"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)
Оценка 4.7

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

Оценка 4.7
Конкурсы +1
docx
классное руководство
7 кл
02.04.2017
"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Көрнекілігі: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация. Ұйымдастыру бөлімі. — сайыстың тақырыбымен таныстыру. — сайысқа қатысушы қыздармен таныстыру. — әділқазы алқаларымен таныстыру. — сайыстың сайыстарымен таныстыру.
сценарий.docx
Әлімбет орта мектеп ­ балабақшасы Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Көктем аруы ­ 2017 Класс:5А­7А Класс жетекшісі: Аманжол П.Н. Наурыз , 2017 жыл  Тақырыбы:  «Көктем аруы ­2017» арулар сайысы Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ  халқының қыз тәрбиелеу салт ­ дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа,  ізеттілікке тірбиелеу. Көрнекілігі: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған  плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация. І. Ұйымдастыру бөлімі: — сайыстың тақырыбымен таныстыру, — сайысқа қатысушы қыздармен таныстыру, — әділқазы алқаларымен таныстыру. — сайыстың сайыстарымен таныстыру,  ІІ. Сайыстың барысы: ІІІ. Сайыс қорытындысы.  Сайыс барысы: Ана  туралы слайд. Хор: Ана туралы жыр 1­ жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің мектепте дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп, Қош келдіңіз халайық, сергісін бой. Бүгінгі 5А ­7А класс қыздарының арасында өткізгелі тұрған «Көктем аруы ­2017 » атты  арулар сайысына қош келдіңіздер. 2­ жүргізуші:  «Көктем аруы­ 2017» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ  жаулықты аналар , қыз­қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой  көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған 8­наурыз Халықаралық әйелдер  мерекесімен құттықтаймыз. 1­ жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі, Тал бойына жарасқан күлкі әлемі. Бір көргенде болмай­ақ сахнада,  Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші, Аруы деп мектептің жүрейікші. Әділқазыларға тек әділдікті, Ал аруларға сәттілік тілейікші. 2­жүргізуші:  Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық №1 ару  Өмірзақ Ақтоты №2 ару  Ерболқызы Айым №3 ару  Ерланқызы Сайлаугүл №4 ару  Тукешева Жаным 1­ жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық,  Өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдікпен шындықты арқа тұтқан, Әділқазы алқасымен танысайық. 1. 2. 3. 2­жүргізуші:  Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар. 1. Өзін ­ өзі таныстыру. 2. Өз өнерін көрсету. 3. Білгенге маржан (сұрақ­жауап) 4. Сән үлгісі. 5. Қолөнер. 1 ­ жүргізуші:  Гүл көңілің қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді. Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді. I кезең. Таныстыру 2 ­ жүргізуші:  Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,  Ас мәзірін әзірлеп, ал біреулер ән салыпты, би билеп, Бүгінгі көктем ару байқауынан бәйге алуға  Арулар аянбай­ақ жан салыпты II кезең.  Өз өнерін көрсету (1, 2 кезең бойынша  әділқазылар алқасының бағаларын білу) Алдарыңызда 5А­7А класс ұлдары өлең оқиды.(Байтуреев Жетес, Ерлан Әли,  Серғалиев Азамат, Тағыбергенов Ерасыл, Бухарбаев Жаслан,) 1­ жүргізуші:  Жас ару жас ғұмырдың талғамысың , Қуантқан әрбір үйдің арманысың. Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда, Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. III кезең. Білгенге маржан. (сұрақ­жауап)  ( әділқазылар алқасының бағаларын білу) 2­ жүргізуші:  Ал,халайық ықыласпен демейік, Арулардың сән үлгісін көрейік. Сыры менен сымбатына қара біз, Әділдікпен бағаларын берейік. IV кезең. Сән үлгісі ( 3,4 кезең бойынша әділқазылар алқасының бағаларын білсек) 1 ­ жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын, Аспандағы айменен таласатын. Өнеріне сәні сай келіп тұрған, Аруларға қызығып қарасатын. V кезең. Қолөнер Сөз кезегін  әділқазы алқасына береміз. Әділқазылардың марапаттауы. 2 ­ жүргізуші:  «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата­аналардың аяулысы, құрбы­құрдастарыңыздың қадірлісі  мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер. 1 ­ жүргізуші: Өнеріміз сайыста, Жетелейді алысқа . Бүгінгі күннің жеңісі, Достық болып қалуда. Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып,  сайысымызды аяқтаймыз.  Келесі кездескенше сау­саламатта болыңыздар!

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)

"Коктем аруы - 2017" арулар сайысы (5-7 класс, ашык тарбие сагаты)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017