Н.А. Раупова
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматы «Атамұра» 2019
ӘОЖ 373
КБЖ 74.263
Р 22
Раупова Н.А.
Р 22 Көркем еңбек. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған / Н.А. Раупова – Алматы: Атамұра, 2019. – 144 бет.
ISBN 978-601-331-500-3
ӘОЖ 373
КБЖ 74.263
© Раупова Н.А., 2019
ISBN 978-601-331-500-3 © «Атамұра», 2019
Оқу-әдістемелік кешенінің негізгі құрамдас бөлігі болып саналатын оқыту әдістемесі «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдеріне арналған.
Оқу-әдістемелік кешені Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасының мақсат-міндеттерін жүзеге асырып, баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған оқулық, екі жұмыс дәптері мен оқыту әдістемесінен тұрады.
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ОӘК ШЕШІМІН ТАБУЫ
– Әртүрлі іс-әрекеттер арқылы білім, білік және дағдыларын дамыту.
Оқулықта түс (қанық және қанық емес), сызық (қаріп түрлері), пішін (көлемді пішіндер), композиция (натюрморт құрастыру өнері), сызықтық және кеңістік перспективасы, материалдар мен жұмыс істеу тәсілдері (табиғи және жасанды, қолданыстан шыққан материалдар) туралы жаңа мәліметтер бар. Жұмыс дәптерінде меңгерген білімдері мен дағдылары бойынша жұмыс істейді. Тапсырмаларды орындау барысында шығармашылық қабілеттері артып, білік және дағдылары жинақталады.
– Ұлттық және әлем мәдениетімен, өнер туындыларымен таныстыру арқылы құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Оқулықта оқушыларға әлемдік мәдениетпен сусындауға мүмкіндік беретін иллюстративтік материалдардың мол қоры бар. Сабақ материалдарымен қоса жүретін сұрақтар өнер туындыларымен тереңірек танысуға септігін тигізеді. Сонда оқушылардың бойында туындыны түсіну мәдениеті мен талғамы қалыптасады.
– Өнер түрлері мен жанрлары туралы білімдерін пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлауын, эстетикалық қабылдауы мен көзбен шолып байқауын дамыту үшін терминдер мен ұғымдарды меңгеру.
Оқушылар жыл бойы «портрет», «пейзаж», «натюрморт» ұғымдарымен тереңірек танысып, осы жанрдағы туындыларды басқа туындылардың ішінен ажыратып үйренеді, оларды талдап, кескіндеме, графика және мүсін өнері жұмыстарын орындайды. Жиырма бестен аса негізгі терминді меңгереді.
– Байқау, тәжірибе жасау және көрсету арқылы зерттей білу дағдыларын дамыту.
Оқулық пен жұмыс дәптерлерінде байқау, тәжірибе жасап, талдауға арналған көптеген тапсырмалар бар. Мысалы, оқушылар жанды табиғат нысандарын зерттеп, екі жағы бірдей симметриялы бейнелерді тауып, оларды талдайды. Әртүрлі тәсілдерді қолданып, өздері де симметриялы сурет салады. Түстер бойынша тәжірибе жасайды (түспен мінез ерекшеліктерін көрсетеді, қарама-қарсы және жақын түстерді, перспективаны меңгереді).
– Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әртүрлі материал және құралжабдықтармен жұмыс істеуді меңгеру.
Оқушылар жыл бойы табиғи материалдарды, бояу, балауыз борлар, полимер балшық пен ермексазды қолданып, аппликация, коллаж, оригами жасау тәсілдерін меңгереді, бедерлі және көлемді бейнелер жасауды үйренеді. – Дұрыс көзқарастарын қалыптастырып, өзін-өзі бағалау.
Әдемілікті көріп, шығармашылық жұмыстар орындау арқылы қабілетін байқап, жұмыстарын талдап, танысады (сабақ материалы мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келеді) және балалардың жасаған жұмыстарымен танысу арқылы дұрыс көзқарас қалыптасады.
– Ұлттық және әлемдік мәдени мұраның мәнін, сонымен қатар көркем еңбектің маңызын түсіну.
Оқулықта әрдайым әлем жауһарларына шолу жасалып отырады. Оқушылар оларды мұқият қарап шығып, суретшілердің еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап береді, әлемдік мәдени мұралардың құндылығын түсінеді. Шығармашылық жұмыстарды орындап, ең үздік
жұмыстарды көрмеге қою арқылы оқушылар мен басқа да қоғам мүшелерінің арасында байланыс орнайды.
– Қандай да бір сурет салып, бұйым жасау үшін әртүрлі қабілеттерін (табу, жинау, таңдап алу) дамытуға ықпал ететін танымдық, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы әр алуан міндеттерді өз бетінше қалыптастыру.
Оқулықта да, жұмыс дәптерлерінде де әртүрлі тақырыптар бойынша тапсырмалар мен мәліметтер бар. Арнайы айдарда оқушылар тақырып бойынша мәліметтерді кітаптардан және ғаламтордан табады. Белгілі бір жұмыс орындағанда керекті мәліметті таңдап, жинақтайды. Кейбір жұмыстарды топта бірігіп орындайды, оқушылар топтағы жұмысын жоспарлап, алған білімі мен біліктерін қолданады, одан соң жұмыстың нәтижелерін талдайды.
– Ұжымда, топта және өз бетінше жұмыс істеу барысында байқампаздықты, елестету, қиялдары мен шығармашылықтарын, қолдың сезімталдығы мен икемділігін дамыту.
Оқулық пен жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалардың барлығы шығармашылық сипатқа ие және оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға бағытталған. Сурет салу мен бұйым жасауға арналған тапсырмалар қолдың икемділігі мен сезімталдығын дамытады. Бұл баланың ақыл-ой қабілетін ұштауға септігін тигізеді.
Қорытынды жұмыс ретінде оқушылар екі ұжымдық жұмыс орындайды, сондай-ақ оларды бәрі бірігіп таныстырады. Пәннің мақсаты оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталғандықтан, жұмыстың басым бөлігі өз бетінше орындалады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша ОӘК-нің негізгі құрамы
Оқулық – ақпараттардың негізгі қайнар көзі. Ол сабақта мұғалімге де, оқушыларға да қажет.
«Көркем еңбек» оқулығы «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізгі қағидаларын сақтап, шынайы өмірмен тікелей байланысқа бағыттап, екеуінің де мазмұнын тереңдете отырып құрылды. Оқулықта Бағдарламадағы ортақ тақырыптар бойынша жалпы материалдар, түстану, сурет, композиция, сәндік-қолданбалы өнер, сонымен қатар көркем бұйымдар жасау тәсілдері мен жолдары қарастырылатын білім, білік және дағдылары қалыптастыруға бағытталған материалдар бар.
Бұл оқулық терең білім алуға негізделген. Оқушылар әрбір тақырып бойынша тек білім алып қана қоймай, жаңа материалды талдауды үйренеді. Ол үшін материалды мұқият түсіну керек. Мысалы, оқушылар мәдени мұраның не екенін біліп қана қоймай, ұлттық киімдердің, төсеніш түрлерінің ерекшеліктерімен, киіз үйдің ішкі көрінісімен танысып, өз беттерінше аяққап жасайды.
Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар оқушыларды ойланып, сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеуге ынталандырады. Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде, оқушылардың жұмыстарын таныстыру барысында, тақырып бойынша қорытынды жасағанда да бұған ерекше мән беруі тиіс. Сонымен қатар оқулықта практикалық білік пен дағдыларға көп көңіл бөлініп, әрбір тақырып қорытынды жұмыс жасауды түсіндірумен аяқталады.
Оқулықтағы QR-кодты оқу үшін камерасы және сол кодты оқуға арналған қосымшасы бар смартфон (планшет) болуы қажет. Ондай қосымшаны Google Play Market арқылы таңдай аласыз.
Ол үшін смартфоныңызды QR-кодқа жақындатыңыз. Сонда смартфон оны өзіне көшіріп алады.
QR-кодты сканерлеп алғаннан кейін, смартфон экранында шифрлі сілтеме пайда болады. Соны бассаңыз, сайтқа кіре аласыз.
Оқулықтың мазмұны мен құрылымы
«Көркем еңбек» оқулығы төмендегілерден тұрады:
1. Мәтіндерден:
а) тақырып бойынша жалпы мәлімет;
ә) теориялық материал;
б) оқушыларды ойлануға жетелейтін және жауаптарды өз беттерінше іздеп, білімді
меңгеруге ықпал ететін сұрақтар;
в) тақырып бойынша қосымша мәлімет іздеуге талаптандыратын кеңестер.
2. Иллюстрациялық материалдардан:
а) әлем жауһарларының репродукциялары;
ә) қазақстандық әйгілі суретшілердің туындыларының репродукциялары;
б) балалардың жасаған жұмыстары (бұл өз беттерінше жұмыс істеуге
ынталандырады);
в) табиғат нысандарының, сондай-ақ адамдардың, табиғат көрінісі және халқымыздың
қолөнер бұйымдарының фотосуреттері;
г) түстік және графикалық сызбалар.
3. Тақырып бойынша шығармашылық қорытынды тапсырмалар.
4. Жұмысын таныстыруға көмектесетін материалдар.
5. Терминдер сөздігі.
Оқулықтағы әрбір тақырып белгілі бір ретпен беріледі:
1. Тақырыпты меңгеру барысында алған білім, білік қорына шолу жасау.
2. Баланың тақырып бойынша ой-өрісін кеңейтетін материалды баяндау.
3. Қажетті теориялық мәліметтерден тұратын жаңа материалды түсіндіру.
4. Жаңа ұғымдар және терминдермен үш тілде танысу, материалды түсіндіру барысында жаңа терминдермен таныстыру.
5. Материалды тереңірек түсінуге ықпал ететін иллюстрацияларға қарап, талдау жасау.
6. Жаңа тақырыпты тереңірек меңгеруге және меңгерілген материал бойынша жеке пікірін білдіруге арналған сұрақтар.
7. Тақырып бойынша қорытынды жұмыс жасауды түсіндіру. Қажет болса, жаңа материалдармен танысу.
8. Жұмысты таныстыру және талдау. Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.
ІІ. ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІ балалармен тәжірибе сабақтар жүргізуге арналған. Тапсырмалар оқулықтың теориялық материалдарына сәйкес келеді және оны тереңірек меңгеруге бағытталған. Жұмыс дәптерлері оқулықтың тәжірибелік және логикалық жалғасы болып саналады.
Жұмыс дәптерлері балалармен бейнелеу өнері бөлімі бойынша тәжірибелік сабақ жүргізуге арналған. Ал көркем бұйымдар мен құрамақтарды белгілі бір материалдармен орындайтын болғандықтан, ондай тапсырмалар жұмыс дәптеріне берілмейді. Құрамақ, бұйымдар жасау үшін тапсырмалар оқулықта берілген, оларды сабақта нақты материалдармен орындайды.
Балалардың қабілетінің деңгейі мен тапсырмаларды орындау жылдамдықтары әртүрлі екені тәжірибеден белгілі. Сондықтан бір теориялық тақырыпқа деңгейі әртүрлі бірнеше тапсырма ұсынылып отыр. Мұғалім тапсырмаларды деңгейлері бойынша таңдап алып, оларды топтарға бөліп орындатады немесе үй тапсырмасы ретінде береді. Ерекше қабілетті балалар қосымша тапсырмаларды үйде немесе сыныпта орындап, меңгерген білім, біліктерін бекіте алады. Осылайша, баланың жеке-дара қабілеттері ескеріле отырып, әртүрлі деңгейлі тапсырмалар орындайды. Ал мұғалімде тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі болады.
Дәптерлердегі тапсырмалар материалды бекітуге арналған қысқа жаттығу түрінде беріледі. Бұл тапсырмалар баланы тақырып бойынша қорытынды жұмысқа дайындайды, сондықтан оларды сабақта орындауға немесе үй жұмысы ретінде тапсыруға болады. Оларды елемеуге болмайды. Мұғалім бұл тапсырмалар қазақ тілі пәніндегі жаттығулар немесе математикадағы есеп шығару тәрізді маңызды екенін нақтылауы керек.
Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды жеке қағаз парағына орындаған дұрыс, ол әртүрлі пішім мен өлшемді таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан балалар мен олардың ата-аналарына А3 пішімді қағаз парағы бар папка алуды тапсыру керек.
Әрбір оқушыда қорытынды жұмыстарды салып қоятын папка болу тиіс. Сонда мұғалімге де, ата-аналарға да баланың шығармашылық өрлеуін бақылып отыру қиынға түспейді. Бала жыл бойғы жұмыстарын қарап отырып, өзінде ілгерілеу бар екеніне көзі жетеді. Жылдың соңында балалар папкадағы жұмыстарының ішінен таңдап алып, көрме немесе байқауларға қатыса алады.
Тапсырмалардың қандай материалдармен орындалу керегі тапсырманың өзінен көрініп тұр. Егер сызықтар туралы тақырып болса, онда қарындаш не фломастер қолданады, егер түс туралы болса, онда бояулармен жұмыс істейді. Жалпы материалды таңдауда қатып қалған ереже жоқ, мұнда мұғалім материалды өзі таңдайды немесе оқушыларға таңдауға ерік береді.
ІІІ. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ бағдарлама бойынша мақсат-міндеттерді анықтап, мұғалімге сабақ материалын түсіндіруге көмектеседі. Көрнекі материалдардан, пайдалы сайттарға сілтеме, арнайы әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Мұғалім тақырыптардың теориялық мазмұнын сақтай отырып, материалды бекіту үшін өзі де тапсырмаларды ұсына алады. Әрбір сабаққа арналған бағдарламалық мақсат-міндеттерден бөлек нақты сабақтың тақырыбына сәйкес мақсаттар мен сол мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған міндеттері болуы тиіс.
Мұғалім ортамерзімді және қысқамерзімді жоспарды құру барысында мақсат пен міндетті ажырата алуы керек.
Білім берудегі мақсат – оқыту барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу. Оқу бағдарламасының 20-пунктінде «Көркем еңбек» пәнінің түпкі мақсаты көрсетілген, ол: жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдіктехнологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Негізгі мақсат пен аралық мақсат (нақты сабақтың мақсаты) өзара тығыз байланысты. Мысалы, «шығармашылық қабілеттерін арттыру» аралық мақсаты оқушыларды жаңа әсерлегіш құралдармен, композицияның жаңа ережелерімен, жаңа тәсіл түрлерімен таныстыратын барлық сабақ тақырыбында болуы тиіс. «Ой-өрістерін кеңейту» мақсаты оқушыларды жаңа құбылыс, тарихи деректермен («Еліміздің тарихи-мәдени мұралары», «Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары») таныстыратын барлық тақырыпта қамтылуы тиіс. Мақсат белгілі бір нәтижені көрсетеді.
Міндет – мақсатқа жету үшін жасалатын әрекет. Бір мақсатқа жету үшін бірнеше міндет жұмылдырылуы мүмкін. Мысалы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін: 1) жаңа тәсілдің ерекшеліктерін көрсете отырып таныстыру; 2) оқушыларды осы тәсілмен жұмыс істеуге үйрету; 3) ол тәсілдерді нақты жағдайларда қолдануға үйрету; 4) осы тәсілмен сурет салатын суретшілердің туындыларымен таныстыру керек.
Міндеттер мақсатқа жету үшін не істеу керегін айқындайды. Жоспар құрғанда осыны естен шығармау керек.
Жоспарда бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуі үшін қойылатын міндеттер көрсетіліп, оларды мұғалім оқушылардың алдына әр сабақ сайын қойып отырады.
Сабақта сөйлеу дағдысына да көңіл бөлу керек. Оқушылар термин сөздерді меңгеріп, бейнелеу өнері туындыларын талдайды, арнайы терминдерді қолдана отырып, сауатты әрі дұрыс сөйлеуге үйренеді. Бұл сөйлеу дағдысын дамытып, сөздік қорын байытуға септігін тигізеді.
Оқушылар алдарына қойылған міндеттерді жете түсінуі керек. Олардан нақты міндеттерді орындауды талап ету керек, ал қалғандары – жоғары міндеттер. Мысалы, егер жасаған жұмысы ойдағыдай болса, демек, бала сабақ міндетін түсінді, мұның өзі жаман емес. Ал егер әдемі жұмыс жасай білсе, онда тіпті жақсы! Мұғалім балалардың жұмысын көрмеге қоюды көздемеуі тиіс. Тапсырмалардың басым бөлігі жаттығу түрінде беріледі. Кейбір балалардың тақырыпты бекітетін жұмыстарын ғана көрмеге қоюға болады. Бала сабақта өзін еркін сезінуі тиіс. Егер ол әдемі сурет салып, көркем бұйым жасай алмаймын деп қорқатын болса, шынымен де ештеңе жасай алмауы мүмкін.
Кейде баланың жасаған жұмысы көрмеге қоюға лайықсыз болып жатады. Алайда зер салып қарайтын болсақ, бала нақты міндетті тамаша атқарып шығуы әбден мүмкін. Тақырыптың міндетін сабақтың басында, өздік жұмыстың алдында, жұмысты жасау барысында, жұмысты талқылып, сабақты қорытындылағанда айту керек. Балалар әрдайым сабақ не нәрсеге арналғанын, алдарында қандай міндет тұрғанын, сабақтың соңында міндеттерді меңгере алғанын қорытындылып, қандай білім мен білікті игергенін түсінулері керек. Сонда ғана баланың білім, білік, дағдылары артады.
Кейде сабақта балаларға жаттығу түріндегі бірнеше тапсырманы орындау керек болады. Балалар орындай алмайды деп қорықпаңыз. Ғалымдар балалардың шығармашылық деңгейі ерте жастан (3-тен 8 жасқа дейін) нәтиже беретінін дәлелдеді. Ең бастысы, балалардың жұмысын дұрыс ұйымдастырып, алдарына нақты міндеттерді қою керек. Сонда белгілі бір нәтижеге қол жеткізесіз.
Оқыту әдістемесінде сабақтың міндетті түрде назарда болуы тиіс негізгі сәттері беріледі. Бұл негізгі құрылымы десе де болады, ал ғимаратты мұғалімдер, сіздер тұрғызуларыңыз керек. Әрқайсысыңыз тапқырлықтарыңыз бен талғамдарыңызды қоса отырып, сабақты түрлендіре аласыздар.
«Көркем еңбек» пәні бағдарламада көрсетілгендей, мұғалімге ауыр жүк артып отыр. Бұл сабаққа дайындықпен барып, математика, тіл, әдебиет пәндері сияқты жоғары деңгейде өткізу керек. Егер мұғалім бұл пәнге жауапкершілікпен қарайтын болса, оның еңбегі өз нәтижесін беріп, балалардың ой-өрісі артып, сөйлеу, талдау дағдысы қалыптасып, тек көркем еңбек сабағында ғана емес, басқа сабақтарда да шығармашылықпен құлшына жұмыс істейтін болады.
Көркем еңбек сабағын түске дейін өткізген дұрыс, өйткені жұмыс істейтін орынға жарық жақсы түсуі керек. Жиһаздар баланың бойына сәйкес болуы тиіс. Сабақтың алдында бөлмені желдетіп алу қажет, сонда балалар тез шаршамайды.
Көркем еңбек сабағында сурет салып, бұйым жасап қана қоймайды, сондай-ақ қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, суретшілердің туындыларын талқылайды. Оқушылардың жасаған жұмыстары мен ауызша жауаптары да бағаланады.
Мұғалім әрбір сабаққа көрнекі материалдарды әзірлеуі тиіс. Мысалы, «Мәдени мұра» тақырыбы болса, қазақ халқының қолөнер бұйымдары бейнеленген туындылардың иллюстрациясын көрсетіп қана қоймай, ол бұйымдарды көрсеткені де дұрыс. Атап айтқанда, баскиім, киім түрлері, аяққап, көрпеше, киіз төсеніштер, зергерлік бұйымдар. Балалар бұл бұйымдарды ұстап көріп, олардың әсемдігін, материалдардың ерекшелігін бағалап, неден жасалғанын көруі керек. Әйтпесе оқушыларды әрбір орталықтан табылатын бейнелеу өнері немесе өлкетану мұражайына апаруға болады. Көрнекі материал дұрыс таңдалса, сабақ та нәтижелі болады деген сөз. Оқушылар қолөнер түрлерімен жақынырақ таныссын десеңіз, ғаламтордан тақырыпқа сәйкес материалдарды тауып, оларды интербелсенді тақтада көрсете аласыз.
