«Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:08.11.2017
Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлең)
Мақсаты:
1 коммуникативтік дағдыларын дамыту.
2 Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын
жетілдіру. Жемістер туралы түсініктерін дамыту.
3 Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.
Көрнекіліктер: жемістердің суреттері, муляж, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: жеміс, алма, шие, өрік.
Билингвалды компонент: күз – осень, алма яблоко
Оқу қызыметі
бөлімдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеті
Шаттық шеңбері:
Балалар, бүгінгі күнді тамаша әнмен
бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз
шеңбер бойымен айналып тұрамыз.
«Күз жомарт» әнін орындайық:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
«Күз жомарт», дейміз біз,
Жемісін жейміз біз.
Кіріспе әңгіме.
Баланың ісәрекеті
Балалар шаттық шеңберіне
тұрып, өлең жолдарын
қайталап айтады.
Күз,күз мезгілі.
Алма
Шие
Өрік.
Балалар қолдарымен
жемістерді ұстап, көлемін,
түсін анықтайды. Оларды
қарап, бірбірімен
салыстырады.
Ұйымдастыру
шылық ізденістік
Балалар, біздің осы орындаған өлең
шумағында не туралы, не жайлы
айтылған? –Күздің бізге берер қандай
сыйы бар?
Қандай жемістерді білесіңдер?
Ал енді, балалар, мына өлең шумағына
тыңдайық.
Алма:
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Өрік:
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін,
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр» деймін.
Уылжыған өрікпен,
Мен баубаққа көрікпін.
Қара өрік:
Қара өрік деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге Кейде менің хақым бар.
Алыңдар баққа ектіріп,
Сақтаңдар ұзақ кептіріп,
Шаймен ішкен сусындар
«Па, шіркінай!» деп тұрып.
Оқылған өлең шумақтарын сұрақжауап
арқылы әңгімелеу, талқылау.
Сергіту сәті.
Алма, алма, көп алма,
Қызыл, жасыл, көк алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Педагог балалардан бүгінгі сабақтан алған
әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін
сұрайды.
Рефлексиялық
түзетушілік
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістер мен көкөністерді ажырата біледі.
Игереді: жемістер туралы түсініктерді.
Меңгереді: үлкендердің еңбегін бағалай білуді. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін
арттыруды.
Тәрбиеші: «Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:11.04.2018
Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)
Мақсаты: еңбекке қызығушылықты қалыптастыру, оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
Көрнекіліктер: хрестоматия, егін, комбайн суреттері.
Сөздік жұмыс: алтын дән, ақ бидай, қамба, дала.
Билингвалды компонент: нан – хлеб
Оқу қызыметі
бөлімдері
Мотивациялық
қоғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеті
Баланың ісәрекеті
Балалар шеңбер бойына
тұрып, қимылдарды
жасайды.
Ұйымдастыру
шылық
ізденістік
Жылулық шеңбері
(балаларды ортаға жинау).
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүлгүл жайнап жанамыз.
Кіріспе әңгіме
Балалар, бүгінгі оқу әсәрекетінде ақын
апаларың Күләш Ахметованың «Алтын дән»
өлеңін мәнерлеп оқимыз:
Жатыр дала жалтылдап ,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі , толқиды.
Толықсыған тасқындай
Көкжиекпен ұштасып,
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.
Сұрақ –жауап арқылы түсіндіру.
Алтын дән дегеніміз – сапсары болып өсіп
тұрған бидай.
Астықты күзде жинайды. Өсіп тұрған бидайды
комбайн орып, астықты жүк машиналары қамбаға
тасиды. Алтын дән ақырында дастарқанға ас
атасы – нан болып келеді.
Сергіту сәті:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса – баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Мұқият тыңдайды.
Балалар өлеңде айтылған
қимылдарды көрсетеді. Рефлексиялық
түзетушілік
Бүгінгі ісәрекетімізде қандай өлең шумағымен
таныстық?
Сендерге өлең ұнады ма?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңнің мазмұнын;
Игереді: алтын дәннің нәтижесі – нан, оны қадірлеу керек екенін.
Меңгереді: нанның үлкен еңбекпен келетінін.
Балалардың жауабы.
