Кіші жоба "Отыншы Әлжан"
Оценка 4.6

Кіші жоба "Отыншы Әлжан"

Оценка 4.6
Домашнее обучение
docx
история
9 кл—10 кл
30.11.2020
Кіші жоба  "Отыншы Әлжан"
Отыншы Әлжан
Кіші жоба О Әлжан.docx

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

 

Секция: ТАРИХ

Жоба тақырыбы:  «Алаш ақиқатындағы жерлесіміз»

 

Жоба авторы:

Нұржанқызы Айгерім

                                                             К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің               

 9  «А» сынып оқушысы                            

Жоба жетекшісі:

Жолаева Қундыз Акашевна

                                                          К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің           

II санатты тарих пәні мұғалімі

ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы

                                                             Ғылыми жетекшісі:

                                                            Саудабаев Мадиар

                                                           Cүлеймен Демирель университеті,

                                             «Құқық және әлеуметтік  ғылымдар»факультеті ,

                                          «Әлеуметтік ғылымдар»кафедрасының меңгерушісі,

                                          РhD, ассисент  профессор

 

 

2020-2021 оқу жылы

 

 

                                                

 

 

 

                                       

 

                        Мазмұны

 

І. Кіріспе__________________________________________________3

II. Негізгі бөлімі

     2.1 Теориялық бөлім

     2.11. Отыншы Әлжановтың-өмір деректері. _____________________7    

     2.1. О.Әлжановтың Омбыдағы қызметі._________________________9

      2.2   Зерттеу бөлімі:

     2.2 1. О.Әлжановтың қастерлі қазынасы________________________10

      2.2.2. Отыншы Әлжанов- Алашорда мүшесі.____________________12

      2.2.3. О.Әлжановтың еңбектері._______________________________16

      III. Қорытынды бөлім._______________________________________17

      IV. Пайдаланған әдебиеттер.__________________________________19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

                                                     I .Кіріспе

                                                       

                                                          “Өз тарихын сыйламаған халық,

                                                           өзін де сыйламайды”

                                                                            Нұрсұлтан Назарбаев.

                                      

     XIX-XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси өмірінде орын алған түбірлі өзгерістер қоғамдық санаға да зор ықпал еткені мәлім. Ең әуелі ұлттық сана-сезімнің оянуына себепші болып, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен ой пікір, көзқарастар қалыптастырады.

     О.Әлжанов шын мәніндегі “сегіз қырлы, бір сырлы” ер азамат болды. Ол ең алдымен белгілі қоғам қайраткері ретінде XX ғасырдың басында қалыптасқан Әлихан Бөкейханов басқарған ұлт азаттық Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлерінің бірі болды, сонымен қатар ол кең көлемді әрі терең мазмұнды ағартушылық, журналистік және зерттеушілік қызметпен айналысты.

     Ол өзінің кәсіби мамандығы- мұғалімдік қызметтің тізгінін ұстаумен шектелмей, қазақтың ұлттық демократиялықинтеллигенциясының басқа көрнекті өкілдері сияқты ауқымды қоғамдық саяси жұмыстар атқарды. Ол өзінің нақтылы іс-әрекеті арқылы патшалық Россияның қазақстандағы отарлау саясатының мәнін жер мәселесі және метрополия мен отар аймақтың экономикалық қарым-қатынастары мысалында әшкерелейді, сол арқылы халық бұқарасының арасында отаршылдыққа қарсы хал-ахуал қалыптастыруға өз үлесін қосты.

     О.Әлжанов 1917 жылы шілдеде құрылған “Алаш” партиясына мүше болып, сол жылғы желтоқсан айында өткен екінші жалпықазақ сиезінде жарияланған Алаш автономиясының үкіметі- Алашорданың құрамына сайланды. 1918 жылдың жазында басталған азамат соғысының барысында ол Кеңес өкіметіне қарсы болғандығы үшін “қызылдар” жасағының оғына тап болып, 39 жасында өмірден озды...

   

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:

     Отыншы Әлжановтың –өмір деректері.

Міндеттері:

     Отыншы Әлжанов туралы БАҚ-нан, ғаламтордан мағұлматтар іздеу, мәліметтер жинақтау.