Сабақ № |
1-тоқсан – 8 апта (8 сағат) |
Сағат саны |
1–2
3–4 |
1. МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН Қазақстанның табиғаты. Кеңістік перспективалы пейзаж саламыз. Кеңістік перспективасы. Түс қанықтығы. Туған өлке табиғатын бейнелейміз Еліміздің тарихи-мәдени мұралары. «Ежелгі қала» көлемді панносын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
2
2 |
5–6
7–8 |
2. ҚҰНДЫЛЫҚТАР Тұрмыстық жанр. Суретшілер туындыларындағы құндылықтар. Бірігіп постер жасаймыз Түс арқылы сезімімізді білдіреміз. Қанық және қанық емес түстер. Ашықхаттарды безендіру өнері. Алуан түрлі қаріптер. Сиқырлы әріптер мен сөздер. Жақындарымыз бен достарымызға ашықхат жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
2
2 |
Сабақ № |
2-тоқсан – 8 апта (8 сағат) |
Сағат саны |
9–10
11–12 |
3. МӘДЕНИ МҰРА Киіз үйдің ішкі көрінісі. Ұлттық төсеніш түрлері. Аяққап жасаймыз Әжеміздің сандығындағы қазына. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. Ерлердің ұлттық киімі. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары. Ұлттық үлгідегі әшекей бұйымын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
2
2 |
13–14
15–16 |
4. МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ Бейнелеу өнерінде мамандық түрлерінің көрініс табуы. Мамандық түрлері бейнеленген натюрморттар. Сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін көрсетеміз Натюрморт құрастыру өнері. Натюрмортты аралас тәсілмен саламыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
2
2 |
Сабақ № |
3-тоқсан – 10 апта (10 сағат) |
Сағат саны |
17–19
20–21 |
5. ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ Суретшілер табиғат құбылыстарын бейнелейді. Түстердің жарыққа тәуелділігі. Импрессионист-суретшілер салған табиғат көріністері. Айналмалы-ілмелі суреттер жасаймыз Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі. Табиғат құбылысын бейнелейміз. Таныстыру, талдау және бағалау |
3
2 |
22–23
24–26 |
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ Табиғат – біздің үйіміз. Қоршаған ортаға қауіп төнуде! Табиғатты бірге қорғайық Плакат дегеніміз не? «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына плакат жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
2
3 |
Сабақ № |
4-тоқсан – 8 апта (8 сағат) |
Сағат саны |
27–28 |
7. ҒАРЫШҚА САЯХАТ Жұлдызды аспан. «Жұлдызды аспан» шамын жасаймыз |
2 |
29–30
|
Ғарышкер-суретшілер. Композициядағы тепе-теңдік пен тұтастық. Композицияны теңестіреміз. «Ғарышқа саяхат» композициясын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
2 |
31–33
34 |
8. БОЛАШАҚҚА САЯХАТ Бұрынғы заманда болашақты қалай елестеткен? ЭКСПО-2017 – болашаққа саяхат. Болашақтың қалалары. Композицияның басты бөлігі. «Болашақтың қаласы» жобасының үлгісін жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау Жылды қорытындылаймыз |
3
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
1-бөлім. Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты. Кеңістік перспективалы пейзаж саламыз. Кеңістік перспективасы. Түс қанықтығы. Туған өлке табиғатын бейнелейміз |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Туған жерінің табиғатына сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды, әсіресе кеңістік перспективасын түсінуге ықпал ету. Түс қанықтығымен таныса отырып және алған білімдерін жұмыста қолданып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.3.1 4.3.3.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: туған жер табиғатына қызығушылықтарын қалыптастыру. Кеңістік перспективасы құбылысымен, оны графика мен кескіндемеде көрсету тәсілдерімен таныстыру. Түстің тағы бір белгісі – қанықтығымен таныстыру. Туған өлкенің табиғатын бейнелеу барысында алған білімдерін пайдалана білу. Оқушылардың шығармашылық міндеті: кеңістік перспективасын көрсете отырып, еліміздің табиғат көрінісін бейнелеу. №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау (3–8-беттер). |
||
Оқушылардың міндеті |
Қазақстанның табиғат нысандарын суреттеп, «кеңістік перспективасы» терминінің мағынасын түсіндіре білу, қанық және қанық емес түстердің айырмашылығын түсіндіру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: Қазақстанның табиғаты, еліміздің табиғи қорықтары, кеңістік перспективасы, сызықтық перспектива, қанық түстер, қанық емес қою, қанық емес ашық түстер. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Туған жер деген не? Жауап. Туған жер – адамның туып-өскен жері. 2. Ата-анаң, өзің дүниеге келген жер туралы айтып бер. Жауап. Оқушылар ата-аналарының және өздерінің туған жерлері туралы айтып береді. 3. Қазақстанның табиғаты бай ма? Жауап. Иә. Қазақстанда таулар, теңіздер, өзен-көлдер, жазық далалар, шөл дала мен қорықтар бар |
||
|
(негізгілерін атайды). 4. Сызықтық перспективасы туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер. Жауап. Сызықтық перспектива өлшемі бірдей заттардың көрерменнен алыстаған сайын алдыңғы қатардағы заттарға қарағанда кішірек көрінетін құбылыс. Суретші сызықтық перспективасын қолдана отырып, жазық қағаз бетінде кеңістік пен тереңдікті береді. 5. Қанық түстер дегеніміз не? Жауап. Қанық түстер ақ және қара түстерінің қоспасынсыз таза түстер. 6. Қанық емес ашық түстерге қандай түстер жатады? Жауап. Қанық емес ашық түстер ақ түс қосылған түстер. 7. Қанық емес қою түстерге қандай түстер жатады? Жауап. Қанық емес қою түстер қара түс қосылған түстер. 8. Кеңістік перспективасы қалай байқалады? Жауап. Біз өзімізден алыстаған заттарды ауа қабаты арқылы көреміз, онда заттардың түсі ағарып, қанық емес ашық түстерге айналады да, суық реңкті болып көрінеді. Бұл құбылыс кеңістік перспективасы деген атауға ие болды. 9. Сызықтық және кеңістік перспективасы бір-бірімен тығыз байланысты ма? Жауап. Сызықтық және кеңістік перспективалары тығыз байланысты. Бізге алыстағы заттар кіші әрі қанық емес бояулы боп көрінеді. |
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: кеңістік перспективасы не екенін, қанық және қанық емес түстерді, оларды кеңістік перспективалы сурет салғанда қалай қолдануға болатынын біледі. Кеңістік перспективасы мен қанық және қанық емес түстерге анықтама бере алады. |
Оқушылардың көпшілігі: кеңістік перспективалы пейзаждарды суреттеп, табиғат нысандарының түстерін анықтап, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындай алады. |
|
Кейбір оқушылар: кеңістік перспективалы табиғат көрінісін бейнелегенде қанық және қанық емес түстерді таңдап, өзінің шығармашылық ойын түсіндіре алады. |
|
Бұрын алған білімдері
|
Оқушылар «Менің туған өлкем» (2-сынып), «Жанды табиғат» (3-сынып) тақырыптары арқылы және түстердің қасиеті, сызықтық перспектива, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы меңгерген білімдерін пайдаланады. |
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка. |
Сабақтың барысы |
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға кеңістік перспективасы айқын көрінетін еліміздің табиғат көріністерінің фотосуреттерін іліп қоюға болады. Қазақ халық музыкасын ақырын ойнатып қойған дұрыс. Оқушыларды олар тек еліміздің табиғатын ғана емес, сондай-ақ әсерлі табиғат көрінісін бейнелейтіндеріне бағыттау керек. |
Қазақстандық пейзажшылардың жұмыстарының репродукциялары мен еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері. |
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу
|
Қазақстанның табиғаты, оның географиялық нысандары туралы меңгерген білімдері оқушыларға еліміз бойынша саяхат жасағанда керек болады. Сонымен қатар басқа елдердің өкілдерімен қарымқатынас жасағанда, әрбір адам елі, оның табиғат байлықтары туралы жақсы біліп, оны әдеміліп баяндай білуі тиіс. Кеңістік перспективасы, қанық және қанық емес түстер туралы меңгерген білімдері оқушылар мұражайға барғанда сауатты көрермен болып, әртүрлі суретшілердің қолынан шыққан жұмыстарды бағалауға мүмкіндік береді. |
|
Материалды түсіндіру |
Сабақтың басында еліміздің табиғатын талқылап болғаннан кейін, сызықтық перспектива дегеніміз не екенін, суретші пейзаж салғанда сызықтық перспективаның қандай ережелерін пайдаланатынын еске түсіреді. Одан әрі мұғалім оқулықтағы «Пейзаждағы кеңістік перспективасы» тақырыбындағы материалдарды пайдаланады. Мұғалім тақтада оқулықтағы сызықтық перспективасының мысалдарын сызып көрсетсе тіпті жақсы (оқулықтың 6-беті). Оқушыларға: «Суретші алыстағы заттар алдыңғы қатардағы заттардан үлкен болып көрінсе, кеңістік перспективасын қалай көрсетеді?» деген сұрақ қоюға болады. Ондай жағдайлар жиі болып тұрады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кеңістік перспективасы анық көрінетін пейзаж фотосуреттерін көрсету керек (оқулықтағы суреттерді пайдаланып немесе көлемі үлкенірек суреттерді таңдап алуға болады). Бәлкім, балалардың ішінде кейбірі алдыңғы және артқы қатардағы суреттердің айырмашылығын анықтап қалар. Егер балалар сұраққа жауап беруге қиналса, онда мұғалім түс үйлесімі туралы сұрақ қояды, ал балалар алдыңғы және артқы қатардағы заттардың түсін анықтайды. Енді мұны істей алады, өйткені бұл кезге дейін қанық және қанық емес түстермен танысты (алыстағы заттар қанық емес суық түсті, ал жақындары қанық әрі жылы түсті болады). 7-бетте берілген кеңістік перспективасының құбылысы осы. Одан әрі кеңістік перспективасы анық көрінетін бірнеше пейзаж репродукцияларын көруге болады. Балалардың назарын тек кеңістік перспективасына ғана емес, сондай-ақ сызықтық |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған CDдиск. Әр елдегі пейзажшылардың жұмыстарының репродукциялары мен еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері.
|
|
перспективасына да аудару керек. Егер мүмкіндік болса, онда бірінші сабақтың соңын таза ауада өткізіп, оқушыларға нағыз зерттеушілер тәрізді арақашықтық түстің өзгеруіне қалай әсер ететінін тексеруді тапсырады. Табиғат аясында оқушылар табиғат нысандары шынымен де алыстаған сайын түсін өзгертетініне көздері жетеді. Егер сабақта мұғалім бәрін түсіндірсе, онда экскурсияда оқушылар өздері тәжірибе жасайды. Олар ағаш діңінің, таулар мен жоталардағы, ғимараттардың түсі қандай болатынын өздері айтсын. |
|
||
Өздік жұмысты орындау
|
Мұғалім материалды түсіндіргеннен кейін оқушыларға алдымен №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындауды тапсырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін өздік шығармашылық жұмысына кіріседі. |
№1 жұмыс дәптері, сурет салатын альбом, акварель және гуашь бояулары, қылқалам, палитра, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, қағаз парағы, қанықтығы әртүрлі сұр түсті қағаз, қайшы. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар еліміздің табиғат нысандары, кеңістік перспективасы не екенін білді. Түстің жаңа белгісі – қанықтығы туралы, түс қанықтығының кеңістік перспективасымен байланысын білді. Пейзажда кеңістік перспективасын беру үшін қанық және қанық емес түстерді пайдаланып үйренді. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі кеңістік перспективасы, қанық және қанық емес түстер, оларды перспективалы сурет жасағанда пайдалануды білді. Оқушылардың көпшілігі кеңістік перспективалы пейзаждарды сипаттап, табиғат нысандарының суретін анықтап білді. № 1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады. Кейбір оқушылар кеңістік перспективалы пейзаж салғанда қанық және қанық емес түстерді таңдай алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қауіпсіздік ережесін сақтауды оқушылардың есіне салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б. |
Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Адамгершіліктікқұндылықтық қасиеттерін қалыптастыратын пейзаж жанрындағы әлем мәдениеті жауһарлары, еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері. |
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/ |
Сабақтың тақырыбы: Еліміздің тарихимәдени мұралары. «Ежелгі қала» көлемді панносын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау
|
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Еліміздің өткен тарихына оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыру, тарихи-сәулет құрылыстарымен таныстыру. Көлемді бейне жасату арқылы жаңа тәсілмен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.3.1 4.2.3.1 4.2.3.4 4.3.3.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: еліміздің сәулет ескерткіштерімен таныстыру, қағаз массасынан көлемді панно жасап үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау және «Ежелгі қала» көлемді панносын жасау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Еліміздің сәулет ескерткіштерін сипаттау. Өзінің жасап жатқан жұмысын айта білу: жасалу кезеңдері мен ерекшеліктері, идеясымен таныстыру. Жасаған жұмысын таныстыру. Тірек сөздер: еліміздің тарихи-мәдени өткен жолы, Ұлы Жібек жолы, сәулет өнері, еліміздің сәулет ескерткіштері, көлемді панно, ежелгі қалалар. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Ұлы Жібек жолы туралы не білесің? Жауап. Ұлы Жібек жолы – Азиядан Европаға созылған ежелгі сауда жолы. Саудагерлер осы жол арқылы тауарларын Азиядан Европаға тасыған. Бұл жол қазіргі Қазақстанның аумағын да кесіп өткен. 2. Еліміздегі қандай сәулет ескерткіштерін білесің? Жауап. Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі, Тараз маңындағы Айша бибі мен Бабажа хатун кесенесі, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 3. «Туған жер» бағдарламасы туралы не білесің? Айтып бер. Жауап. «Туған жер» – «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының бір тармағы. Бұл бағдарлама Отансүйгіштікке, туған жерге сүйіспеншілікке, еліңнің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін бағалай білуге шақырады. 4. Көлемді панно жасау жолын түсіндіріп бер. Оқулықтағы мәтінге қарап жауап береді. |
||
|
5. Жасаған бұйымың арқылы қандай идеяны көрсеткің келді? Әр оқушы өз бетінше жауап береді. |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: еліміздің аумағындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы біледі. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады. |
||
Оқушылардың көпшілігі: үлгі бойынша бұйым жасап, жұмыстың жасалу ретін айтып бере алады. |
|||
Кейбір оқушылар: өз бетінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын айтып бере алады. |
|||
Бұрын алған білімдері |
Оқушылар «Менің туған өлкем» (2-сынып), «Сәулет өнері» (3-сынып), түстердің қасиеттері, сызықтық перспектива, геометриялық пішіндер туралы білетіндерін қолданады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға еліміздің сәулет құрылыстары бейнеленген әдемі суреттерді, сондай сәулет ескерткіштерін іліп қоюға болады. Дауысын ақырын шығарып қазақ ұлттық музыкасын қосып қояды. Оқушыларды еліміздің сәулет ескерткіштері туралы біліп қана қоймай, өздері де сәулет құрылыстарын тұрғызып, сәулетші болып жұмыс атқаратынына бағыттау керек. |
4-сыныпқа арналған CDдиск. Еліміздің суретшілерінің сәулет ескерткіштерін бейнелеген картиналарының репродукциялары, еліміздің тарихи ескерткіштерінің фотосуреттері. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Еліміздің сәулет ескерткіштері туралы білімдері оқушыларға Қазақстанды аралап, саяхат жасағанда керек болады. Сонымен қатар өзге елдің өкілдерімен араласқанда әрбір адам өз елі, оның тарихи-мәдени өткен жолы туралы білуі тиіс. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Сабақтың басында сәулет өнері, сәулет кешені дегеніміз не екенін еске түсірген жөн. Мұғалім бұл сабаққа еліміздің сәулет ескерткіштерінің фотосуреттерін, слайд, бейнематериалдарды дайындайды. Оқушылар сәулет ескерткіштері туралы білетіндерін айтады. Бәлкім оқушылардың кейбірі Түркістанда, Таразда болған шығар, не осы жерлерде тұруы мүмкін. Сәулет ескерткіштеріне қатысты аңыздарды айтып беруге болады. Мысалы, Тараз маңында орналасқан Айша бибі кесенесіне қатысты аңыз бар. Материалдарды қарап шыққаннан кейін, бұйым жасау кезеңін түсіндіруге көшеді. Оны оқулық бойынша жүргізеді.
|
Оқулық. 4-сыныпқа арналған CD-диск. Еліміздің суретшілерінің сәулет ескерткіштерін бейнелеген картиналарының репродукциялары, еліміздің тарихи ескерткіштерінің фотосуреттері.
|
|
Өздік жұмысты орындау |
Оқушылар сабаққа қағаз массасын дайындап әкелуі тиіс. Оқулықта оны қалай жасау керегі нақты жазылған. Жұмысты бастамас бұрын нобайын жасап алған дұрыс, сонда бұйым жасау жеңілірек болады. Өз бетінше жұмысқа кіріскенде, мұғалім жеке-дара көмек көрсетіп, кеңес береді. Бұйымды оқулықтағы үлгіге қарап жасайды.
