Модуль
Тапсырма
Тест
Глоссарий
Компьютер желі дегеніміз.
Ауқымды компьютерлік желі-Интернет.
Даму тарихы.
Компьютерлік желі түрдері
Компьютерлік желінің жіктелуі.
Территориялды таралуы бойынша
Сымды және сымсыз желілер
Негізгі желі топологиялары.
Аймақтық желі.
Жергілікті желі.
Ауқымды желі.
Қорытынды.
Компьютер желілері
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net — желі, work — жұмыс) – берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы. Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпараттық-есептеу желілеріне біріктірілген.
Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы):
географиялық қамтылу аймағына қарай;
өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
басқарылуына байланысты.
Желіге қойылатын талаптар:
Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;
Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;
Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;
Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;
Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.
Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) — бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін). Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерлерге: Ethernet, Token Ring, Ark Nett типтері жатады. Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар мәлімет алмасу сапасын жақсартады және мәліметтерді таратудың әр түрлі стандартарын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Екі компьютерді желіге қосудың – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар.Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент - сервер және бірдеңгейлі , яғни тең дәрежелі желі:Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект.Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент – сервер түріне жатады.
Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан тұрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.
Аймақтық желі (Региональная сеть; regional computer network) — алдын ала анықталған әкімшілік-экономикалық (географиялық) аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі. Егер желі тұтас қаланы немесе қала ішіндегі бірнеше ғимаратты қамтитын болса, онда оны кейде аймақтық есептеу желісі деп атайды. Аймақтық пен жергілікті есептеу желісінің біраз ортақтығы бар. Бірақ аймақтық есептеу желісінің көп параметрі күрделірек. Ол жергілікті есептеу желісіне қараганда үлкен қашықтықтарда қолдану үшін жасалған. Аймақтық желі бірнеше жергілікті есептеу желілерін жоғары жылдамдықты желілік жүйелерге біріктіру үшін қолданылады.
Территориалды таралуы бойынша:
PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы — пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.
Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің бір-бірінеқатысты физикалық орналасуы. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.
«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған
Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және шина) құрыла алады. Token ring «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылысымен орталық хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру.
Алғашқы компьютерлік желі ARPANETдеп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын. 1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды. 1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды. 1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
Қорытынды
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің бірінде де тіркелмеген Желі пайдаланушысын табу қиын. Бүгінгі күннің тенденциясы сондай, адам көбінесе бірден бірнеше қызметтерді пайдаланады, мысалы, ВКонтакте, Facebook және Twitter. Бұл ретте егер бұрын сөйлесу үшін мессенджерлер пайдаланылған болса (ICQ, Jabber, Skype, Google talk и другие), онда қазір осындай сөйлесуге арналған алаңшалар ретінде әлеуметтік желілер әрекет етеді.
Көптеген адамдар әлеуметтік желілерді электронды күнделіктер ретінде қабылдайды, онда өздерінің ойларын жазады, идеяларымен бөліседі және өткен ғасырлардағы қағаз күнделіктермен салыстырғанда әлеуметтік желілердің баршаға қолжетімді екендігін және оларды оның қандай мақсат қойғандығына қарамастан, кез-келген адамның пайдалана алатындығын ұмыта отырып, өздерінің қатынастарын сипаттайды.
Компьютерлік желі (компьютерная сеть) – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары, яғни компьютерлік желі. Желі абоненті (абонент сети) – желіге қосылған компьютер немесе басқа құрылғы. Жергілікті (локальный)- пайдаланушыға немесе белгілі бір аумаққа тікелей жақын орналасқан құрылғыны немесе орындалатын операцияны сипаттайтын анықтауыш. Жергілікті есептеу желісі (локальная вычислительная сеть)- бір бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалықорта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер.
Файлдық сервер- файлдар архиві мен оның иесі арасында қатынас жасауды қамтамасыз ететін программалар. Торап (сеть) - 1. есептеу желісі, деректермен алмасу желісі-алыстан қатынас жасау жабдықтары. 2.Бір-біріне немесе орталық серверге қосылған ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер торабы. Жалпы желі (сеть глобальная)- компьютерлік желілерді олардың географиялық мекен-жайынан тәуелсіз түрде интеграциялау. Порттар (порты) – құрылғыдағы көпразрядты енгізу немесе шығару тетіктері. Тізбектелген және параллель порттар болады. Почта жәшігі (почтовый ящик) – абонентке арналған барлық мәліметтерді қабылдайтын хост-машина жадының бір бөлігі. Программа- өңделуге тиісті реттелген командалар тізбегі, есепті шешу алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер тізбегі.
