 

Тексерілді: _______________ « ____ » ______________________

Тексерілді: _______________ « ____ » ______________________

Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды

Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды

жүрегімізге сақтайық.

жүрегімізге сақтайық.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2020