|
№1 жұмыс дәптері, қағаз, ПВА желімі, су, су құятын ыдыс, акварель бояуына қажетті бір құты су, акварель бояуы, қылқалам, палитра, қол сүртетін орамал, қалың қағаз. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Жұмысты аяқтағаннан кейін жасаған бұйымдарын таныстырып, талқылайды. Таныстырылым жұмысын ежелгі қалаға саяхат түрінде жүргізуге болады. Таныстырылым жұмысына ең үздік жұмыстар іріктеліп алынады (пейзаж, сондай-ақ көлемді паннолар). Оқушылар еліміздің табиғаты мен сәулет өнері, олардың ерекшеліктері туралы не айтатындарын ойланады. Оқулықтағы сұрақтарға жауап бере отырып, меңгерген материалды кеңірек түсінеді. Сынып оқушыларын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ жасаған жұмыстары бойынша сұрақ қоятын сарапшылар, екінші топ сұрақтарға жауап беретін авторлар болады. Әрбір мұғалім таныстырылым жұмысын қалай жүргізетінін өзі ұсына алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі еліміздің аумағындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы білді. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беріп, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алды. Оқушылардың көпшілігі үлгіге қарап бұйым жасап, жұмыс барысын сипаттай алды. Кейбір оқушылар өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын түсіндіре алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы ); 2) жасаған жұмыстарынан ( жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қауіпсіздік ережесін сақтауды оқушылардың есіне салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б. |
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;
|
Құндылықтармен байланыс Адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыратын пейзаж жанрындағы әлем мәдениеті жауһарлары, еліміздің табиғат көрінісі мен сәулет ескерткіштерінің фотосуреттері. |
||
|
3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрcетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. Мен бүгін ... білдім. ... қызықты болды. ... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
|
||||
2-бөлім. ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық жанр. Суретшілер туындыларындағы құндылықтар. Бірігіп постер жасаймыз |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанры арқылы адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру. Түсті қабылдау қасиетін дамыту. Бірігіп постер жасау. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.3.1 4.2.3.2 4.3.2.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: адами құндылықтарды баса көрсете отырып, бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанрымен таныстыру. Алуан түрлі сезімді білдіретін (нәзіктік, мейірімділік, сүйіспеншілік, жабырқаулық және т.б.) қанық және қанық емес түстермен таныстыру. Оқушылардың постер жасау үшін міндеттерін анықтау. Оқушылардың шығармашылық міндеті: қанық және қанық емес түстерді пайдаланып, жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау, адами құндылықтар көрінетін суретшілердің салған репродукцияларын, фотосуреттер мен өздері салған суреттерді пайдаланып, постер жасау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Адамдар арасындағы адами құндылықтар айқын көрінетін тұрмыстық жанр туындыларын суреттеп, талдау жасау. Түс қанықтығына және олардың туындының идеясымен байланысына көңіл бөле отырып, олардың түс үйлесімін сипаттау. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Постерді бірігіп жасауды жоспарлау. Тірек сөздер: адами құндылықтар, адалдық, жігерлілік, әділдік, достаса білу, еңбексүйгіштік, жақыныңа деген сүйіспеншілік, әлсіздерге қамқор болу, картинаның жанры, тұрмыстық жанр. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің? Оларды ата. Жауап. Портрет, пейзаж, натюрморт, анималистік жанр. 2. Тұрмыстық жанрда не бейнеленеді? Жауап. Тұрмыстық жанрда адамдардың өмірі, күнделікті тіршілігі бейнеленеді. 3. Тұрмыстық жанр арқылы нені білуге болады? Жауап. Тұрмыстық жанр арқылы адами құндылықтар жайлы (суретшілердің салған суреттері көп), адамдар бұрын қалай өмір сүргенін, бұрынғы адамдар |
||
|
қолданған заттарды көруге болады. 4. Тұрмыстық жанрда бейнеленген туындылар мен олардың авторларын ата. Жауап. Оқушылар оқулықтағы туындыларды және мұғалім көрсеткен картиналарды атайды. |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар:тұрмыстық жанр деген не екенін, ол не нәрсеге арналғанын, суретшілер тұрмыстық жанрдағы туындыларында адами құндылықтарды қалай көрсететінін біледі. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, №1 жұмыс дәптерінің 12-бетіндегі тапсырманы орындайды, бірігіп жасаған ортақ жобаны қорғауға қатысып, өзіне қатысты жұмысты орындай алады. |
||
Оқушылардың көпшілігі: №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, ұсынылған идеяны талқылап, дамыта алады. |
|||
Кейбір оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, топ мүшелері арасында жасайтын жұмысты жоспарлап, өзара бөліседі. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Түстің негізгі сипаты мен әсерлі мүмкіндіктері (1,2,3сыныптар). Суреттің өлшем және пішіммен байланысы (1, 2-сыныптар). Түстің әсерлі мүмкіндіктері (2, 3-сыныптар). Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктері (2-сынып). |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта музыка, әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар постерге өлең шумақтарын қолдана алады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын музыка ойнап тұрады, тақтаға адами құндылықтарды білдіретін тұрмыстық жанрдағы туындыларды, қанатты сөздерді іледі. |
Музыкалық үзінділер. 4-сыныпқа арналған CDдиск. Тұрмыстық жанрдағы туындылар, адами құндылықтарды көрсететін фотосуреттер. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Бұл сабақта меңгерген білімдері адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Оқушылардың тұрмыстық жанрмен танысу арқылы шығармашылық қабілеттері артып, ой-өрістері кеңейеді. Постер жасауға дағдыланған оқушылар мерекелік және ақпараттық плакаттарды безендіре алады. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім материалды оқулық бойынша түсіндіреді. Сабаққа тұрмыстық жанрда бейнеленген туындылардың репродукцияларын әзірлеп қою керек. Жұмыстарды таңдағанда адамдар арасындағы адами құндылықтар көрінетін (сүйіспеншілік, достық, нәзіктік, қамқорлық, еңбексүйгіштік және т.б.) туындыларға |
Музыкалық үзінділер. 4-сыныпқа арналған CDдиск. Оқулық. №1 жұмыс дәптері. |
|
|
баса назар аудару керек. Жұмыстарды талдап, талқылау барысында туындының түс үйлесіміне көңіл бөледі. Оқушылардан қанық және қанық емес түстер туралы білетінін сұрайды (оны оқушылар кеңістік перспективасын өткенде меңгерді), алайда бұл ретте түс қанықтығын белгілі бір сезімді берумен байланыстыру қажет. Оқушылардың назарын суретшілер адами құндылықтарды білдіретін туындылар салғанда қолданатын әсерлегіш құралдарға да аудару керек. |
Тұрмыстық жанрдағы туындылар, адами құндылықтарды көрсететін фотосуреттер. |
||
Өздік жұмысты орындау
|
Жаңа материалды талқылып болған соң, оқушылар № 1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз таңдаулары бойынша орындайды. Одан әрі мұғалім постер жасау жолын түсіндіреді. Оқушылар топтарға бөлініп, постер жасау жоспарын талқылайды. Топтық жұмыс орындау барысында мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді. |
Түсті қатырма қағаз парағы, суретшілер жұмыстарының репродукциясы немесе тақырыпқа сәйкес фотосуретшілердің суреттері, тақырыпқа сәйкес қанатты сөздер мен өлең жолдары, постерді безендіру үшін түсті қағаз, қайшы, қылқалам, түсті фломастерлер, желім, қол сүртетін орамал. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар тұрмыстық жанрдың не екенін білді, қанық және қанық емес түстермен танысып, белгілі бір сезімді түстермен бере білді. Тұрмыстық жанр туындысын анықтап, оларды талдап үйренді. Белгілі бір сезімді көрсете отырып, қанық және қанық емес түстермен жұмыс істеп үйренді. Постер жасады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тұрмыстық жанр деген не екенін, ол не нәрсеге арна-латынын, суретшілер тұрмыстық жанр арқылы адами құндылықтарды қалай көрсететінін білді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, бірігіп жасаған жобаны талқылауға қатысып, постер жасау барысында өзіне қатысты міндетті орындай алды. Оқушылардың көпшілігі №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, ұсынылған идеяны талқылап, дамыта білді. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы ); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс
Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Кейбір оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, жұмысты топ арасында жоспарлай алды. |
|
|
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс
Сабақта мейірімділік, қамқорлық, сыйластық, жақындары мен достарына сүйіспеншілік сынды қасиеттер айтылады. Оқушылар оларды назарға алып, жақындарына ашықхат әзірлейді. Сонда сабақта адамгершіліктікқұндылықтық бағдарлар қалыптасады. |
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. Мен бүгін ... білдім. ... қызықты болды. ... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: |
http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
Сабақтың тақырыбы: Түс арқылы сезімімізді білдіреміз. Ашықхаттарды безендіру өнері. Алуан түрлі қаріптер. Сиқырлы әріптер мен сөздер. Жақындарымыз бен достарымызға ашықхат жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау
|
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Қаріп түрлерімен танысып, ашықхат жасау арқылы адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру. Өз идеялары мен сезімдерін көрсете отырып, әртүрлі қаріптермен жұмыс істеп, оларды қабылдауды дамыту. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.3.1 4.2.2.1 4.3.2.1 4.2.3.2 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: қаріп (шрифт) түсінігімен, өз идеясы мен сезімдерін көрсете отырып, әртүрлі қаріптермен жұмыс істеп үйрету. Ашықхат жасау өнерін айтып беріп, оқушыларды өз бетінше шығармашылық ашықхат жасауға ынталандыру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптеріндегі қанық және қанық емес түс, түс үйлесімі, ерекше мәтін мен композиция ойлап тауып, ашықхат жасау тапсырмаларын орындау. Әсерлі қаріптерді қолдана отырып, мәтін жазу. |
||
Оқушылардың міндеті |
Кейбір әріптердің жазылу ерекшелігін сипаттау. Ерекше қаріптермен жазылған белгілі бір сөздерді суреттеп, талдау. Ашықхатқа ізгі ниетті тілек жазу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Тірек сөздер: қанық түстер, сезімді білдіру, қаріптер, сиқырлы әріптер, көркем ашықхат, ізгі тілектер. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Қанық емес ашық түстермен қандай сезім мен әуенді беруге болады? Жауап. Қанық емес ашық түс үйлесімімен нәзік, тыныштықты білдіруге болады. |
||
|
2. Қанық емес қою түспен қандай көңіл күй мен әуенді беруге болады? Жауап. Қанық емес қою түстер үрей мен сағынышты білдіреді. Адамның жабырқаңқы, жұмбақ күйін білдіреді. 3. Қанық түстермен қандай сезім мен әуенді көрсетуге болады? Жауап. Қанық түстер мерекелік, көтеріңкі көңіл күйді білдіреді. Егер сен мерекені, адамдардың бір шаруа үстіндегі бейнесін, көңілді әуенді бергің келсе, қанық түстерді пайдаланғаның дұрыс. 4. Ашықхаттарды қандай мерекелер мен күндерге арнауға болады? Жауап. Ашықхаттарды әртүрлі мерекелерге арнап беруге болады: Жаңа жыл, туған күн, Наурыз, Халықаралық әйелдер күні. Алайда ашықхатты өзіңе қымбат адамға себепсіз де беруге болады. Ол жерге өз ниет-тілегіңді білдіресің. 5. Қаріп дегеніміз не? Жауап. Қаріп – кітап графикасындағы, плакат, жарнамадағы графикалық сурет. 6. Қаріппен нені білдіруге болады? Жауап. Қаріптің көмегімен әр алуан сезімдерді, сөздің жалпы мәнін беруге болады. |
||
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: қаріп деген не екенін, қаріп және қанық, қанық емес түстердің көмегімен сезімімізді қалай беруге болатынын біледі. Әртүрлі түстермен орындалған жұмыстар мен әртүрлі әріп, сөздердің жазылуын талқылай алады. Тақтада әріптер мен сөздерді жазып көрсете алады. №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. |
||
Оқушылардың көпшілігі: жұмыс дәптеріндегі ашықхатты безендіру тапсырмасын орындайды. |
|||
Кейбір оқушылар: алған білім, білік-дағдыларын пайдаланып, өз бетінше шығармашылық ашықхатын жасайды. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Түстердің әсерлі мүмкіндіктері мен сипаты, (1, 2, 3-сыныптар). Суреттің өлшем және пішіммен байланысы, (1, 2-сыныптар). Қағазбен жұмыс істеу ерекшелігі (2-сынып). |
||
Пәнаралық байланыс |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар ашықхат жасауға мәтіндерді тақпақ түрінде дайындайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сабақтың басында әртүрлі музыка мен балаларға арналған әндерді қосып қоюға болады.
|
Музыкалық үзінділер. Әртүрлі мерекелерге арналған ашықхат. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу
|
Бұл сабақ арқылы қабырға газетін, ашықхат, жалпы әртүрлі жазбаларды безендіруге ерекше назар аударып үйренеді. Бұл оқушыларға өз бетінше әдемі плакат, ашықхат, постер жасауға көмектеседі. |
|
Материалды түсіндіру |
Сабақтың басында оқушылар қанық және қанық емес түстерді еске түсіріп, олардың адамның сезімін берудегі рөліне тоқталады. Мұғалім балалармен бірге оқулықтағы суретшілердің туындыларына назар аударып, олардың түс үйлесіміне, ол нені үндейтініне, туындының идеясы мен көңіл күйінің байланысына, көрерменді қандай сезімге бөлейтініне көңіл бөліп, талқылайды. Одан соң оқушылар материалдарды бекіту үшін №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Одан әрі мұғалім қаріп түрлері туралы айтады: «Суретші – жай қарапайым заттардың өзінен ерекше, қызықты дүниелерді көріп, оны басқалардың да көруіне көмектесетін адам. Біз бүгін әріптер әлеміне сапар шегеміз. Сендер таңғалып отырсыңдар ма? Қарапайым әріптер бізді несімен қызықтыруы мүмкін? Біз суретші емеспіз бе? Кәне, қарапайым әріптерге қарап, олардан ерекше нәрселерді байқап үйренейікші. Мысалы, «Я» әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?» ( мұғалім тақтаға бұл әріпті әртүрлі етіп салады, сонда оқушылар олардан өздеріне таныс бейнелерді көреді). Балалар оны бір қырынан қарап тұрған қарны томпақ адамға, балыққа, ілмекке және т.б. ұқсатады. Тіпті ерекше жауаптарды да естуге болады. Балаларға әріптер туралы қызықты оқиғаларды айтып беруге болады. Мысалы, «К» әрпі өзін хас сұлумын деп санап, айнаның алдынан шыр айналып шықпай қойды. Айналып-айналып «Ж»-ға өзгеріп, енді хас сұлудан жапалаққа айналды. Мүмкін, жапалақ емес, тырна шығар. Ал көңілді «Р» әрпінің тісі ауырып, беті ісіп, ол ... әріпке айналды. Балалар бәрі бірге «Ф» деп жауап береді. Одан соң балалардың назарын бір әріптің өзі әртүрлі бола алатынына аудару керек. Алдымен бір әріппен жұмыс істейді. Сыныпта бір әріптің кім көп нұсқасын жасайтыны бойынша байқау өткізуге болады. Оқулықтағы иллюстрациялар баланың ой ұшқырлығын дамытуға көмектеседі. Алдымен бір әріптің әртүрлі таңбаларын барынша көп қып жасайды. Одан кейін кішкене күрделендіріп, көңіл күйі өзгерген әріптің суретін салуды тапсырады. Балалар ондаған қызықты нұсқаларын табады. Ең дұрысы, балаларға үйден 10х10 см қағаздан жасалған |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СDдиск. №1 жұмыс дәптері. Әртүрлі ашықхаттар, көркем жазылған сөздер.
|
|
шаршыларды әкелуді тапсырады, сонда әрбір әріп белгілі бір өнер туындысы болып, олармен әдістемелік плакатты әшекейлеуге болады. Әріптерді түсті фломастерлермен салып, тек сызық пен пішіннің әсерлілігіне ғана емес, түсіне де назар аудару керек.
Бұл тапсырманы орындағаннан кейін «Мені түсін» деп аталатын ойын ойнатуға болады. Ойынның реті мынадай: бала тақтаға шығып, ешқандай мағынасы жоқ сөзді жазады, бірақ оның мағынасын өзі іштей біліп тұрады. Ол сөзді қалған балалар әріп таңбаларына қарап-ақ табуға болатындай етіп жазады. Балалардың әрқайсысы қағазға өз сөздерін жазып, тақтаға шығады. Ойынның тағы бір нұсқасы бар. Оны «Аудармашылар» деп атауға болады. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Бірінші топ белгілі бір сөзді айтады, мысалы, «томпақ», екінші топ оны шет тіліне аударады да, үшінші топқа ол сөзді суретпен жазып көрсетеді. Егер үшінші топ қаріп түріне қарап ол сөзді тапса, демек, аудармашылар жақсы жұмыс істеді деген сөз. Сөздің мағынасына кішкене болса жуықтаса, жауап дұрыс деп есептеледі. Әріптер «сөйлей» алатынына көздері жеткен соң, оқушылар ашықхат жасауға кіріседі. Ашықхат жасау жолы оқулықта көрсетілген.
|
|
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын ашықхат жасау идеяларымен бөліседі. Материалдар мен тәсілдерді таңдауға ерік беріледі. Жасанды материалдарды да, табиғи материалдарды да қолдана береді (кепкен гүлдер, жапырақ, қауырсын, ағаш қабығы). Сонымен қатар әртүрлі ашықхаттардың кейбір бөліктерін де қолдана алады. Мұғалім де, оқушы да бұл жұмысты орындаудағы басты мақсат – көркем безендірілген ашықхат жасау екенін есте сақтау керек. |
Түрлі түсті қалың қағаз, ашықхат жасайтын жұқа қатырма қағаз, табиғи материалдар (кепкен өсімдіктер, қауырсын, ағаш қабығы), мата қиындысы, фломастер, гуашь және акварель бояулары, қылқалам, түсті қарындаштар, желім, қайшы.
|
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар бояу түстерімен, ерекше қаріп түрлерімен танысады. Ашықхатты әртүрлі тәсілмен және әр алуан материалдармен орындау барысында түс пен қаріпті қолдана біледі. Сабақтың соңында жұмыстарын таныстырып, талқылайды. |
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі қаріп дегеніміз не екенін, қаріп және қанық, қанық емес түстердің көмегімен сезімдерін қалай көрсетуге болатынын білді. Әр алуан түстермен орындалған жұмыстар мен әртүрлі әріп, сөздерді анықтай алды. Тақтаның алдында жұмыс істеп, әріптер мен сөздерді қызықты түрде жазды. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырманы орындады. Оқушылардың көпшілігі жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады. Кейбір оқушылар меңгергендерін пайдаланып, өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасады. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Сабақта мейірімділік, зейінділік, сыйластық, достары мен жақындарына деген сүйіспеншілік сынды қасиеттер айтылады. Оқушылар бұл сөздерге көңіл бөліп, кәдесый жасайды. Осылайша олардың адамгершіліктікқұндылықтық қасиеттері қалыптасады. |
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. |
Менің ... қолымнан келді.
Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.
Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
3-бөлім. МӘДЕНИ МҰРА
Сабақтың тақырыбы: Киіз үйдің ішкі көрінісі. Ұлттық төсеніш түрлері. Аяққап жасаймыз |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Халқымыздың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-салтына, мәдениетіне сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын қалыптастыру. Ұлттық қолөнер бұйымын жасау дағдысын игеру. |
||
Бағдарламалық міндеттері |
4.1.2.2 4.1.3.2 4.2.3.1 4.2.3.4 4.2.4.1 4.3.2.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үйдің ішкі көрінісімен, ұлттық төсеніш түрлерімен және олардың дайындалу тәсілдерімен таныстыру. Аяққап жасау жолдарын түсіндіру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Дорбаның үлгісін жасау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Киіз үйдің жиһаздарын суреттеу. Ұлттық төсеніш түрлерін суреттеп, олардың атауларын білу, не нәрсеге арналғанын, олардың жасалу технологиясын талдау. |
||
|
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Аяққап жасау жолдарын жоспарлау, қолданылған оюөрнектерді, олардың түс үйлесімін суреттеп, түстік және композициялық шешімін дәлелдеп білу. Термин сөздерді үш тілде біліп, оларды қолдана білу. Тірек сөздер: киіз үйдің ішкі көрінісі, шаңырақ, ұлттық төсеніш түрлері, киізден жасалған төсеніштер, кілем, сырмақ, текемет, шымши, бау, басқұр, кілем тоқу тәсілі, аяққап. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Киіз үйдің құрылысы туралы айтып бер. Жауап. Оқушылар 3-сыныптағы материалдарды қайталайды: Киіз үйдің құрылысы күрделі емес. Ол кереге, уық және шаңырақтан тұрады. Олар тал, қайың және терек ағашынан жасалады. Киіз үйді құрғаннан кейін қабырғаларына ши ұсталады. Киіз үйдің үстіне киіз жабылады. 2. Шаңырақ туралы не білесің? Жауап. Оқушылар 3-сыныптағы материалдарды еске түсіріп және 4-сыныптағы мәліметтерді пайдаланып жауап береді. 3. Қазақ ұлттық төсеніштеріне нелер жатады? Жауап. Текемет, сырмақ, шымши. 4. Олардың қайсысы киізден жасалады? Жауап. Текемет пен сырмақ. 5. Текемет дайындау тәсілін айтып бер. Жауап. Оқулықтағы мәліметті айтады (43-бет). 6. Сырмақ дайындау жолын айтып беріңдер. Жауап. Оқулықтағы мәліметті айтады (44-бет). 7. Қалай ойлайсың, аталған төсеніш түрлеріндегі өрнектердің сызықтары мен пішіндері нені білдіреді? Жауап. Текемет пен сырмақтың сызықтары мен пішіні олардың дайындалу тәсілімен тығыз байланысты. Текеметтің өрнектері айқын емес. Ал сырмақтың өрнектері анық. 8. Қандай ою-өрнек түрлерін білесің? Жауап. Зооморфты: қошқармүйіз, өркеш, түйетабан, ашатұяқ, құсқанаты. Өсімдік тәріздес өрнектер: гүл, жетігүл, ағаш. Геометриялық өрнектер: аралық гүл (үшбұрыштан жасалады), қос тұмарша («екі үшбұрыш). Космогониялық өрнектер: жұлдыз, ай. |
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: киіз үйдің ішкі көрінісі туралы, ұлттық төсеніштер мен аяққап жасау жолдарын біледі. Киіз үйдің ішкі көрінісі, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай отырып, ұлттық төсеніш түрлерін атап, ажырата алады. |
Оқушылардың көпшілігі: ұлттық төсеніш түрлерін ажыратып, олардың дайындалу тәсілін айта алады. Аяққаптың үлгісін жасай алады. |
|
Кейбір оқушылар: үлгіге сәйкес материалдан шығармашылық жұмыс жасай алады. |
||
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта «Салт-дәстүр және фольклор» (1, 2сынып), «Сәулет өнері» тақырыптары бойынша меңгерген Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері, ою-өрнектердің ерекшеліктері, киіз үй туралы білімдерін пайдаланады. Сонымен қатар 1–3-сыныптарда өткен түс, сызық, оюөрнек құрастыру, симметрия бойынша білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен байланыс орнайды. Шығармашылық шабыттарын арттыру үшін жұмыс барысында қазақ ұлттық музыкасы ойнап тұрады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сабақтың басында қазақ ұлттық музыкасы ойнап тұрады. Сынып қабырғаларына қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдары ілінеді. Сабақты өлкетану мұражайында немесе қолөнер залдарында өткізуге болады.
|
Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының, әсіресе төсеніш түрлерінің иллюстрациялары. Киіз үйдің ішкі көрінісінің фотосуреттері. Аяққаптың суреттері. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Бұл сабақ оқушыларды халқымыздың мәдени мұрасымен жақындастыруға септігін тигізеді. Олар еліміздің өресі биік азаматтарына айналып, өзге елдерге халқымыздың мәдени мұрасы туралы айтып бере алады. Сонымен қатар жан-жақты, эстетикалық талғамы жоғары, халқымыздың қолөнер бұйымдарын лайықты бағалай білетін сауатты көрермен тәрбиеленіп шығады. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Киіз үйдің іші – қазақ халқының қолөнер мұражайы. Киіз үй тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Киіз үйде алуан түрлі оюөрнектерді, киіз төсеніштерді, былғары мен металдан жасалған бұйымдарды, жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқыған кәдімгі шиді кездестіруге болады. Оқушылар ою-өрнектерді еске түсіреді (2, 3сыныптағы материалдар бойынша). Негізгі ою-өрнек түрлерін атайды (зооморфты, өсімдік тәріздес, геометриялық, космогониялық). Енді киіз үйдің ішіндегі әшекейлі өрнектерге тоқталайық. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіріп әрі туырлықтың кереге басына тиіп қажалмауы үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастыра таңатын өрнекті |
Оқулық. Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының, әсіресе төсеніш түрлерінің иллюстрациялары. Киіз үйдің ішкі көрінісінің фотосуреттері. Аяққаптың суреттері.
|
|
|
жалпақ құр. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады. Киіз үй едендеріне әртүрлі төсеніш түрлері төселеді. Олардың түрлерін оқулықтан немесе басқа да дереккөздерден тауып оқуға болады. Балаларға ұлттық төсеніш түрлерін ажыратып үйрету керек, ол үшін оқулықтағы мәліметтермен танысып, сабаққа киізден дайындалған бұйымдарды әкеліп немесе сабақтың бірінші бөлігін мұражайда өткізуге болады. Сонда балалар қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан бұйымдарды көріп, шеберліктерін бағалап, дайындалу тәсілдерінің айырмашылықтарын байқайды. Балалар текемет, сырмақ, шымшидің атауларын есте сақтап, олардың дайындалу тәсілдерін меңгеріп, сырттай ажырата білулері керек. Киіз үйдің ішкі көрінісімен және ұлттық төсеніш түрлерімен танысқаннан кейін, оқушылар ұлттық нақыштағы дорба – аяққапты жасайды. Ол үшін аяққап үлгілерін қарап шығып, олардың түс үйлесіміне, ою-өрнектеріне, жасалған материалына назар аударады. Аяққап жасаудың ретін оқулықтағы материалға сүйене отырып талдайды. |
|
||
Өздік жұмысты орындау
|
Тақырыпты меңгеріп, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар аяққап жасау жолдарын талдауға кірісіп, мұғалімнің жетекшілігімен алдымен дорбаның үлгісін қарындашпен сызып алып, түс үйлесімін дұрыс таңдап, одан кейін жұмысқа кіріседі. Мұғалім жұмыс барысында көмек көрсетіп, жеке кеңес береді. Егер оқушыларда дорба жасайтын материалдары болмаса, оның үлгісін аппликация тәсілімен жасауға болады. Алайда мұғалім оқушыларды материалмен жұмыс істеуге бағыттауы керек. Қазір базарларда сатылатын жұқа киіз болмаса, драп, мақпал тәрізді қалың мата болуы мүмкін. Бұл сабақ екі сағатқа есептелген. Атааналары ұсақ бөліктерін тігуге көмектесе алады. |
№1 жұмыс дәптері. Үлгі жасайтын қағаз және жай қарындаш, түрлі түсті жұқа киіз немесе кез келген қалың мата, қайшы, сызғыш, түсті жіп, ине, жіп.
