Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...
Оценка 4.7

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Оценка 4.7
Образовательные программы +1
docx
классное руководство +1
Взрослым
25.06.2018
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...
Публикация является частью публикации:
Павлодар қ, №30ЖОМ, Ауталипова Г.С. «Функционалдық сауаттылық» дегеніміз не.docx
Павлодар қаласы, №30 жалпы орта білім беру мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауталипова Г.С. Тел. 87051647568 e­mail: autalipova1977@mail.ru «Функционалдық сауаттылық» дегеніміз не? Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік­ экономикалық   жаңғырту   –   Қазақстан   дамуының   басты   бағыты»   атты Қазақстан   халқына   Жолдауында   ерекше   атап   өтсе,   «Қазақстан­2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы   білімін   ғана   емес,   оларды   қолдану   дағдыларын,   атап   айтқанда функционалдық   сауаттылығын   қалыптастырады.   Оқушылардың   бойында өзіндік   білім   алу,   талдау,   құрастыру,  қоғамдық   өмірде   өзін­өзі   жан­жақты таныту   үшін   білімін   пайдалана   білу   дағдыларын   қалыптастырады   және қоғамға пайда келтіреді. «Функционалдық сауаттылық» дегеніміз не?  Функционалдық   сауаттылығы   дегеніміз­адамдардың   әлеуметтік   , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану   дәуіріндегі   заман   ағымына,   жасына   қарамай   ілесіп   отыруы, адамның маман­дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы   басты   мақсат   жалпы   білім   беретін   мектептерде   Қазақстан Республикасының   зияткерлік,   дене   және   рухани   тұрғысынан   дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қазақстанның   әлемдегі   бәсекеге   қабілетті   30   елдің   қатарына   кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында   тұлғаның   ең   басты   функциялық   сапалары   белсенділік, шығармашыл   тұрғыда   ойлауға   және   шешім   қабылдай   алуға,   кәсіби   жолын таңдай   алуға   қабілеттілік,   өмір   бойы   білім   алуға   дайын   тұруы   және   т.б. функционалдық   дағдылар   мектеп   қабырғасынан   қалыптасады.Мемлекет басшысы   Н.Назарбаевтың   2012   жылғы   27   қаңтардағы   «Әлеуметтік­ экономикалық   жаңғырту   –   Қазақстан   дамуының   басты   бағыты»   атты Қазақстан   халқына   Жолдауын   іске   асыру   мақсатында   оқушылардың функционалдық   сауаттылығын   дамыту   жөніндегі   2012­2016   жылдарға арналған   ұлттық   іс­қимыл   жоспары   (бұдан   әрі   –   Ұлттық   жоспар)   ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді. Ұлттық   жоспар   Қазақстан   Республикасындағы   білім   сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын   дамыту   іс­қимылдарының   мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін   қамтамасыз   етуге   бағытталып,   оқушылардың   функционалдық сауаттылығын   дамыту   үдерісін   мазмұндық,   оқу­әдістемелік,   материалдық­ техникалық   қамтамасыз   ету   жөніндегі   іс­шаралар   кешенін   қамтиды. Оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   дамытудың   жалпы   бағдары Қазақстан   Республикасында   білім   беруд   ідамытудың   2011­2020   жылдарға арналған   мемлекеттік   бағдарламасында   да   анық   көрсетілген.Ондағы   басты мақсат   жалпы   білім   беретін   мектептерде   Қазақстан   Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамығана заматын қалыптастыру, оның   физикалық   құбылмалы   әлемде   әлеуметтік   бейімделуін   қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Функционалдық   сауаттылық   –білім   берудің   жеке   тұлғаны қалыптастырудағы   әлеуметтік   бағдарлануы.   Қазіргі   тез   өзгермелі   әлемде функционалдық   сауаттылық   –   оқушының   әлеуметтік   мәдени,   саяси   және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай­ақ өмір бойы білім алуына   ықпал   ететін   базалық   фактор.   ХХІ   ғасырдың   жан­жақты,   зерделі, дарынды,   талантты   адамдарды   қалыптастыруда   білім   беру   мәселесі,   оның оқыту   жүйесін   заман   талабына   сай   үйлестіре   алу   міндеті   туындап,   жаңа талаптар қойылуда . Функционалдық   сауаттылықта   басшылыққа   алынатын   сапалар:         ­белсенділік ­шығармашылық тұрғыда ойлау ­шешім қабылдай алу ­өз кәсібін дұрыс таңдай алу ­өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.   Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.  Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.   Оның бірінші механизмі­оқыту әдіснамасы мен мазмұнын   түбегейлі   жаңарту   /   МЖБС   ­мемлекеттік   стандарт/   .   Ол   үшін мұғалім   оқушының   бойына   әлеуметтік   ортаға   бейімделуіне,   алған   білімін практиакалық   жағ­дайда   тиімді   пайдалана   алатындай   негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.  