Батыс Қазақстан облысыШыңғырлау ауданыАқшат ауылы«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КМММемлекеттік тілде оқымайтын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенаманова Гулжанат Габусановна
8.3.1.1 перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау
Сабақтың оқу мақсаты
Көріп тұрған суреттеріңіз туралы не айта аласыздар?
Сізге таныс адамдар бар ма?
Сабақтың тақырыбын болжау
ЖЖаяу Муса БайжанұлыЖаяу Муса Байжанұлы
Біржан сал Қожағұлұлы
Ақан сері Қорамсаұлы
Балуан шолақ Баймырзаұлы
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ . Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.
1-тапсырмаМәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Сұрақ | Жауап |
|
|
| |
| |
|
П- Менің ойымша, .....................
О- Себебі мен оны .................... деп түсіндіремін.
П- Оны мен ...............................деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
С- Осыған байланысты мен ...................деген түйін жасадым.
2- тапсырма«ПОПС» формуласы бойынша ақындар айтысында сөз болатын мәселелерді жинақтап, өз пікірлеріңді білдіріңдер
ПОПС формуласы арқылы өз ойын жазады.
Оның себебін түсіндіреді.
Фактілермен, мысалдармен дәлелдей алады.
Айтыс өнерін насихаттай отырып, ұсыныспен түйін жазады.
Дескриптор
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.