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы: 06.12.2017
Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене» (өлең)
Мақсаты: қалай істеуге болады және қалай істеуге болмайтынын, жақсы деген немене,
жаман деген немене дегенді түсінуге мүмкіндік туғызу. Әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: еңбексүйгіш, жақсы, жаман
Билингвалды компонент: жақсы – хорошо, жаман – плохо.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Баланың ісәрекеті
Балалар шеңбер бойына
тұрып, қимылдар
жасайды.
Тыңдайды.
Ойын ойналады.
Балалар қызығушылық,
тапқырлық танытады.
Балалар жауап береді.
Тәрбиешінің ісәрекеті
Шаттық шеңбері.
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Балалар, бүгінгі оқу ісәрекетімізде орыс
ақыны Владимир Маяковскийдің «Жақсы
деген немене, жаман деген немене» өлең
шумағымен танысамыз. Өлең шумақтарын
мәнерлі, мағыналы оқып, мазмұнын ашу,
түсіндіру.
Ойын арқылы балалардың ойпікірлерін
сұрақжауап арқылы жетелеу.
«Мен қандаймын ?» ойыны.
Мақсаты: адам бойындағы жақсы
қасиеттерді айту.
Ойын барысы: балалар шеңберге тұрып,
бірбіріне допты беріп, адам бойындағы
жақсы қасиеттерді айтады.
Мысалы:
Медет, сен жақсы баласың т.б.
«Жақсы» деген сөзді қалай түсінесің?
«Жаман» деген сөзді қалай түсінесің?
Еңбексүйгіш баланы қалай атайды?
Ұйымдастырушылық
ізденістер
Рефлексиялық –
түзетушілік
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: жақсы қасиет пен жаман қасиетті ажырата біледі. игереді: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді.
меңгереді: әдептілік нормаларын.
Тәрбиеші:
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы: 27.09.2017
Тақырыбы: «Екі дос» (өлең)
Мақсаты: құрдастарымен қарымқатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету, ойында және
қарымқатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: дос, достық, шекісу, бекем.
Билингвалды компонент: досдруг.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Баланың ісәрекеті
Тәрбиешінің ісәрекеті
Шаттық шеңбері.
Шеңберге тұрғызып, төмендегі өлең
жолдарын айтып, қимылдар жасайды.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізде барлығы.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
(Е.Елубаев)
Кіріспе әңгіме.
Ал, балалар, бәріміз өз орнымызға
жайғасып отырамыз. Бүгін біз Қадыр
Мырза Әли ағамыздың «екі дос» өлеңін
оқып, мазмұнын ашамыз. Өлеңді мәнерлеп
оқып беру:
...Шекіссек те екеуміз,
Үйге жылап қайтпаймыз,
Сөзімізге бекембіз,
Анамызға айтпаймыз.
Естімесе өздері,
Айтып қанша қажеті?
Шеңбер тұрып,
тақпақты қимылмен
айтады.
Өлеңді мұқият тыңдап,
жаттап алады.
Ұйымдастырушылық
ізденістер Рефлексиялық –
түзетушілік
Біліп қойса
Біздерді
Ойнатпайды бір жеті.
Өлең шумағында не жайлы айтылғаны
туралы түсіндіру.
Балалар, біз бірбірімізбен қандай
болуымыз керек?
Өз достарың туралы айтып беріңдерші.
Мақалмәтел айту арқылы қорытындылау,
сөз қорларын молайту:
Досы барды жау алмайды.
Досын сатпайды,
Аққуды атпайды.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: достық қарымқатынас туралы.
түсінеді: өлең мазмұны арқылы құрдастарымен сыпайылық қатынаста болады.
қолданады: достың қандай болуы керегін түсінеді.
Тәрбиеші: «Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы: 31.01.2018
Тақырыбы: «Қыс».
Мақсаты: ақын туындыларына деген қызығушылықты қалыптастыруға баулу.
Қалтырайды, ағарады, қар, қыс, үлбіреген, аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік
қорларын кеңейту.
Көрнекіліктер:қыс мезгілі бейнеленген суреттер, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: қыс, қар.
Билингвалды компонент: қыс – зима, қар – снег.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастырушылық
ізденістер
Тәрбиешінің ісәрекеті
Шаттық шеңбері.