Олар:  ­басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;   ­ақпараттық   /өз   бетінше   ақпараттар   көздері   арқылы   үнемі   білімін   көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;   ­коммуникативтік   /қазақ   ,орыс   ,ағылшын   тілінде   ауызша   ,жазбаша   қарым­ қатынас жасау;   ­әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс­әрекет жасай алу қабілеті/;   ­тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, , қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын­ шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;   ­азаматтық   /қазақ   халқының   салт­дәстүрі,тарихы,   мәдениеті,   діні   мен   тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/   ­технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;   Оқушы   осы   аталған   негізгі   құзыреттіліктермен   қатар   пәндік   құзырет­ тіліктерді   /әр   пәннің   мазмұны   арқылы/   меңгеруі   тиіс.   Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны ,құрылымы функционалдық сауатты­ лықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.  Ұлттық   жоспарда   көрсетілген   функционалдық   сауаттылықтың   екінші механизмі­оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған   /   Бағалау   жүйесі   функционалдық   сауаттылықта   сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау­ оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау­ әрбір деңгейді аяқтау бойынша   білім   алушының   оқу   жетістіктерінің   нәтижелері   /ҰБТ,ОЖСБ­ ВОУД/.   Сондай­ақ   халықаралық   /TIMSS   ,  PISA   және   PIRLS/   зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін­өзі бағалауы өзін­өзі ұйымдастыру және өзін­өзі   жетілдіру   үшін   жеке   жетістіктерін   бағалау   арқылы   жүзеге асырылады.Критериялық   бағалау   жүйесі   Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі­ата­аналардың балаларды оқыту   мен   тәрбиелеуге   белсенді   қатысуын   қамтамасыз   ету.Ата­ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата­ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен   тығыз   байланыс   жасау   керек.   Ата­ана   баласының   ерекше қасиетін   тану,   түсініп   қол   үшін   беру,   олардың   қабілетін   дамыту,   бойына рухани   құндылықтарды   қалыптастыру,   жағымсыз   мінез­құлық,   әдеттрден арылтуға   да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.    Ата­ананың   бойында   енгізілетін   болады.   көмек   беруі   керек. Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде   ата­аналарға   арналған   семинарлар   мен   тренингтер   өткізіледі. Аталған   жұмысқа   Үкіметтік   емес   ұйымдар   (ҮЕҰ)   және   азаматтық қауымдастықтың   басқа   да   секторлары   белсенді   Төртінші механизм­қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар   сарайы,музыка   мектептері,   жас   техниктер   мен   натуралистер станциялары   жұмыстарын   түбегейлі   өзгерту   қарастырылған.   Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын   болады.Оқытудың   жаңа   технологиялары   мен   интерактивтік, инновациялық   формалары   енгізілетін   болады.   Олар:   балалар   интерактивті парктері   (ғылыми   қалалар),   технопарктер,   балалар   мұражайлары,   ғылыми   тартылады. үйірмелер   және   т.б   Бұл   –   шығармашылық   пен   инновацияға   деген қызығушылықты   арттырады.   Мұндай   оқыту   жүйесі   баланың   санасына әлеуметтік   тұрмысына,   төңіректегі   әлемге   терең   көзбен   қарап   үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан   соң   бала   үйренген   білімін   ұмытып   қалмайды,   қайта   өмірде пайдаланатын болады. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Сонымен,   функциональдық   сауаттылық   адамның   мамандығына,   жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани   тұрғысынан   дамыған   азаматын   қалыптастыру,   оның   физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Функционалдық   сауаттылық   –   адамның   сыртқы   ортамен   қарым­ қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым­қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олайболса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгіл і бір мәдени ортада өмір сүру і үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым­қатынас жасау ын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасынд ол тек білік пен білім ділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.  Қолданылған әдебиеттер: 1.сілтеме деректері http://collegy.ucoz.ru/ 2.  Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлігі.   Алтынсарин атындағы   Ұлттық   білім   академиясы.   12   жылдық   білім   беру   жағдайында оқушылардыңфункционалдық қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары.Әдістемелік құрал.Астана2013 сауаттылығын

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.06.2018