Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"
Оценка 4.8

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
родителям
Детсад
30.01.2018
Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"
Тақырып: «Қазақтың ұлттық киімдері». Міндеттері: Білімділік: балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық киімдерді ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу. Қолданатын көрнекіліктер: слайд, ұлттық киім суреттері Әдіс- тәсілі: көрсету,түсінік беру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. Қостілділік компонент: ұлттық киімдер - национальная одежда, қамзол-камзол, шапан - чапан, сәукеле - головной убор невесты, тақия – тюбетейка, кимешек - головной убор бабушки, мәсі - ичиги , саптама етік- зимние сапоги, ою - өрнек – узор ,
Конспект открытого занятия.docx
Тақырып: «Қазақтың ұлттық киімдері». Міндеттері: Білімділік: балаларға  қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру.  Қазақтың ұлттық киімдерді ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.  Тәрбиелік: киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.  Қолданатын көрнекіліктер:  слайд, ұлттық киім суреттері  Әдіс­ тәсілі: көрсету,түсінік беру, сұрақ­жауап, топтық жұмыс. Қостілділік компонент: ұлттық киімдер ­ национальная одежда,  қамзол­ камзол,  шапан ­  чапан, сәукеле ­  головной убор невесты, тақия – тюбетейка,  кимешек ­ головной убор бабушки, мәсі ­ ичиги , саптама етік­ зимние сапоги,  ою ­ өрнек – узор , Сабақтың барысы: Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!   Сендермен кезекті сабағымызда  кездескеніме өте қуаныштымын. Бір­бірімізге қарайық. Мен сендердің  көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір­бірімізбен  амандасайық! Шаттық шеңбері: Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде , Қуана қарсы аламыз. Сәлем,сәлем,сәлем.  Мұғалім: Өте жақсы, тамаша. Барлығымыз өз орнымызға отырып жайғасамыз. «Қазақ тілі» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, қазақтың ұлттық киімдері  туралы өте қызықты мәліметтер аламыз. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі ­  жапырақ»  демекші, бүгін бізде ерекше сабақ.  Топқа пошташы келеді.Ол хат әкеледі. Мұғалім хатты алады. ­Мұғалім : Балалар, бізге әжеден хат келіпті. Кәне, оқып көрейікші.  Хат: Балалар, мен Айсұлу атты қуыршақтын әжесімін. Мен сендерді конаққа  шақырамын.  Балалар, біз әженің үйіне барамыз, жаңа сөздер үйренеміз. Көзімізді бір сәтке  жұмамыз.  ( Құстардың, судың дауысы естіледі) Мұғалім: ­Кәне, балалар көзімізді ашамыз. Балаларды әже қарсы алады. Әже: Сәлеметсіңдер ме , балаларым. Төрлетіңдер, қонақ болыңдар. Мұғалім: Әже, мен балаларды ұлттық киім атауларымен таныстырайын деп  едім. Әже: «Көп білгенге дүние жарық, Білмегеннің күні кәріп» ­ деген мақала бар.  Көп білгендерін жақсы гой, қарақтарым. Ал енді мен көрсетейін.   Жаңа сабаққа арналған слайд  көрсету.  Біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерімен, олардың атауларымен танысамыз.  Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен  қорғайтын бұйым. Олардың барлығы да адамдардың ақыл ­ ойы мен  эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Қазақ халқының ұлттық киімдері  климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі.  Қазақтарда ішкі, сыртқы салтанат киімдері болады. Киімдер қымбат матадан  тігіледі. Көйлек, желет; сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон көйлек, камзол,  кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі т. б. Киізден жасалатын киімдер: Пима. Теріден жасалатын киімдер бірнеше түрге бөлінеді. Сырткиімдер: Тон. Баскиімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ. Аяқкиімдер: Мәсі; Саптама етік; Жүннен жасалатын киімдер: шапан, жүн қолғап, жүн шұлық, кеудеше. Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру: Ұлттық киімдер ­ Национальная одежда Сәнді ­ Модный Ала шапан ­ Пестрый чапан Сәукеле ­ украшенный драгоценными камнями головной убор невесты в виде  конуса Тақия ­ Тюбетейка Кимешек ­ Старинный женский головной убор из белого коленкора, и ногда с  вышитым по овалу лица узором Тымақ ­ Малахай Мәсі ­ Ичиги (женские и мужские сапожки без каблука и твердого задника, с  мягкой подошвой) Ою ­ өрнек ­ узор Киіз ­ кошма Жүн ­ шерсть Тері ­ кожа Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп  тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең,  желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою ­ өрнекпен безендірген. Бас  киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек  киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ  халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті. Қазақтың ұлттық киімдері ­ көйлек, қамзол, кимешек, тақия, сәукеле. Тақия ­ ерлер де, әйелдер де киген Бөрік ерлердің бас киімі Фонетикалық жаттығулар: То­то­то­тон Де­де­де­жейде Лек­ лек­ лек­ көйлек  Сөздіктермен жұмыс.  ұлттық киімдер ­ национальная одежда  қамзол­ камзол   шапан ­  чапан  сәукеле ­  головной убор невесты  тақия – тюбетейка  кимешек ­ головной убор бабушки  мәсі ­ ичиги   саптама етік ­ зимние сапоги  ою ­ өрнек – узор Сөздерді: ­ Хормен айтқызу ­ Қатармен айтқызу ­ Жеке баларға айтқызу   Балаларды 3 топқа бөліп тапсырма беру.               Балалар  үш топқа бөлініп алайық.Ол үшін сендерге стикер таратылады,  кімге қандай стикердегі сурет түссе, сол бала сурет бойынша сол топтың  мүшесі болады. Балалар сурет арқылы өз орындарына жайғасады. 1 топ­суреттегі киімдер арасынан ұлттық   киімдерді тауып,белгілеу. 2топ – қағаздан қиылған оюлар бөлшектерін  құрастыру.  3 топ­ берілген баскиім, аяқкиім, сырткиім түрлеріне қарай ажыратып табу.  Топ­топқа бөлініп тапсырма орындайды. 1 топ сол жақта­суретпен жұмыс, 2 топ ортада –құрастыру. 3топ оң жақта­ ажыратып табу.  Бағалау Сергіту сәті:  Тоңса біздің қолымыз,  Қолғап киіп аламыз.  Сарт­ сарт­ сарт,  Шапалақ соғамыз.  Тоңса біздің денеміз,  Тонды киіп аламыз. Топ – топ – топ,  Топылдатып билейміз.  Дидактикалық ойын.  Балалар «Кел киінейік» деген ойын ойнайық.  Ойын шарты: кәнеки, балалар мына бала мен қызға ат қоямыз.  Тақтадағы бала мен қызға, үстел үстінде дайын тұрған киімдерді рет –  ретімен, қыздар қыз баланы, ұлдар ұл баланы киіндіреміз.  Балалар осы киім үлгілерін пайдаланып, мен сендерге киімдер санамағын  үйретейін  «Менің киімдерім»  1 дегенім­ бөрік,  Кисең бойға көрік.  2 дегенім­ етік,  Киер сәнді етіп.  3 дегенім – ішік,  Теріден тігер пішіп.  4 дегенім ­тымақ,  Қыста кисең жылы­ақ.  5 дегенім­ байпақ  Іші жылы тайпақ.  Әже: Рахмет, балаларым! Сендерге қарап қуанып отырмын.Қазақ тілін  үйренгендерін үшін риза болып, мына сыйлықты апайларына беремін.  Мұғалім: Рахмет, әже! Сау болыңыз! Сонымен балалар ұлттық киімдер туралы ұйымдастырылған  оқу қызметі  сендерге ұнады ма? Біз кімнің үйіне бардық?  Бүгінгі ұйымдастырылған оқу  қызметінде не үйрендіңдер?  Балалардың жауабы.  Бағалау. Жақсы жауап берген балаларды мадақтау. Мұғалім: Қолымызды ұстайық,                  Үлкен шеңбер құрайық.                  Көріскенше күн жақсы ,                 Сау саламат болайық.                 Сау болыңыздар балалар!

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"

Конспект открытого занятия " Национальная одежда казахов"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2018