Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

  • Образовательные программы
  • Руководства для учителя
  • 25.06.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Кітап балалар үшін қуаныштың ғана күші емес жан-жақты тәрбиенің қайнар бұлағы. Ол ұрпақты айналадағы өмірмен таныстырады, адамгершілік қарым-қатынастар, жақсылық пен жамандық, шындық пен әділдік жөніндегі түсініктерін қалыптастырады. Кітапқа деген сүйіспеншілік одан алған білімін өмірге қолдана білу балаға өзінен - өзі келе қоймайды. Бұл жерде кітапханашының, мұғалімнің, ата-ананың белсенді көмегі керек. Жан азығы кітапты оқуға жас ұланды «Балалық» аталатын балғын шақтан тәрбиелеген абзал. Кейбір кітап оқымайтын оқушылардың ата- аналарымен сөйлесу педагогикалық кеңесте сынып жетекшілеріне айту, ұйымдасқан түрде талқылау, экскурсияға шығу және тағы басқа әдістерді қолдана білу арқылы мектепте бірден –бір оқымайтын оқушы болдырмау үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек.