Әлихан Бокейханов
Оценка 4.8

Әлихан Бокейханов

Оценка 4.8
Научные работы
docx
воспитательная работа
9 кл
20.09.2017
Әлихан Бокейханов
Өзектілігі:Биыл көрнекті қоғам және саяси қайраткер, ғалым, оқытушы, этнограф Әлихан Нұрмұхамедұлының туғанына 150-жыл толып отыр, сонымен бірге осы жылы ЮНЕСКО күнтізбелік жоспары бойынша аталып өтілетін мерейтой қарсаңы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығымен тұспа-тұс келді. Ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасының президенті елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100-нақты қадам жобасының 89-қадамында айтылғандай «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептегі білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕҢГІЗУ. Соған үлгі ретінде ұлы тұлға Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, қоғамдық саяси қызметі, тарихи еңбегін алдым.
алихан бокейханов.docx
Қазақстан Републикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі                                                  Ғылыми жоба Тақырыбы: Дара және дана тұлға ­ Әлихан Бөкейханов                       Мектеп оқушыларына арналған I мектепішілік ғылыми  конференцияға қатысушы: Советказиева Арайлым Ғылыми жетекші: Жумаханов Қуан Ануарұлы 18 сәуір 2016 ж.                                                          Жоспар:  І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 1.Әлихан Бөкейханов­қазақ зиялысы (ата тегі, балалық шақ, қалыптасу жолы, ұлт мүддесі жолында) 2.Саяси қайраткер, ұлт көшбасшысы. 3.Әлихан Нұрмұхамедұлы – армандаған тәуелсіздік. ІІІ.Қорытынды бөлім ғалым,   оқытушы,           Өзектілігі:  Биыл   көрнекті   қоғам   және   саяси қайраткер,   этнограф   Әлихан Нұрмұхамедұлының   туғанына   150­жыл   толып   отыр, сонымен бірге осы жылы ЮНЕСКО күнтізбелік жоспары бойынша  аталып  өтілетін  мерейтой  қарсаңы  Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздігінің   25­   жылдығымен тұспа­тұс келді.      Ғылыми жаңалығы:  Қазақстан Республикасының президенті   елбасы   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың 100­нақты қадам жобасының 89­қадамында айтылғандай «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.   Мектептегі   білім   берудің   қолданыстағы   оқу ЕЛ бағдарламаларына ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН   ЕҢГІЗУ.   Соған   үлгі   ретінде ұлы тұлға Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, қоғамдық саяси қызметі, тарихи еңбегін алдым.  МӘҢГІЛІК Кіріспе                                                       Егеменді   тәуелсіздік   алып,   жеке   егемен   ел   болғалы   жиырма   бес   жылды   еңсеріп қалдық.Тарихтың   көне   көзімен   қарасақ,   аса  көп  уақатта   емес,  дегенмен   де  ел   болып   еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт 25 жыл өз кезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті.   Қазақ   ұлтының   сақталуы,   ықылым   заманнан   өзі   мекендеген   ата­жұртында   дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеріп, егеменді ел ретінде өркендеуінің бастауы тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке. Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды, тарихта   өшпес   ізі   қалатын   межелі   кезеңдер   таяғанда   қатты   қобалжығаны   рас.   Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сондықтан да тәуелсіздік үшін күрескен әрбір адам тарих үшін аса маңызды. Дегенмен де, келер ұрпақ енді қайталанбас тәуелсіздіктің, ұлттың осы мұратқа қол жеткізуінің азапты да сезімге, толы жылдарын, осындай ұлы күннен кейінгі мемлекетіміздің гүлдене түскен тағдырлы кезеңдерін мейлінше жадында сақтауы тиіс. Болашақ ұрпаққа жол сілтеп, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатқандарды,  ұлттық­қайраткерлер мен батырларды, тәуелсіздікті жырлаған ақын­жырауларымыздың маңызы зор. Соның ішінде елдің қалыптасуына ықпал еткен «Алашорда» қайраткерлерін мақтанышпен еске алуымыз керек. Солардың бірі биыл   туғанына   150   жыл   болған   Алаш   партиясының     төреғасы   ­   Әлихан   Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.      «Алаш» дегеніміз – ұлт­азаттық қозғалысы. Оны коммунистік партия шектеп, тар қалыпқа салып, «Алаш» қозғалысы деп атады, ұлт­азаттық деген атаудан қашты, қозғалыс кейін, әрине, саяси   партияға   ұласты.   Қазақ   тарихындағы   тұнғыш   демократиялық,   ұлттық   ұстанымдағы партия осы «Алаш» партиясы болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де осы дәреже, деңгейде Әлекеңдер құрған ұлттық «Алаш» партиясындай партия бізде болған емес.            Саяси партия не үшін құрылады ? Әрине, ұлтты біріктіріп, ұлттық мүдде­мақсаттарды анықтап,   соған   ұлттың   күш­жігерін   жұмылдыру   үшін   құрылады.   Кезінде   Міржақып Дулатовтың   1917   жылы   жазған   бір   мақаласы   бар,   «Қазақ»   газетінде   жарияланған,   сонда «Ресейде   саяси   партиялар   көп,   бірақ   олардың   біреуінің   бағдарламасы   біздің   халқымыздың мүддесіне   сай   келмейді.   Бізге   тура   қазіргі   тарихи   кезеңдегі   негізгі   мүддемізді, қазақшылығымызды білдіретін, соны қорғай алатын саяси партия керек, оның негізінде ұлт өмірі жатуы керек» дейді. Міне, «Алаш» осындай негізде, осындай мақсатта құрылған саяси ұйым болатын. Сайлауға түскен үш адамның Айдархан Тұлыбаев, Халел Досмұхамбетовтердің арасынан басым дауыспен Әлихан Бөкейханов төраға болып сайланды. Он бес адамнан тұратын үкімет құрамы реттелді. Иә, Әлекең бұл дәрежеге төре баласы екендігінен емес, ерекше білімі, тұлғасы, еңбегі мойындалып лайықталды. Ол шын мәнінде барлық сыннан өткен нағыз саяси лидер   болатын.   «Алаш»   қайраткерлерінің,   партиясының   негізгі   мақсаты   тәуелсіздікке   қол жеткізу   болды.   Әлихан   Бөкейханов,   Ахмет   Байтұрсынов,   Мұстафа   Шоқай,   Мұхаметжан Тынышпаев,   Міржақып   Дулатов,   Халел   Досмұхамедов,   Халел   Ғаббасов   сияқты   ондаған қайраткер 12 жыл бойы қажырлы еңбек етті. ХХ ғасыр басындағы геосаяси жағдайда қалпына келтіруді,   оның   шаңырағының     астына   халқымыздың   атақонысын,   яғни   этникалық территориясын біріктіруде осылардың негізінде халқымызды отарлық езгіден құтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өздеріне басты міндет деп белгіледі. Әлихан Бөкейхановты ұлт­азаттық қозғалысының теориялық негізін қалаушы ғана деп тану жеткіліксіз. Ол ХХ ғасыр басында қалыптасқан геосаяси жағдайда ұлт­азаттық күрестің жаңа, сапалы формасын, яғни оның саяси түрін қалыптастырып, күрестің осы түрі негізінде елімізді тәуелсіздікке жеткізудің мақсат­мүдделерін айқындап, нақтылауда  қажымас қайрат көрсеткен халқымыздың саяси көсемі болды десек, артық айтқандық болмайды. Негізгі бөлім І. Бала Әлиханнан – көсем Әлихан Бөкейхановқа дейін     Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс­ лағынет аламыз ба? Кеудесінде қөзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.                                                                                                                                              