|
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар киіз үйдің ішкі көрінісін біліп, ұлттық төсеніш түрлерімен, олардың дайындалу ерекшеліктерімен танысты. Киіз үйдің ішкі көрінісін суреттеуді, төсеніш түрлерін ажыратуды, олардың қалай аталатынын, ерекшеліктерін, материалдан аяққап жасап үйренді. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі киіз үйдің ішкі көрінісі туралы, ұлттық төсеніш түрлерін, ұлттық нақыштағы дорбаны қалай жасауға болатынын білді. Киіз үйдің ішкі көрінісін суреттеуді, жұмыс дәптеріндегі |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне |
||
тапсырманы орындау арқылы ұлттық төсеніш түрлерін анықтап, ажыратуды үйренді. Оқушылардың көпшілігі ұлттық төсеніш түрлерін ажыратып, дайындалу жолдарын суреттеуді, аяққап үлгісін жасап үйренді. Кейбір оқушылар үлгі бойынша шығармашылық жұмыс жасап үйренді. |
жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б. |
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Сабақта еліміздің мәдени мұрасы туралы айтылады. Сонда халқымыздың мәдениеті мен өнеріне оқушылардың қызығушылықтары оянады.
|
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін |
бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
Сабақтың тақырыбы: Әжеміздің сандығындағы қазына. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. Ерлердің ұлттық киімі. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары. Ұлттық үлгідегі әшекей бұйымын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Еліміздің мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен тұрмысына сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту. Зергерлік бұйымның үлгісін жасау. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.2.2 4.1.3.2 4.2.3.1 4.2.3.4 4.2.4.1 4.3.2.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: ер адамдар мен әйелдердің ұлттық киім түрлерімен, киімнің жеке бөліктерімен, ұлттық киім түрлеріне қатысты дәстүрлермен таныстыру. Зергер, шеберлердің қолөнерімен таныстыру. Фольгадан зергерлік бұйымның үлгісін жасап үйрету, оқулықтағы материалға сәйкес жұқа фольгаға өрнек салу тәсілін үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Зергерлік бұйымның нобайын жасау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Ер адамдар мен әйелдердің ұлттық киімдерін сипаттап, талдау жасау. Термин сөздерді үш тілде біліп, оларды қолдана білу. Жасаған жұмыстарын таныстырып, талқылау. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру. Тірек сөздер: қазақ ұлттық киімі (ер адамдар мен әйелдердің), шапан, тон, сәукеле, қалпақ, бөрік, зергерлік бұйымдар, зергер, тұмар. |
||
|
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Қазақ әйелдерінің ұлттық киіміне не жатады? Оларды ата. Жауап. Қазақ әйелдерінің ұлттық киіміне: тон, шапан (сырткиім), қосетек көйлек, кимешек, сәукеле; ер адамдардың киіміне шапан, тон (сырткиім), тымақ, қалпақ, бөрік, тақия жатады. 2. Зергер деген кім? Жауап. Зергер – ұлттық әшекей бұйымдарын жасайтын шебер. 3. Қазақ ұлттық киімдеріне қатысты қандай дәстүрлерді білесің? Жауап. Оқушылар оқулықтағы «Оқы, бұл қы-зық!» белгісімен берілген ақпаратты, сондай-ақ басқа да ақпараттарды тауып, жауап береді. 4. Зергерлік өнердің қандай тәсілдерін білесің? Жауап. Қазақ ісмер, шеберлері зергерлік кәсіптің әртүрлі тәсілін меңгерген. Олар күмісті қарайтып, ою басқан. Металға сыммен өрнектерді дәнекерлеп салған. 5. Үйлеріңде қазақ ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары бар ма? Жауап. Оқушылар үйлерінде сақталған ұлттық бұйымдар туралы айтады. |
||
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: қазақ ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары және олардың ерекшеліктері туралы біледі. Қазақ ұлттық киімдерін ажыратып, оларды дұрыс атап, зергерлік бұйымның үлгісін жасай алады.
|
||
Оқушылардың көпшілігі: ұлттық зергерлік бұйым жасау тәсілін анықтап, түсіндіреді, ұлттық зергерлік бұйым үлгісін жасай алады. |
|||
Кейбір оқушылар: үлгі бойынша шығармашылық жұмыс жасай алады. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Оқушылар Қазақстанның қолөнері, ою-өрнектердің ерекшелігі, «Салт-дәстүр және фольклор» тақырыбын (1,2-сыныптар) меңгергенде өткен түс пен сызық, «Түстің әсерлі мүмкіндіктері», «Сызықтың әсерлі мүмкіндіктері» (2,3-сыныптар), «Симметрия» (3сынып) бойынша білетіндерін еске түсіреді. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен байланыс орнайды. Шығармашылық қабілеттері артып, көңіл күйлері көтеріңкі болу үшін сабақтың басында қазақ ұлттық музыкасы ойнап тұрады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында қазақ ұлт- |
Халқымыздың қолөнер бұйым- |
|
|
тық музыкасы ойнап тұрады. Сыныпта қазақ ұлттық киімдері ілініп тұрады. Бұл сабақты өлкетану музейінде немесе қолөнер залдарында өткізуге болады.
|
дарының, атап айтқанда, қазақ ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдарының иллюстрациялары немесе фотосуреттері. |
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу.
|
Бұл сабақ оқушыларды халқымыздың мәдени құндылықтарымен сусындатуға көмектеседі. Олар еліміздің жан-жақты білімі бар, өзге елдің өкілдеріне халқымыздың мәдени құндылықтары туралы әңгімелей білетін азаматына айналуға көмектеседі. Сонымен қатар өз елінің қолөнер бұйымдарын бағалай білетін талғамы биік, сауатты көрермен тәрбиеленеді. |
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім әр алуан ұлттық киім түрлері бейнеленген иллюстрацияларды дайындап қояды. Киім түрлерін оқушылар есте сақтайтындай етіп таңдаған жөн (үлгісі, түс үйлесімі, әшекей түрі алуан түрлі болғаны дұрыс). Өткен сабақтағыдай қазақ ұлттық киім түрлерінің бірнешеуін (баскиім, қамзол, зергерлік бұйымдар) әкелуге болады. Оқушылар зергерлік бұйымның үлгісін жасайтын болғандықтан, осы тақырыпқа нақтырақ тоқталған дұрыс. Материалды түсіндіріп болған соң, оқушылармен киім түрлерінің суретін көрсете отырып, сұрақ-жауап өткізуге болады. Одан кейін мұғалім оқулықтағы материалдарды және қосымша мәліметтерді жетекшілікке ала отырып, зергерлік бұйым жасаудың үлгісі мен жұмыс ретін көрсетеді. |
Оқулық. 4сыныпқа арналған CDдиск. Халқымыздың қолөнер бұйымдарының, атап айтқанда, қазақ ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдарының иллюстрациялары немесе фотосуреттері.
|
Өздік жұмысты орындау
|
Тақырыпты меңгеріп, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап болған соң, оқулықтағы үлгі бойынша зергерлік бұйым жасауға кіріседі. Бұйым жасау екі сабаққа жоспарланған. Бұйым жасау барысында мұғалім оқушыларға жеке көмек көрсетіп, кеңес береді. Дайын бұйымды жақтауға салып қоюға болады. Сондай-ақ бұл бұйымды сөреге қойып не бөлме қабырғасын сәндеуге болады.
|
Қағаз, бұйым үлгісін сызатын қарындаш, қалың фольга, ұшы үшкір емес жуандығы әртүрлі тескіштер мен өрнек түсіретін кез келген зат, сонымен қатар қалың қатырма қағаз және жақтау. |
Сабақтың қорытынды- сы |
Оқушылар ер адамдардың және әйелдердің ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдар туралы білді. Қазақ ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдарын ажыратып, атауларын дұрыс айтуды үйренді. Фольгадан ұлттық зергерлік бұйымдарын жасай алды. Жұмысты аяқтаған соң, жасаған бұйымдарын таныстырып, талқылайды. Таныстырылым жұмысын қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі түрінде өткізуге болады. |
|
|
«Сатушылар» «тауарларын» ұсынып, оның артықшылықтарын: түсін, әшекейін, не нәрсеге арналғанын түсіндіреді. Оның қандай материалдан жасалғанын айтады (осы жерде қандай материалдар қолданылғанын нақты айта кеткен жөн). «Сатып алушылар» түсі, өрнектері, бұйымның не нәрсеге арналғанын білу үшін сұрақ қояды. Оқулықтағы тақырып соңындағы сұрақтар мен оған берілетін жауаптарды таныстырылым жұмысында пайдалануға болады. Мұғалім «сатушыларға» да, «сатып алушыларға» да сұрақ қояды. Әрбір мұғалім таныстырылым жұмысын жүргізу үлгісін өз бетінше ұсына алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Оқушылардың бәрі қазақ ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары және олардың ерекшеліктері туралы білді. Қазақ ұлттық киімдерін ажыратып, оларды дұрыс атап, зергерлік бұйымның үлгісін жасай алды. Оқушылардың көпшілігі қазақ ұлттық зергерлік бұйым жасау тәсілін анықтап, түсіндірді, ұлттық зергерлік бұйым үлгісін жасай алды. Кейбір оқушылар үлгі бойынша шығармашылық жұмыс жасай алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы ); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан. |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс
Сабақта еліміздің мәдени мұрасы туралы айтылып, халқымыздың тарихы мен мәдениетіне, өнеріне оқушылардың қызығушылықтары оянады. Ой-өрістері кеңейеді.
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. |
||||
Мен бүгін ... білдім.
... қызықты болды.
... қиын болды.
Мен ... тапсырманы орындадым.
Мен ... түсіндім.
Енді мен ... аламын.
Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым.
Менің ... қолымнан келді.
Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.
Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.
4-бөлім. МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінде мамандық түрлерінің көрініс табуы. Мамандық түрлері бейнеленген натюрморттар. Сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін көрсетеміз |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Мамандық түрлері көрініс тапқан бейнелеу өнері туындыларымен таныстыру арқылы оқушылардың мамандық түрлеріне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Сызық пен штрихтің жаңа сипаттарымен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеттері |
4.1.3.1 4.2.2.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды әр дәуірдегі суретшілердің мамандық түрлерін бейнелеген туындыларымен таныстыру. Мамандық түрлерін көрсететін әр алуан жанрларды көрсету. Мамандық түрлері бейнеленген натюрморттарды таңдап көрсету. Заттардың көлемін көрсетуде сызық пен штрихтің маңызын түсіндіру. Заттардың көлемін сызық және штрихпен көрсетуді үйрету. |
||
|
Оқушылардың шығармашылық міндеті: оқулықтағы мамандық түрлері бейнеленген жұмыстардың репродукцияларына немесе мұғалім ұсынған жұмыстарға қарап, шағын әңгіме құрау немесе №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. |
Оқушылардың міндеті |
Мамандық түрлері бейнеленген бейнелеу өнері туындыларын суреттеу. Мамандықтар бейнеленген бейнелеу өнері туындыларының жанры мен түрін біліп, оларды атау. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: мамандықтар әлемі, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, мамандықтардың бәрі қызықты әрі маңызды, мамандық түрлерін көрсететін натюрморттар, сызық пен штрихтің заттың көлемімен байланысы.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Қоғамға қай мамандық түрі аса маңызды деп санайсың? Жауап. Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, жауап береді. Балалардың жауабын тыңдап болған соң, мұғалім оқушыларды мамандықтың барлық түрі қоғам үшін маңызды деген қорытындыға әкеледі. 2. Ата-анаңның, ата-әжеңнің мамандықтары туралы, олар несімен қызықты екенімен бөліс. Жауап. Оқушылар өз жауаптарын береді. 3. Суретші бейнелеу өнерінің қай жанрында мамандық түрлерін бейнелей алады? Жауап. Суретші тұрмыстық жанр, портрет, натюрморт және аралас жанр арқылы мамандық түрлерін бейнелей алады. 4. Мұғалім мамандығын көрсету үшін қандай заттарды бейнелеу керек? Жауап. Мұғалімнің мамандығын көрсететін натюрмортта кітап, глобус, көзілдірік, сызғыш, дәптер және т.б. заттарды бейнелеуге болады. 5. Суретшінің мамандығын көрсету үшін қандай заттарды бейнелеу керек? Жауап. Суретшінің мамандығын көрсететін натюрмортта қылқалам, бояу, қарындаш, палитра, жақтау, натюрмортқа қажет заттар және т.б. бейнелеуге болады. 6. Ата-анаңның мамандығын көрсету үшін қандай натюрморт құрастырар едің? Жауап. Оқушылар өз беттерінше жауап береді. 7. Сызық және штрихпен нені бейнелуге болады? Жауап. Сызық және штрихтің көмегімен пішіні әртүрлі заттарды, олардың сыртқы түрін бейнелеп, сондай-ақ заттардың көлемін көрсетуге болады. |
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: суретшілер мамандық түрлерін қандай жанрларда бейнелейтінін; натюрмортта мамандық түрлерін қалай бейнелеуге болатынын; сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін көрсетуді біледі. Әртүрлі жанрдағы мамандық түрлері бейнеленген картиналарды, мамандықтар бейнеленген натюрморттарды талқылауға қатыса алады. Мамандық түрлерін бейнелеу үшін натюрмортқа әр алуан заттарды таңдайды. № 1 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды (1, 2-тапсырма) орындайды. |
||
Оқушылардың көпшілігі: ата-аналарының мамандықтары туралы әңгіме құрап, олардың мамандықтарын натюрмортта бейнелеу үшін қандай заттарды таңдап алатындарын айтады. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындайды (3–6-тапсырмалар). |
|||
Кейбір оқушылар: суретшілердің жұмыстарындағы сызықтар мен штрихтарды сипаттап, олар заттардың көлемін көрсетуге қалайша септігін тигізетінін талқылайды, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды (7–8-тапсырмалар). |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта 3-сыныпта «Өнер» тақырыбында меңгерген бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері бойынша білімдерін пайдаланады. Сонымен қатар оқушыларға 3-сыныпта «Жанды табиғат» тақырыбы бойынша меңгерген сызық пен штрих бойынша алған білімдері де қажет. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар мамандық түрлері туралы тақпақтарды оқып, оларды көз алдарына елестете алады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әртүрлі жанрда салынған мамандық түрлеріне арналған туындыларды іліп қоюға болады. Мұғалім әртүрлі мамандықтарға арналған тақпақтарды оқиды. Оқушыларға «Оқушылардың міндеті» бөліміндегі сұрақтарға жауап беруді тапсырады. |
4-сыныпқа арналған СD-диск. Мамандық түрлері бейнеленген туындылар репродукциялары. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Осы сабақта алған білімдері оқушылардың ойөрістерін кеңейтуге септігін тигізеді. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім мамандық түрлері бейнеленген иллюстрацияларды көрсете отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Ол графикалық, кескіндеме, сәндік немесе мүсін өнері туындыларын, яғни |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. №1 жұмыс дәптері. |
|
|
бейнелеу өнерінің әр түріне жататын жұмыстарды, сондай-ақ бейнелеу өнерінің портрет, тұрмыстық, натюрморт жанрындағы туындыларды көрсетеді. Туындыларды оқушылармен бірге талқылағанда онда қандай мамандық түрі бейнеленгеніне ғана емес, оның жанры мен түрін, суретші ол мамандық түрі мен мамандық иесіне деген қарым-қатынасын да көрсететініне назар аудару керек. Әртүрлі жанрдағы туындыларды меңгеріп, талқылағаннан кейін мамандық түрлерін көрсетуге болатын натюрморт жанрына тоқталады. Натюрморттың екінші түрі натюрморттың бірінші түріне қарағанда қызық емес сияқты көрінеді. Бірінші түрінде заттардың сырқы түрінің әсемдігіне көңіл бөлінеді. Бірақ суретші бұл заттарды бейнелеу арқылы не айтқысы келгенін анықтау керек, сонда адам туралы, оның қызығушылықтары айқын көрінеді. Кәне, Г. Ысмайылованың натюрмортына назар аударайықшы. Қымыз құйылған ою-өрнекті ыдысаяқты көріп тұрсыңдар. Балалар картинадан кімнің еңбегін көріп тұрғандарын айтады. Содан кейін мұғалім қызықты тапсырма ұсынады: ол алдын ала дайындап қойған заттардың ішінен белгілі бір мамандық түріне сәйкес келетін заттарды таңдап алу керек. Мұғалім тақтаға екі-үш оқушыдан біріккен үш топты шығарады, олар үш натюрмортқа заттарды таңдап алып, өз шешімдерін түсіндіреді. Мысалы, ұста, құрылысшы, электрик мамандығына балға, ара, бұрандалы кілт, сым, сүргі керек (бұл заттар мектеп шеберханасынан табылу керек); суретшіге қылқалам, палитра, әртүрлі бояулар және т.б.; тігіншіге жіп, ине, мата, түйме керек. Одан соң оқушылар жұмыс дәптеріндегі 1, 2-тапсырманы орындайды. Одан әрі мұғалім оқулықтағы материалға сүйеніп, сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін қалай көрсетуге болатынын түсіндіреді. Тақтаға сызғанда сызық заттың пішінімен байланысты екеніне ерекше мән береді. Оқушыларды да қатыстырып, олар да тақтада сызық арқылы пішін мен көлемді көрсетіп үйренеді. Оқушылар төменгі сыныптардан сызық пен штрихтің қандай болатынын біледі. Енді олар сызық пен штрих заттардың көлемін берудегі ең басты құралдардың бірі екенін түсінулері керек. Ол үшін алдымен оқулықтағы график-суретшілердің туындыларын қарап шығып, суретші заттардың пішінін, көлемі мен фактурасын қалай көрсеткенін оқушылармен бірге талқылау керек. Қазірше балалар натураға қарап сурет салмайды, алайда олар көлемді заттардың бетіндегі сызықтар мен штрихтар тік емес, заттардың пішіне қарай сызылатынын түсінулері керек. |
Әр алуан мамандық түрлері, түрлі мамандық иелеріне қажетті заттар бейнеленген туындылардың репродукциялары.
|
Өздік жұмысты орындау
|
Түсіндіргеннен кейін оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауға көшеді (таңдаулары бойынша). Мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді. |
№1 жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар суретшілер туындыларында әр алуан мамандық түрлерін қалай бейнелейтінін, сызық пен штрих заттардың көлемін қалай көрсететінін біледі.
Мамандық түрлері бейнеленген туындылардың бейнелеу өнерінің қай түрі мен жанрына жататынын анықтауды, әртүрлі заттардың көлемін сызық және штрих арқылы көрсетуді үйренді.
|
|
||
Қосымша ақпарат
|
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі суретшілер мамандық түрлерін қандай жанрларда бейнелейтінін білді. Натюрмортта мамандықтарды қалай бейнелеуге болатынын, сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін көрсетуді нақты білді. Әртүрлі жанрда бейнеленген картиналарды, мамандықтар бейнеленген натюрморттарды талқылауға қатыса алды. Мамандық түрлерін бейнелеу үшін натюрмортқа әр алуан заттарды таңдады. № 1 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындады (24-бет).
Оқушылардың көпшілігі атааналарының мамандықтары туралы әңгіме құрап, олардың мамандықтарын натюрмортта бейнелеу үшін қандай заттарды таңдап алатындарын айтты. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындады (25-бет). Кейбір оқушылар суретшілердің жұмыстарындағы сызықтар мен штрихтарды сипаттап, олар заттардың көлемін көрсетуге қалайша септігін тигізетінін талқылады, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады (26–27беттер)). |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан. |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің!Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Сабақта әр алуан мамандықтар мен олардың қоғамға пайдасы туралы айтылады.
|
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/ |
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт құрастыру өнері. Натюрмортты аралас тәсілмен саламыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Композициялық ойлауды дамыту. Сызық және штрихпен көлемді беру бойынша білімдерін пайдалана отырып, аралас тәсілмен композиция жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.3.1 4.1.4.1 4.2.2.1 4.2.2.2 4.3.1.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушылармен бірге натюрморт құрастыру жолдарын қарап, талқылау. Ең үздік нұсқаларын таңдап алып, олардың артықшылығын талқылау. Қызықты әрі сауатты құрылған натюрморт композицияларын жасауды үйрету, жасайтын жұмысына өлшем мен пішім таңдау, бояу түсін таңдау, әртүрлі материалдар мен тәсілдерді пайдалану. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптерінің тапсырмасы бойынша натюрморт композициясының екі нұсқасын жасау. «Мамандықтар әлемі» тақырыбына сызықтар мен штрихтарды пайдаланып, аралас тәсілмен өз бетінше шығармашылық композиция жасау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Композицияны талқылауға қатысып, өз пікірін білдіру. Оқушылар натюрморт арқылы көрсететін мамандық түрін, жасайтын жұмысының идеясын, сол мамандыққа сәйкес заттарды қалай іріктегенін түсіндіреді. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрағына жауап беру. Термин сөздерді үш тілде білу. Жасаған жұмысын таныстырып, өзге оқушылардың жасаған жұмыстарын талқылауға қатысу. Тірек сөздер: натюрморт құрастыру өнері, натюрморт композициясы, аралас тәсіл. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Натюрмортты қалай құрастырады? Жауап. Суретші натюрмортты құрастырудан бастайды. Ол заттарды салыстыра отырып, іріктеп алады. Заттарды түріне қарап, сондай-ақ өзінің ойына сәйкес таңдайды. Одан соң композициясын ойластырады. 2. Натюрморт құрастыру үшін қандай пішім таңдаған дұрыс?
|
||
|
Жауап. Натюрмортқа тік, көлденең, шаршы пішімдерді таңдаған жөн. 3. Натюрмортты қандай тәсілмен орындауға болады? Жауап. Натюрмортты фломастер, қарындаш, түсті бор, гуашь не акварельмен салып, аппликация, коллаж, аралас тәсілмен орындауға болады.
