№ 5 сабақ
Тақырыбы: Параллелограммды танудың белгілері |
||
Мақсат: |
||
|
Жаңа білім |
Төртбұрыштың анықтамасын үйрену. Төртбұрыштарды дұрыс атау, төбелерін, қабырғаларын, бұрыштарын, диагоналдарын анықтау,қарама-қарасы бұрыштар мен қабырғалар деген жаңа түсінікті білу, дөңес және дөңес емес деген төртбұрыштардың түрлерімен танысу, төртбұрыштың ішкі бұрыштарың қосындысы туралы теореманы үйрену. |
Жаңа түсінік |
Қарама-қарасы бұрыштар және қарама- қарасы қабырғалар деген жаңа түсінікпен танысады.Төртбұрыштарды дөңес және дөңес емес деп ажыратып, бөлуді түсінеді.Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосынысы 360o - қа тең екендігін түсінеді. |
|
|
Қолданым әрекеті |
Төртбұрышқа дұрыс атау беру және оның ішкі бұрыштарының шамасын дұрыс анықтай білу. |
Талдау әрекеті |
Төртбұрышты кез-келген диагоналы арқылы екі үшбұрышқа бөліп алғаннан кейін, үшбұрыштың ішкі бұрыштары 180о - қа тең боландығын қолдану арқылы және бұрыштарды өзін-ара қосып төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360о -қа тең екендігін талдау. Бұл теорема кез-келген төртбұрышқа орындалатынын зерттеу. |
|
Шығармашы-лық әрекет |
Төрт бұрышы тең болған төртбұрышқа мысал келтіру(сынып ішінен болғаны дұрыс) |
|
|
Бағамдау әрекеті |
Төртбұрышарға бастама білім үйрену Олардың дөңестігін ажырата білу Ішкі бұрыштарын есептеудегі маңызды теореманы үйрену |
Ақпарат көздері: 1. Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012. 2. Жаров, В.А., Марголите П.С., Скопец, З.А. Геометрия бойынша Сұрақтар мен Тапсырмалар. Москва, Просвещение, 1965.
|
||
Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады. |
||
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ |
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
Тақырып жоспары:
1. Параллелограммды анықтау туралы бірінші теорема
2. Параллелограммды анықтаудың бірінші белгісі
3. Параллелограммды анықтаудың екінші белгісі
4. Параллелограммды анықтаудың үшінші белгісі
5. Параллелограммды анықтаудың төртінші белгісі
6. Параллелограммды анықтау туралы екінші теорема
7. Теореманың дәлелі
Слайдтар:
1 – слайд (титул) |
|
2 – слайд Сабақтың мақсаты |
|
3 – слайд Тақырып жоспары |
|
4 – слайд ЕСКЕРТУ!!! · !!! Кез-келген параллелограмм ол төртбұрыш, бірақ кез-келген төртбұрыш ол параллелограмм емес. Келесі слайдтарда қандай төртбұрыштарды параллелограмм деп атауға болатындығын өтеміз. |
|
5 – слайд Параллелограммды анықтау туралы бірінші теорема 3-теорема. Егер дөңес төртбұрыштың
|
6 – слайд Бірінші белгісі · Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болса, онда ол параллелограмм болады. |
|
7 – слайд Екінші белгісі · Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштары тең болса, онда ол параллелограмм болады.
|
8 – слайд Үшінші белгісі · Егер дөңес төртбұрыштың диагоналдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол параллелограмм болады.
|
|
9 – слайд Төртінші белгісі · Егер дөңес төртбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180o - қа тең болса, онда ол параллелограмм болады. |
|
10 – слайд Параллелограмды анықтау туралы екінші теорема 4 - теорема. Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы екі қабырғасы тең және параллель болса, онда ол параллелограмм болады. |
11 – слайд 4 - теореманың дәлелі
|
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Төрбұрыштар мен параллелограмның ара-қатынасы неде? |
Бірінші теоремада параллелограмды анықтаудың неше жолы берілген |
Екінші теоремада параллелограмды анықтаудың неше жолы берілген |
|
|
|
І деңгей тапсырмалары
1. а b түзулері берілген. Оларды сәйкесінше A, B, C, D нүктелерінде қиып өтетін с d екі түзу жүргізіңдер. Алынған ABCD төтрбұрышының параллелограмм болатынын түсіндіріңдер.
2. Параллелограмның диагоналі оны екі тең үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңдер.
3. Параллелограмм дөңес емес төртбұрыш бола алады ма?
4. Төртбұрыш берілген. Оның бұрыштарының қосындысы 360o- қа тең. Осы төртбұрыш параллелограмм ба?
5. Төртбұрыштың іргелес бұрыштары 60 және 120o-қа тең. Осы төртбұрыш параллелограмм ба?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.