      Зерттеу жұмысын жүргізу жолдарын үйрену.

       Жоба бойынша жұмысты рәсімдеу.

Гипотеза:                                                                                                              Отыншы Әлжановтың өмір деректері, Омбыдағы қызметі, еңбектері туралы зерттеу.

Зерттеу әдістері: 

Теориялық: ақпаратты жинақтау, сұрыптау, саралау, өңдеу әдістері.

Практикалық: зерттеу, баяндау, демонстрациялау әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         II.Негізгі бөлім

         Отыншы Әлжанов есімі мен шығармашылық мұрасы Кеңес өкіметі жылдарында халыққа белгісіз болды. Алаш қозғалысының белсендісі, Кеңес өкіметі мен большевизм идеяларын мойындамаған О.Әлжанов сынды тұлғалар жөнінде ол кезде айтуға да жазуға да мүмкіндік болмады.

Кеңес Одағы тарап, Қазақстан егемендік алғаннан кейін ғана О.Әлжанов жөнінде жекелеген мақалалар жарияланып, оның шығармашылық мұрасы жөнінде інішара сөз бола бастады.

XIX ғасырдың 60 жылдарындағы патша үкіметінің Қазақстандағы реформаларының нәтижесі өлкеге зор ықпалын тигізді. Патша ұлықтары өлкені әкімшілік басқару жүйесіндегі реформалардың тиімді жүруіне жергілікті ұлттан шыққан мамандармен қанағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал губернаторлық кеңселері жанынан қазақ студенттеріне 3-4 степендия бекітіліп отырды. Міне, осы степендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жинаған қаржысына сүйеніп, қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Томск, Варшава сияқты қалаларындағы оқу орындарында түрлі мамандықтар бойынша білім алды.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында империяның саяси өмірінің астанасы болған Петербург қаласында қазақтың белгілі зиялылары:

Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Н.Тынышбаев, Ж.Ақбаев сияқты қазақ халқының тарихындағы із қалдырған қайраткерлер білім алды.

Империяның ірі қалаларында білім алып, саяси оқиғалар мен толқындарға араласуы, олардың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына әсер етпей қоймайды. Осы орайда елбасы Н.Назарбаев “ Алаш мұрасы және осы заман” деген еңбегінде “XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау

міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарапынан  шыққандар, әрі

ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді” деп көрсетті.

Осындай қазақтың зиялы қауымы 1917жылы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақ съезінде “Алаш орда” деп аталатын ұлттық мемлекет құрылғандығын жариялап, үкіметін сайлады.

Алаш орда саяси әлеуметтік және ұлттық – рухани мәселелерді шешу тұрғысында құрылған ұлттық үкімет еді. Осындай алмағайып кезеңде алаш орда үкіметін құруға Тарбағатай өңірінен қатысқан жерлесіміз Отыншы Әлжанов, Ережеп Итбаев, Бияхмет Сарсенов және “Үш жүз” партиясының серілері Көлбай Төгісов пен Ысқақ Кабеков сынды ұлт тәуелсіздігі мен азаттығы жолында күрескен атақты зиялы ұлдарын бүгінгі ұрпақ зор мақтан тұтады.

Алаш партиясы тарихи қысқа мерзім ішінде саяси аренаға көтеріліп, өз қатарына оқыған, парасатты, зиялы азаматтырды біріктіреді. Саяси толқулардың басты мақсаты- самодержавиені құлатуғақол жеткізіп, жер-жерде Кеңес өкіметі орнатылған кезде Алаш партиясы өзінің Қазақстанға автономиялы республика мәртебесін әперу мақсатынан айнымайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теориялық бөлім.

1. Отыншы Әлжановтың-өмір деректері.

 

         Отыншы Әлжанов- 1873 жылы Семей облысы Зайсан уезі Нарын болысында туған әкесі Әлжан Сақауұлы   дәулетті әрі ықпалды болыс болған. Көзі ашық әке баласының ата дәулетіне арқа сүйеп, өз қатарынан қалып қоймауы үшін оны елдегі жақсы адамдардан үлгі алып, өнер білім іздеуге баулыды. Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Алашорда үкіметінің мүшесі, Жетісудағы Алаш қозғалысының басшыларының бірі ағартушы- публицист, халық мұғалімі.