Аппақ, аппақ дала,
Аппақ ауыл, қала.
Жапалақтап ақша қар
Жауа берші, жауа.
Көңіліміз қаласа,
Сыртқа шығып таласа
Қар атысып ойнаймыз,
Қыстың күні тамаша,
Тамаша!
Балалар, шаттық шеңберімізде не туралы
айтылды?
Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі оқу ісәрекетімізде ақын
Абдрахман Асылбековтың «Қыс»
өлеңімен танысамыз:
Қыста жердің бетін не басады?
Қардың түсі қандай?
«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу:
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Баланың ісәрекеті
Балалар шеңбер
бойына тұрып,
қимылдар жасап, өлең
жолдарын қайталайды.
Қыс туралы.
Қар.
Аппақ, жұмсақ, суық. Құлағыңды тістеген,
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақшабауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
Сұрақ –жауап арқылы оқылған өлең
шумақтарын әңгімелеуге жетелеу.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлықырлы жерлермен,
Ытқыпытқып жүгірді.
Балаларға мақтадан қар жасату,
еңбектерін бағалау, мадақтау.
Рефлексиялық –
түзетушілік
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: жыл мезгілдерін.
Игереді: қыс мезгілінің ерекшелігін.
Меңгереді: қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын.
Сұрақтарға жауап
береді.
Қимылдарын жасайды.
Балалар қарды
жасайды.
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы: 17.01.2018
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегі.
Мақсаты: ертегідегі кейіпкерлердің ісәрекеттерін келтіре отырып, қимылдарын көрсете
білуге баулу.
Көрнекіліктер:атрибуттар, қоян мен түлкінің суреті, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: түлкі, қоян.
Билингвалды компонент: түлкі – лиса, қоян – зайц.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Баланың ісәрекеті
Ұйымдастырушылық
Ізденістер
Тәрбиешінің ісәрекеті
Шаттық шеңбері.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогтің
көмегімен Өтепберген Ақыпбекұлының
төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі ісәрекетімізде «Түлкі мен қоян»
ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз.
Ертегіні оқып беру.
Сұрақ жауап:
Ертегі сендерге ұнады ма?
Түлкі кімді көреді?
Қоян оған неге жақындамады?
Түлкі нені жақсы көреді?
«Қояндар» ойыны.
Қимылдар жасайды.
Балалардың жауабы. Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқыпытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
Бүгінгі ісәрекетімізде қандай ертегімен
таныстық?
Секіріп, қоянның
қимылдарын жасайды.
Балалардың жауабы.
Рефлексиялық –
түзетушілік
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: адамгершілік қасиеттерін бағалауды.
Игереді: ертегідегі кейіпкерлердің ісәрекеттерін келтіруді.
Меңгереді: ертегінің мазмұнын.
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы: 28.03.2018
Тақырыбы: Наурыз мейрамы.
Мақсаты:
1.Наурыз мерекесінінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру.
2.Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру.
3.Балаларды халхымыздың салт дәстүрін қадірлей білуге тәрдиелеу.
Әдіс тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: бейнетаспадан «Наурыз» мерекесін көрсету.
Билингвальды компонент: мереке праздник.
Әрекеттердің
кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Шеңдер жасап тұрып, Наурызға
арналған тілектер айту.
Ұйымдастыруш
ылық
ізденістер
1.Әңгіме жүргізу.
Наурыз – көктемдегі адамдардың
асыға күтетін мерекелерінің
бірі.Наурыз жыл басы деп
аталады.Бұл үні барлық адамдар
бірбіріне жылы лебіздерін
Тәрбиешінің ісәрекеті
Баланың ісәрекеті
Балалар педагогтің көмегімен
бірге тілектерін білдіреді.
Наурыз мерекесі құтты
болсын!
Ақ көп болсын!
Жақсылық мол болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Балалар өз ойларын айтады. білдіреді.Бір біріне «Ұлыс оң
болсын, Ақ мол болсын» деген
тілектер айтады.
2.Суретпен жұмыс.
Адамдар Наурыз мерекесін қарсы
алып жатыр.