Түрік баласы( Әлихан) Ата тегі   Xx ғасырдың бас кезінде ортағасырлық ұйқыда жатқан алаш қауымы арасынан ат төбеліндей азаматтар   суырылып   шығып,   болашағы   бұлдыр   көшпелі   қазаққа   бағдаршам   болды.   Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интеллигенция басқарды. Ол топтың   басында   ұлт   зиялысы,   публицист   әрі   саясаткер,   патшалық   Ресей   Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік­аймақтық бөлініс бойынша бұл елдімекен Қарағанды облысы, Ақтоғай   ауданы,   «Қаратал»   совхозына   қарайды.   Әлиханның   үлкен   атасы   ­   Бөкей,   атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі ­ Батыр сұлтан. Батырдың ұлдары Мырзатай   мен   Рүстем.   Мырзатайдан   Нұрмұхамед   туады.   Әлиханның   әкесі   –   Нұрмұхамед, анасы ­ Бегім ханым. Олар оқу­білімге жақын, парасатты адамдар болған. Балалық шақ        Әлиханның тілі алты жасқа келгенде әрең шыққан. Ол бала кезінен ел көшкенде түйеге мінгенді,   әкесімен   бірге   аңға   шыққанды   ұнатыпты.   Ауылдағы   татар   молда   Зәриевтен   тіл сындырып, тоғыз жасында орыс тілін үйрену үшін Қали Бекметовтың үйіне барған жерінен оған көңілі толмай өз бетімен мектеп­интернатқа оқуға түседі. Интернатта оқып жүргенде оның   келешек   тағдырына   игі   әсер   еткен   күтпеген   оқиға   болыпты.   Мектепке   ойда   жоқта генерал­губернатор   Колпаковский   соғады.   Ол   балаларды   сынамақ   оймен:   «Омбы   мен Қарқаралының   арасы   760   шақырым.   Осы   екі   араны   өткенше   арбаның   доңғалағы   неше   рет айналады»   деген   есеп   береді.   Сонда   Әлихан   есепті   бәрінен   бұрын   шығарған   екен.   Сөйтіп Колпаковскийдің ұсынуымен Әлихан Омбының техникалық училищесіне оқуға түседі. Кейін оқуын тамамдаған шәкіртке училище директоры Н.Е.Добрахотов Қарқаралы уезінің бастығын «үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін» 200 сом стипендия тағайындауға көндіріп, профессор И.Н.   Бородинге   арнайы   хат   жазып,   Санкт­Петербург   қаласындағы   Императорлық   Орман шаруашылығы институтына жолдама береді. Қалыптасу жолында            Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық  көзқарасының  қалыптасуына   халықтың  бай   ауыз  әдебиетінің,  ұлы  Абайдың  және басқа   ақын­жыраулардың   ықпалы   тигендігі   сөзсіз.   Оның   1907   жылы   тұнғыш   рет   орыс оқырмандарын Абайдың шығармашылығымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909  жылы   ұлы   ойшылдың  шығармаларының  Петерборда   жарық   көруіне  мұрындық   болып, өмірінің  соңына  дейін  «Қобыланды»,  «Ерсайын», «Қозы Көрпеш  – Баян  сұлу»  және  басқа көптеген   ауыз   әдебиеті   үлгілерін   жинап,   зерттеп   және   насихаттап   өтуін,   әрине,   кездейсоқ жағдай  деп  айту  қиын.  xlx  ғасырдың  соңында  Ресей  империясында  саясаттан  тыс  қалған түпкірді табу қиын болар еді. Оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине,   Санкт­Петербургте   Орман   шаруашылық   институтында   оқып   жүрген   жылдарына   тұс келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатысып,  xx  ғасырдың босағасынан аттағалы тұрған   Ресейдің   қандай   жолмен   дамуы   тиімді   болатындығы   туралы   қайшылықты   пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Ә.