«Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Курстың аты: Логика
Сағат саны: 34
Сыныбы: 3
Құрастырушы: Хамзаева Бакжанат Мухаметжановна
бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Бекітілген:
Педкеңестің 28.08.2014 ж.
№1 хаттамасымен
Түсінік хат
Математика - ғылымдар атасы. Өйткені математикасыз ешбір пәнді игеру мүмкін емес. Математиканы әрбір азамат жақсы білуге тиіс. Бұл - өмір талабы.
Математика адамның күш – жігерін шыңдап, табандылыққа тәрбиелейді.
Математиканы жақсы игерген адам болашақта барлық істе жеңіс биігінен көріне алады.
Логикалық есептерді ойлап шығарудың әдіс-тәсілдері оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық ойлауға үйретеді. Әсіресе, логикалық есептерді шығару - баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал.
Логикалық есептерді шығарудың басты мақсаттарының бірі – оқушының тереңнен ойлауын , жан-жақты ізденуін дамытады және қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға бастауыш сыныптан бастап үйренеді.
Оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі , сыртқы ортамен байланысты дамып, оқушы дүниетанымы арта түсуі анық.Бастауыш сыныптардың логикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін сол білім негіздерін терең де жан-жақты меңгертуде мектеп компонентінде берілген вариативті «Логика» сабағы арқылы жүзеге аспақ.
Мақсаты:
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады;
- Зейін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс– әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімделеді;
Міндеті:
- Логикалық ойлау қабілеттері артады;
- Математикалық тілде сөйлеу машығы қалыптасады;
- Оқушылардың танымдық қабілеті дамып, қызығушылығы артады;
Ұсынып отырған бағдарламаның талаптары:
- Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
- Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
- Қоршаған ортаның, математикалық әдет-ғұрып элементтерін пайдалануға мүмкіндіктерін береді.
- Есептер мен оларды шешудің әдістері: жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздеп беру; құрама есептің жоспарын құру; логикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу; логикалық есепті арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығару.
Берілген тапсырмалардың міндеті – оқушылардың ой-өрісін, тілі мен сөйлеуін 3 бағытта дамыту: логикалық, жаңалық ашуы, шығармашылық.
Сонымен қатар сабақтағы логикалық тапсырмалар олардың психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.
.
«Логика» курсын өткізу бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар
Бұл курс бастауыш сыныптарда оқылатын негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдетуді ,қоршаған ортамен таныстырып,ойлау,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.
Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып,балаларды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелеу керек.Сана сезімін және өзін-өзі бақылай білуін қалыптастыруға бағыт-бағдар берілуі тиіс.Оқу құралындағы ойын түрінде берілген қызықты логикалық тапсырмалардағы түрлі тәсілдер арқылы оқушыларды пайымдауға, шығармашылық тұрғысынан ойлауға,өз беттерінше шешім қабылдауға және қорытынды жасау дағдысын дамытып отыруға болады. Танымдық қабілетті балалардың өздерінің икемі мен мінез-құлқына сай дамыту көзделеді.Ол үшін,ең бастысы ,жеке-дара ойлануды әдетке айналдырып,дұрыс шешім қабылдаудың әртүрлі жолдарын іздеу керек.Бұл қасиеттердің баланың өмірінде жетістікке жетуіне көмектесері сөзсіз. Логика курсының негізгі мақсаттарының бірі- «Әрдайым өзің үшін еңбектен!» дегенді баланың санасына сіңіру қажет.
Тапсырманы ойдағыдай орындаса да, балаларға баға қойылмайды. Бірақ,ауызша бағаланады.Ауызша бағалау дегеніміз – мұғалімнің қолдауын білдіретін сөздер.Балаларды қолдау олардың өз күштеріне сеніммен қарауына жол ашып,қызықтыра түседі.(Мысалы, «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Ештеңе етпейді», «Бүгінгі сабаққа өте белсенді атсалыстың,жарайсың!», «Келесі жолы жетістікке жететініңе сенімдімін» деген сияқты) Мұндай мақтауды немесе қолдауды естіген оқушы бар қабілетін сала отырып жұмыс істейді. Қабілеті төмен оқушыға көмек көрсету маңызды.Мұндай балаларға дем беріп,өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесу-мұғалімнің міндеті.
Базистік оқу жоспары бойынша 3 сыныпта курсты оқытуға 1 сағаттан 34 сағат уақыт бөлінді. Курс сабақтары күнтізбелік- тақырыптық жоспарда берілген. Әр сабаққа тапсырмаларды «Логика пәні бойынша 3 сынып оқушыларының логикалық ойлау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағынан» алуға болады.
Логика . 3 сынып
Аптасына 1 сағат. Жыл көлемінде 34 сағат.
