Көптілді мәдениетті тұлға коучинг
Оценка 4.9

Көптілді мәдениетті тұлға коучинг

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
английский язык +1
Взрослым
03.12.2017
Көптілді мәдениетті тұлға коучинг
это разработка коучинга в которой обсуждается как воспитать многопрофильного ,многоязычного и способного человека. Эта работа была проведена мною на неделе английского языка. Здесь тренинг и игры , и вопросы на данную тему. это обсуждение проходило между воспитателей и учительниц местных школ.Коучинг тақырыбы: «Мектептегі көп тілді оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» Өткізуші тұлға: Н.Уркимбаева Өткізу ортасы: Кәсіби байланыстағы мекемелер, мұғалімдер. Өткізілу мерзімі: 17.11.2017 жыл. Көп тілділікті меңгеру арқылы ұлтаралық және отандық мәдениеттілікті тұлға бойында қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: Тілдік мәдениет пен терең танымдық филологиялық сауаттылық артады. Ұлттық тіл құндылығы мен мәдени қатынастарды оқыту аясында қолдануды меңгереді. Тұлға құзіреттілігін жетілдірудегі тілдік қатынастың маңызын түсінеді. Практикалық қолданыстағы нәтижелігін бағалайды. Ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, үлестірмелі материалдар. Әдіс-тәсіл топтамасы: АКТ қолданыстарындағы әдістер, СТО стратаегиялары, бірлескен оқу әдістері: (топтық, жұптық, ауыспалы қатынастық) Коучинг кезеңдері Коуч әрекетті Қатысушылар әрекеті Бағалану, кері байланыс пен рефлекциялық жағдайлары. Психологиялық жағымды ахуал орнату. 1.Ұлттар атауы мен амандасу дәстүрін жасату. Қима қағаздар арқылы ұлттар атауы жазылған топтаманы қатысушыларға ұсыну. Сәлемдесу түрлері. Қазақтар қол алысады; италиялықтар құшақтасады; бразилиялықтар иығын қағады; нигарагуалықтар арқасын түйістіреді;зимбабвеліктер шынтақтарын түйістіреді ;австралиялықтар шапалақтайды, секіреді, бөкселерін түйістіреді. «Түрік тілі», «Герман тілі», «Славян тілі» ,«Роман тілі» атаулары жазылған топтарға «Қырықбуындар биімен»отырғызу.(әртүрлі шарларды алып,қолмен ұстамай ырғақпен билейді.папито музыкасы.)Жазылған дөңгелек үстелге іріктеліп топ құрады. Қатысушылар қима қағазды таңдап,топтасады, топтық ережелерімен танысады. Ескерту: Қолдарыңыздағы стикерлеріңізді сақтап қойыңыздар. Бұл сіздердің постер бағалауларыңызда қажет болады. 2.«Қазақстанда оқытудағы жаңалықтар» бейнежазбаны ұсыну. Бейнежазба бойынша жаңалықтарды тыңдайды, «Біз өзімізде нені өзгертеміз?» деген сауалға жауаптарын идеялар себетіне салып,оқиды. Топ ережесі алдын ала үстелдерге қойылады, әрбір тапсырмалар тұсына формативтік бағалауды ресурстық негізі қолданылады (смайлик т.б) Мағынаны тану Бейнежазба бойынша «Қос тілде оқыту» үлгісі ұсынылады.16 минут видео. • Бұл бейнежазбадағыдай сабақ өтуге дайын болу үшін бізде не істелуі қажет? - Дұрыс сіздер айтқан қажеттіліктерді, шешу үшін келесі тапсырмаларға көшейік. Мұғалімдер қажеттіліктерді талдың суретіне жабыстырады,айтады. Тыңдаушылар өз пайымдауларын айта отырып, мектеп пен ондағы оқыту әрекеттеріне баға бергендерін ұғынады. Шығармашылық ой туындату Ресурстық тапсырма беру: • 1-топ.Екі-үш тілде сабақ берудің ерекшелігі қандай? • 2-топ.Көп тілділік бойынша сабақ өтуде мұғалім қандай талаптар мен әдістерді басты нысанда ұстануы қажет? • 4-топ.Оқушының тұлғалық мәдениетін көтеруде, жасампаз ойлауына көптілділікпен оқытудың қандай оң ықпалы бар? Осы талқылаулар бойынша топтық жұмыс жасатамын. Алдарыңыздағы флипчартқа жоғарыдағы сауалдар бойынша : - Егер сіздер осы жобаны іске асырушы болсаңыздар қандай жұмыс моделін құрар едіңіздер. .(Жобасын)(Коуч барлық постерді бірден жинап алады. Тақтаға іледі)Топ өзара кеңеседі, сызбалар жасайды. Жасаған постерлерді қорғау барысында, тыңдаушылар өздерінің стикерлеріне қосымша ойларын жазып, постерді соңынан толықтыру үшін апарып жапсырады. Барлық постер тыңдалады, қосымша ойлары топ аралық бір-біріне беріліп, постерге жапсырылған соң, постер бағасын стикер саны бойынша шығарады. Көп толықтыру санына қарай постер жұмысы бағаланады. Өзара бағалау жұмысы жүзеге асады. Сергіту сәті «Есте сақтай аласыз ба?, жаман оқушы тыңдамағаннан пайда болады. Ендеше, мен сіздермен тренинг жүргізгім келеді. Мен сіздерге үш тілде аралас сөздер айтамын сол сөздерді қаз-қалпында еске сақтап жазуларыңыз қажет. Мен сөздерді бірақ рет айтамын.Қаламсаптарыңызды ұстамаңыздар, тек тыңдаңыздар.Тыңдаушылар тыңдау мен есте сақтаудың тиімді тәсілін үйренеді.Бір-бірімен жарысады, өз қабілеттерін салыстырады. Өзін-өзі бағалауды сезінеді. Ішкі уәж оянады. *Кері байланыс «Алма ағашы» Қабырғаға сурет ілінеді: «Алма ағашы», «Себет», «Қырықбуын-гусеница». Әр мұғалімге қызыл, сары, жасыл түсті алма суреті бар парақтар таратылады. Алма суретіне өз ойын білдіру керек: қызыл – «себетке салып өзіммен алып кетемін»; жасыл – «мен үшін түсініксіз, ағашта қала береді» сары – «маған қызық емес қырықбуынға беріп кетемін» Толық өзіндік пікірлерін жазады. Әрекет пен дағдыларды толық нақты бағалау жүргізіледі. Бекітемін Ғылыми-әдістемелік орынбасар: -------Ш.Баймағамбетова. «17.11»2017 Коучинг тақырыбы: «Мектептегі көп тілді оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» Өткізуші : Н.Уркимбаева 2017-2018 оқу жылы
~$талы0 коучинг.docx
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.12.2017