Сабақтың тақырыбы: §29 КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан аумағына күштеп қоныс
аударылған ұлт өкілдері туралы мағұлмат беру. Олардың тұрмыстіршілігі, өмірі туралы баяндау.
Қоныс аударылған ұлттардан шыққан белгілі адамдармен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық
жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын таныпбілуге «Біз туысқан бауырмыз» деген сөздің
құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас,ізденіс сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниежүзі тарихы
Сабақтың көрнекілігі: Карта, үлестірмелі материалдар, бейнебаяндар,
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақжауап, тапсырмалар, салыстыру
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Сабаққа қажетті құралдарды түгендету; Оқушыларды топқа бөлу. Бағалау парақтарын
үйлестіру.
3) Психологиялық дайындық. Әр түрлі ұлттардың сәлемдесуі.( қазақ, орыс, үнді, қытай)
Қуанамын менде, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . Қазақстандықтардың Мәскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына
қосқан үлесі.
1. Сталинград майданы.
2. Мәскеу түбіндегі шайқас.
3. Ленинград үшін шайқас.
Ойлан тап. Сұрақжауап.
1. Гитлердің КСРОны жаулап алу мақсатындағы жоспары? Барбаросса
2. Германия КСРОны қанша уақытта жаулап алмақ болды? 34 ай
3. Мәскеу түбінде 5 неміс офицерін өлтіріп ерлік көрсеткен қазақ жігіті? Т Тоқтаров
4. Қарағандылық ұшқышты атаңыз? Н Әбдіров
5. Ленинград шайқасында кеудесін оққа төсеген батыр? С Баймағамбетов
6. Екінші дүниежүзілік соғыс неден басталды? Германияның Польшаға енуінен
7. Панфилов дивизиясы қайда жасақталды? Алматыда
8. Ә Молдағұлова майданда кім болды? Мерген
9. Халық Қаһарманы, партизан жазушы? Қ Қайсенов
10. Қазақстанға ең жақын майдан? Сталинград
ІІІ. Жаңа тақырып . Депортация және Репатриация сөздерінің мағынасын ашу.
Депортация ( лат. қуу) 19201940 жылдардағы жаппай қуғынсүргін кезеңінде КСРОның
бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу.
Репатриация қоныс аударылғандарды отанына қайтару.
Оқушылар берілген тақырыптарын қорғайды. Постер қорғау.
1.
2. Қоныс аударылған ұлттардың жағдайы
3. Депортацияға ұшырағандарға қазақ халқының көмегі. Белгілі тұлғалар.
Соғыс жылдарында қоныс аударылған ұлттар.
Тақырып бойынша бейнебаян көрсету. Жерұйық. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Венн диаграммасы.
Қуғынсүргін.
Репрессия.
Мемлекет органдары қолданатын
азаматтардың құқықтарына нұсқан
келтіру. 19371938ж белгілі
жазушылар мен ақындар атылған.
М Жұмабаев, С Сейфуллин,
Б Майлин, С Асфендиаров т.б
Ұқсастығы
Қоныс аударту. Депортация
Жазықсыз адамдар
жапа шекті.
КСРОның бірқатар
халықтарын тарихи
мекендеген жерлерінен қуу.
Немістер, кәрістер,
шешендер т.б ұлттар
Қазақстанға күштеп әкелінді.
2. Сәйкестендір.
1. Кәрістер 1. 2,2 мың
2. Немістер 2. 2 мыңнан аса
3. Поляктар 3. 100 мың
4. Қалмақтар 4.200 мың
5. Ирандықтар 5. 25 мың
6. Ингуштар 6. 420 мың
7. Болгарлар 7. 406 мың
3. Тарихи диктант.
1937ж Қазақстанға бұл этностың 100 мыңдайы қоныс аударылды. Біз тоң жерлерден
жертөлелер қаздық , даладан гөрі сәл жылы болатын және түнде көрпелеріміз сыз еденге
жабысып қалатын. Қазақ халқы депортацияға ұшырағандарға қолынан келгенінше көмек
көрсетті. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бірбірлерінен көз жазып қалды, олардың
кейбіреуі балашағасынан мәңгілікке айырылды. Қуғын – сүргінге ұшыраған халық
өкілдері қазақ жерінде екінші Отанын тапты.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Депортация кезінде Қазақстанда қалып қойған, қазіргі кезде Қазақстанның
дамуына үлес қосып жүрген Г Бельгер туралы мәлімет жинау. Тақырыптың соңындағы сұрақтарға
жауап беру.
Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Стикер арқылы сабақтан алған білімдерін
толтырады.
Сабақ аяқталды. Қарасу орта жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы:
9 сынып
(Ашық сабақ)
Өткізген: А Утегалиева
КСРО халыктарин Казакстанга депортациялау
КСРО халыктарин Казакстанга депортациялау
КСРО халыктарин Казакстанга депортациялау
КСРО халыктарин Казакстанга депортациялау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.