Одан әрі мұғалім оқулықтың 66–67-беттеріндегі натюрморт композицияларын сипаттауды сұрайды. Оқушылар натюрморт құрастыруға кіріспес бұрын оқулықтың 70-бетіндегі сұрақтарға жауап береді. |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: натюрморт композициясын жасауды, натюрмортты аралас тәсілмен орындауды біледі. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрағына жауап беріп, № 1 жұмыс дәптерінің 28–29-беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындай алады. |
||
Оқушылардың көпшілігі: №1 жұмыс дәптерінің 30–31-беттеріндегі тапсырманы орындап, үлгі бойынша натюрморт құрастырады. Жасаған жұмыстарын талқылауға қатыса алады. |
|||
Кейбір оқушылар: өз бетінше натюрморт құрастырып, оны сыныпта таныстыра алады. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта «Аппликация» (1-сынып), «Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктері» (2-сынып), «Өнер» (3-сынып), «Заттардың көлемін көрсетуде сызық пен штрихтің маңызы» (4-сынып) тақырыптарынан меңгерген бейнелеу өнері мен түрлері туралы білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды. Мамандық түрлерін білу үшін әр саладағы мамандық иелері туралы тақпақтар оқылады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әртүрлі жанрда бейнеленген мамандық түрлері көрініс табатын туындыларды іліп қояды. Мұғалім мамандық иелеріне арналған өлең жолдарын оқиды. Оқушыларға «Оқушылардың міндеті» деген бөліктегі сұрақтарға жауап беруді тапсырады. |
4-сыныпқа арналған СД-диск. Мамандық түрлерін көрсететін туындылардың репродукциялары. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу. |
Осы сабақта алған білімдері оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мамандықтар туралы нақтырақ білуге септігін тигізеді. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім сабаққа натюрморт құрастыратын бірнеше зат әкеледі. Ол белгілі бір мамандық түріне арналмаса |
Оқулық. 4-сыныпқа арнал- |
|
|
да, жәй ғана құмыра, ыдыс, жеміс-жидек тұқымдары болуы мүмкін. Мұғалім осы заттардан оқушылармен бірге натюрморт композициясын жасайды. Алдымен заттардың бәрін бір сызықтың бойына қойып шығады. Бұл нұсқаны талқылап, оның қателерін көрсетеді. Одан соң келесі нұсқасын жасайды. Оның да қателерін анықтайды. Соңында барлық қателіктерді ескере отырып, ең үздік үлгісін жасайды. Натюрмортты аяқтағаннан кейін оны таныстырып, талқылауға кіріседі. Натюрморттағы заттарды орналастырып болған соң, оқушылар өздік жұмыс орындауға көшеді.Оның орындалу реті оқулықта көрсетілген. Натюрморт құрастыруға кіріспес бұрын оқушылармен бірге олар қандай мамандық түрін таңдағанын, ол үшін қандай заттарды іріктеп алғанын, жасаған жұмыстары арқылы қандай идеяны көрсеткісі келетіндерін талқылайды. Бұл әлі қандай натюрморт жасайтынын шешпеген оқушыларды ынталандыру үшін керек. |
ған СД-диск. №1 жұмыс дәптері (28–31-б.). Мамандық түрлерін көрсететін туындылардың репродукциялары, әртүрлі мамандық иелеріне қатысты заттар.
|
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауға кіріседі (таңдаулары бойынша), одан соң материалмен жұмыс істейді. Мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді. Одан соң оқушылар өздік жұмыс орындайды. Мұғалім оқушылардың жасап жатқан жұмыстарын қадағалап, қажет жерінде көмек көрсетеді.
|
4-сыныпқа арналған СД-диск. №1 жұмыс дәптері. Әртүрлі мамандық иелеріне қатысты заттар. Түсті қалың қағаз, қайшы, қара фломастер, желім, негізіне арналған түсті қағаз (А4), жасанды материалдар (таспа, түйме, жіп, мата қиындылары), табиғи материалдар (кепкен өсімдіктер, гүлдер және т.б.). |
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар натюрморт композициясын қалайша қызықты етіп құрастыруға болатынын білді. Натюрморт жасаудың жаңа тәсілімен танысты. Меңгерген білімдерін пайдаланып натюрморттағы заттарды дұрыс орналастыруды, өз шешімдерін дәлелдей білуді, аралас тәсілмен натюрморт құрастыруды үйренді. Сабақтың соңында жасаған жұмыстарын таныстырып, талқылайды. Оқушылар натюрморттарын көрсетіп, таңдаған мамандықтары туралы, натюрморт арқылы мамандық түрін қалай көрсеткендерін айтып береді. Балалар жасаған натюрморттарына атау ойлап тапса жақсы болар еді. Таныстырылым кезінде мамандықтарына қатысты өлең жолдарын оқып берсе тіпті жақ- |
|
|
сы. Оқулықтағы тақырып соңындағы сұрақтар мен оған берілетін жауаптарды таныстырылым кезінде пайдалануға болады. Мұғалім де таныстырылым ба- рысында сұрақ қоя алады. Әрбір мұғалім таныстырылым жұмысын жүргізу үлгісін ұсына алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі натюрморт композициясын жасауды, натюрмортты аралас тәсілмен орындауды білді. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрағына жауап беріп, № 1 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындай алды. Оқушылардың көпшілігі №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, үлгі бойынша натюрморт құрастырды. Жасаған жұмыстарын талқылауға қатыса алды. Оқушылардың кейбірі өз бетінше натюрморт құрастырып, оны сыныпта таныстыра алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы ); 2) жасаған жұмыс тарынан (жақсы жасал- ған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Сабақта әр алуан мамандықтар мен олардың қоғамға пайдасы туралы айтылады. Кез келген мамандық түрі пайдалы әрі сыйлы деген түсінік қалыптасады.
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. Мен бүгін ... білдім. ... қызықты болды. ... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. |
||||
Енді мен ... аламын.
Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым.
Менің ... қолымнан келді.
Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.
Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.
Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
5-бөлім. ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Суретшілер табиғат құбылыстарын бейнелейді. Түстердің жарыққа тәуелділігі. Импрессионист-суретшілер салған табиғат көріністері. Айналмалы-ілмелі суреттер жасаймыз |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Қоршаған ортаға сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту, табиғаттағы өзгерістерді бақылай отырып, байқампаздық, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әртүрлі табиғат құбылыстары бейнеленген бейнелеу өнері туындыларымен таныстыру. Импрессионист-суретшілердің туындыларымен және түстердің жаңа қасиеттерімен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеттері |
4.1.2.1 4.2.3.1 4.3.3.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: әр дәуірдегі және елдегі суретшілердің әр алуан табиғат құбылыстарын бейнелеген туындыларымен таныстыру. Табиғат құбылыстары |
||
|
бейнеленетін жанрларды көрсету. К. Писсарро, К. Моненің картиналары және табиғат көріністерінің фотосуреттері арқылы жарықтың түсуіне қарай заттар түстерін қалай өзгертетінін түсіндіреді. Оқушылармен бірге айналмалы-ілмелі суреттер қалай жасалатынын талқылайды. Оқушылардың шығармашылық міндеті: № 2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. Әртүрлі тәулік мезгіліндегі және ауа райындағы табиғат көрінісі бейнеленген айналмалы-ілмелі суреттер жасайды. |
Оқушылардың міндеті |
Әртүрлі табиғат құбылысы бейнеленген бейнелеу өнері туындыларын суреттеу. Табиғат құбылыстары бейнеленген бейнелеу өнері туындыларының түрі мен жанрын білу және оларды атау. Айналмалы-ілмелі суреттер жасау жолын түсіндіру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: табиғат құбылыстары, жылы және суық түстер, қанық және қанық емес түстер, түстердің жарыққа тәуелділігі, импрессионист-суретшілер, пленэр, айналмалы-ілмелі суреттер. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
1. Қандай жыл мезгілдерін білесің? Табиғат құбылыстары дегеніміз не? Жауап. Оқушылар дүниетану сабағынан білетіндерін пайдалана отырып жауап береді. 2. Көктем, жаз, күз және қыс мезгілінде табиғат құбылысы қалай өзгереді? Жауап. Оқушылар дүниетану сабағынан білетіндерін пайдалана отырып жауап береді. 3. Жылы түстер нені білдіреді? Жауап. Жылы түстер жаз, шуақты күз мезгілін, алтын күз, самал жел және т.б. білдіреді. 4. Суық түстер нені білдіреді? Жауап. Суық түстер қыс, қар, қырау және т.б. білдіреді. 5. Егер күн ашық болса, онда тәуліктің қай мезгілінде жарық көп болады? Жауап. Тал түсте жарық көп түседі. 6. Күн ашық кезде таң сәріде табиғат көрінісі қандай түстерге бөленеді? Жауап. Ашық күнгі таң сәріде айнала қанық емес ашық түске боялады. 7. Ашық күнгі түс мезгілінде табиғат қандай түске бөленеді? Жауап. Ашық күні түсте айнала қанық түске боялады. 8. Кешқұрым айнала қандай түсті болады? Жауап. Кешке айнала қанық емес қою түсті болады. |
|
9. Импрессионист-суретшілер кескіндеме өнеріне қандай леп әкелді? Жауап. Импрессионист-суретшілер ашық аспан астында сурет сала бастады. Олар жарықтың түсуіне қарай түстердің өзгерісін зерттеп, өздерінің әсерін көрсеткісі келді. |
||
Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың барлығы: табиғат құбылыстарын, жарықтың түсуіне қарай заттардың түсінің өзгеретінін, имперссионист-суретшілер туралы біледі. Әртүрлі тәулік мезгілі мен ауа райындағы табиғат құбылысы бейнеленген картиналарды талқылауға қатыса алады. Әртүрлі тәулік мезгілі мен ауа райында заттардың түсінің өзгерісіне тәжірибе жүргізе алады. №2 жұмыс дәптеріндегі (3–4-бет) жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындай алады. |
||
Оқушылардың көпшілігі: К. Писсарроның еңбектері мен оқулықтағы фотосуреттердің түс үйлесімін белгілі бір тәулік мезгілімен байланыстыра отырып талдау жасайды. №2 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырманы орындайды (5–9-беттер). |
|||
Кейбір оқушылар: айналмалы-ілмелі суреттерді тақырыпқа сәйкес безендіре отырып жасай алады. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта 1-сыныпта меңгерген бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, жылы және суық түстер және 4-сыныпта өткен қанық және қанық емес түстер бойынша білімдерін пайдаланады. Сонымен қатар 2сыныпта өткен қағаздың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы білетіндерін іске асырады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар табиғат құбылыстары туралы тақпақтарды оқиды. Тақырыпқа сәйкес музыкалық үзінділерді тыңдауға болады. |
||
Сабақтың барысы
|
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әртүрлі табиғат құбылысы бейнеленген туындыларды іліп қояды. Мұғалім табиғат құбылыстарына арналған тақпақтарды оқиды. Оқушыларға «Оқушылардың міндеті» бөліміндегі сұрақтарға жауап беруді тапсырады. |
4-сыныпқа арналған СDдиск. Табиғат құбылыстары бейнеленген туындылардың репродукциялары. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу
|
Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ білуге, өнер туындыларын тереңірек түсініп, қабылдауға септігін тигізеді. Оқушылар әртүрлі мұражайлар мен галереяларға барып, кескіндеме туындыларын жақсырақ түсінеді.
|
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім сабаққа әртүрлі табиғат құбылыстарын көрсететін иллюстрацияларды әкеледі. Табиғат құбылыстарын атап шыққаннан кейін, түстердің жарықтың түсуіне сәйкес өзгеруі деген құбылыспен танысады. Мұғалім: «Сендер түс көрерменге көп нәрседен сыр шертетінін жақсы білесіңдер. Мына пейзаждарға қарап, ондағы түстер не туралы сыр шертетініне назар аударайықшы», – деп, К. Писсарроның үш пейзаж жұмысын көрсетіп, суретші қандай тәулік мезгілін бейнелегенін сұрайды. Суретші бір мезгілді түстерін өзгерте отырып бейнелегеніне назарларын аударады. Бұл неге байланысты? Оқушыларды дұрыс жауап беруге ынталандыру керек. Пейзаж әртүрлі тәулік мезгілінде бейнеленгендіктен түстері де алуан түрлі. Одан әрі: «Тәуліктің әртүрлі мезгілінде жарық қалай өзгереді?» деп сұрақ қойып, балаларды тағы да дұрыс жауап беруге ынталандыру керек. «Жарықтың өзгеруі оның түсуіне байланысты. Таңертең жарық көп болмайды, түсте жарық көп түседі, ал кешке күн ұясына батқан соң жарық мүлде азаяды. Одан әрі оқушылар әртүрлі тәулік мезгілінде түстің өзгеруіне талдау жүргізіп, түстердің қанықтығына тоқталады. Ол үшін оқулықтағы материалдарды пайдаланады. Сондай-ақ К. Моненің «Соборлар» сериялық жұмысын ұсынуға болады. Е. Панасенконың «Суретші әсері» мақаласындағы мына жолдарды келтіруге болады: «Руан соборының» жиырма шақты түрі ілінген залға кірген париждіктердің көбісі бір тақырыпты қайталаған суреттерді ғана көрді... Олар қоршаған ортаға қарамаған еді. Суретшілер өзгелер байқай бермейтін нәрселерді елейтін. «Соборлар» суретшінің көзінен қалт кетпеген сериялардың бірі болатын. Бұл ежелгі собор қабырғаларының асыл тас іспетті жарқ-жарқ етіп, адамдарға бірде көк, бірде қызыл, бірде алтын түстес боп көрінетін жарық ұранындай. Моне өз көргендерімен адамдармен бөлісіп, адамдар оның талантына таңдай қағатын. Картиналар мен фотосуреттерді талқылау барысында оқушылар табиғаттағы нысандардың түсі таң сәріде кешкі және түндегідей емес, бұлтты күні шуақты күндегідей емес екенін меңгерулері тиіс. Мұғалімнің көмегімен және оқулықтағы материалдарға сүйеніп, бұл құбылысқа анықтама береді. Оқулықтағы тәжірибені сыныпта өткізіп, белгілі бір заттардың қараңғы бөлмедегі және терезеден күн түсіп тұрған сәттегі өзгерістерін қарастырады. Осы тақырыптың аясында оқушыларды ашық аспан астында сурет салу өнерін әкелген импрессионист-суретшілердің шығармашылығымен таныстырады. 1874 жылы Парижде суретшілердің көрмесі ашылды. Журналистер, өнер сыншылары, өнерсүйер қауым |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СDдиск. №2 жұмыс дәптері. Әртүрлі табиғат құбылыстары бейнеленген туындылардың репродукция- лары. |
|
көрмеге асықты. Париж – суретшілер қаласы. Онда бейнелеу өнерін түсініп, жоғары бағалайды. Ал мынау не? Адамдар көрмеден ашуланып шығып, көрген туындыларды түкке тұрғысыз деп санады. Көрмеге келушілер неліктен ашуға мінді? Париждік өнерсүйер қауымның көңілінен шықпаған жұмыстарға біз де назар аударайықшы. Сендердің ойларыңша бұл суреттер көзге тұрпайы көріне ме? Клод Моне, Камиль Писсарро, Эдуард Маненің пейзаждарына – жарықтың молдығына, жарықтың жапырақтарға түсіп, мың құбылып ойнауына, судың толқынына, адамдардың киіміне қараңдаршы. Импрессионистердің шығармашылығын жарық пен түстен құралған кескіндеме деп тегін айтпаған шығар. Шынымен де, шеберлердің кілем тоқығанындай олар да қысқа бояулармен туындыларын «тоқиды». Алайда классиктердің бірқалыпты мәнеріне үйреніп қалған көрермендерге мұндай сурет салу түрі жат көрінді. Әсем безендірілген пейзаж жұмыстары олардың көзін сүйсінтіп, тыныштығын бұзбайтын. Ал импрессионистер сурет өнері терезесін айқара ашып, оған самал жел мен қаланың қайнаған өмірін алып келді. Импрессионист-суретшілерге дейін қала пейзажын көбісі сала бермейтін, олар өздерінің мольберттерін алып, қала көшелеріне шығып, шулы вокзалдарға барып шабыт іздеді. Міне, біршама уақыттан бері біз табиғатқа импрессионистсуретшілердің көзімен қарап келеміз. Одан кейінгі суретшілердің барлығы дерлік импрессионистердің әкелген жаңа лебін қабылдады, сондықтан да бізді, қазіргі өнерсүйер қауымды олардың шығармашылығы 19-ғасырдағыдай таңдандырмайды. Ал енді импрессионист-суретшілер жұмыстарын әсерлі етіп көрсету үшін қандай әсерлегіш құралдарды қолданатынын талдап көрейікші. Бір жұмысты мысалға алып зерттеу жүргізеді, оның нәтижесінде оқушылар импрессионист-суретшілер ірі бояу жағындыларымен сурет салып, мол реңкті таза түстермен жұмыс істеген деген қорытындыға келеді. Суретшілер ауа райы құбылып тұратындықтан, жылдам жұмыс істеген. Сондықтан да импрессионист-суретшілердің пейзаждары әсерлі көрінеді. |
|
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы таңдаулары бойынша орындап, одан соң оқулыққа сүйеніп айналмалы-ілмелі суреттер жасайды. Мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді. |
№2 жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар немесе фломастерлер, акварель не гуашь бояулары, қылқалам, су |
|
|
құятын ыдыс, сурет не фотосуреттер немесе суретшілердің әртүрлі тәулік мезгілін, ауа райы мен табиғат құбылысын бейнелеген туындыларының репродукциялары, түрлі түсті қатырма қағаз (4– 6 дана), қайшы, желім, біз, жіп. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар суретшілер табиғат құбылысын қалай бейнелейтінін, жарықтың түсуіне қарай түстердің қалай өзгеретінін білді. Әртүрлі табиғат құбылысы бейнеленген бейнелеу өнерінің туындыларының жанры мен түрін анықтап үйренді. Әртүрлі тәулік мезгілі, ауа райын бейнелеу барысында түстердің қанықтығы туралы білетіндерін пайдалана біледі. Айналмалы-ілмелі суреттер жасап үйренді. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі табиғат құбылыстарын, импрессионистсуретшілер туралы білді. Әртүрлі табиғат құбылыстары, сондай-ақ тәулік мезгілі мен ауа райы бейнеленген жұмыстарды талқылауға қатыса алды. Тәуліктің әр мезгілінде заттардың түсінің өзгерісін зерттеп, қорытынды жасай алды. №2 жұмыс дәптерінің 3,4беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындай алды. Оқушылардың көпшілігі К. Писсарро мен оқулықтағы фотосуреттерді талқылап, түс үйлесімін белгілі бір тәулік мезгілімен байланыстыра алды. №2 жұмыс дәптерінің 5–9-беттеріндегі тапсырмаларды орындай алды. Кейбір оқушылар тақырыпқа сәйкес сурет, фотосуреттермен безендіре отырып, айналмалы-ілмелі суреттер жасай алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан. |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Оқушылар сабақта табиғат құбылыстарын жақынырақ біледі. Импрессионистсуретші-лердің туындыларымен танысып, танымдарын кеңейтеді. |
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/ |
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі жанрдағы табиғат құбылыстарының көрінісі. Табиғат құбылысын бейнелейміз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Оқушылардың қоршаған ортаға сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын қалыптастыру, байқампаздықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әртүрлі табиғат құбылыстарын бейнелейтін бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Әртүрлі тәулік мезгілі мен күн райындағы түс, түс қанықтығы туралы білетіндерін пайдалана отырып, шығармашылық шабыттарын арттыру. |
||
Бағдарламалық міндететрі |
4.1.2.1 4.3.3.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды табиғат құбылыстарының бейнелеу өнерінің әр алуан жанры мен түрі арқылы бейнеленген туындылармен таныстыру.Оқушылар өздері таңдаған бейнелеу өнерінің түрі мен жанры бойынша табиғат құбылыстарын бейнелеуге бағыттау. Оқушыларға шығармашылық жұмыс орындағанда меңгерген білімдерін жүзеге асыра білуге көмектесу. Оқушылардың шығармашылық міндеті: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. Табиғат құбылысын бейнелеу өнерінің бір жанры арқылы бейнелеу. |
||
Оқушылардың міндеті |
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына және суретші қолданған әсерлегіш құралдарға назар аудара отырып, суретшілердің еңбектерін талқылап, талдауға қатысу. Шығармашылық шешімін, яғни жанрын, табиғат құбылысын, түс үйлесімін, туындының композициялық шешімінің таңдау себебін түсіндіру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Таныстырылым жұмысын өткізіп, сыныптастарының жасаған жұмыстарын талқылауға қатысу. Тірек сөздер: бейнелеу өнерінің жанрлары, пейзаж, тұрмыстық жанр, портрет, натюрморт, анималистік жанр, түс үйлесімі, түс қанықтығы, көңіл күй. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Кейбір табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне тәуелді ме? Жауап. Иә, тәуелді. Мысалы, қар қыста жауады, жапырақтар күзде түседі, ағаш көктемде бүр жарады. 2. Суретшілер табиғат құбылысын қай жанрда бейнелей алады? Жауап. Суретшілер табиғат құбылысын портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық және анималистік жанрда бейнелей алады. |
||
|
3. Суретшілер туындыларында қандай табиғат құбылысын бейнелеуі мүмкін? Жауап. Жаңбыр, қар, кемпірқосақ, боран, цунами, жанартаудың атқылауы, күзгі жапырақтар, күннің шығып, батуы және т.б. 4. Жаңбырлы күнге қандай бояу түсі тән? Жауап. Жаңбырлы күнге сұр реңкті қанық емес суық түстер үйлесімі тән. 5. Құмды дауылға қандай түс бояуы тән? Жауап. Құмды дауылға қанық емес жылы ашық түсті бояулар сәйкес келеді. |
||
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: табиғат құбылысын бейнелеу өнерінің қандай жанрында бейнелеуге болатынын; табиғат құбылысын қандай жолдармен салуға болатынын біледі. Суретшілердің табиғат құбылысын әртүрлі түстермен салған туындыларын талқылауға қатыса алады. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрағына жауап беріп, № 2 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындайды. |
||
Оқушылардың көпшілігі: №2 жұмыс дәптерінің 10– 11-беттеріндегі тапсырмаларды таңдауы бойынша орындап, оқушылардың жасаған жұмыстарын талқылауға қатыса алады. |
|||
Кейбір оқушылар: «Табиғат құбылыстары» тақырыбына өз бетінше шығармашылық жұмыс орындап, оны таныстыра алады. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Сабақта дүниетану, көркем еңбек пәндері (1,2,3сыныптар) және «Өнер» тақырыбы бойынша өткен бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері (Көркем еңбек, 3-сынып), түс пен сызықтың ерекшеліктері (1,2,3,4-сыныптар) және т.б. меңгерген білімдерін пайдалана алады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға суретшілердің әр алуан жанрдағы туындылары мен әртүрлі табиғат құбылысының фотосуреттері ілінеді. Ақырын музыка ойнап тұрады.