«Наурыз мерекесінде үйге қаншама
адамдар келіп, наурызкөжеден дәм
татса, үй иесіне соншама жақсылық
келеді, бақыт қонады» деген
ниетпен адамдар бір бірін қонаққа
шақырады.
Наурыз мерекесінің тағы бір
ерекшелігі адамдар үйлерін,
аулаларын тазалап, көшеттер
отырғызады.
Наурыз күні не пісіріледі?
Наурыз мерекесінде қазақ
халқының ұлттық тағамының бірі
Наурызкөже пісіріледі.
Балалар наурыз көжені 7 түрлі
тағамнан дайындайды.
Наурыз мерекесінде ұлттық
ойындар ойнатылады.
3.Ойын: «Қуыр қуыр қуырмаш»
Қуыр – қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе, есік аш.
4.Үлестірмелі материалмен
жұмыс.Тапсырманы қалай орындау
керектігін түсіндіру.
1.Негізгі қимыл жаттығуларының
орындалу тәртібін таныстыру.
2.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
3.Қолданылған заттарды жинасуға
ұсыныс жасау.
4.Балаларды мақтап, қолпаштау.
Балалар суретке қарап әртүрлі
жауап береді.
Балалардың жауаптары
тыңдалады.Балалар педагогпен
бірге қайталап айтады.
Наурызкөже.
Балалар қайталап айтып береді.
Балалар қолдарын ашып, бас
бармақтан бастап шынашаққа
дейін саусақтарының атын
түгел атап береді: бас бармақ,
балаң үйрек, ортан терек,
шылдыр шүмек, кішкентай
бөбек.
Балалар суреттегі қуыршақтың
көйлегін өздеріне ұнайтын
түспен бояйды.
Балалар берілген сұрақтарға
жауап береді..
Рефлексиялық –
түзетушілік
Күтілетін нәтижелер:
біледі Наурыз ұлттық мереке екенін;
игереді;Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін сезініп, бір біріне тілек айта
білуді
меңгереді.Ұлттық ойындар және ұлттық тағамдар туралы мәләметтерді «Коммуникация» білім беру саласы бойынша көркем әдебиет ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы: 23.05.2018
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүрістұрысына талдау
жасауға, жанжануарларға мейірімділік білдіруге, өзара көмектесу, қабылданған
ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Көрнекіліктер:атрибуттар, суреттер, хрестоматия, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: қасқыр, лақ, ешкі.
Билингвальды компонент: қасқыр – волк, ешкі – коза.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық –
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеті
Шаттық шеңбері.
Анаң – күнің, жүрегің,
Әжең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Баланың ісәрекеті
Балалар шеңбер бойына
тұрып, өлең жолдарын
қайталайды. Ұйымдастырушылық
Ізденістер
Рефлексиялық
түзетушілік
Кіріспе әңгіме.
Бүгін біз, балалар, «Қасқыр мен жеті
лақ» ертегісімен танысамыз. Ертегіні
оқып беріп, мазмұнын айту.
Сұрақжауап арқылы балаларды
жетелеу:
Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
Анасы лақтарға не айтты?
Анасы кетіп қалғанда не келді?
Қасқыр қандай аң?
«Қасқыр мен жеті лақ» ойыны.
Мақсаты: мәнерлеп айтуға,
байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
Ойын шарты: балалар ертегі мазмұнын
игеріп, қасқыр, ешкілақтардың
жауаптарын жақсы білуі керек. Педагог
ролдерді бөліп, атрибуттарды үлестіреді.
Сонымен ойын басталады. Педагог
балалардың назарын бір кейіпкердің
дауыс ырғағы мен екпініне аударады.
Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен,
қасқыр басында жуан, сонан соң жіңішке
дауыспен, өте жіңішке дауыспен
сөйлейді.
Ойын осылай жалғаса береді.
Балалардың жауабы.
Балалар ойынға
белсеене қатысады.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: ертегінің мазмұны мен жанжануарлардың атауларын.
игереді: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.
меңгереді: шығарманы зейін қойып тыңдайды.
Тақырыбы: «Балабақшам өз үйім»
Мақсаты: Балаларды әсем бақшамызбен және оның тыныс тіршілігімен
таныстырамын.балабақша қызметкелерін силауға, құрметтеуге, олардын
еңбегңн бағалауға үйретемін.Балалардың тілін дамытамын, сөздік қорын
молайтып, еркін сөйлеу дағдысына тәрбиелеймін.
Әдістәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.
Қажетті көрнекі құралдар: суреттер
Қостілділік компонент/билингвальный/: балабақшадетский сад, балалар
дети. Ісәрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің ісәрекеті
Балалардың ісәрекеті
Себепті қызығу
Шылығы
н
ояту
кезеңі
Балаларды шаттық шеңберге жинаймын.
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет
Аспан таза ауаң үшін рахмет
Ағаш көлеңкең үшін рахмет.
Балалар шеңбер бойымен тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдас
тырушы
лық
ізденіс
кезеңі
Балалар біздер күн сайын таңертең тұрып қайда келеміз?
Дұрыс айтасындар, бақшамызға келеміз.
Онда біз кімдерді көреміз, сендерді кім қарсы алады?
Дұрыс, балалар.
Балаларға балабақшамыздың макетін көрсетіп, оың құрылысы мен әсемдігін
әңгімелеймін.
Балалар балабақша сендерге ұнай ма?
Балабақшада сендер не істейсіңдер?
Ендеше бақшамызға келіп үйренген бір әнімізді шырқап көрейік.
Әнді сендер өте жақсы айттыңдар.
Ал енді қандай ертегілер білетіндеріңді айтыңдаршы? Балалар, балабақшаның ішіне саяхатқа барғыларың келе ме? Балалармен
балабақша ішін аралаймын, оларға қызметкелердің еңбегі жайында әңгімелеймін.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық.
Балалар , балабақшамыз жайында тақпақтар айтып көрейікші:
Айша Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Миржан Біз осы үйдің гүліміз,
Біз осы үйдің сәніміз.
Айкөркем Бұлқұшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы.
Әли Мұнда жақын туытық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Балалар балабақшада тек өлең, тақпақ,ертегі, би үйреніп қана қоймайсындар,
мұнда сендер достарыңды силауды, үлкендерді силауды, кішіге қамқор болуды,
отаныңды сүюді, адамдарға жақсылық жасауды, адамгершілік қасиеттерді
үйренесіңдер.
Балабақшаға келеміз.
Апайларды көреміз
Ұнайды.
Ертегі айтуды, өлең айтуды, би билеуді, ойын ойнауды үйренеміз.
Балалар «сылдырмақ» өлеңін айтып береді.
«Бауырсақ», «мақта қыз»т.б
Барғымыз келеді.
Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Балалар үйренген тақпақтарын айтады. Балалар бар ынталарымен мұқият тыңдайды.
Ісәрекетті
бақылау кезеңі
Балалар біздің отырған үйіміз қалай аталады?
Балабақшада кімдер жұмыс жасайды?
Балабақшада сендер не үйренесіңдер?
Сендерге кім тамақ пісіреді?
Сендерді кім емдейді?
Сендерге кім қамқор болады?
Балабақша деп аталады
Ағайлар, апайлар.
өлең, би, ертегі, тақпақ айтуды.
аспазшы апайлар
медбике апай
тәрбиеші апайлар.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балабақша екінші үйлері екенін
Қандай түсініктерді игерді: Балабақша қызметкелерінің
еңбектерін
Меңгерген дағдылары мен түсініктері.Балабақша қызметкерлерін
силап, құрметтеуді.
Тақырыпты тәрбие сағаты : Менің атаммайдангер
Мақсаты: 1.Жеңіс туралы түсінік беру.2.Батыр аталарымыз бен апаларымыздың
ерліктерімен таныстыру.3.Балаларды ұлтжандылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу,елін,жерің
сүйетін батыл азамат болуға баулу.
Қажетті құралдар: 28панфиловшылар саябағының алау отының жанында жүрген ардагер
аталардың суреті. Батырлардың портреттерін көрсеткен слайдтар.
Қостілдік компонент: майдангерветеран,жеңіспобеда.
Аймақтық компонент: Самар ауылынан шыққан батырлар. Ісәрекет
кезеңдер
Мотивациялы
қ
қозғаушылық
Ұйымдастыру
іздестіру
Тәрбиешінің ісәрекеті
Балалардың ісәрекеті
Балаларды шеңберге тұрғызып,бірбіріне достық
татулық туралы жақсы тілектер айтқызу.