Әйгілі аға сұлтан, білікті қоғам қайраткері Құнанбаймен араласып дәуір тынысын тани білген, көкірек көзі ояу, парасатты Сақауовтар әулеті балаларын заман талабына сай орысша оқытуды ертерек қолға алған-ды. Осындай қалыптасқан дәстүр бойынша Отыншыны да жастайынан орысша оқып, білім алады. Ол тоғыз жасында, 1882 жылы 12 қыркүйекте Зайсан қаласындағы бастауыш орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіп, оны 1887 жылы үздік бітіріп шығады. 1887-1890 жылдары Омбы қалалық училищесінде оқыды.

Омбы архивінде училище оқушыларының сабақ үлгерімін сипаттайтын құжаттар сақталған. 1889\90 оқу жылындағы училище бітірушілер жайлы құжатта Отыншының білімге деген құштарлығы атап өтіліп, тапсырған емтихандарының мынадай қорытындысы келтірілген:

 

Діни сенімі-мұсылман,                    Тарих-5(өте жақсы)

Орыс тілі-4(жақсы)                           География-5 (өте жақсы)

Арифметика-5(өте жақсы)               Сызу-5(өте жақсы)

 

Білімін одан әрі жетілдіру үшін Омбы мұғалімдер семинариясына түседі. Тек қана сабақ оқып қоймай газет- журналдар мен ғылыми кітаптарды жүйелі түрде оқып тұрады. Алып Ресей мемлекетінің тыныс тіршілігімен таныса отырып, өз халқының өткені мен бүгіні  жайлы толғанып, санасы ояна бастайды. Шығармашылық жұмыспен шұғылдана бастайды 1889-1902 жылдары омбы қаласында шығып тұрған “Дала уалаяты”  газетіне өз елінің тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, наным сенімі туралы ғылыми мақалалар жазып, ауыз әдебиетінің озық түрлерін жібере бастайды. 1894 жылы мұғалімдер семинариясын үздік бітірген. О.Әлжанов Дала генерал- губернаторының кеңсесіне губерния хатшысы қызметіне қалдырады.

1895 жылы Ақмола облыстық сотының аудармашысы болып қызмет істейді. 1897 жылы осы қызметте жүргенде Бүкілресейлік халық санағын өткізуге қатысады. Осы жұмысты өте тиянақты жүргізгені үшін патша ағзам қола медаль мен куәлік тапсырып марапаттайды. 1897-98 жылдары “Дала уалаяты” газетінде “Қырғыз балаларын  тәрбиелеу туралы әңгімелер” т.б мақалаларында ол қазақ балаларына бастауыш білім берудің көкейкесті мәселелерін қарастырды.

1905 жылы Санкт-Петербургте өткен Шығыс бұратаналарын оқыту мәселелері бойынша Ерекше мәжіліске “Дала уалаяты” қазақ мұғалімдері атынан Отыншы сөз сөйлеген. Екінші бір, 1907 жылы өткен мәжілісте де Отыншы тағы да сөйлеп , Бұратана халықтарды оқыту туралы “Ережеге”  сын айтып, қазақ мұғалімдерінің құқын орыс мұғалімдерінің құқы мен жалақыларымен теңестіруді және басқа да өзекті мәселелерді ортаға салады.

1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісте елге тоқтау айтып, бос қан төгілуден сақтандырады. Патша өкіметі құлағанда, О.Әлжанов Уақытша өкіметтің Лепсі уезі комиссарының орынбасары болады. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене араласады.

Жетісу қазақтары атынан депутаттыққа ұсынылады. Азамат соғысы жылдары Лепсіде жұтаған елге көмек көрсету коммитетін құрады. Милиция жасақтап “Елдің басына мынандай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмаймын, өлсем тірілсем бірге көремін ”  деп елді қорғауға бел байлайды.

 

2.2. О.Әлжановтың Омбыдағы қызметі.