|
4-сыныпқа арналған СД-диск. Суретшілердің әр алуан жанрдағы туындылары мен әртүрлі табиғат құбылысының фотосуреттері. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Білім мен дағдыға қол жеткізу |
Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ түсініп, оны аялай білуге, оқушылардың ойөрісін арттыруға септігін тигізеді. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Сабаққа әртүрлі табиғат құбылыстарының иллюстрациясын әкелген жөн. Алайда бұл ретте оқушылардың назарын бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлеріне аудару керек. Бейнелеу өнерінің алуан түрін көрсететін (портрет, тұрмыстық, анималистік жанр, натюрморт) графикалық, кескіндеме, сәндік жұмыстар болса тіпті жақсы. Оқушылар табиғат құбылысын алуан түрлі жанрда бейнелеуге болатынын түсінуі тиіс. Ол жаңбыр не қар жауып тұрғандағы терезе алдындағы натюрморт, қыс мезгіліндегі жануарлар не күзгі жапырақтардың көрінісі, тасқындаған теңіз аясындағы портрет болуы мүмкін. Қысқаша айтқанда, мұғалім оқушылардың қиял ұшқырлығын шыңдай білуі тиіс. Оқушылармен бірге суретшілердің еңбектерін талқылағанда, қандай да бір табиғат құбылысының суретіне ғана емсе, сондай-ақ оның жанры мен түріне, суретші пайдаланған әсерлегіш құралдарға да назар аудару ке-рек. Шығармашылық жұмыстың алдында мұғалім оқушылармен бірге олардың таңдаған жанрын, материалдары мен әсерлегіш құралдарын талқылайды. Жасаған жұмыстарын тек қызықты болып қана қоймай, қызықты атауға да ие болуы мүмкін екенін айтады. Оқулықтағы балалар салған суреттерге көңіл бөліп, жұмыстың жасалу ретін талдайды. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СД-диск. Суретшілердің әр алуан жанрдағы туындылары мен әртүрлі табиғат құбылысының фотосуреттері. |
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетінше орындауға кіріседі. Одан соң оқулықтағы материалға сүйеніп, табиғат құбылысының көрінісін өз бетінше салады. Мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді |
4-сыныпқа арналған CD-диск. №2 жұмыс дәптері. Әр дәуірдегі және әртүрлі елдегі суретшілердің бейнелеу өнерінің әр алуан жанры мен түрі бойынша табиғат құбылысын салған туындыларының репродукциялары. Оқушылар материалдарды өздері таңдайды. Олар: ақ қағаз, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті фломастерлер, акварель, гуашь, қылқалам, қайшы, желім, табиғи және жасанды материалдар. |
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар бейнелеу өнерінің қандай түрі мен жанрында табиғат құбылысын бейнелеуге болатынын білді. Ол үшін қандай әсерлегіш құралдарды қолданатынын анықтады. Меңгерген білімдерін пайдаланып және материалдар мен жұмыс істеу тәсілін таңдай отырып, табиғат құбылысын бейнелеп үйренді. Сабақтың соңында таныстырылым жұмысын жүргізеді. Мұғалім таныстырылым барысында оқушыларға тақырыпқа сәйкес музыкалық және әдеби шығармалардан қысқаша үзінділерді пайдалануды ұсынады. Таныстырылым жұмысына ортақ атау беруге болады. Мысалы, «Жаман күн райы болмайды». Оқушылар жасаған жұмыстарын көрсете отырып, табиғаттағы кез келген күн райы өзінше әдемі екенін дәлелдеуі тиіс. Оқулықтағы тақырып соңында орналасқан сұрақтар мен оларға берілетін жауаптарды таныстырылым барысында пайдалануға болады. Мұғалімнің өзі де сұрақ қоюына болады. Әрбір мұғалім таныстырылым жұмысының үлгісін ұсына алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі табиғат құбылысын бейнелеу өнерінің қандай жанрында бейнелеуге болатынын; табиғат құбылысын қандай жолдармен салуға болатынын білді. Суретшілердің табиғат құбылысын әртүрлі түстермен салған туындыларын талқылауға қатыса алды. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрағына жауап беріп, № 2 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындады. Оқушылардың көпшілігі №2 жұмыс дәптерінің 10–11-беттеріндегі тапсырмаларды таңдауы бойынша орындап, оқушылардың жасаған жұмыстарын талқылауға қатыса алды. Кейбір оқушылар «Табиғат құбылыстары» тақырыбына өз бетінше шығармашылық жұмыс орындап, оны таныстыра алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын |
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; |
Құндылықтармен байланыс Оқушылар қоршаған ортаның әсемдігіне тамсанып қана қоймай, оны қорғап, аялау керектігін |
||
жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
түсінеді.
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. Мен бүгін ... білдім. ... қызықты болды. ... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар:
http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
|
||||
6-бөлім. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Сабақтың тақырыбы: Табиғат – біздің үйіміз. Қоршаған ортаға қауіп төнуде. Табиғатты бірге қорғайық |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Қоршаған ортаға сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын оятып, сауатты әрі жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Жаңа тақырыппен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеттері |
4.1.3.2 4.2.2.1 4.2.2.2 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныстыру. «Қызыл кітаптағы» жануарлар мен өсімдіктерге талдау жүргізу. Оқушылар қоршаған ортаға өз көзқарастарын білдіре алатын «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабын суреттермен толтыру жұмысын ұйымдастыру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: қоршаған ортаға дұрыс және бұрыс көзқарастарын көрсететін бүктемелі кітапқа сурет салу. №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Тақырыпты талқылауға қатысу. Егер біздің жерімізге өзге планеталықтар келсе, адамдар табиғатты аялай білмесе, ол не нәрсеге куә болатыны туралы шағын әңгіме құрауды ойластыру. Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсететін белгілерді түсіндіріп, суреттей білу. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабын экологиялық суреттермен толтыру идеяларын айтып беру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: табиғат, қоршаған ортаның ластануы, кейбір жануарлар мен өсімдіктердің жойылуы, жануарлар мен өсімдіктер енгізілген халықаралық Қызыл кітап, Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері енгізілген Қызыл кітап, қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға қосар үлесің, экологиялық қауіпті көрсететін белгілер. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Қандай экологиялық проблемаларды білесің? Жауап. Оқушылар білімі мен тәжірибесіне, сондай-ақ дүниетану сабағынан меңгерген біліміне сүйеніп, жауап береді.
|
||
|
2. Қоршаған ортаға кім және қалай зиян келтіреді? Жауап. Оқушылар білімі мен тәжірибесіне, сондайақ дүниетану сабағынан меңгерген біліміне сүйеніп, жауап береді. 3. Өзің экологиялық жағдайларды жақсарту үшін не істей аласың? Жауап. Табиғатқа шыққанда қоқыстарды жинап, ауланы тазалап, ағаш отырғызып, оған күтім жасап, құстарға жемсалғыш жасап, суды ластамау, электр энергиясын үнемдеп пайдалану және т.б. 4. Халықаралық Қызыл кітап туралы не білесің? Жауап. Ғалымдар жануарлар мен өсімдіктер әлемін құтқару үшін Халықаралық Қызыл кітапты құрастырды. Оны 1963 жылдан бері Табиғатты қорғау дүниежүзілік ұйымы шығарып келеді. Кітапты адамдардың назарын өзіне аударып, табиғатқа зиян келтіруді тоқтату үшін осылай атаған. Қызыл түс жануарлар мен өсімдіктердің көмекке зәру екенін білдіреді. 5. Суретшілер қоршаған ортадағы мәселелерді шешуге қалай атсалысады? Жауап. Олар қауіптің төнгенін білдіретін белгілер ойлап тауып, сондай-ақ қоршаған ортада өзін ұстау белгілерін ойлап табады. 6. Достарыңа өзің тұратын жердегі қандай экологиялық қауіп туралы ескерткің келеді? Жауап. Оқушылар білімі мен тәжірибесіне, сондайақ дүниетану сабағынан меңгерген біліміне сүйеніп, жауап береді. 7. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабына енгізілген суреттеріңнің идеясы қандай? Жауап. Оқушылар идеяларымен бөліседі. Өздері тұратын жердің құстарын қорғау, қаланы зиянды қоқыстардан тазарту, орманды өрттен қорғау идеясы болуы мүмкін. |
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы: экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын, суретшілер қоршаған ортаны қорғауға қалай атсалысатынын біледі. Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға қатыса алады. №2 жұмыс дәптерінің 12– 15-беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындай алады. |
Оқушылардың көпшілігі: егер біздің жерімізге өзге планеталықтар келсе, адамдар табиғатты аялай білмесе, ол не нәрсеге куә болатыны туралы шағын әңгіме құрайды. №2 жұмыс дәптерінің 16–17беттеріндегі тапсырмаларды орындай алады. |
|
Кейбір оқушылар: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабына қоршаған ортаға дұрыс және дұрыс емес көзқарастарды көрсететін суреттермен шығармашылық сурет-белгілер жасай алады. |
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта дүниетану сабағындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша меңгерген білімдерін, сонымен қатар 3-сыныпта көркем еңбек пәні бойынша меңгерген символикалық белгілер туралы білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы
|
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әсем табиғат көрінісін көрсететін суретшілердің туындылары немесе фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелерді көрсететін плакаттар ілінеді.
|
4-сыныпқа арналған СDдиск. Әсем табиғат көрінісі бейнеленген суретшілердің туындылары немесе фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелерді көрсететін плакаттар. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ біліп, оны аялай білу қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім сабаққа қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін әртүрлі табиғат нысандарының фотосуреттерін дайындап қояды. Тек фотосуреттермен шектелмей, пейзажшы, анималист суретшілердің картиналарының репродукцияларын да көрсетуге болады. Суретшілердің картиналары мен фотосуреттерді көрсете отырып, табиғат қандай әсем екеніне, егер адамдар оны аялай алмаса қандай күйге түсетіні туралы әңгімелеседі. Оқушылар ақпаратты егер біз табиғатты аялай білмесек, нені жоғалтуымыз мүмкін екенін түсінетіндей етіп жеткізу керек. Сабақты құстар туралы тақпақтарды тыңдаумен жалғастыруға болады. Көгершін
Ауламызға қонды кеп Бір көгершін жаралы. Кенет көзі мөлдіреп, Маған үнсіз қарады. Ұстап алып жем бердім, |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СDдиск. №2 жұмыс дәптері.
Әсем табиғат көрінісі бейнеленген суретшілердің туындылары немесе фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелерді көрсететін плакаттар.
|
|
|
Емдеп, Қайта ұшырдым. Кетпейді енді: «Сендердің, – Дегендей, – бір құсыңмын». (Б. Қошым-Ноғай)
Торғайлар қуанышы
Бір уыс дән шашып қап, Шолып едім қашықтан: Ұшып келіп әрқайдан, Жапырласты торғайлар.
Қалғандай-ақ ашығып, Шоқып-шоқып асығып. Сілкініп те алады, Қанаттарын қағады. Секіріп те ойнайды, Өздерінше тойлайды. Қарасады айнала: «Қайырымды қай бала?» (М. Жаманбалинов) Бұл тақырып екі сабаққа есептелгендіктен, оқушыларға ғаламтордан немесе басқа да дереккөздерден әртүрлі экологиялық мәселелер туралы, олардың қалай шешім тауып жатқаны жайлы мәліметтерді тауып оқуды тапсырыңыз. Балалардың өздері тұратын жердің экологиялық мәселелеріне назарын аударуға да болады. Тек сыни тұрғыдан емес, сондай-ақ оқушылардың өздері қоршаған ортаны қорғау үшін не істей алатындары туралы әңгімелеуге ынталандыру керек. Осы жерде 2-сыныпта құстарға жемсалғышты қалай жасағанын еске түсіреді. Материалды түсіндіргеннен кейін оқушыларға оқулықтағы белгілерге ұқсас өздері де белгілер ойлап тауып, талдауды тапсырады. Одан соң оқушылар бүктемелі кітапқа экологиялық суреттер салуға кіріседі. Оқушыларды суреттер нақты емес, оқулықтағы суреттерге ұқсас болуына бағыттау керек. Мұғалім екінші сабақта жануарлар мен өсімдіктер енгізілген Қызыл кітап туралы, сондай-ақ «Қазақстанның Қызыл кітабы» туралы әңгімелесуге болады. Одан соң оқушылар №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. Тапсырмаларды орындау барысында мұғалім жеке кеңес беріп, көмек көрсетеді. |
|
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды таңдаулары бойынша орындайды. Қоршаған ортаға жауапты және жауапсыз қатынасты көрсететін суреттерді өз беттерінше салады. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СDдиск. Түрлі түсті |
|
|
немесе қара фломастерлер, сурет салатын қағаз парақтары, өткен жылы бастаған бүктемелі кітап немесе түрлі түсті қалың қағаз, қайшы, желім. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы білді. Оны қорғау жолдарын талқылап, экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын ескертетін белгілерді талдады. Экологиялық белгілерді түсініп, экологиялық тақырыпқа сурет салуды үйренді. |
|
||
Қосымша ақпарат
|
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі экологиялық мәселелер мен олардың шешу жолдарын, суретшілер қоршаған орта мәселелерін шешуге қалай атсалысатынын білді. Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылауға қатыса алды. №2 жұмыс дәптерінің 12–15беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындады. Оқушылардың көпшілігі егер біздің жерімізге өзге планеталықтар келсе, адамдар табиғатты аялай білмесе, ол не нәрсеге куә болатыны туралы шағын әңгіме құрады. №2 жұмыс дәптерінің 16–17-беттеріндегі тапсырмаларды орындай алды. Оқушылардың кейбірі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабына қоршаған ортаға дұрыс және дұрыс емес көзқарастарды көрсететін суреттермен шығармашылық сурет-белгілер жасады. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан. |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен |
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; |
Құндылықтармен байланыс Оқушылар қоршаған ортаның әсемдігін көріп қана қоймай, оны қорғап, аялау керектігін де үйренеді. |
||
тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
|
||||
Сабақтың тақырыбы: Плакат дегеніміз не? «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына плакат жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып:4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Қоршаған ортаға қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін, айналасына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Плакат жасау ерекшеліктерімен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.1.1 4.1.3.2 4.2.2.1 4.2.2.2 4.2.1.1 4.3.1.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды плакат жасау өнерімен таныстыру. Кәсіби суретшілер мен оқушылар арасында өткізілетін экологиялық плакаттардың байқауы туралы әңгімелеп беру. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғау идеясын көрсететін шығармашылық плакат жасауға бағыттау. Кескіндеме және графикалық суреттің плакаттағы суреттен қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіре отырып, плакат жасау ерекшеліктерімен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Белгілі бір идеяны білдіретін (өсімдіктерді, жануарларды, суқоймаларын ластанудан қорғау) қоршаған ортаны қорғауға арналған ұжымдық плакат жасау. Плакатқа әдемі қаріп түрін таңдап алу. Жасаған жұмысын таныстыру. |
||
Оқушылардың міндеті |
Экологиялық плакаттарды талдап, талқылауға қатысу. Кескіндеме және графикалық суреттің плакаттағы суреттен қандай айырмашылығы бар екенін анықтау. Экологиялық плакат жасаудың идеясын ойлап тауып, оны айтып беру. Түс үйлесімі, пішімі, композициясы туралы айту. Плакат жасау ретін анықтау. Плакатқа ерекше қаріп түрін ойлап табу. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру. Жасаған жұмысын таныстырып, сыныптастарының жасаған жұмысын талқылауға қатысу. Тірек сөздер: қоршаған ортаны қорғау, плакат, қаріп. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Плакат деген не? Жауап. Плакат – графиканың бір түрі. Ол мәтін мен суреттен тұрады және олар белгілі бір нәрсені үндеу мақсатында қолданылады. Мысалы, экологиялық плакатта қоршаған ортаны қорғауға үндейді. |
||
|
2. Суретшілер қоршаған ортаны қорғауға қалай атсалысады? Жауап. Олар қоршаған ортаны қорғау үшін плакат жасайды. 3. Плакат арқылы нені жеткізуге болады? Адамдарды неге шақырамыз? Жауап. Плакатта экологиялық проблемаларды көтеруге болады: қоршаған ортаның ластануы, ормантоғайлардағы ағаштарды кесу, судың жетіспеушілігі және т.б. Жер – біздің ортақ үйіміз, сондықтан оны аялап, қорғауымыз тиіс екеніне назар аударту. 4. Плакаттарыңның идеясын айтып беріңдер. Оқушылар адамдарға плакаттары арқылы не айтқылары келетіндерін, неден қорғап, неге үндейтіндерін айтады. |
||
Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың барлығы: плакаттың не екенін, оны қалай жасайтынын, экологиялық плакаттың не нәрсеге арналғанын, онда қандай идеялар көрініс табатынын біледі. Мұғалімнің сұрағына жауап беріп, плакаттың идеясын талқылауға қатыса алады. № 2 жұмыс дәптерінің 18– 19-беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындайды. |
||
Оқушылардың көпшілігі: плакат жасау идеясын ойластырып, топпен жұмыс істегенде өзіне қатысты міндетті орындай алады. |
|||
Кейбір оқушылар: басқаларға ұқсамайтын шешім ойлап тауып, плакатпен жұмыс істеу жоспарын анықтап, топта идеясын ортаға салып, оқушыларды жұмылып жұмыс істеуге жетелей алады. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Сабақта дүниетану пәні бойынша қоршаған орта және оны қорғау; көркем еңбек пәнінде өткен символдық белгілер (3-сынып), 1, 2, 3 ,4-сыныптарда өткен композиция, түс туралы меңгерген білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін суретшілердің туындылары мен фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған плакаттар ілінеді.
|
4-сыныпқа арналған СD-диск. Қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін суретшілердің туындылары мен фотосуреттер, сонымен қатар экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған плакаттар мен фотосуреттер. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Білім мен дағдыға қол жеткізу |
Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ біліп, оны қастерлеп, аялай білуге септігін тигізеді. Оқушылар меңгерген білімдері мен білік-дағдыларын мектепті безендіруге, байқауларға қатысуға қолданады. |
|
Материалды түсіндіру |
Сабаққа қоршаған ортаны қорғауға арналған әртүрлі плакаттарды дайындау керек. Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары көрсетілген плакаттарды іріктеп алуға болады. Сабақтың басында плакат не үшін керек екеніне бір-екі ауыз сөзбен тоқтала кеткен жөн. Жалпы, плакат ескерту мәнде пайдаланылады. Оны плакаттағы суреттен не мәтіннен байқаймыз («Олар аз қалды!» – құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер жайлы, «Теңізді ластанудан сақтайық!» және т.б.). Оқушылармен бірге әрбір плакат не нәрсеге арналғанын талқылаған дұрыс. Суретші плакат арқылы нені ескертіп, нені үндейді? Одан әрі плакат тілінің ерекшелігі туралы сөйлеседі. Плакаттағы суреттер шағын, яғни белгілермен беріледі де, артық нәрсенің бәрі алынып тасталады. Плакатта реңсіз түстер қолданылады. Мәтін қысқа әрі көзге тез түсетіндей болуы тиіс. Ол көрерменнің назарын өзіне лезде аударып, сезіміне әсер етіп, қандай да бір әрекет жасауға не жасамауға (ағаштарды сындырмау, от жақпау, суқоймаларын ластамау және т.б.) итермелеуі керек. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. №2 жұмыс дәптері. Қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін суретшілердің туындылары мен фотосуретттер, сонымен қатар экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған плакаттар мен фотосуреттер.
|
Өздік жұмысты орындау
|
Плакат жасамас бұрын оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды тапсырған жөн, ол материалдармен жұмыс істеуге көмектеседі. Өздік жұмыстың алдында мұғалім оқушылармен бірге олардың таңдаған материалдарын, әсерлегіш құралдарын, тәсілін талқылайды. Плакатты оқушылар білетін аралас тәсілмен жасаған дұрыс. Плакатты жеке-дара не топпен мұғалім мен оқушылардың қалауы бойынша орындаған жөн.
|
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. А1 не А2 пішімді ақ немесе түсті қағаз, гуашь бояулары, түсті қағаз, қайшы, желім. Сондай-ақ ескі журналдардағы фотосуреттер мен репродукцияларды, заттардың баспатаңбасын, табиғи және жасанды материалдарды пайдалануға болады. |
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар плакат, оны жасау жолдарын, қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланып жасауға болатынын білді. Қажетті әсерлегіш құралдарды пайдалана отырып, экологиялық тақырыпқа плакат жасап үйренді. Таныстырылым жұмысын ең үздік плакатты анықтау байқауы ретінде жүргізуге болады. |
|
|
Қорытындылау барысында идеяның ерекшелігіне, оны қалай жүзеге асырғаны (түс бояуы, композицияның ерекшелігі, мәтін мен қаріп түрлерінің ерекшелігі, композицияның идеямен байланысы ) ескеріледі. Марапат дипломдарын әзірлеп, арнайы сыйлықтар табыстауға болады (ең үздік идеяға, идеяның жүзеге асырылғанына, әдемілігіне). Байқаудың нәтижесі бойынша бір сыныпта мектепаралық байқау өткізіп, олардың ішінен әрбір сынып жеңімпаздарының жасаған жұмыстарын іріктеп алады. Оқулықтағы тақырып соңында орналасқан сұрақтар мен олардың жауабын таныстырылым барысында пайдалануға болады. Мұғалім өзі де сұрақ қоя алады. Әрбір мұғалім таныстырылым жұмысын өзі ұсына алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі плакаттың не екенін, оны қалай жасайтынын, экологиялық плакаттың не нәрсеге арналғанын, онда қандай идеялар көрініс табатынын білді. Мұғалімнің сұрағына жауап беріп, плакаттың идеясын талқылауға қатыса алды. № 2 жұмыс дәптерінің 18–19-беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындады. Оқушылардың көпшілігі плакат жасау идеясын ойластырып, топпен жұмыс істегенде өзіне қатысты міндетті орындай алды. Оқушылардың кейбірі басқаларға ұқсамайтын шешім ойлап тауып, плакатпен жұмыс істеу жоспарын анықтап, топта идеясын ортаға салып, оқушыларды жұмылып жұмыс істеуге жетелей алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 4) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).
|
Құндылықтармен байланыс Оқушылар қоршаған ортаның әлемдігін көріп қана қоймай, оны қорғау керектігін түсінеді.
