Латын әліпбиі
Оценка 4.9

Латын әліпбиі

Оценка 4.9
docx
24.05.2022
Латын әліпбиі
Латын әліпбиі 22+.docx

Менің таңдауым - латын әліпбиі

 

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру - бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

Н.Назарбаев

 

          Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінің жас мамандары латын әліпбиіне байланысты соңғы 2-3 жыл бойы ізденістер жүргізіп, жаңа әліпби туралы ақпарат пен хабарды жібермей оқып, зерттеп келеді. Жас мамандармен « Менің таңдауым - латын әліпбиі» тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында жас мамандар өз ойларын ортаға салып, жаңа әліпби жаңашылдыққа жетелейтінін атап өтті.

          Латын жазуы әлемнің  120 елінде ресми қолданыста екен. Латын әліпбиін қабылдасақ өрісіміз кеңейеді, бізді әлемнің жүзден астам халқы оқитын болады, біз олардан да көп нәрсені үйренеміз.

          Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Әлем жаңа үшінші индустриалдық революция кеңістігіне еніп, жаңа нейроәлем қалыптаса бастаған кезде Қазақстанның латын графикасын таңдауы мемлекеттік деңгейдегі дұрыс әрі тиімді шешім. Біз үшін латын әліпбиіне көшудің, оны оңай оқып кетудің ешқандай қиындығы жоқ. 

          Жас мамандар болашақта латын әліпбиінің қыр-сырын үйреніп, оқушыларға үйретеміз деген ойда. Әліпбиді кеңінен түсіндіріп, қоғамда оң пікір туғызуды алға тартты. Егер жаңа жазуға көшіп жатсақ біздің мұғалімдер де жаңашылдықпен жұмыс істеуге даяр екендігін көрсетті.


 

Менің таңдауым - латын әліпбиі «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру - бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

Менің таңдауым - латын әліпбиі «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру - бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.05.2022