Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.
Оценка 4.9

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Оценка 4.9
Домашнее обучение
docx
классное руководство
4 кл
05.11.2017
Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.
Ата-ана қауымдастығымен тығыз байланыс орната отырып, оқушының таным көкжиегін кеңейтудің жолдарының бірі. Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше. Мектеп оқушыларының кітапханаға қызығушылығын арттырып, кітапхана қызметін пайдалана білу, кітапхананы зерттеушілік жұмыс жүргізу барысында ресурс орталығы ретінде тануға баулу мақсатында ұйымдастырған жұмыстарымды ой елегінен бір өткізіп, тәжірибе бөлісуді жөн санадым. впаолоАта-ана қауымдастығымен тығыз байланыс орната отырып, оқушының таным көкжиегін кеңейтудің жолдарының бірі. Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше. Мектеп оқушыларының кітапханаға қызығушылығын арттырып, кітапхана қызметін пайдалана білу, кітапхананы зерттеушілік жұмыс жүргізу барысында ресурс орталығы ретінде тануға баулу мақсатында ұйымдастырған жұмыстарымды ой елегінен бір өткізіп, тәжірибе бөлісуді жөн санадым.
Кітапханаға саяхат.docx
Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.       Үнемі өзгермелі өмірде табысты болуға қабілетті, жоғары өнегелі,  шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту  қазіргі таңдағы мектеп үшін  басты мәселенің бірі. Мектептерде  білім беру  мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар  осындай түйінді  мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.  Сондай жүргізіліп жатқан  жұмыстардың бірі­ оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру  бағытындағы іс­ шаралар. Мектеп табалдырығын аттаған күннен  оқушыларымды кітап оқуға үйрету барысында кітапханалармен байланысты  нығайтып, кітап алып оқуға баулуды қолға алдым.       Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың талаптарын  қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда   кітапхананың алар орны ерекше.  Мектеп оқушыларының кітапханаға  қызығушылығын арттырып, кітапхана қызметін пайдалана білу, кітапхананы  зерттеушілік жұмыс жүргізу барысында ресурс орталығы ретінде тануға баулу мақсатында  ұйымдастырған   жұмыстарымды ой елегінен бір өткізіп,  тәжірибе бөлісуді  жөн санадым.        Оқушыларым 1­сыныпқа келген кезде мектеп кітапханасына саяхат  ұйымдастырылып,  таныстырылым жасалды. Мектеп кітапханасы – мектептің  мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы, балаларды оқуға тартудың  бастапқы буыны.  «Буындап оқимыз» айдарымен ұйымдастырылған іс –шараға қатысу үшін әрбір оқушы мектеп кітапханасынан кітапшалар жаздырып алып  үйренді.   Оқушылардың кітапханадан кітап жаздырып алулары «Ертегілер  елінде»  атты іс – шараға қатысу үшін көп септігін тигізді. Оқушылар оқыған  ертегілерінің мазмұнын айтып, кейіпкерлерінің суретін салды.  2­сыныпта  ақпараттық әдебиеттерді пайдалануға машықтандыру мақсатында топтық  зерттеушілік жұмыстар өткізілді.  Балалар нақты тақырыпқа сәйкес   кітаптардан нақты мәліметтер іздеп, пайдалануды үйренді.      Мәнерлеп оқу сайыстарына қатысу үшін нақты авторлардың өлеңдерінен  таңдағанын таба білуге машықтанды. Кітап ­біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз. Өткен  замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де,  басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі,  талай жаңалықтың көзі­осы кітаптар. Рухани тарихын, ата бабаларымыздың  салт дәстүрлерін, әдет ғұрпын тануда кітаптың берер, көмегі ұшан­ теңіз.      Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы  ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген  құдіреттен тапты.  Осы кітаптың басылып шығу жолын көрсету үшін сынып  оқушыларының ата­аналары  Сүйіндікова  Сымбат, Бексаинова Динара Қазақ  Ұлттық Университетінің  «Қазақ Университеті» баспа үйіне саяхат  ұйымдастырды. Саяхат барысында оқушылар осы баспаның 1. Оқу басылымдар бөлімі 2. Сериялық басылымдар бөлімі 3. Имидждік өнім және электронды басылымдар бөлімі 4. Ғылыми басылымдар бөлімі 5. Баспахана бөлімі 6. Маркетинг және сату бөлімінің жұмыстарымен танысып, кітаптың  оқушы қолына келу жолымен танысты. Сынып оқушыларын кітапхана жұмысымен таныстырып, ой­ өрістерін  кеңейтіп, дүниетанымдарын арттыру мақсатында ата­аналар Әл­Фараби  кітапханасына да  саяхат ұйымдастырды.     Әл­Фараби кітапханасы – «ҚазҰУ қалашық» атымен танымал бірегей, әсем студенттік кампуста, қаланың көркем аудандарының бірінде орналасқан, әл­ Фараби   атындағы   Қазақ   ұлттық   университетінің,   еліміздің   жетекші   ЖОО құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2012 жыл әл­Фараби кітапханасының тарихында ерекше жағдай, яғни Орталық Азиядағы   бұрын­соңды   болмаған   жаңа   технологиялық,   коммуникациялық шешімдермен   орайласқан   шығыс   стиліндегі   элементтерімен   ерекшеленетін заманауи ғимаратқа көшумен есте қалды.   шаралар   өткізуге     арналған   (кездесу, Кітапхананың жалпы аумағы – 17856 шаршы метр. Оның құрылымында 11 абонемент,   780   орынды   1850   шаршы   метрлік   классикалық   оқу   залдары, көпшілік диспут, дөңгелекүстел) ғалымдар   залы, авторефераттар   және   диссертациялық жұмыстармен   тұрақты   толықтырылып   отырылатын Магистранттар залы, жеке   және   топпен   жұмыс   жасауға   арналған   залдар,   мерзімді басылымдар залы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапхананың   өзінің   1800   шаршы   метрден   асатын   аумағы   бар,   әртүрлі көрмелер   ұйымдастыруға   арналған   300,   80,   60,   50   орынды   4   конференц­ залдары,   270   орынға   арналған Электронды   кітапхана жұмыс   істейді.   Бұл залда   мультимедиалық,   графикалық бағдарламалармен,   электронды   ресурстармен,   жеке   ноутбуктармен   жұмыс істеуге арналған аймақтары бар. Оқырмандардың   тиімді релаксациондық аймақтарға қосылған 75 орындық асханасы бар.   демалуларына   арналған   коммуникациялық­   ғаламтормен   жұмыс   жасау, Кітапханада   Шығыстың   ұлы   ойшылы әл­Фарабидің   өмірі   мен шығармашылығын   насихаттайтын   мұражайы,   ұлы   ғұламаның   ғылыми­ ағартушылық   мұрасын   зерттеумен   айналысатын   әл­Фараби   Орталығы орналасқан.   Осы іс­шаралар арқылы  оқушыларым кітапханадан  әдебиет таңдауға,   оқыған шығармасындағы  негізгі ойды анықтап,  достарымен бөлісе білуге  ұмтылып, оқырмандық қызығушылығы, дүниені тануға қызығушылығы  артып, үйрену үстінде. Оқушылардың оқу дағдысы қалыптасып, ақпаратқа қол  жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға талпынуда. Оқушыларым  біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктеріне  көз жеткізіп келеді.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.11.2017