Коучинг
Оценка 4.8

Коучинг

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
английский язык +1
Взрослым
21.01.2018
Коучинг
greeting; - to check the attendance of pupils; -to check the preparation for the lesson; Divide them into 2 groups Phonetic drill exercises In my family In my family Lots of love for you and for me Mum and dad Sister and brother Grandma and grandpa Not like any other Aunt and uncle And cousins too My family helps me My family helps you Ex 2p.43 Make up association theme “Profession” then match
Поезд.docx
1 .«Поезд» жаттығуы.  Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2­ге саналып аламыз. 1­ номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады,  ал 2­номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге  тарсылдатады.   Психологиялық марафон Мақсаты: Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.  Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту.  Зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Өткізу барысы Адамда қабылдау, ес, ойлау, түйсік, қиял секілді танымдық үрдістердің  болатындығы барлығымызға белгілі. Сіздердің танымдық үрдістеріңізді  байқайық деп, психологиялық марафон ұсынып отырмыз.  «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.  Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары  жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған.  Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің  қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді  таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де  қатысады).  Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз  сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән  дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез­келген әрекетті үнсіз жасайсыз.  Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз,  сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже  болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін,  жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.  Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл­ күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары  қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.      «Оның есесіне мен...» жаттығуы. 2 Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.  ­ Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .  ­ Мен шаршадым, оның есесіне ...... .  ­ Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .  ­ Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .  ­ Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .  ­ Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .  ­ Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .  ­ Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .  ­ Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .  ­ Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .  ­ Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .  ­ Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .  ­ Мен тым толықпын, оның есесіне.... .  ­ Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .  ­ Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .  ­ Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .  Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол  суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.                 1­тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.                            2­тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың  балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.                3­  тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.                                                            Кілті: 1­тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала  алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата­анасымен бірге біздер, яғни  ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға  болады». 2­тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей,  сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын  төгеді».               3­тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым­жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де,  үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...»                          3 «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы  Ата­аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі: ­ Бұл   жұмыста   Сіздер   өз   бейсаналарыңыздың   хатшысы   іспеттес   боласыздар,   сол   себепті   де   еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар. ­ Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек. ­ Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі. ­ Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. Осыдан кейін ата­аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5­10 сек), ата­аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн. Ата­аналар  салынып біткен  суреттерін  бір­біріне көрсеткеннен кейін,  оқытушы  олардың  мынандай мағына білдіретіндігін айтады: Үй – адамның өзін­өзі бағалау деңгейін көрсетеді. Үйдің   суреті   кең  әрі  биік  болса,   онда  бұл   ата­ана  өзін­өзі  бағалау  деңгейі  жоғары  деп   есептеуге тұрарлық. Үйдің есік­терезелері бар болса онда бұл студент – қарым­қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы  бар болатын юолса, бұл жәйт ата­ананың қонақжай екендігін білдіреді. Жол – адамның қарым­қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы. Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым­қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым­қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді. Жылан  – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны. Шалбар мен орамал – ата­аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата­ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз. ІV. Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!» Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс­жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті  таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез­құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған жеміс­жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз. Кілті:                                                                 Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау­ дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл­күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ.  Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.                4 Шиені  ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық  жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік­өсек сөзге жоқсыз, әсіресе,  анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп­оңай өкпелете  салуға болады. Қара өрікті  ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым­қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет  басымдау. ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып  келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек  бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік                             Шабдалыны  танытасыз. ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде  шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлік,                  Жүзімді  батылдық керек. Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге  сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншатығыңыз да жоқ емес.           Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы  адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала  тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз­өзіңізге риза адамсыз.

Коучинг

Коучинг

Коучинг

Коучинг

Коучинг

Коучинг

Коучинг

Коучинг
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018