 

Отыншы Омбыдағы қызметі барысында  қазақтың оқыған зиялыларымен кең көлемде қарым-қатынас жасап тұрды. Оқу ағарту саласында Райымжан Мәрсековпен танысады.  Әсіресе оның саяси көзқарасының қалыптасуына Жақып Ақбаев үлкен әсер етті. Ж.Ақбаев Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітіріп, 1903-1905 жылдары Омбы сот палатасында жұмыс істеген. Отыншының зайыбының әңгімесіне қарағанда, орысшаны таза сөйлейтін, ашаң жүзді, зиялы жігіт олардың үйіне жиі-жиі қонаққа келіп, түн ортасына дейін әңгімелесіп отырады екен. Олардың сот істерінің жай-күйі туралы ғана әңгімелеспегені анық.

1905-1907 жылдардағы революция қарсаңындағы прогресшіл идеялар зайырлы білім алған қазақ жастарының да саяси кемелдену барысын тездете түскен.  Олардың қатарында сол кездің өзінде ақ әр түрлі оқу орындарын бітіріп, қалада жұмыс істеп жүрген омбылық қазақтар көп еді.  Ж.Ақбаев пен О.Әлжановтың 1905-1907жылдардағы революция қарсаңында Ресейде қалыптасқан саяси жағдайды, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырудың жылдан-жылға кеңінен өріс алуын, осыған байланысты қазақ ауылында туындаған қиындықтарды талқылағаны анық. Білікті заңгер Жақып Ақбаевтің Отыншыға қазақ халқы атынан патша үкіметіне тапсырылған, тарихта “Қарқаралы петициясы” атымен белгілі, 1905 жылғы 25 маусымда Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаевтың басшылығымен жазылып, 12761 адам қол қойған петицияны дайындамақшы ниетін айтқаны хақ.

 

 

 

 

 

 

 2.2   Зерттеу бөлімі:

 1. О.Әлжановтың қастерлі қазынасы

Отыншы Әлжанов Дүйсебай-хаджының қызы Нұржамила Кемеңгереваға үйленген. Ол Отыншыдан 12 жасқа кіші болды.  Олардың 4 балалары болды. Бір қыз-Бибіфатима және үш ұлдары болды. 

     Отыншы өз өмірінің қысқа болатынын сезінген болар, әйеліне “Нұрышка, егер мен жамандыққа ұшырасам, біздің өзімізде бардың бәрін балаларымыздың білім алуына жұмсашы” деп жиі айтады екен. 37 жасында күйеуінен жесір қалған Нұржәмилә апай шынында да солай етеді. Олардың үлкен ұлы Мұхаметқасым(Мұқаш)  Зайсандағы гимназия, Омбыдағы қаржы қызметкерлерінің курсын бітіргеннен кейін, өмірінің ақырына дейін қаржы саласында еңбек етеді. Екінші ұлы жастай қайтыс болған. Кенжесі Ғалымжан Ташкент ауылшаруашылық институтын бітірген, бір жылдан кейін Ленинградқа кетеді, онда академик Ә.Марғұланмен бірге Ленинград униветситетінің Шығыстану факультетінде екі жылдай оқып, әйгілі ғұламамен жатақханада бір бөлмеде тұрған.

Алайда Алашорда үкіметінің мүшесінің баласы IIXK-ның “қырағы көзіне”  ілігіп, 1938 жылы оқудан шығарылады. “Халық жауы” ретінде Ақтөбе облысына жер аударылып, ұзақ жылдар бойы сонда тұрады. Анасының айтуынша, Ғалымжан аумаған әкесі екен. Ұзын бойлы, сымбатты, ақжарқын, алғыр азамат кез келген ортаға еркін араласып кетеді. Ауыл шаруашылығының білікті маманы Ғалымжан озін іскер, ұйымдастырғыш қабілеті зор, сол саладағы жаңалық атаулының насихатшысы ретінде де кеңінен таныта білген. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының бас агрономы бола жүріп, ол атақты тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің жұмысына тікелей жетекшілік етеді.

1962 жылы Алматыға оралған Ғалымжан өзінің жас кезіндегі байырғы досы және курстасы Әлкей Марғұланмен кездеседі. Бұл жан тебірентерлік кездесу болып, жасы ұлғайған екі адам құдды жас балаша жылапты. Қазақ халқының жарқын болашағы үшін өз өмірін құрбан еткен Отыншы Әлжановтың сол немересі Әлкей Әлжанов бүгінгі нарық заманында жұмыссыз жүр. Тағдырдың тәлкегіне не шара..!