Бөкейханов институтты бітірген бетте ішкі   Ресейден   қоныс   аударушылар   жағдайын   зерттеу   үшін     ұйымдастырылған   Половцев экспедициясына   қатысу   үшін   1895   жылдың   жазында   Омбыға   келіп,   экспедиция   жұмысына рұқсат   берілмеген   соң   сонда   қалып   қояды.   Омбыдағы   Орман   шаруашылығы   училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасқан ол тура осы мезгілде социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласа бастайды. Осында жүріп Ольга Яковлевнаға   үйленеді.Кейінен   дала   облыстарын   зерттейтін   Щербинаның   ғылыми­зерттеу экспедициясына   қатысты.Осы   экспедиция   жұмысында   ол   туған   елінің   экономикасын, шаруашылық   құрылымын,   ауыл   шаруашылық   санағын   жүргізді,   халықтың   тұрмысымен танысты, мәдениетін, салтын, тарихын жан­жақты зерттеді. Ұлт мүддесі жолында       Қалай болғанда да, Ә.Бөкейхановтың көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ оқығандарының   саяси   көзқарасының   мүлдем   жаңа   сапаға   көтерілуіне   тұнғыш   орыс революциясы ерекше ықпал етті. Қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды.  Осы  бағытта газет   шығару,   күреске   шақыратын   кітаптар   бастырып   тарату,   көкейкесті   қоғамдық   саяси талаптар   қойған   петициялар   ұйымдастыру   сияқты   бұрын   қазақ   тарихында   болмаған   саяси күрес   құралдарын   игере   бастады.   Сан   жағынан   аз,   әлеуметтік­саяси   күресте   жинаған тәжірибесі мардымсыз ұлттық интеллигенция үшін бұл жеңіл­желпі емес істерді көтеріп алып кету оңайға түспегендігі анық.Осы тарихи кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналар ды бөліп   айтуға   болар   еді.Олар:   белгілі   Қарқаралы   петициясын   ұйымдастыру   және   өлкеде Ресейлік   конституциялық   демократиялық   партияның   жергілікті   филиалын   құру   жолында жасалған   әрекет.   1905   жылы   маусым   айында   Қоянды   жәрмеңкесінде   жазылған   Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай талаптар қойылды: діни   сенімдерді   атқаруда   жергілікті   халықтың   еркіне   қайшы   келетін   шектеулерді   жою, ауылдарда   сабақ   орыс   тілімен   бірге   қазақ   тілінде   де   жүргізілетін   мектептер   ашу;   қазақ халқының мұң­мұқтажын талқылауға қажет құрал­цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға   рұқсат   беру;   жаппай   қоныстану   қарқыны   күшейіп,   құнарлы   жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меңшігі екендігін мойындау;мемлекеттік аппаратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою т.с.с. Және  айта кетерлік жайт Әлихан Бөкейханов   пен   оның   әріптестерінің   ұлт   мүддесі   жолындағы   тарихи   жеңісі.Алаш   ұранды азаматтардың   оншақты   жылға   созылған   қажырлы   еңбектерінің   арқасында   1917   жылы желтоқсанда   «Алаш»   партиясы   құрылды.Үкімет   басшысы   Әлихан   Бөкейханов   қазақ тұрмысының   жан­жақты   білгірі   ғана   емес,   өз   заманынан   озық   тұрған   әлемдік   деңгейдегі саясаткер, жан­жақты ғалым адам еді.