р/с |
Тақырыбы |
Сағ саны |
Тео- риялық |
Практи- калық |
Сабақ түрі |
Оқушының білім өнімі |
|
І.Логикалық есептер |
14сағ |
|
|
|
|
1 |
Математикалық жұмбақтар |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Ойша тұжырым жасай алады |
2 |
Математикалық фокус |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Мұқият қарауға дағдыланады |
3 |
Математикалық викторина |
2 |
|
2 |
Жарыс сабақ |
Өзін-өзі бақылай алады |
4 |
Математикалық жаңылтпаштар |
1 |
|
1 |
Жарыс сабақ |
Тілі сынады |
5 |
Басқатырғыштар |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Танымдық дербестігі артады |
6 |
Математикалық шытырман |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Ой-өрісі дамиды |
7 |
Санмен ойындар |
1 |
|
|
Ойын сабақ |
Қызығушылығы артады |
8 |
Ребустар шешу |
1 |
|
1 |
Жарыс сабақ |
Таным қызығушылығы артады |
9 |
Судоку шешу |
1 |
|
1 |
Жарыс сабақ |
Логикалық ойлауы,қиялы дамиды |
10 |
Ғажайып сандар тізбегі |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Есте сақтауы дамиды |
11 |
Білім сандықшасы |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Шығармашылық ойлауы дамиды |
12 |
Алгаритмге арналған логикалық есептер |
1 |
|
1 |
Жарыс сабақ |
Логикалық ойлау қабілеті дамиды |
|
ІІ.Тапқырлықты талап ететін есептер |
8 сағ. |
|
|
|
|
12 |
Шырпыдан жасалған басқатырғыштар |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Шығармашылық ойлауы дамиды |
13 |
Көңілді басқатырғыш |
2 |
|
2 |
Жарыс сабақ |
Интеллектуалды мүмкіндігі дамиды |
14 |
Ойлан,тап |
1 |
|
1 |
Сайыс сабақ |
Ойлау қабілеті артады .
|
15 |
Тез ойлап,тез шеш |
2 |
|
2 |
Жарыс сабақ |
Шапшаңдығы артады |
16 |
Кім жылдам? |
2 |
|
2 |
Жарыс сабақ |
Кеңістікте қиялдауы дамиды |
|
ІІІ.Ойын түріндегі есептер |
11 сағ |
|
|
|
|
22 |
Ойнайық та, ойлайық |
2 |
|
2
|
Ойын сабақ |
Кеңістікте заттың орнын анықтай біледі |
|
Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Есте сақтау қабілеттері артады |
|
Мұқият қарап , шешуін тап |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Мұқият болуға үйренеді |
23 |
«Блиц» турнир |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Ойлау қабілеті артады |
24 |
Адасқан әріп, сандар ойыны |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Саналы ойлау қабілеті артады |
|
Жауабын кім тез айтады? |
1 |
|
1 |
Жарыс сабақ |
Шапшаң ойлау қабілеті кеңейеді. |
|
Әртүрлі әдіспен шешейік. |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Зейіні артады |
|
Шатастырманы шеш |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Ойлау қабілеті артады |
25 |
Жүзден жүйрік |
1 |
|
1 |
Саяхат сабақ |
Жылдамдыққа үйренеді |
|
«Есептегіш машина» ойыны |
1 |
|
1 |
Ойын сабақ |
Шапшаңдаққа үйрену |
|
ІV.Қорытынды. |
2 сағ |
|
|
|
|
26 |
Білімділер сайысы |
1 |
|
1 |
Сайыс сабақ |
Өздіктерінен ой қорытуды үйренеді |
27 |
ХХІ ғасыр көшбасшысы |
1 |
|
1 |
Сайыс сабақ |
Көшбасшылыққа ұмтылуды үйренеді |
Курстың мазмұны мен құрылымы
3 сынып
І.Логикалық есептер – 13 сағат
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға
арналған есептер шығару:
санмен ойындар, викториналар шешу,
математикалық фокустар, ребустар, судоку,
басқатырғыштар, ғажайып сандар тізбегі,
алгаритмге арналған логикалық есептер.
ІІ.Тапқырлықты талап ететін есептер шығару – 8 сағат
Шырпыны қолданып шығарылатын есептер,
көңілді басқатырғыш,ойлан,тап,тез ойлап,
тез шеш,кім жылдам?,
ІІІ.Ойын түріндегі есептер – 11 сағат.
Ойнайық та ойлайық, Қандай жұмбақ болса да,
шешпей оны қоймайық, «Блиц турнир» ,
«Есептегіш машина» ойыны
сабақтарында оқушылардың зейінін
дамытуға,шапшыңдыққа баулитын есептер шығару
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мұғалімдер үшін:
1. Б.М.Қосанов «Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру» Алматы 1998ж
2. Б.А.Тұрғынбаева,Б.Ш.Шабдеков «Шығармашылық баспалдақтары» Алматы 2003ж
3. А.Зак «500 занимательных логических задач для школьников» Москва ЮНЕВЕС 2002г
4. Е.В.Королева «Предметные олимпиады в начальной школе» Москва АРКТИ 2004г
5. Ю.А.Добрышев «Олимпиады по математике 1 – 4 классы» Москва «первое сентября» 2004г
6. С.Елеуов «Қазақ халқының есептері» Бастауыш мектеп №2, 1998, №1,1997
Оқушылар үшін:
1. Бастауыш мектеп , 2004 №4/ М.Ақылбаев «Қызықты есептер»
2. К.Ерешова, Н.Үсенова, А.Фазылова «Логика әлемі» 3 сынып Алматы «Өлке» 2010ж
3. Л.Л.Глазырина «Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» Көкшетау «Келешек – 2030» ЖШС, 2011.
4.К.Ерешева,Ж.Құлмұханбетова «Логика әлемі» 3сынып Алматы «Өлке» 2011ж.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.