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді);
ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі);
б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді).
Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс.
Мен бүгін ... білдім.
... қызықты болды.
... қиын болды.
Мен ... тапсырманы орындадым.
Мен ... түсіндім.
Енді мен ... аламын.
Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым.
Менің ... қолымнан келді.
Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.
Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.
Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
7-бөлім. ҒАРЫШҚА САЯХАТ
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан. «Жұлдызды аспан» шамын жасаймыз
|
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Білімге құштарлықтарын қалыптастырып, ой ұшқырлықтарын дамыту, шам жасау тәсілімен таныстыру. |
||
|
Ой-өрістерін кеңейту. Жаңа құрамақ жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау. |
Бағдарламалық міндететр |
4.1.1.1 4.1.3.2 4.2.3.1 4.2.3.2 |
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды кейбір шоқжұлдыздармен, оларға қатысты аңыз әңгімелермен, күн бейнелі және космогониялық өрнектермен таныстыру. Шоқжұлдыздарды пайдаланып, шамға өрнек жасап үйрету. Оқушылардың шығармашлық міндеті: №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Меңгерген білімдерін пайдаланып, «Жұлдызды аспан» шамын жасау. |
Оқушылардың міндеті |
Шоқжұлдыздар жайлы, оларға қатысты аңыздарды айтып беріп, космогониялық өрнектерді сипаттау. Шам жасау ретін, шамда қандай шоқжұлдыз бейнеленгенін айтып, өз шешімін түсіндіру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: жұлдызды аспан, жұлдызды аспан картасы, шоқжұлдыз, күн бейнелі өрнектер, космогониялық өрнектер, шам. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Астроном деген кім? Жауап. Астроном – аспан денелерін зерттейтін ғалым. 2. Шоқжұлдыз деген не? Жауап. Шоқжұлдыз – аспанның нақты шегарасы анықталған белгілі бір бөлігі. 3. Өздерің білетін шоқжұлдыздарды атаңдар. Жауап. Аққу, Қоян, Дельфин, Таразы, Темірқазық. 4. Космогониялық өрнектер дегеніміз не? Жауап. Космогониялық өрнектер – жұлдыз, ай, күнді бейнелейтін өрнектер. 5. Көлемді пішіндер жазықтағы пішіндерден несімен ерекшеленеді? Жауап. Көлемді пішіндерді жан-жағынан қарауға болады, ол белгілі бір қалыңдыққа, көлемге ие. Көлемді пішіндерді дене дейді. 6. Көлемді пішіндерді ата. Жауап. Шар, текше, цилиндр, пирамида. |
Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың барлығы: аспан денелері, аспан денелерінің картасы, күн бейнелі және космогониялық өрнектер туралы біледі. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап бере алады. Туындыларды талқылауға қатысады. №2 жұмыс дәптерінің 20–21-беттеріндегі жаңа материалды бекіту тапсырмаларын орындай алады. |
Оқушылардың көпшілігі: оқулықтағы үлгі бойынша шам жасай алады. |
|
Кейбір оқушылар: өз идеясын ұсынып, өз бетінше шам жасай алады. |
||
Бұрын алған білімдері
|
Сабақта осы тақырып бойынша жаратылыстану, дүниетану пәндерінде, сонымен қатар көркем еңбек пәнінде (1,2,3,4-сыныптар) көлемді және жазық пішіндер, құрастыру, түстану, сәндеу бойынша меңгерген білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға ғарышкер-суретшілердің туындылары мен ғарыш кеңістігінде түсірілген фотосуреттер, «Ғарыш» тақырыбына арналған басқа да суретшілердің еңбектері ілінеді. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. Жұлдызды аспан картасы, космогониялық өрнектердің үлгісі. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Білім мен дағдыға қол жеткізу |
Сабақта меңгерген білімдері оқушылардың жалпы және шығармашылық қабілеттерін арттыруға септігін тигізіп, сыйлық, кәдесый дайындағанда жүзеге асады. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім сабаққа шоқжұлдыздардың тарихына қатысты 1–2 аңыз әңгіме дайындап қойғаны жөн. Бұл жастағы балалар аңыз әңгімелерді жақсы көреді, сондықтан аспан денелері туралы әңгімені ерекше ықыласпен тыңдайды. Жер бетіндегі нысандардың орналасуын көрсететін географиялық картадан өзге жүзжылдық тарихы бар аспандағы нысандарды көрсететін жұлдызды аспан картасы бар екенін айта кету керек. Интербелсенді тақта арқылы Дюрер жасаған жұлдызды аспан картасын көрсетсе жақсы болар еді. Жеке-дара шоқжұлдыздармен танысқан соң, оқушылардың аспан денелері қолөнерде қалай көрініс тапқанына назарын аудартып, күн бейнелі өрнектер мен космогониялық өрнектердің қолданылуын көрсеткен дұрыс. Оқушылармен бірге космогониялық өрнектер мен күн бейнелі өрнектерді қарап шығып, олардың қолданылған жерлерін анықтайды. Одан әрі оқушыларды оқулық бойынша шам жасау ретімен таныстырып, сұрақтарға жауап беруді тапсырады. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. №2 жұмыс дәптері. Қара, қою көк не қою күлгін түсті қалың түсті қағаз, полимер балшық не алтын, күміс түстес фольга, алтын, күміс түстес фломастерлер, жай қарындаш, қайшы, желім, басқа да материалдар, фонарь не бра. |
|
Өздік жұмысты орындау
|
Алдымен жұмыс дәптеріндегі тапсырамны орындап, одан соң өздік жұмысты орындауға көшеді. Өздік жұмыстың алдында оқушыларды шам жасау ретімен таныстырып, онда берілген сұрақтарға жауап беруді тапсырады. Тапсырманы орындау барысында мұғалім жеке-дара көмек көрсетіп, кеңес береді. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. Қара түсті гуашь, сұйық сабын, акварель бояулары, акварель мен гуашь жағатын қылқалам, пара- |
|
|
|
фин, суретті тырналайтын үшкір құрал (кішкене пышақ), қалың ақ қағаз. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар аспан денелері, шоқжұлдыздар, алғашқы аспан картасы, күн бейнелі өрнектер мен космогониялық өрнектер туралы білді. Өрнектердің ішінен космогониялық өрнектерді тауып, шоқжұлдыз бейнелі шам жасап үйренді. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі аспан денелері, аспан денелерінің картасы, күн бейнелі өрнектер мен космогониялық өрнектер туралы білді. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап бере алды. Туындыларды талқылауға қатысты. №2 жұмыс дәптерінің 20–21-беттеріндегі жаңа материалды бекіту тапсырмаларын орындай алды. Оқушылардың көпшілігі оқулықтағы үлгі бойынша шам жасай алды. Кейбір оқушылар өз идеясын ұсынып, өз бетінше шам жасай алды.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы ); 2) жасаған жұмыстарынан ( жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Оқушылардың тақырыпты меңгеру барысында ғарыш әлеміне қызығушылықтары артып, ой-өрістері кеңейеді.
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. |
||||
Мен бүгін ... білдім.
... қызықты болды.
... қиын болды.
Мен ... тапсырманы орындадым.
Мен ... түсіндім.
Енді мен ... аламын.
Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым.
Менің ... қолымнан келді.
Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.
Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.
Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
Сабақтың тақырыбы: Ғарышкер-суретшілер. Композициядағы тепе-теңдік пен тұтастық. Композицияны теңестіреміз. «Ғарышқа саяхат» композициясын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
|
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
|
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Оқушылардың білімқұмарлықтарын, қиял ұшқырлықтарын дамыту. Ғарышкер-суретшілердің шығармашылығымен таныстыра отырып, ой-өрістерін кеңейту. «Граттаж» тәсілімен таныстыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеттер |
4.1.3.2 4.2.3.3 4.2.4.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды ғарышкерсуретшілердің шығармашылығымен таныстыру. Композициядағы тепе-теңдік заңымен таныстыру. |
||
|
Тұтас әрі тепе-тең композиция жасап үйрету. Граттаж тәсілімен таныстырып, осы тәсілмен жұмыс істеп үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Білім, білік қорларын пайдаланып, «Ғарышқа саяхат» тақырыбына граттаж тәсілімен композиция жасау. |
Оқушылардың міндеті |
Ғарышкер-суретшілердің картиналарын талқылап, талдауға қатысу. Тепе-теңдікті және тепе-теңдік сақталмаған композицияларды анықтап, талдау және композицияны тепе-тең қалыпқа түсіру тәсілдерін табу. Өзі жасаған композицияны суреттеп, таңдаған әсерлегіш құралдарын және жұмысының идеясын түсіндіру. «Граттаж» тәсілімен композиция жасау ретін анықтау. Композицияға қызықты атау ойлап табу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: ғарыш, ғарышқа саяхат, ғарышкерсуретшілер, қиял, композицияның тұтастығы мен тепе-теңдігі, тепе-тең композиция, граттаж. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Тұңғыш ғарышкер кім? Жауап. Ғарышқа тұңғыш ұшқан – Юрий Гагарин. 2. Еліміздің тұңғыш ғарышкері кім? Жауап. Алғашқы қазақ ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров. 3. Ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан ғарышкердің аты-жөні кім? Жауап. Ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан ғарышкер – Евгений Леонов. 4. Ғарышкер-суретшілерді атаңдар. Жауап. Сурет өнерімен әуестенген ғарышкерлер: кеңестік Евгений Леонов, Владимир Жәнібеков және американдық астронавт Алан Бин. 5. Тепе-тең композиция дегенді қалай түсінесің? Жауап. Тепе-тең композиция – барлық бөліктері тепе-тең орналасқан композиция. 6. Композицияны тепе-тең қалыпқа түсіруге бола ма? Жауап. Болады. Ол үшін композиция бөліктерін қағаздың бір бөлігінде қалмайтындай етіп (жоғары, төмен, сол және оң жақта) дұрыс орналастыру керек. |
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы: ғарышкер-суретшілердің шығармашылығы, композициядағы тепе-теңдік және «граттаж» тәсілі туралы біледі. Ғарышқа арналған туындыларды, тепе-тең және тепетеңдік сақталмаған композицияларды талқылауға қатыса алады. №2 жұмыс дәптерінің 22–23беттеріндегі жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды орындайды. |
Оқушылардың көпшілігі: ғарышкерлер туралы шағын әңгіме құрап, №2 жұмыс дәптерінің 24–25, 26- |
|
27-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды. |
||
Кейбір оқушылар: «Ғарышқа саяхат» тақырыбына граттаж тәсілімен шығармашылық жұмыс жасайды. |
|||
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта дүниетану сабағы бойынша қоршаған орта мен оны қорғау жолдары туралы білімдері мен 3сыныпта өткен символ туралы білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға ғарышкер суретшілердің туындылары мен фотосуреттерді, сондай-ақ басқа да суретшілердің ғарыш тақырыбына арналған картиналарын іледі. Сабақтың басында тақырыпты талқылауға септігін тигізетін музыка ойнап тұрса жақсы болар еді. |
4-сыныпқа арналған СDдиск. Ғарышкерсуретшілердің туындылары, ғарышта салынған суреттер, «ғарыш» тақырыбына арналған суретшілердің туындысы. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Бұл сабақта меңгерген білімдері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім сабаққа ғарышкер суретшілердің туындылары мен фотосуреттерді, сондай-ақ басқа да суретшілердің ғарышқа арналған жұмыстарын дайындап қояды. Сабақта ғарыш әлемі туралы мына тақпақтарды оқуға болады. Мен ғарышкер боламын
Аспан, аспан, арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шоламын... Мен ғарышкер боламын!
Ғарышкер мен де боламын, Боламын десем, боламын.
Таудай үлкен талабым, Мен бармақтай баламын. Көктің жүзін барлайтын Үлкен ғалым боламын. Үлкен ғалым боламын, Боламын десем, боламын.
|
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СDдиск. Ғарышкерсуретшілердің туындылары, ғарышта салынған суреттер, «ғарыш» тақырыбына арналған суретшілердің туындысы. |
|
|
⁎⁎⁎ Ұшты қиял мені алып ...
Қиял көкте, отырмын мен үйімде, Көз алдымда шетсіз, шексіз көк алып, Қас қаққанша ойға батқан күйімде, Ұшты қиял жер бетінен мені алып...
Тұспа-тұс кірпік қақпай ай қалды, Ұзады алға көк кемесі арындап, Маңдай алда марс, міне, байқалды, Арманымдай алдан шығып жалындап.
Ұзадық біз, күреңітті жер үсті, Жүрек толқып, лезде бір ой келді еске. Жазылды тез телеграмма тексті Достарыма, туған-туыс, жерлеске.
Қиял көкте, отырмын мен үйімде, Отырмын мен ойға батып, демалып, Гагариндей ертең осы күйімде, Ракета ұшса, шіркін, мені алып! Ж. Смақов
Жұмыстарды талқылағаннан кейін «композициядағы тепе-теңдік» тақырыбына кіріседі. Оқулыққа сүйеніп, түсіндірген дұрыс. Материалды түсіндіру бірнеше кезеңнен тұрады: 1) алдымен композицияның бұзылуы көрсетілген мысалдарды қарап шығады. Тақтаға ілінген үлкен қағаз парағына композия тепе-теңдігі сақталмаған жағдайларды көрсетуге болады. Нақты бір заттың (құмыра, ит және т.б.) бейнесін алуға болады. Оларды қағаз бетінде жоғарыға, төменге жылжыта отырып, балалардан қағаз парағында тепе-теңдік сақталған ба екенін сұрайды. Олар тепе-теңдік сақталды деп айтса, заттарды сол орынға бекітеді. Балалардан не үшін мұндай қорытындыға келгенін сұрайды. Мынадай қорытындыға келеді: сурет қағаз парағының ортасында орналасу керек, егер ол бір жаққа қарай ығысып тұратын болса, онда тепе-теңдік бұзылып, жұмыс аяқталмағандай көрінеді. Алайда қазірше бір бейнелі композициямен, яғни қағазға бір бейнені ғана салғанымызды айта кету керек; 2) одан соң балалар мына тапсырмаларды орындайды: а) үлкен пішімді үш қағаз парағына бір фигураны орналастырады. Екіншісіне екі, үшіншісіне үш фигураны жұмыс тепе-теңдікте көрінетіндей етіп орналастырады (фигураларды алдын ала дайындап қояды); ә) одан әрі «Егер қандай да бір композиция жасағаннан кейін сонда да тепе-теңдік сақталмаса не істейміз? Оны өшіреміз бе әлде қайта саламыз ба?» |
|
|
деген сұрақ туындайды. Кәне, оқулыққа қарап, мысалдарға назар аударайықшы. Тепе-теңдік сақталмаған әрбір композицияны талқылап, оны тепетең етіп жасау жолдарын талқылайды. Одан соң оқушыларға граттаж жасау жолдарын түсіндіреді. |
|
||
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар таңдаулары бойынша №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. «Ғарышқа саяхат» тақырыбына граттаж тәсілімен өздік жұмыс орындайды.
|
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СDдиск. Қара түсті гуашь, сұйық сабын, акварель бояулары, акварельге арналған қылқаламдар мен гуашь жағатын қылқалам, парафин бөлігі, суретті тырнайтын ұшы үшкір зат (тескіш, кішкене пышақ), ақ түсті қалың қағаз. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Ғарышкер-суретшілердің шығармашылығы, композициядағы тепе-теңдік заңын, «граттаж» тәсілі туралы білді. Тепе-тең композиция жасап, «граттаж» тәсілімен жұмыс істеп үйренді. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі ғарышкерсуретшілердің шығармашылығы, композициядағы тепе-теңдік және «граттаж» тәсілі туралы білді. Ғарышқа арналған туындыларды, тепе-тең және тепе-теңдік сақталмаған композицияларды талқылауға қатыса алды. №2 жұмыс дәптерінің 22–23беттеріндегі жаңа тақырыпты бекітуге арналған таппсырмаларды орындады. Оқушылардың көпшілігі ғарышкерлер туралы шағын әңгіме құрап, №2 жұмыс дәптерінің 24–25, 26–27-беттеріндегі тапсырмаларды орындады. Оқушылардың кейбірі «Ғарышқа саяхат» тақырыбына граттаж тәсілімен шығармашылық жұмыс жасады. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан. |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс
Оқушылардың тақырыпты меңгеру барысында тек ғарыш әлеміне қызығушылықтары ғана емес, сондай-ақ өз жеріне деген сүйіспеншілігі қалыптасып, ой-өрісі кеңіп, шығармашылық қабілеті артады. |
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/ |
8-бөлім. БОЛАШАҚҚА САЯХАТ
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы заманда болашақты қалай елестеткен? ЭКСПО-2017 – болашаққа саяхат. Болашақтың қалалары. Композицияның басты бөлігі. «Болашақтың қаласы» жобасының үлгісін жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Коммуникативтік және құрастырушылық, ақпарат жинап, өңдеу қабілеттерін қалыптастырып, ой ұшқырлығын дамыту. Композициядағы басты бөлікті айқындап үйрену. Ой-өрістерін кеңейту. Әртүрлі материалдар мен тәсілдерді пайдаланып, ұжымдық жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. |
||
Бағдарламалық міндеті |
4.1.3.1 4.1.4.1 4.2.2.1 4.2.3.2 4.3.1.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: оқушыларды әр алуан елдерде бой көтеріп жатқан болашақ қалалардың жобасымен таныстыру. Композициядағы басты бөлікті әртүрлі тәсілдермен айқындауды, композиция құрастырғанда оларды қолдана білуді үйрету. «Болашақтың қаласы» ұжымдық жұмысын орындауға жұмылдыру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 жұмыс дәптеріндегі басты бөлікті айқындау тапсырмасын орындау. «Болашақтың қаласы» ұжымдық жұмысын жасау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Болашақтың қаласы жобасын талқылауға қатысу, болашақтың қаласын жасау идеясын ортаға салу. Жобаның идеясына, әсерлегіш құралдарына, таңдап алынған материалдар мен тәсілдерге нақты тоқтала отырып, өз жобасын сипаттап беру. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, жасаған жұмысын таныстырып, басқа жобаларды талқылауға қатысу. Тірек сөздер: болашақ, болашақтың қаласы, ақылды қалалар, экологиялық таза қалалар, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017, техникалық жетістіктер, архитектура (сәулет өнері), композициядағы басты бөлікті айқындау, болашақ қаланың үлгісі. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. ЭКСПО-2017 жайлы не білесің? Жауап. ЭКСПО – әртүрлі елдер техникалық және технологиялық жетістіктерін көрсететін халықаралық |
||
|
көрме. 2017 жылы Дүниежүзілік көрмені өткізу жаңа елорадамыз Астана қаласына бұйырды. Көрменің тақырыбы болашақ энергиясы болды. 2. ЭКСПО- 2017-нің символы не болды? Жауап. ЭКСПО-2017-нің символы – «Нұр Әлем». Бұл әлемдегі диаметі 80 метр, биіктігі 100 метр ең үлкен сфералық ғимарат. «Нұр Әлем» республикамыздағы болашақ энергияның ең алғашқы технологиялық музейі. Ол 8 қабатты. Әрбір қабатында ерекше экспозициялар орналасқан. Олар: «Болашақ Астана», «Ғарыш энергиясы», «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Кинетикалық энрегия», «Су энергиясы», «Биомасса энергиясы» және «Ұлттық павильон». 3. Қалай ойлайсың, болашақтың қаласы қандай болуы керек? Жауап нұсқасы. Ол адамдарға ыңғайлы, жайлы, әдемі, таза, жасыл желегі көп болып, заманауи технологиялар қолданылуы тиіс. 4. Композициядағы басты бөлікті қалай айқындауға болады? Жауап. Композициядағы басты бөлікті өлшем, түс арқылы және бірнеше тәсілді біріктіре отырып айқындауға болады. |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: техникалық жетістіктерді көрсететін ЭКСПО-ның дүниежүзілік көрмесі туралы, ЭКСПО-2017, болашақтың қаласы, композициядағы басты бөлікті айқындауды біледі. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беріп, №2 жұмыс дәптерінің 28–29-беттеріндегі тапсырмаларды орындай алады. Оқушылардың көпшілігі: №2 жұмыс дәптерінің 30– 31-беттеріндегі тапсырмаларды орындап, болашақтың қаласы жобасын жасауға қатыса алады. Кейбір оқушылар: болашақтың қаласын салу идеясын ойлап тауып, жұмыс барысын жоспарлап, оған жетекшілік ете алады. |
||
Бұрын алған білімдері
|
Сабақта көркем еңбек пәні бойынша төрт жылда меңгерген білімдерін қолданады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сынып бөлмесіне ЭКСПО2017-нің фотосуреттерін, болашақтың қаласы жобасының фотосуреттерін, болашаққа арналған суретшілердің еңбектерін іліп қоюға болады. |
4-сыныпқа арналған СDдиск. №2 жұмыс дәптері. ЭКСПО-2017 фотосуреттері, «ақылды қалалардың» фотосуреттері.