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса   зор,   қасіретті   зардаптар   әкелді;   жаппай   отаршылдықтың   салдарынан   қазақ   халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады; қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды… Ахмет,   Әлихан,   Міржақып,   Мағжан,   Мұстафа,   Смағұлдар   алаш   туы   астында   ел   болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз? ­ деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта­қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман­ ды.   Қазақ   автономиясын   жариялағанда   алаштың   арыстары   «міне,   ел   болдық,   еркіндік   өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен   қорыққан   қызыл   империя   көсемдері   алаш   туы   астына   біріккендердің   бәрін біртіндеп   құртты.   Ең   алдымен   Жүсіпбек   Аймауытовты   атты.   Қалғандарын,   қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партиясына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген   сөзді   тарихи   санадан   өшіру   әрекеті   басталды.   Дүниедегі   ең   жек   көрінішті   сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі»   зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады…Әлихан бастаған Алаш зиялыларның іс­әрекетінен бүгінгі ұрпаққа үлгі­өнеге бола алатыны, тіпті болуға тиісі – ең алдымен, Алаш зиялыларының туған халқына, еліне кіршіксіз адал әрі жан­тәнімен қызмет етуі, ана тіліне, ұлттық салт­дәстүріне, кең сахара жеріне деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілік. «Алаш» партиясының төреғасы ретінде Әлихан Бөкейханов ел басқаруды жоғары лауазымды кабинеттерде отырып емес, қазақ елінің ғылымын дамытудан   бастады.Ә.Бөкейханов   –   1896­1901   жылдар   аралығында   Ресей   географиялық қоғамының экспедицияларымен Қазақстан жерін Сібірге дейін аралаған ғалым.Студент кезінен бастап   қазақтың   тәуелсіздігі   үшін   күрескен   ол   Санкт­Петербордан   Орта   Азияға   шығатын императорлық   ғылыми   экспедицияларның   бәріне   ғылыми   кеңесші,   кейін   мүше   болған.Атап айтсақ, жер жөніндегі министрліктің Ф.А.Щербина, С.П.Щвецов бастаған экспедициясы Орта Азияға, Сібірге дейін жасалған ғылыми экспедициялар құрамында ғылыми сараптамалық істер атқарған.Бұлар   сол   кездегі   отарлау   саяситы   мақсатымен   ресейлік   жаратылыстану қоғамдарының   экспедицияси   болатын.   Экспедициялардың   мақсаты   қазақ   жер,   Ресеймен шекаралас өзге жерлердің құнарлығын анықтап, Қазақстанды отарлағанда қай жағында мал өсіру   қолайлы   деген   сияқты   ғылыми­танымдық   мәліметтерді   жинау   болатын.Бұл экспедициялардың қорытындысы 1903­1905 жылдар аралығында жалпы көлемі 13 том болып жарыққа шыққан.Қазақ жерін зерттеуге үлес қосқан бұл экспедициялардың сараптамасында Ә.Бөкейхановтың ғылыми дәрежесі өте жоғары бағаланған.Және сонымен қоса 1916 жылғы ұлт­азттық   көтерілісі   туралы   мына   пікірді   атап   өткім   келеді.   1916   жылы   3   ақпанда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Н.Бегімбетов Петроградқа жолығып, қазақтарды әскерге алу мәселесін   жеткізді.   Ондағы   басты   мақсат:   қазіргі   заманның   қару­жарағының   тілін   білмей, тұрақты   әскерге   тартылмай   ұлттық   тәуелсіздік   туралы   қиялдауға   да   болмайтын.Мұны алаштықтар келешек ұрпақтың алдыңдағы парызымыз деп түсінді.Заманның беталысы ұлттан соны   талап   етті.Саналы   армиясыз   «сәулетті,   еркін   күнді»   аңсаудың   өзі   надандық болатын.Әлекеңнің бір таңғалатын нәрсесі – өзінің ұстанған ісіне өмірінің соңғы деміне дейін шын берілгендігі. Қазақ мүддесіне келген уақытта Әлекең ешуақытта ойланған емес, пікірінен ауытқыған   емес.   