Отыншы бүкіл күш жігерін туған халқының көкірек көзін ащып. Сауатты ұлттар қатарына қосу үшін Көкпектіге келген еді. Бірақ ол мұсылман дінбасылары  тарапынан  өзінің  қаншалықты  күшті  қарсылыққа  ұшырайтынын және жаңадан қалыптаса бастаған жергілікті саудагерлер мен қазақ оқығандарын ұнатпайтын татар көпестерінің оларды жан тәнімен қолдайтынын әлі біле қойған жоқ еді.

Халық та Отыншының оқу ағарту жайлы айтқан ақыл кеңестерін ден қоя тыңдайды. Олар өздеріне жер мәселесінде жергілікті  байлардың да, орыс

қоныстанушылары мен татар саудагерлерінің де қатты қысым көрсететінін, жазғы жайлауларынан, шабындық жерлерінен айырылғанын ашына айтады. Оқыған төренің осы мәселеде көмектесіп,  өкімет орындары мен құдіреті күштілердің зорлық, зомбылығынан   қорғауды сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

2. Отыншы Әлжанов- Алашорда мүшесі.

 

1922 жылы күзінен бастап Алаштың ең белсенді және принципшіл мүшелерін қудалап, аймақтың басшы партия-кеңес органдарынан аластау әрекеттері басталады. Ал кейініректе, 1926 жылдан бастап, “Алашорда бағдарламасын” баспасөзде және арнайы дайындалған тарихи әдебиетте ашықтан-ашық айыптау ұйымдастырылып, Алаш қайраткерлері социалистік идеологиямен сыйыспайтын ұлтшылдық идеяларды таратушылар деп көрсетіледі.

30 жылдардың бас кезінде Алаш азаматтарын қудалау жұмысы өрістетіліп, Алашорданың Қазақстанға Автономиялы Республика мәдениетін әперу жөніндегі “ұнамсыз саяси бағдарламасы” айыпталады. Алаш қозғалысы пролетатриат диктатурасына қарсы бағытталған “буржуазиялық-ұлтшылдық қозғалыс” деп бағаланып, “халық жаулары” ретінде ББСБ тергеуіне беріледі. Алаш арыстары түгелдей дерлік және оларға ниеттес зиялылардың көпшілігі “ халық жауы, шетел жансыздары” деген жаламен сотсыз-тергеусіз жойылып, тірі қалғандары қуғын сүргінге ұшырайды.

Алайда уақыт өзгеріп, өмірдің әр нәрсені өз болмысымен саралайтыны анық. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана сол бір отты жылдар оқиғаларын шын мәнінде қалпына келтіріп, Алаш қозғалысының ақиқат тарихын ашық айтуға, қазақ халқының жарқын болашағы үшін өмір сүріп, солардың мүдделері жолында күрескен ұлттық батырларына лайықты құрмет көрсету бүгінде мүмкін болып отыр.

Тарихты қайта қалпына келтіру, елінің бостандығы жолында қанын да, жанын да аямаған арыстардың есімдерін туған халқымен қайта табыстыру оңай шаруа емес екен. Кеңестік кезеңде қанқұйлылықпен қырғынға ұшыраған Алаш қайраткерлерінің есімдеріне “халық жаулары” деген айдардың тағылуы, олардың артында қалған ұрпақтарына да жағылған қара күйе еді. Сөйтіп бұл олардың жеке және отбасылық құжаттарын, жәдігер бұйымдарын, фотосуреттерін, тарихи мұраларын сақтауына, олардың жалпы өмірі мен жарқын істері туралы ашық айтуына да мүмкіндік бермеген. Осының кесірінен, мәселен, О. Әлжановтың фотосуреті де күні бүгінге дейін табылмады.

Алаш азаматтарының бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы Отыншы Әлжанов туралы алғашқы деректі мақалалар “Уақыт тынысы”, “Қазақ үні” газеттерінде жарияланды. Б.Байғалиевтің “Алаштың ардағы” атты көлемді және басқа да мақалалары жарық көрді.