Балалар бірбіріне тілектер
тілейді.Деніміз сау болсын!
Жеріміз бай болсын!
Еліміз аман болсын!
Бейбітшілік болсын!
Балаларға ой тастау.
Қайталап айтады.
Балалар есімдерді қайталап
айтады.
.
Балалар қимылқозғалыс
жасап қайталайды
1.Әңгіме жүргізу
Балалар,бүгінгі сабағымызды осы бейбіт өмірдің
құрбаны болған,ардақты батырларымызбен ,
отан үшін отқа түскен аға,апаларымыз туралы.
9 МамырЖеңіс күні мерекесі.Біздің
Отанымызды,туған жерімізді ержүрек
ағаларымыз,апаларымыз сыртқы жаудан қорғап
қалды.Жеңіс мерекесі елімізде жылсайын тойланады.
Тәрбиеші балаларға арнап дайындаған слайдты
көрсетеді.
Батырлар туралы айтады, 28панфиловшылар
саябағындағы соғыста ерлікпен күрескен
ағаларымыздың ескерткіші бар.Сол жерде мәңгілік
өшпейтін алау оты бар.
Алау отына ардагер аталарымыз ,апаларымыз
гүл шоқтарын қояды.Олар: Әлия
Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,
Бауыржан Момышұлы сияқты батыр
ата апаларымыз.
Сергіту сәті:
Бала,бала,балақан!
Кәне, қайсы, алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былайбылай ойнат.Топтоп,топтоп
басайық,Жалаудан күн жасайық!
Жаса,жаса алтын күн,
Жаса,жаса жарқын күн!
Балалар, сендерде осы апа аталарың сияқты батыр
болғыларың келе ме? Батыр болыңдар! Батыр болу үшін
ержүрек болу керек.Елді жерді сүйе білу
керек.Міне,мына батырдың
суреті біздің Самар ауылынан шыққан батыр
аталарыңның суреттері. Біздің Самар ауылында да
соғысқа қатысқан батырларға арналған ескерткіштер
бар. Ол ескерткіштерге 9мамыр жеңіс күнінде және
т.б мерекелерде гүл шоқтарын қоямыз,құрметпен бас
иеміз.Батырлардың құрметіне ескерткіштер
орнатылып,олардың аттарына мектептер,көшелер
берілген.Ұлы отан соғысына қатысқан аталарымызбен
,апаларымызды құрметтеп сыйлауымыз керек,егер
кезіге қалсаңдар амандасуларың қажет.
Отан үшін –отқа түс күймейсің!
Балалар жауап береді
Балалардың тақпақтары тындалады
Ерасыл: Елге қауып төнбесін
Есен аман болайық
Енді соғыс келмесін.
Нұрай: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді бақыт боп,
Бар әлемге жарқырап.
Ерсайын: Отан асыл анамыз
Аңа сүтің ақтаймыз
Есейгенде ер болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Алдияр: Бір ,екі,үш!
Бойға жинап күш.
Шынығамын тәнертең,
Ағалардай Отанға,
Солдат болам мен ертең.
«Жалауша»ойыны
Балаларды екі топқа ,алдыңғы екі баланың қолына
жалауша беріледі.Музыка ырғағымен балалар
Балалар жаттаған
тақпақтарын айтады жалаушаны қолданқолға бере бастайды.Қай топ
жалаушаны жылдам жылжытып,ойынды тез аяқтаса
сол топ жеңімпаз деп танылады.
Педагог балаларды ортаға шақырып,бәрі бірге ән
шырқайды:
Әрқашан күн сөңбесін,
Аспаннан бұлт төңбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман!
23 рет ойнайды
Рефлексивті
түзетушілік
Сабақты әңгімелеп,сұрақжауап алу арқылы
қортындылау.
Балалар әнді қайталайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жеңіс мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын
Қандай түсініктерді игерді: батырлардың есімдерін есте сақтап,патриоттық өлендерді жаттап,олардың
мағынасын түсіне білуді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: батырлық,жеңіс деген ұғымдарды меңгереді.
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.