Бір­ақ   ұстанымда   болды,   қазақ   мүддесіне   бүкіл   өмірін   сарп   етті,   тұлға ретінде, қайраткер ретінде жарқырап көрінді, ешуақытта сатқындық жасамады. Ол Мәскеуде айдауда жүріп те өзінің лидерлік, жетекшілік қызметін ұмытқан емес.Әрі Әлиханның реформа туралы түсінігі өте жоғары. Осы тұрғыда шығыстың даму жолдарын өте терең зерттеген кісі. Тәуелсіздік қазақ мемлекетін құрып, соның дұрыс жолға түсуіне басшылық жасай алатын нағыз тұлға болатын еді.Өкінішке қарай, Әлекең бастаған буынды бізге империя қимады. Қанаты қиылған құс сияқты болдық. Сан жағынан да, сапа дағынан да кеміп кеттік. Өйткені Әлихандар ұстанған жол, бағыт іске аспай қалды. Ұлттың басына түскен нәубет деп осыны айту керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бізге Ресейдің, Кеңес өкіметінің жасаған қиянаты шексіз.Оны ешуақытта   кешіре   алмаймыз.  Мені   ең   басты     қызықтырған­олардың   көзқарастары.Мәселен, Әлиханның көзқарасында прогрессивтік   және еуропашылдық идеямен қатар, қазақ дәстурін және   қазақтықты   сақтап   қалу   идеясы   болды.   Сондай­ақ   ол   модернизациялық   және   кәсіби көзқарастарға да бай болды. Маған осы   қатты ұнады. Жалпы, Әлихан тұлға ретінде кімді болсын қызықтыратыны сөзсіз. Оның жазба стиліндегі терең сараптамасына тәнті боласың. Ол­ орыстың мәдениетін де, қазақтың дәстүрін де жетік меңгерген тұлға.                                                      Қорытынды бөлім    Әлихан Нұрмұхамедұлы 1922 жылдан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылыуында тұруға мәжбүр болды. Үкімет орындарының, жеке адамдардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне   рұқсат   сұрап   құдыретті   орталыққа   жасаған   өтініштерінен   нәтиже   шықпады.Ұлт­ азаттық   қозғалыстың   басшысына   Мәскеуден   ұзап   шығуға   тыйым   салынды.1937   жылы   27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген   Әлихан   Бөкейханов   1989   жылғы   14   мамырда   КСРО   Жоғарғы   Сотының   қаулысы бойынша   әрекетінде   қылмыс   құрамы   жоқ   болғандықтан   ақталады.Ұлттық   мемлекет   құру жолында жазықсыз құрбан болған алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат­мұрасы тәуелсіз қазақ еліне қайта оралды.    Әлихан Бөкейханов­көсемсөздің хас шебері.Егер тарихқа қарап отырсаңыз, ХІХ ғасырдағы Ресейдегі барлық қайраткер өзін көсемсөз арқылы танытуға тырысқан.Мәселен, коммунистік идеяның ұлы теоригі, социалистік қоғам орнатқан Ленин өзінің өмірбаяндық құжатнамасында өзінің   зангерлік   мамандығы   бол   тұра,   өз  кәсіби   мамандығын   журналист   деп   көрсеткен.ХХ ғасыр басындағы көсемсөздің атқарар міндеті айрықша болды.Сондықтан да қазақ зиялылары өз   ойын   көсемсөз   арқылы   жеткізетін   баспасөз   ашуға   ұмтылды.Оның   міндеттерін   жақсы білді.Мәселен, А.Байтұрсынов: «Әуелі газета­халықтың көзі, құлағы һәм тілі», ­ деді.Бұдан байқайтынымыз, сол кездегі көсемсөздің қазақ қоғамындағы елді оятудағы, жұрттың санасын оятудағы   рөлі   жоғары   болғанын  байқаймыз.Сондықтан   да  Әлихан   Бөкейханов   өзінің  бүкіл халыққа етер қызметін осы баспасөзге, сондағы шығар көсемсөзге үйлестіре білді.Ол алдымен қазақша газет шығаруға қатты күш салды.Ол бұған қанша ұмтылғанымен, оның нәтижесі 1913 жылы  «  Қазақ»  газеті  шыққанан  кйеін  жүзеге  асты.  Ол  1905 жылдағы  манифестен  кейінгі басталған түрлі жеңілдіктердің нәтижесінде осы баспасөзді дамытуға күш салды.