      О.Әлжановтың қазақ халқының әлеуметтік өмірі, оқу-ағарту саласындағы көкейтесті мәселелерге арнап жазған және ел арасынан жинап, өзі өңдеген ертегі-аңыздар, ауыз әдебиеті үлгілері туралы жарық көрген мақалалары Ү.Сұхбанбердинаның құрастыруымен шыққан “Дала уалаятының газеті” энциклопедиялық басылымында топтастырылған.

Отыншының қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуында 12 жыл бойы (1895-1905) сот органдарында жұмыс істеудің зор маңызы болған.Нақ осында, азаматтық құқықтарды қорғауға тиісті органдарға, ол қазақ халқына шенеуліктері жасап отырған қиянатпен бетпе-бет келеді. Соттағы қызметінде Отыншы істі болып келген жерлестеріне пайдасын тигізуге тырысады.

Соттың әділ шешімін табуына өзі тікелей араласа алмаса да, Отыншыны оларға сотта мәселенің мәнін, өз талаптарын қайткенде дұрыс баяндап жеткізудің жолдарын айтып көмектеседі. Оның Омбыдағы “казак базарына” жақын жердегі үйі сотқа арыз шағым айтып келушілердің жататын үйіне айналып кетеді. Отыншының ізгілікті көзқарасы жергілікті халық арасында біртіндеп мәлім бола бастайды Жұрт шағымдары мен арыз талаптарын Ақмола мен Семей облыстарының сот істерін қарайтын мәртебелі Омбы округтік сотына түсірмес бұрын Отыншыға келіп ақыл кеңес сұрайтын болған.

Соттағы және мектептегі қызметі Отыншының көп нәрсеге көзін ашады. Өздерінің жергілікті басшылары мен үйездік шенеуліктерден, саудагерлерден, казактар мен қарашекпендерден қысым көрген қазақтар Омбыға әр түрлі шағыммен жиі келуге мәжбүр болған. Соттың губерниялық хатшысы Отыншы Әлжанов оларға бар күшін салып көмектеседі. Бұған Отыншының ҚР Орталық Мемлекеттік архивінен табылған губернаторға жерлестерінің атынан жазған арыз-шағымдарды куәлік етеді. Олар каллиграфиялық әріппен орыс тілінің сол кездегі орфографиялық ережелерін сақтай отырып, бірде-бір емле қатесіз, сауатты, көркем тілмен жазылған. О.Әлжановтың байыпты баяндау тәсілі, мүлтксіз қолтаңбасы, қисынды тұжырымдары кейіннен шенеуліктердің әрбір шағымының арғы жағында нақ кім тұрғанын біліп алуына мүмкіндік берген.

Оның өмірінің Омбыдағы кезеңі, әсіресе XX ғ.алғашқы жылдары айтулы оқиғаларға толы. Ол сонда 1905-1907 жылдары буырқанған революциялық толқулардың куәсі болып, өзінің дүниетанымының қалыптасуына зор ықпал жасаған, қазақ халқының тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі Жақып Ақбаев.

XX ғасырдағы қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, «Алаш» идеясы деп жауап берер едік, ел тарихы туралы ащы терін төгіп, құлшына еңбектенген тарихшыларымыз баршылық, солардың қатарында болған қайраткер ағамыздың да өткені мен болашаққа жасаған қызметі қандай құрметке болса да лайық. Өмірінің  соңғы күндерінеидейін еңбек етіп кеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         3. О.Әлжановтың еңбектері.

        Отыншы  Әлжанов еңбектерінің библиграфиялық көрсеткіші

    1.[О.Әлжанов.] Қарынбайдың хикаяты // Дала уәлаятының газеті. 1894. №17. 1май.; Дала уалаятының гезеті.- Алматы: Ғылым, 1089. – 512 -513-б.

 

   2.[О.Альджанов.] Легенда о богатом Карунбае // Киргизская степная газета. 1894. №17. 1 мая . :Даа уалаятының газеті.-Алматы: Ғылым, 1989.-514-515б.б

    3.[О.Әлжанов.]  Күшік пен мысық  //  Дала уалаятының газеті. № 18. 8 май.: Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. -516-б.