|
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Білім мен дағдыға қол жеткізу |
Сабақты «Болашақ бүгіннен басталады» деген ұранмен бастауға болады. Оқушылар бұл сабақты терең түсініп, меңгеріп алғаны дұрыс. Болашаққа жол бастайтын осы оқушылар емес пе?! Оқушылар болашақ қаланың үлгісін жасай отырып, өмірді одан әрі әдемірек етуге тырысады. |
|
Материалды түсіндіру |
Мұғалім астанамыздағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі әр елден келген экспозициялар, қазір жүзеге асып жатқан болашақ қаланың жобалары туралы әңгімелей отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Болашақ қалалардың суретін слайд арқылы көрсетеді. Оқушыларды тақырыпты талқылауға жұмылдырады. Талқылау барысында оқушылар болашақ қалалардың қандай болатынын елестетеді. Бұл тақырыпты қоршаған ортаны қорғау тақырыбымен байланыстыра отырып түсіндіріп, су және суқоймалардың ластануы, жасыл желектердің жетіспеушілігі, қала халықтарының тығыздығы туралы әңгіме өрбіту керек. «Адамдар өзін жайлы сезінуі үшін болашақтың қаласы қандай болу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Әрине, болашақтың қаласы тек жайлы ғана емес, әдемі де болу керек. Ал ол үшін сәулетшілер тер төгеді. Сәулетшінің кім екенін оқушылар үшінші сыныптан біледі, сонда да сәулет өнері мен оның басты қағидаларын (жайлылық, ыңғайлылық, әдемілік) еске түсіру артық етпейді. Оқушылар осы тақырыптың аясында композициядағы басты бөлікті айқындау тәсілімен танысады. Оған көп уақыт бөлудің аса қажеті жоқ, өйткені оны меңгеру қиын емес. Материалды түсіндіргеннен кейін оқушылар материалды бекітуге арналған тапсырманы орындап, содан кейін ғана ұжымдық жұмысқа кіріседі. Жасайтын жұмыстарын талқылауға бірнеше минут бөледі. Бұл әрбір тақырыпты нақтылау үшін керек, сонда оқушылар жасайтын жұмыстарын елестете алады. Оқушыларды бұл бір жылды емес, төрт жыл бойы меңгергендерін қорытындылайтын нәтиже сабақ екеніне бағыттау керек. Сондықтан осы пән бойынша төрт жылда меңгерген білім, біліктерін барынша көрсетулері керек. |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. №2 жұмыс дәптері. ЭКСПО-2017 фотосуреттері, «ақылды қалалардың» фотосуреттері. |
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар №2 жұмыс дәптерінің 28–31-беттеріндегі тапсырмаларды таңдауы бойынша орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, олар топқа бірігіп, алда жасайтын жұмыстарының жоспарын құрады, қандай қаланы жасайтынын, оның композициясын талқылып, міндеттерді өзара бөледі де, жұмысқа қажетті материалдарды таңдайды. Әрбір жобаға қатысушы өз нысанын жасап, кейін оны ортақ композицияға қосады. Композицияны оқулықта көрсетілген жоспарға сәйкес жүргізуге болады. |
Оқулық, 4-сыныпқа арналған СDдиск. №2 жұмыс дәптері. Қалың қатырма қағаз, түсті қағаз, қайшы, желім, сым, тісшұқығыш, шырпы, түсті фломастерлер, полимер балшық, қолданыстан |
|
|
шыққан материалдар, пластик және шыны бөтелке, түйме, жасанды және табиғи материалдар. |
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар ЭКСПО-2017 көрмесі, болашақтың қалалары, өткен ғасырлардағы суретшілер болашақты қалай көргенін, композициядағы басты бөлікті айқындауды үйренді. Композициядағы басты бөлікті әртүрлі тәсілмен айқындауды, әр алуан материалдардан ұжымдық жоба жасауды үйренді. Оқушылар сабақтың соңында жұмыстарын таныстырып, басқа жобаларды талқылауға қатысады. Таныстырылым жұмысын жобаны қорғау түрінде жүргізеді. Оқушылар жасаған жобаларының артықшылығын, идеясын, басқа жобалардан несімен ерекшеленетінін, жаңалығы неде екенін көрсете отырып, көрермендер мен тыңдармандарды ұйыта білуі керек. Жобаларына атау беріп, ұран қойған дұрыс. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі техникалық жетістіктерді көрсететін ЭКСПО-ның дүниежүзілік көрмесі туралы, ЭКСПО-2017, болашақтың қаласы, композициядағы басты бөлікті айқындауды білді. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беріп, №2 жұмыс дәптерінің 28–29-беттеріндегі тапсырмаларды орындай алды. Оқушылардың көпшілігі №2 жұмыс дәптерінің 30–31-беттеріндегі тапсырмаларды орындап, болашақтың қаласы жобасын жасауға қатыса алды. Кейбір оқушылар болашақтың қаласын салу идеясын ойлап тауып, жұмыс барысын жоспарлап, оған жетекшілік ете алды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? 1) Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы ); 2) жасаған жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз); 3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс
Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады.
|
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене |
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- |
Құндылықтармен байланыс Оқушылардың «Болашақтың қаласы» жобасын орындау арқылы эстетикалық талғамдары қалыптасып, айналасын әдемілеуге талпыныстары артады.
|
||
қатыстың! және т.б. |
лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
|
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. Мен бүгін ... білдім. ... қызықты болды. ... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
|
||||
Сабақтың тақырыбы: Жылды қорытындылаймыз
|
|
Мектеп |
|
Күні: |
|
Мұғалімнің аты-жөні |
|
Сынып: 4 |
|
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
Оқу мақсаттары |
Жылды қорытындылау. Білімдерін жинақтап, оларды әртүрлі жағдайларда қолдана білуді қалыптастыру. |
||
Бағдарламалық міндеттері |
4.1.3.2 4.2.3.3 4.2.4.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: жылды қызықты түрде қорытындылау, 4 жыл бойы меңгерген білім, біліктерін еске түсіру. Оқушылардың шығармашылық міндеті: қорытынды викторинаға қатысу. |
||
Оқушылардың міндеті |
Түстану, сурет, композиция, әшекейлеу, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша теориялық білімдерін еске түсіріп, оларды атау. Қандай шығармашылық жұмыс жасағандарын атап, қандай білік, дағдыларға қол жеткізгендерін айтады. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Тірек сөздер: жылдың қорытындысы, 4 жылдық оқу бағдарламасын қорытындылау, викторина, білгірлер, сәттілік, білім, білік, шеберлік. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Қандай түстерді қанша тырыссақ та шығара алмаймыз? Жауап. Негізгі (басты) қызыл, көк, сары). 2. Негізгі түстер жұбын араластырғанда қандай түстер шығады? Жауап. Қызыл + сары = қызғылт сары Қызыл + көк = күлгін Сары + көк= жасыл 3. Бұл түстердің ортақ атауы қандай? Жауап. Бұл түстер (қызғылт сары, күлгін, жасыл) құрама түстер деп аталады. 4. Қай түстер Қар ханшайымын ерітіп жібереді? Жауап. Қар ханшайымын қызыл, сары, қызғылт сары түстері ерітіп жібереді. Бұл түстер жылы түстер деп аталады. 5. Ғажайып құс қандай түстерден қорқады? Жауап. Ғажайып құс көк, көгілдір түстерден қорқады. Оларды суық түстер дейді. 6. Мысалы, жасыл түс біреу, оның көптеген інілері бар. Оларды не деп атайды? Жауап. Оларды (бір түстің әртүрлілігі) реңк деп атайды. |
|
7. Қай түстер бір-бірін айқындай түседі? Жауап. Қызыл мен жасыл, сары мен күлгін, қызғылт сары мен көк. Бұл түстер бір-бірін айқындай түседі. Оларды қарама-қарсы түстер дейді. 8. Ал егер бірнеше түс бір топқа жиналса, олар қалай аталады? Жауап. Бірнеше түстің жиынтығы түстер үйлесімі деп аталады. 9. Түс не туралы сыр шертеді? Жауап. Түс адамның көңіл күйі, мінез-құлқы, сезімін көрсете алады, жыл мезгілдері, тәулік мезгілі, ауа райы, музыка ырғағын білдіре алады. 10. Сызық нені білдіреді? Жауап. Сызық адамның көңіл күйін, мінез-құлқын, сезімін, ауа райын, музыканың ырғағын білдіре алады. Сызықтан кез келген пішін пайда болады. 11. Штрихпен нені бейнелеуге болады? Жауап. Штрих арқылы кез келген заттың сыртқы түрін, оның фактурасын бейнелеуге болады. Сызық пен штрихтің көмегімен графикада көлемді бейнелерді саламыз. 12. Қағаз парағын немен салыстыруға болады? Жауап. Егер біз пішім мен өлшем туралы айтатын болсақ, онда қағаз парағын сурет тұратын үймен салыстыруға болады. Сурет үйде өзін жайлы не жайсыз сезінуі мүмкін. Сурет тұратын үй үлкен де, кіші де, аласа да емес, орташа болу керек. Сонымен қатар қағаз парағын тепе-теңдік тұрғысынан қарағанда таразымен салыстыруға болады. 13. Пішім дегеніміз не? Жауап. Пішім – қағаз пішіні. Ол тік, шаршы, көлденең, тіпті дөңгелек те болады. 14. Көпқатарлы композиция дегеніміз не? Жауап. Суреттегі бейнелердің бірнеше қатардан тұруы көпқатарлы композиция деп аталады. 15. Композициядағы басты бөлікті қалайша ерекшелеуге болады? Жауап. Композициядағы басты бөлікті түсі, өлшемі, пішіні және бірнеше тәсілді біріктіре отырып ерекшелеуге болады. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері, сәндік-қолданбалы өнер, сондай-ақ осы жылы өткен қазақ халқының қолөнері, олардың авторлары туралы сұрақ қоюға болады. Оқушылар өздері танысқан тәсілдер туралы сұрақ қоюы мүмкін (коллаж, монотипия, аппликация, әртүрлі материалдардан мүсіндеу, папье-маше, граттаж, қағаздан жасалған бұйымдар). Әрбір мұғалім оқушыларға викторина сұрақтарын қалай беру керегін өздері шешеді. |
Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың барлығы қорытынды викторинаға қатысады. |
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта 4 жыл бойы «Көркем еңбек» пәні бойынша меңгерген білімдерін пайдаланады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сынып іші оқушылардың 4 жыл бойы жасаған жұмыстарымен безендіріледі. Тақтаға бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері бойынша орындалған жұмыстарды іліп, олар бойынша викторина сұрақтары беріледі. Мерекелік музыка таңдап алған дұрыс.
|
4-сыныпқа арналған СD-диск. Викторина сұрақтары қойылатын бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері бойынша салынған картиналар. Оқушылардың 4 жыл бойы жасаған жұмыстары. |
|
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу
|
Бұл сабақ 4 жыл бойы меңгергендерін қорытындылауға арналады. Оқушылар көптеген жаңа нәрселер біліп, осы пән бойынша білім қорлары молайғанын, алған білімдерін мұражай, галереяларға барғанда пайдалана алатындарын түсінулері тиіс. Меңгерген дағды, біліктері өмірде пайдалануға септігін тигізіп, балалар өз өмірлері мен айналасындағы адамдардың өмірін әдемі ете алады. |
|
|
Материалды түсіндіру |
Викторинада композиция, түстану, сурет, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері, суретшілердің жеке туындылары бойынша сұрақтар қойылады. Викторинаның әр алуан түрін таңдап алуға болады. Сабақты «Ең ақылды» ойыны бойынша жүргізеді. Бірақ оқушылардың бәрін ойынға қатыстыру үшін ойынды «Ең ақылдылар» деп атауға болады. Ол үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөледі. Әрбір топ өздеріне атау немесе ұран ойлап табады. Іріктеу турында әрбір топқа 4 жыл бойы өткен материалдар бойынша 6 сұрақ қойылады. Осы сұрақтардың нәтижесі бойынша ең жақсы жауап берген 3 топ таңдап алынады. Олар екінші турға өтеді. Екінші турда оқушылар жауап беретін сұрақтардың тақырыбы таңдалады. Мысалы, «Бәрі түс туралы» немесе «Ертеде суретші болыпты» (бұл жерде оқушылар туындыға қарап суретшіні анықтауы керек). Әрбір топқа бес сұрақтан қойылып, дұрыс жауапқа бес ұпайдан беріледі. Одан кейін оқушылардың әрқайсысы өз қарсыласына бір сұрақтан қояды. Жауаптары екі ұпаймен бағаланады, егер қатысушылардың бірі сұраққа жауап бере алмай қалса, ол сұраққа жауап бере алатын басқа оқушы екі |
Оқулық. 4-сыныпқа арналған СD-диск. Жұмыс дәптері. Суретшілердің туындылары. |
|
|
ұпайды алады. Осылайша соңғы турға екі оқушы шығады. Соңғы турда әрбір топқа 2 минуттың ішінде сұрақтар қойылады. Сұрақтарға топтағы кез келген қатысушы жауап бере алады. Тек дұрыс жауаптар ғана есептеледі. Бұл кезде қалған оқушылар сұрақтарды естімейді, олар не сыныптан шығып кетеді, не құлақтарына құлаққап киеді. Екі минуттың ішінде көп сұраққа дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаз топ «Ең ақылдылар» атағымен марапатталады. Марапаттау сыйлығы ретінде әзілқалжың түріндегі медаль не диплом немесе қандай да бір кәдесыйды қолдан жасап беруге болады. Бәрі де өздеріңнің қалауларың мен қиял ұшқырлықтарыңа байланысты. Мұнымен сабақты қорытындылау бітпейді. Ең үздік білгір, ең үздік суретші, ең үздік график, ең үздік бұйым жасау шеберін, ең үздік ұжымдық жұмыс, қазақ қолөнерінің ең үздік білгірін анықтап, марапаттауға болады (оны алдын ала әзірлеп қою керек, бәлкім балалардың жасаған жұмыстарын бір апта бұрын іліп қойып, дауыс жинау керек болар). Шығармашылық шешімдерінің ерекшелігіне, жұмыс істеу қабілетіне, асқан шеберліктеріне әр алуан сыйлықтар әзірлейді. Ата-аналарын қазылар алқасының жұмысына және кішкене сыйлықтарды дайындауға қатыстыруға болады. Егер мақтау қағазын, әзіл-қалжыңды дипломдарды әзірлесе тіпті жақсы. Мұғалім сабақ аяқталуға жақын қалғанға балаларға мына тақпақты арнайды:
Ақ қағаздың жүзіне Алуан бояу түсіріп. Қадап көзін сүзіле Ойын құстай ұшырып.
Суретші дамылсыз, Сүйкектеген қаламын. Айналаның бәрі үнсіз, Ашық нұры ауаның.
Бурыл тартқан самайы, Басқа емес өз сынынан. Тағы қайта қарайды, Тауды қойып қырынан.
Тұрақтамай әлі де, Тұр қиялы дағдарып. Байыптайды бәрін де, Ойымен он аударып.
|
|
|
Қолын созып ұсынды, Әлденеге ойы ауған. Алмақшы ма бір сырды, Аспандағы бояудан.
С. Мәуленов |
|
||
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар викторинаға қатысады. |
|
||
Сабақтың қорытындысы |
Оқушылар жылды қызықты түрде қорытындылап, төрт жыл бойы меңгерген білім-біліктерін жинақтады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың барлығы викторинаға қатысты.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз? Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы). |
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады. |
||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау: 1) оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы; 2) жұмысты талдап, талқылауға қатысуы; 3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).
|
Құндылықтармен байланыс
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, түс, сызық, штрих, композиция, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері туралы білімдерін пайдаланып, бейнелеу өнерінің жауһарлары туралы әңгімелейді. |
||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді); ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі); б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс. Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен … тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. |
||||
Мен ... жасай алдым.
Менің ... қолымнан келді.
Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.
Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-naurokakh
http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/
1. Агамирян Ж. С. Детская картинная галерея. – М., 1979.
2. Алехин. А. Д. Когда начинается художник. – М., 1994.
3. «Академический проект», 1997.
4. Альбедиль М. Ф., Березкин Ю. Е. Жилища народов мира. – М: Вектор-Детство, 2015.
5. Альбомы из серии «Рисуют дети мира. Казахстан».
6. Анистратова А. А., Гришина Н. И. Поделки из бумаги. – М.: Оникс, 2010.
7. Афонькин С. Ю. и Афонькина Е. Ю. Оригами. Игры и фокусы с бумагой. – С-Пб., 1994.
8. Байжігітов Б. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселесі. – Ақтөбе, 2003.
9. Бакушинский А. Б. О задачах и методах воспитания. – М., 1988.
10. Берри Барбара Дайан. Рисуйте свободно! – М. Манн. Иванов и Фербер, 2014.
11. Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. – М., 1991.
12. Долженко Г.И. Сто поделок из бумаги. – М: Академия развития, 2006.
13. Дубровская Н. В. Большая книга аппликаций из природных материалов. – М.:
Астрель, 2010.
14. Джанибеков У. Казахский костюм. – Алматы: «Өнер», 2005. 15. Есимханов А., Жангильдин Е. Казахская национальная одежда. – Алматы: Дидар, 1998.
16. Иллюстрированный атлас мира. – М.: Белый город, 1998.
17. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы:
Атамұра, 2010.
18. Қайдаров Ә., Өмірбеков Б. Сырға толы түр мен түс. – Алматы, 1976.
19. Мұхтарұлы С. Шоқан және өнер. – Алматы, 1985.
20. Төлебиев Ә. Сурет сала білесің бе? – Алматы, 1989.
21. Төлебиев Ә. Сурет салуды үйрен. – Алматы, 1993.
22. Төлебиев Ә. Өнер өрісі. – Алматы, 1996.
23. Ежелгі Қазақстанның аңыздары. – Алматы: Аруна, 2008.
24. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. – Алма-Ата: Өнер, т. 1, 2. – 1986.
Алғы сөз ..................................................................................................................................... 3
«Көркем еңбек» пәні бойынша ОӘК-нің негізгі құрамы ...................................................... 4
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар ............................................................................................ 8
Ортамерзімді жоспар .............................................................................................................. 10
Қысқамерзімді жоспар ............................................................................................................ 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................................................................................ 141 «Көркем еңбек» оқулығында «Рисуют дети мир. Казахстан» альбомындағы балалар суреттері пайдаланылды.
О қ у - ә д і с т е м е л і к б а с ы л ы м
Раупова Надежда Алимовна
КӨРКЕМ ЕҢБЕК
Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Редакторы Н. Бекхожаева
Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева Корректоры Ү. Бахова
Компьютерде беттеген К. Жиреншина
ИБ №016
Теруге 14.02.2019 берiлдi. Басуға 25.06.2019 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8. Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс.
Әрiп түрi «мектептiк». Шартты баспа табағы 16,74. Есептiк баспа табағы 10,11. Таралымы 3800 дана. Тапсырыс №4401.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.
Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты. 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.