Алдында орыс және татар, башқұрт газет журналдарында өзінің ойын жүзеге асыруға ұмтылды.Сондықтан да ол   өзінің   саяси   күрескерлік   істерінде   журналистиканы,   оның   ішінде   көсемсөзді   ұлттығы жолындағы   күрестің   басты   қаруларының   бірі   деп   білді.Мен   өзім   Ә.Бөкейханвотың журналистикаға келуінің басты себебі осында деп білемін.           Ғылыми   еңбектері­ХІХ   ғасырдың   соңында   Омбы   орман   училищесінде   оқып,   ғылыми жұмыстармен   айналысады.Ол   1896   жылы   көрнекті   ғалымдардың   кепілдесімен   Орыс жағрапиялық   қоғамы   Батыс­Сібір   бөлімшесінің   толық   мүшесі   болып   сайланды.Әлихан «Россия.Жалпы географиалық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан.Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық­әлеуметтік саяси қызметтерге   де   белсене   араласқан.   1904   жылы   қазақ   даласына   қоныс   аудару   қозғалысын даярлап берген Ф.А,Щербина экспедициясының құрамында болды.1911­14 жж Ә.Бөкейханов «Жаңа   экспедициялық   сөздіктің»   4­21   томдарына   автор   ретінде   қатысты.   Ә.Бөкейханов   – ғұлама ғалым  ормантанушы  – ғұлама  ғалым ормантанушы, экономист,  мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист қазақ.Әлиханның ұлтқа деген өлшеусіз махаббаты, өзінің төңірегіне топтастыра білген зиялы қауымның жанқияарлық күресі қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қайта түлетті.Біз « әлемдік деңгейдегі   қазақ»   деп   поэзияда   ­   Абайды,   прозада   –   Әуезовті,   ғылымда   Сәтбаевті   айтсақ, Әлихан   –   қазақтың   арасынан   әлемдік   деңгейге   көтерілген   тұңгыш   саясаткер.Дүниежүзілік саяси   тарихта   Әлиханның   моральдық   биігіне   көтерілген   тұлға   сирек.Әлиханның   «   күш көрсетпей қарсыласуы» сипатындағы ұлт­азаттық күресі – әлемдік тарихта алтын әріптермен жазылуға тұрарлық күрес.Міне, Алаш идеясы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолында ұстаған ұстанымының бір тарамы осындай.Менің ойымша, бұл идея   мәңгілік   және   қазақ   ұлты   өмір   сүріп   тұрған   жағдайда   күн   тәртібінен   түспейді   деп ойлаймын.Лайым,   басқа   қандай   қиыншылық   түссе   де,   Алаш   идеясы   баянды   болсын,   адал жаралған халқымыздың көсегесі көгерсін!Өмір күрес болса, ұлттық мұрат, мүддесі зор, рухы аспандай биік азаматтар қазақтан арылмасын! Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Ә.Бөкейханов. Таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы, «Өлке», 2003ж. 2.М.Базарбаев. «Замана тудырған әдебиет». Таңдамалы ғылыми зерттеулері Әлихан Бөкейхановтың өмірі, ғылыми, саяси қызметі және әдебиетке қосқан үлесі жайында. 3.К.Нүрпейісұлы. Алаш ақиқаты. Алматы, «Ан Арыс», 2010 ж. М.Ескендірұлы (Әбдешев) «Алаш Орда министрлері». Алматы, 2008. 4.Аққұлұлы С. «Әлихан Бөкейханов» ­ аудармашы немесе  Л.Н.Толстойдың «Қажымұрат» повесі қалай тәржімеленді?  «Қазақ әдебиеті», 1994 ǁ Мектеп және ауыл тұрғындарынан алынған сауалнама  1.Сіз Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150­жыл болғаның, оның юнеско  көлемінде тойланатының білесіз бе? 2. Сіз өзіңізді Қазақстан Республикасының патриоты деп санайсыз ба? 3. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл болды?

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов

Әлихан Бокейханов
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.09.2017