  4.[О.Алджанов.]  Легенда о горах Тологае и Бор- Тастагане //  Киргизская степная газета. 1894. №29 Дала уалаяты газеті. Әдеби нұсқалар.- 577–578- б.б

 

    5. [Бабайбүркіт] Зайсан уезіндегі Нарын елінен келген хабар //  Дала уәлаятының газеті. 1894.  №29 24 июнь.

 

    6.[Бабай Беркут.]  Вести из степени //  Киргизская степная газета.  1894.  №41. 16 октября.

 

    7.[О.Альджанов]  Помощь сиротам //  Киргизская степная газета 1895. №13.  2 апреля. Дала уалаятының газеті. Адам, қоғам, табиғат. -426-429-б.б.

 

    8.[Отыншы Әлжанов] Қазақтардың медресе ашқандары.  Дала уалаятының. 1895. №46. 3 декабрь.

 

    9.[О.Әлжанов.]  Мал дертінің уақытында қазақтардың нанғыштығы// Дала уалаяты газеті. 1895. №48 17 декабрь.

    10.[Бабайбүркіт] Зайсан оязындағы Нарын елінен келген хабар// Дала уалаятының газеті. 1895. №25 2 июль.

                                 

 

                                     Қорытынды бөлім   

Отыншы Әлжановтың соңғы өмірінде өзінің кім екенін танытқан еді. Қоғамдық қайраткер ретінде қазақ-қарғыз съезінде Отыншыны Алашордаға Жетісудан мүше етіп сайлады.  Ол халыққа өте жақын адам болды. Марқұмнан өзінің туған еліне мынандай хат келді: “Елдің басына мынандай пәле туып тұрғанда, мен бұларды тастап кете алмаймын өлсем тірілсем бірге көремін. Менің қатын-баламды алып кетіңдер ” деп.

                                                                          -Қазақ -1918. -№263.

Марқұм айтқанын қылды елді пәлеге тастап өзі бас амандап кеткен жоқ Алаш жолында құрбан болды! Қызықты хұмырының көбі абақтыда айдауда өтты, бірақ қымбат Оыншы Алаштың көркейгенін көрмей арманда кетті.

Міржақов Дулатов: “Алаш бағланы- Отыншы  Әлжаноғлы қанішер большевиктің оғына ұшты, Салық Аманжолов жараланды. Жетісу қазағы қырғынға ұшырап жатыр...”.

Қазақ үні газеті 1993жылғы сәуір айындағы санынан алынды.

Есіл ер Алаш жолында ғазиз жанын құрбан қылды, ұлты үшін өлімнен қорыққан жоқ, ұлттың қамын жеді, қамалға шапты, қанға боялды бірақ, арманда кетті.

          Отыншы Әлжанов бүгінгі таңда- қазақ қоғамындағы ұлы қайраткер, қайраткер ретіндегі істеген еңбегі, қызметі жас ұрпаққа үлкен ой салды, өшпес із қалдырды. Бұл кісінің Алаш арыстарының ортасынан көрінуі біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен сезім. Жерлестері үшін  Отыншы Әлжановтың қоғамдық қызметін, тарихын білуде , насихаттауда еңбек етуіміз міндетті сияқты.

Отыншы Әлжановтың өмірі, еңбектері мәңгілік! Арттағы ұрпағына, халқына қалдырып кеткен өсиеті сияқты, өз басына орнатып кеткен бейне бір құлыптас іспетті.

Сыныптай сырғыған уақыт керуені бір орында тұрмайды, жылжып алға озады. Үлкендердің ізін кішілер басады, жас буын өсіліп жетіледі, өмірде артында өлмейтұғын із қалдырған адамдар болады. О.Әлжанов тәрәзді аяулы азамат ғұлама қоғам қайраткер бір еңбекте  бәрін айту әсте мүмкін емес және біз алдымызға ондай мақсатты қойып отырғанымыз да жоқ.

Халқымызда “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген ғажап сөз бар. Терең астарлы бұл сөздердің мәні өткенге құрмет дегенге саяды. О.Әлжанов туралы да болашақ тарих, замандастары, шәкірттері өз сөздерін айтатыны даусыз. Өйткені, таудың биіктігі қашанда алыстан көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Қапаева А.Отыншы Альжанов //Қазақ тарихы. №3. 2001

2.     Отыншы Әлжанов. Шығармалар жинағы. Алматы. Алаш. 2004-296

3.     «Семей таңы» газеті. 16.11.2008. 

4.     «Тарбағатай» газеті.  2008жыл.

5.     Б.Байғалиев Алаштың ардағы //  Халық кеңесі. 1993. №85. 4 мамыр

6.     Өтениязов С. Шоқан өскен орта. А., 1995. 23-б.

7.     Дала уәлаятының газеті. 1898. 3. 18 январь.

8.     ҚР ОММ. 115-қ., 1-т., 49- іс. 5-п.

9.     Дала уәлаятының газеті. 1898. №19,20,22,23.

10. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995. 98-б.

11. ҚР ОММ. 504-к. 1-т.47-іс. 3-п.

12. ҚР ОММ 64-қ., 1-т. 5926-іс. 28-п.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ

Мазмұны І. Кіріспе __________________________________________________ 3

Мазмұны І. Кіріспе __________________________________________________ 3

Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:

О.Әлжанов сынды тұлғалар жөнінде ол кезде айтуға да жазуға да мүмкіндік болмады

О.Әлжанов сынды тұлғалар жөнінде ол кезде айтуға да жазуға да мүмкіндік болмады

Алаш орда саяси әлеуметтік және ұлттық – рухани мәселелерді шешу тұрғысында құрылған ұлттық үкімет еді

Алаш орда саяси әлеуметтік және ұлттық – рухани мәселелерді шешу тұрғысында құрылған ұлттық үкімет еді

Отыншы Әлжанов- 1873 жылы Семей облысы

Отыншы Әлжанов- 1873 жылы Семей облысы

О.Әлжанов Дала генерал- губернаторының кеңсесіне губерния хатшысы қызметіне қалдырады

О.Әлжанов Дала генерал- губернаторының кеңсесіне губерния хатшысы қызметіне қалдырады

Отыншы Омбыдағы қызметі барысында қазақтың оқыған зиялыларымен кең көлемде қарым-қатынас жасап тұрды

Отыншы Омбыдағы қызметі барысында қазақтың оқыған зиялыларымен кең көлемде қарым-қатынас жасап тұрды

Отыншы Әлжанов Дүйсебай-хаджының қызы

Отыншы Әлжанов Дүйсебай-хаджының қызы

Отыншы бүкіл күш жігерін туған халқының көкірек көзін ащып

Отыншы бүкіл күш жігерін туған халқының көкірек көзін ащып

Отыншы Әлжанов- Алашорда мүшесі

Отыншы Әлжанов- Алашорда мүшесі

Алаш қозғалысы пролетатриат диктатурасына қарсы бағытталған “буржуазиялық-ұлтшылдық қозғалыс” деп бағаланып, “халық жаулары” ретінде

Алаш қозғалысы пролетатриат диктатурасына қарсы бағытталған “буржуазиялық-ұлтшылдық қозғалыс” деп бағаланып, “халық жаулары” ретінде

Сұхбанбердинаның құрастыруымен шыққан “Дала уалаятының газеті” энциклопедиялық басылымында топтастырылған

Сұхбанбердинаның құрастыруымен шыққан “Дала уалаятының газеті” энциклопедиялық басылымында топтастырылған

Жақып Ақбаев. XX ғасырдағы қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, «Алаш» идеясы деп жауап берер едік, ел тарихы туралы ащы терін төгіп, құлшына…

Жақып Ақбаев. XX ғасырдағы қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, «Алаш» идеясы деп жауап берер едік, ел тарихы туралы ащы терін төгіп, құлшына…

О.Әлжановтың еңбектері.

О.Әлжановтың еңбектері.

Отыншы Әлжановтың соңғы өмірінде өзінің кім екенін танытқан еді

Отыншы Әлжановтың соңғы өмірінде өзінің кім екенін танытқан еді

Халқымызда “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген ғажап сөз бар

Халқымызда “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген ғажап сөз бар

Пайдаланылған әдебиеттер: 1

Пайдаланылған әдебиеттер: 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020