ISA (Industry Standart Architecture) - жүйелік блоктың барлық құрылғыларын байланыстыруға рұқсат береді, сонымен қатар жаңа құрылғыларды стандартты слоттар арқылы жеңіл қосуға мүмкіндіктер тудырады.PCI (Peripherial Component Interconnect) - Pentium процессорының негізіндегі дербес компьютерлерге енгізілген сыртқы құрылғыларды қосудың стандарты.
Коммуникациялық программа- электрондық почтаның программалық жабдықтары. Протоколдар (хаттамалар)- хабарларды жібері формалары мен тәсілдерін анықтайтын стандарттар. Протоколдар әртүрлі құрал-жабдықтардың желілерде бірге жұмыс істеу тәртіптерін орнатады. Маршрут- мәлімет жинақтағыш дискілердің логикалық аттарынан және өзара сатылы түрде байланысқан бағынышты каталогтар аттарының тізбегіне тұратын белгілеу.
Хост- компьютер – желідегі басты машина, яғни орталық ЭЕМ. Электрондық почта (электронная почта)- шапшаң қызмет ету жүйесіндегі басқа компьютерге жіберілген кез-келген хабар. UNIX - компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі бірнеше тапсырманы қатар орындай алатын операциялық жүйе.
Желілік бейімдеуіш (NIC, Network Interface Card) – компьютердің оны басқа компьютерлермен байланыстыратын деректер тасымалдау ортасымен тікелей әрекеттесетін шеткері құрылғысы.
LAN (ЛВС) – локальды есептеу желі – бұл бір немесе бір-біріне жақын орналасқан мекемелерде орналасады. Яғни бір корпоративті мекемеде орналасқандықтан корпоративті желі деп аталады.
WAN- үлестірілген компьютерлік желілер немесе ауқымды желі бірнеше мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасуы мүмкін.
Коммуникациялық желі – мәліметтерді тасымалдауға арналған және мәліметтерді түрлендіруге арналған есептерді де орындайды.
Ақпараттық желі – ақпаратты сақтауға арналған және ақпараттық жүйеден тұрады.
Хаттама – бұл бір немесе бірнеше құрылғылар арасында орнатылған формат бойынша мәліметтер алмасуға арналған ережелер жиынтығы.
Желіні жіктеу параметрін трафик деп атайды.
Логикалық канал – бұл бір жүйеден екінші жүйеге мәліметтер тасымалдауға арналған жол.
Сервер – бұл объект, басқа объектерге олардың сұранысы бойынша сервис-қызмет көрсетеді.
Клиенттер – бұл жұмыс станциялары сервердің ресурстарын пайдаланып пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс құрады.
Желі – бұл мәліметтерді өңдеуге және тасымалдауға арналған құрылғылардан тұратын объектілер жиынығы.
1- Деңгейлік тапсырма.
Жергілікті желі
Ауқымды желі
Аймақтық желі
2. Компьютер желінің жіктелу түрлерінің айырмашылығы мен ұқсастығы жазындар.
3. Тапсырма.
1. Интернет парағының адресі неден басталады:
A) http://www B) E-mail://www C) @E-mail
D) E-mail:// E) http:// E-mail
2. Компьютердің телефон сымы арқылы интернетке қосылу құрылғысы?
6. Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда не құрылады?
10. Желіде мәліметтерді жіберу жылдамдығының өлшем бірлігін көрсетініз:
16. Компьютердің физикалық адресіне сәйкес қойылған әріптерден құралған мағынасы бар символдық адрес қалай аталады:
20. Гипертекстік хабарларды жіберу қай хаттамаға жатады:
24. Қайсысы Internet хаттамасы (протокол) болады?
29. Екі компьютер ақпарат алмасу барысында ұстануға тиісті ереже қалай аталады?
34. Желінің қандай топологиялары болады?
40. FTP -бұл:
1 | A |
2 | B |
3 | C |
4 | A |
5 | B |
6 | A |
7 | C |
8 | |
9 | D |
10 | A |
11 |
Тест жауаптары
12 | D |
13 | A |
14 | D |
15 | E |
16 | D |
17 | E |
18 | |
19 | |
20 | D |
21 | E |
22 | A |
23 | C |
24 | B |
25 | A |
26 | D |
27 | E |
28 | A |
29 | C |
30 | B |
31 | |
32 | A |
33 | E |
34 | B |
35 | D |
36 | E |
37 | D |
38 | |
39 | C |
40 | |
41 | E |
42 | A |
43 | B |
44 | E |
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.