КСП на тему "Шеңберді қайталау" 8 кл
Оценка 4.9

КСП на тему "Шеңберді қайталау" 8 кл

Оценка 4.9
docx
21.09.2020
КСП  на тему "Шеңберді қайталау"  8 кл
Шеңберді қайталау.docx

№ 3 сабақ

 

Тақырыбы:                      Шеңберді қайталау

Мақсат:

 

Жаңа білім

7-сыныптағы шеңбер туралы материалды еске түсіреді. Ең ұзын хорданың не екенін анықтайды. Шеңберді қалай төрт бөлікке бөлу керек екендігін анықтайды. Диаметрмен бөлінген шеңбер қалай бөлінетіндігін анықтайды. Жазық бұрыш жасайтын хорданың атын атайды.

Жаңа түсінік

Барлық диаметрлердің қандай нүктеден өтетіндігінің түсіндірмесін береді. Жанама мен хорданы айырып таниды.

 

Қолданым әрекеті

АВ мен ВА доғаларының градустық өлшемдері есептеп шығарады. Диаметрдің анықтамасын пайдаланып, оның центрлік бұрышпен байланысын анықтайды.

Талдау әрекеті

Есепті бөлшектеп қарастырады. Центрлік бұрыштың, шеңбердің үшбұрышпен байланысын анықтайды. Соны қолданып қорытынды шығарады.

Шығармашылық әрекет

 Шеңбердің ішінде қай нүкте арқылы шексіз көп өзара тең хордалар сызуға болатындығын ойлап табады.

 

Бағамдау әрекеті

Диаметрдің түсіндірмесін береді. Центрлік бұрышты дұрыс сипаттайды. Центрлік бұрыш пен доғаның байланысын анықтайды.

 

Сабақ құрылымы:

 

 

 

І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).

 

 

Сабақ типі: фронтальді, жұптық

 

 

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

 

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

 

 

Оқушыға жол сілтеу, бағыт – бағдар беру және оқушының индивидуалдық қасиетін дамыту.

 

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:Шеңбер, центр, радиус, диаметр, хорда, доға

 

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

 

 

Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.

 

 

Ақпарат көздері:

1.      Жаров, В.А., Марголите П.С., Скопец, З.А. Геометрия бойынша Сұрақтар мен Тапсырмалар. Москва, Просвещение, 1965.

2.      Қайдасов, Ж., Досмағанбетова, Г., Абдиева, А. Геометрия 7 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012

 

 

Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады. 

 

 

Үй тапсырмасы:

   Шеңбердің үшбұрыш сияқты бұрыштары бар ма? Деген сұраққа жауап жазу, үйдегі бір шеңбер секілді затты тауып алып сұраққа жауаптың дұрыстығын тексеру.

Келесі сабақ салу есептеріне арналғандықтан, циркуль алып келу.

 

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ

 

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

Тақырып жоспары:

1. Шеңбердің анықтамасы

2. Шеңбердің центрі және диаметрі

3. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы

4. Eкі шеңбердің өзара орналасуы

5. Ценртлік бұрыш

6. Доғаның градустық өлшемі

7. Центрлік бұрыш пен доғаның арақатынасы

Слайдтар:       

1 – слайд (титул)

 

2 – слайд   Сабақтың мақсаты

 

3 – слайд   Тақырып жоспары

 

4 – слайд                            Шеңбердің анықтамасы

·         Шеңбер – барлық нүктесі бір нүктеден бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық

1.      О – центр

2.      R – радиус

3.      2R – диаметр

 

5 – слайд                          Шеңбердің центрі және диаметрі

·         Шеңбердің барлық нүктесі центрінен бірдей арақашықтықта орналасқан

·         Шеңбердің кез-келген екі нүктесін центр арқылы қосатын кесіндіні шеңбердің диаметрі деп аталады.

 

6 – слайд                      Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы

·         Түзу – шеңберді бір немесе екі нүктеде қия алады. Бір нүктеде қиса онда ол кесінді (түзу) жанама деп аталады. Екі нүктеде қиса, онда шеңбердің ішінде қалған кесінді хорда деп аталады

 

7 – слайд                            Екі шеңбердің өзара орналасуы

·         Екі шеңбер бір-бірімен бір немесе екі нүктеде қиылыса алады

 

8 – слайд                                          Центрлік бұрыш

  Егер бұрыштың төбесі шеңбердің центрі болса, онда ол бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.

9 – слайд                          Доғаның градустық өлшемі

·         Шеңбердің доға деп нүктелері  шеңберді  екі бөлікке бөледі.

Шеңберді құрайтын доғалардың қосындысы 360o-қа тең, өйткені шеңбер өзі 360o-ты құрайды.

 

10 – слайд       Центрлік бұрыш пен доғаның арақатынасы

·         Центрлік бұрыш пен сол бұрышқа сәйкес келетін доғаның градустық шамалары тең.

                                                            

 

 

іі. алғашқы бекіту

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Шеңбердің элементтерін атап беріңіз

Хорда мен жанаманың айырмашылығы неде?

 

 

Қорытынды:___________________________________________________________

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

+ Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.    Ең ұзын хорданы атаңыз.

2.    R=2 см. Диаметрін табыңыз

3.    Барлық диаметрлер шеңбердің центрімен өтеді ме?

4.    Диаметрмен қиылған шеңбер қандай бөліктерге бөлінеді?

5.    Бір кесінді бір уақытта жанама да, хорда да болуы мүмкін бе?

6.    АВ доғасы 180o-қа тең болса, онда АВ кесіндісінің атын атаңыз.

7.    Шеңберді қалай тең төрт бөлікке бөлуге болады?

ІІ деңгей тапсырмалары

1.      АВ доғасы 60o-қа тең болса, ВА доғасы неше градусқа тең?

2.      Радиусы 1см-ге тең шеңбер берілген. Оның диаметрінің центрлік бұрышын тап.

ІІІ деңгей тапсырмалары

        Радиусы 1 см-ге тең шеңбер берілген. Сол шеңбердің ішінде үшбұрыш бар. Үшбұрыштың бір төбесі шеңбердің центрінде орналасқан, ал қалған екі төбесі шеңбердің үстінде орналасқан. Егер сол үшбұрыштың центрлік бұрышы 60o-қа тең болса, онда қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.


 

Тақырыбы:

Тақырыбы:

ПАРАТ алмасу Тақырып жоспары: 1

ПАРАТ алмасу Тақырып жоспары: 1

Доғаның градустық өлшемі ·

Доғаның градустық өлшемі ·
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.09.2020