Кітапхана жұмысының күрделілігі
Оценка 4.8

Кітапхана жұмысының күрделілігі

Оценка 4.8
Книги
docx
другое
07.04.2020
Кітапхана жұмысының  күрделілігі
Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз беттерінен ақпарат берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау болып табылады. Одан да бөлек жоспардан тыс шаралар өте көп болады.
эссе.docx

Кітапхана жұмысының  күрделілігі

 

Қазіргі заманда қоғамда кітапхана мекемесі, кітапханашы мамандығы жәй қарапайым қызмет деп қалыптасқан. Кітапханаға кім барады? Баратын адамдар бар ма? –деген сұрақтарды да жиі естиміз. Кітапханашының жұмысы оңай ғой, тек  кітап береді,- деп ойлайтын адамдар да аз емес. Сол адамдардың ішінде мен де болғанмын.                 Бірақ, кітапхана жүйесіне қызметке келгеннен бері ойымды күрт өзгерттім.  

Халық «жеңіл жұмыс болмайды...» деп айтады, кітапхана жұмысы да жеңіл жұмыс емес екеніне көзім жетті.  

Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз беттерінен ақпарат берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау болып табылады. Одан да бөлек жоспардан тыс шаралар өте көп болады.

Кітапханашы - тікелей және бейнелі мағынада  кітап сақтаушы. Оған кітаптар жіктемесінің, библиографиялық анықтамалықтар мен каталогтар жасаудың құпиялары жатады. Уақыт өте келе кітап (қағаз, мата, желім) жасалған материалдардың көпшілігі  тозады. Кітапханашы  кітаптар, әсіресе ежелден сақтаулы  даналар, аудио және бейнежазбалардың сақталуға тиісті шарттарын жетік біледі. Қазіргі заман кітапханашысы қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жақсы біледі: компьютерді, кеңсе техникасының барлық түрлерін, бейнетехниканы және басқа да аппаратураны жақсы меңгерген.

Бірақ кітапхана қорымен жұмыс - бұл оның қызметінің бір ғана бағыты. Басқа бағыт-оқырмандармен жұмыс. Кітапханашы келушілерге кеңес береді, олардың жас ерекшелігіне қарай әдебиетті  іздеуге  және  таңдауға  көмектеседі. Бүгінгі кітапханашы-ол ақпаратшы, кеңесші, ақылшы,көркемдеуші, сценарист,ең бастысы  кез-келген сұраққа жауап бере алатын, кітапхана қорында бар әдебиеттердің мазмұнын білетін ақылды адам.

Кішкене жалпы кітапхана тарихына тоқталсақ.

Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы 200  жыл бұрын басталған. Бірінші кітапхана 1831 жылы Орал қаласында әскери училище жанынан ашылған  және тек оқушыларға қызмет көрсеткен, ал 1858 жылы атаман А. Д. Столыпиннің  бастамасымен көпшілік болып қайта құрылған екен. Бүгінде бұл Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы. Қазақстандағы кітапханалардың бірі - Семей ғылыми әмбебап кітапханасы. Бұл кітапхананың есігі алғаш рет 1883 жылы оқырмандар үшін қонақжай болып ашылды. 1931 жылы Қазақстанда Қазақ КСР Мемлекеттік кітапханасы ұйымдастырылды, ол 1991 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мәртебесіне ие болды. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Қазақстан Республикасының Кітапхана Қауымдастығы жұмыс істейді, оның басты мақсаттарының бірі қоғамдағы кітапханашы мамандығының беделін көтеру болып табылады.

Ал, мен өзім жұмыс жасайтын кітапхана тарихына тоқталар болсам,қалалық орталық кітапхана 1943 жылы құрылып 20 ш.м. жерде орналасқан.1965 жылы кітапхананың кітап қоры 25 мың дананы құрады.

1977 жылғы Облыс орталығындағы Қалалық мәдениет бөліміне барлық кітапханалардың бірігуінен кейін кітапхана – М.Ломоносов ат. Орталық кітапхана статусын алды. Ақтөбе қ. бүгінде 13 кітапхана, о.і. 7 селолық, оның 5-уі селолық модельді, 6- қалалық кітапханалар.

            Бүгінде кітапхана 1968 жылы салынған  Жангелдин көшесі,78 үйде орналасқан. Кітапханадағы пайдаланылатын көлем  100 мың дана кітапхана қорын сақтауға есептелмеген. Қала көлемінде көпшілік шаралар, семинарлар мен конференция, тұсаукесерлер т.б. шараларды өткізуге мүмкіндік жоқ. Осыған қарамай кітапханашылар көптеген мазмұнды, тарихи шаралар ұйымдастыруда. Бүгінде кітапхананың тұрақты да жүйеленген  қызметі   болашаққа сенімділікті арттырады.        

       Жылдың жылымен елімізде аталып өтіп жатқан күнтізбелік атаулы күндер біздің кітапханамыздың басты жоспарында. 2019 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында 10 қаңтар мен 10 мамыр аралығында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік  кешенінде, «Керуенсити» ойын-сауық орталығында, «Сапар» жолаушылар вокзалы мен Батыс-2 шығармашылық академиясында «Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем» жылжымалы тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 4123  қаламыздың тұрғындары мен қонақтары танысты.

   Ал, 2020 жылы мен жұмыс жасайтын Ақтөбе «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханашылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы,
Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орда мемлекетінің
750 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдықтары, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойларына арналған шаралар ұйымдастырып, осы және басқа да тақырыптарды насихаттайтын әдебиеттерді насихаттауда кітап сүйер қауымға қызмет көрсетеді. Менің жұмысымның күрделілігі де сол , біз қоғамдық-саяси ақпаратшысымыз. Өз қызметімді сүйемін!  

           

 

 

Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері

Сейтмаганбетова Жаркын Бахиткереевна


 

Кітапхана жұмысының күрделілігі Қазіргі заманда қоғамда кітапхана мекемесі, кітапханашы мамандығы жәй қарапайым қызмет деп қалыптасқан

Кітапхана жұмысының күрделілігі Қазіргі заманда қоғамда кітапхана мекемесі, кітапханашы мамандығы жәй қарапайым қызмет деп қалыптасқан

Облыс орталығындағы Қалалық мәдениет бөліміне барлық кітапханалардың бірігуінен кейін кітапхана –

Облыс орталығындағы Қалалық мәдениет бөліміне барлық кітапханалардың бірігуінен кейін кітапхана –
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.04.2020