КСП на тему "Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы" 7 кл

  • docx
  • 21.09.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы.docx

4 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

 

 

Тақырыбы:   Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

 

 

Мақсат:

 

 

 

Жаңа білім

•Планиметриялық фигуралардың, яғни нүкте, сызық және жазықтықтың өзара орналасуымен танысу. Тиістілік аксиомаларымен танысу.

 

 

Жаңа түсінік

• Жалпы планиметриялық фигуралардың белгілі бір жүйе арқылы орналасып, белгіленетінін түсіну. Тиістілік аксиомалардың мәнін түсіну.

 

 

 

Қолданым әрекеті

•Планиметриялық фигураларды қағаз бетінде қолданымын анықтау.

 

 

Талдау әрекеті

• Планиметриялық  фигуралардың орналасуын және белгіленуін талқылау. Тиістілік аксиомаларын талқылау.

 

 

Шығармашылық әрекет

•Планиметриялық фигуралардың өзара орналасуын түсініп, жаңа фигуралар құрастыру.

 

 

 

Бағамдау әрекеті

• Планиметриялық фигуралардың өзара орналасуын тиістілік аксиомаларымен қорытындылау.

 

 

Сабақ құрылымы:

 

 

 

І.   Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

 

 

Сабақ типі: фронтальді, жұптық, топтық.

 

 

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

 

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

 

 

•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді

 

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

 

 

•фигура, планиметрия, нүкте, кесінді, түзу, сәуле, жазықтық, тиістік аксиома.

 

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

 

 

• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.

 

 

Ақпарат көздері:

 

 

 

1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

 

 

Оқушы жетістігін бағалау:

 

 

 

• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады

 

 

Үй тапсырмасы:

 

 

 

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

Кесінді және сәулелердің өзара орналасуын оқып, оларды қалай белгілейтінін анықтап келіңіз.

 

 

 

•Бонус-балл тапсырмасы:

Реттілік аксиомаларын оқып, түсініп келіңіз.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

 

Тақырып жоспары:

Кіріспе:

  1. Нүктенің белгіленуі
  2. Түзудің белгіленуі
  3. Жазықтықтың белгіленуі
  4. Нүкте мен түзудің орналасуы
  5. 1 тиістілік аксиома
  6. 2 тиістілік аксиома

Слайдтар:

1-слайд                Планиметриялық фигуралардың өзара орналасуы

 

2-слайд

}  Нүктелерді сызбада көрсету үшін оларды латынның A, B, C…әріптерімен белгілейді.

 

3-слайд

}  Түзуді латынның a, b, c…әріптерімен белгілейді.

}  Түзу шексіз болғандықтан суретте оның бір бөлігін ғана көрсетеміз.

 

4-слайд

}  Жазықтықтарды гректің α (альфа), ß (бета), γ (гамма) әріптерімен белгілейді.

 

5-слайд

}  а түзуінің бойынан М нүктесін белгілейік.

}  М нүктесі а түзуіне жатады немесе а түзуі М нүктесі арқылы өтеді. Сондықтан оны Ма түрінде белгілейміз.

}  В нүктесі а түзуіне жатпайды, оны қысқаша Ва  түрінде  белгілейді.

 

6-слайд

}  Жазықтықта А нүктесін белгілеп, осы нүктеден бірнеше a, b, c, … нүктелерін жүргізейік.

                        

}  Суретке қарағанда, a, b, c, түзулері А нүктесінде қиылысады деп аталады.

 

 

 

7-слайд                                    Тиістілік аксиомалары

}  1 аксиома- Қандай түзуді алсақ та, ол түзуге тиісті нүктелер де, оған тиісті емес нүктелер де бар болады.

8-слайд

}  2 аксиома- кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.

                                                                    

 

іі.алғашқы бекіту

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мазмұны бойынша  қорытынды шығар.

Нүкте мен түзудің орналасуы

Жазықтықтың белгіленуі

 

 

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ііі.құзырлылық қалыптастыру

 

 

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Суретте көрсетілген нүктелердің қайсысы а түзуінде жатады, қайсысы в түзуінде жатады? Қай нүктелер қандай түзудің бойында жатпайды? Жауапты тиісті белгілеулермен жазыңдар.

                          

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Суретте көрсетілген нүктелердің қайсысы а түзуінде жатады, қайсысы в түзуінде жатады? Қай нүктелер қандай түзудің бойында жатпайды? Жауаптарын немесе белгілерін пайдаланып жазыңдар.

                

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

3. М нүктесін белгілеп, ол арқылы өтетін с түзуін жүргізіңдер. Осы нүкте арқылы өтетін тағы қанша нүкте жүргізуге болады?

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

4. а және b түзулері берілген. Олардың қиылысу нүктесі болатын С нүктесін салыңдар. a, b түзулеріне сәйкес А, В нүктелерін алып, берілген түзулерді екі әріп арқылы белгілеп жазыңдар.

                                     

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

 

ІІ деңгей тапсырмалары

1. АВ және АС - қиылысатын түзулер. Олардың қиылысу нүктелерін белгілеңдер; ВС түзуі АВ түзуімен де АС түзуімен де беттеспейтінін түсіндіріп беріңдер (сәйкес сызбаны өздерің жасаңдар).

2. Өзара екі-екіден қиылысатын төрт түзу жүргізіңдер. Осы түзулердің қиылысу нүктелерін белгілеңдер. Неше қиылысу нүктесі болуы мүмкін? Мүмкін болатын нұсқаларды қарастырыңдар.

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

Бір түзуде жатпайтын A, B, C, D, E нүктелері берілген. Осы нүктелердің әрбір екеуі арқылы өтетін түзулерді жүргізіңдер. Барлығы неше түзу жүргізуге болады?

 

іV.шығармашылық әрекет

 

    Түзу бойынан А және В нүктелерін орналастырыңдар. АВ кесіндісінен С нүктесін белгілеңдер, АВ, ВС, СА, АС және ВА сәулелерінің арасынан беттесетін сәулелерді